2021–2023 жылдарға арналған  Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2021–2023 жылдарға

арналған  Қарабұтақ ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы шешімінің  жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

 

            Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021–2023 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2 және 3  қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

            1) кірістер                                                                                         63 569,0 мың  теңге;

салықтық түсімдер                                                                               5 366,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                                           0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                                            58 203,0 мың теңге;

2) шығындар                                                                                       63 569,0мың теңге.

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                                       0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын

операциялар бойынша сальдо                                                                    0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                                           0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)                                                                             0,0 мың теңге

көрсетілген шешімінің 1 қосымшасына осы шешімнің қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

            «2021–2023 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz  сайтында  2020 жылы                    29 желтоқсанда,   e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2020 жылы   15   желтоқсанда  орналастырылды. Қарабұтақ ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің қорытындысы  2020 жылы  18 желтоқсанда  № 7 хаттамасымен алынды.

 

ЖОБА

2021 - 2023  жылдарға  арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                             4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына                                  сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2021-2023 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджеті тиісінше  1, 2 және 3 қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде  бекітілсін:

1) кірістер                                                                           63 569,0 мың  теңге;

салықтық түсімдер                                                                5366,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                             0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                           58 203,0 мың теңге;

2) шығындар                                                                       63 569,0 мың теңге;

  • таза бюджеттік кредиттеу 0,0  мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо                                             0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                         0,0  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                          0,0  мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық.

  1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, мәліметке және басшылыққа алынсын:

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленеді:

1) жалақының ең төменгі мөлшері  42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш  2 917 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы  34 302 теңге.

  1. 4. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттен Қарабұтақ ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция көлемі 58 203,0 мың теңге сомасында көзделген.
  2. 2021 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен мынадай көлемдерде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінгені ескерілсін:

1) мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге  354,0 мың теңге.

  1. Функциялардың өзгеруіне байланысты облыстық бюджеттің шығындарын өтеуге 2021 жылға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетінен  31 889,0 мың теңге сомасында көзделсiн.
  2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
29 декабря 2020