2021 – 2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2021 – 2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы  шешімінің жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                                4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына сәйкес,                 Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021 – 2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер                                                                33 262,0 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер                                                    1 368,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                32,0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                               31 862,0 мың теңге;

2) шығындар                                                           33 262,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                  0,0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер                                                              0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                                  0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0,0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу                                                  0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                       0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                   0,0 мың теңге.

Аудандық мәслихатының «2021-2023  жылдарға  арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылы 23 желтоқсан, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 8 желтоқсан 2020 жылы орналастырылды. Ақтасты ауылдық округі қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 22 желтоқсандағы  №22  хатымен  алынды.

 

 

 

ЖОБА

2021 – 2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                                4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына сәйкес,                 Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021 – 2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер                                                                33 262,0 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер                                                    1 368,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                32,0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                31 862,0 мың теңге;

2) шығындар                                                           33 262,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                 0,0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер                                                              0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                                  0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0,0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу                                                  0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                       0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                   0,0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.

  1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9 бабына сәйкес, мәліметке және басшылыққа алынсын:

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленеді:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге.

  1. 2021 жылға арналған Ақтасты ауылдық округі бюджетіне аудандық бюджеттен 35 394,0  мың теңге сомасында субвенциялар көлемi ескерілсiн.
  2. 2021 жылға арналған Ақтасты ауылдық бюджетінің орындалу процесінде секвестрлеуге жатпайтын ауылдық  бюджеттік бағдарламалардың тізбесі, 4 –қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1)  осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
23 декабря 2020