Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

            2026 жылғы 13 қыркүйекте Әйтеке би ауданының Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамасы негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:

 

Ақтасты сайлау округі

Ақтасты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 338 азамат енгізілді, олардың 276 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Әміртаев Н.Ә.– 54; Тампишев С.Қ.– 191; Төретаева А.Р. – 21.

 

Серікғали Қартбайұлы Тампишев - 1977 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, «Әділет» Партиясы» ұсынған, Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Жабасақ сайлау округі

Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 539 азамат енгізілді, олардың 465 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 15.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Әжіғалиева А.С.– 49; Ермағамбетов С.С.– 401.

 

Серікқали Сәбитұлы Ермағамбетов - 1979 жылы дүниеге келген, меңгеруші, «Байжанкөл бастауыш мектебі» КММ-сі, Жабасақ ауылдық округі, Байжанкөл ауылының тұрғыны, «Әділет» Партиясы» ұсынған, Жабасақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

                                        Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026