Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Әйтеке би ауданы Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Әйтеке би аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

 

Әйтеке би ауданы

Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы            6-шы тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы                      18-ші тамыз сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 23-шы тамыз сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

        Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

 

       Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

 

 

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2026 жылғы 05 тамыз,

№ 16

 

 

Дата публикации
05 августа 2026