1 тарау. Жалпы ережелер
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов көшесі, 62 үй.
- Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.