
БАҚ
Әйтеке би ауданында «Жаңалық жаршысы» газеті жұмыс жасайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы соңғы жаңалықтар аудан әкімдігінің aitekebi_akimat инстаграм парақшасында, сонымен қатар ауылдық округ әкімдіктерінің әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасында жарияланады. Жалпы электронды БАҚ саны – 50
Медиация
Ауданымызда медиация саласы қарқынды дамып келеді. 2024 жылдың желтоқсан айында ауылдық округтерде медиаторлар сайланып, жалпы ауданымызда 5 кәсіби емес және 1 кәсіби медиатор тіркелген. Олар өз кезегінде заң аясында тиісті жұмыстар атқарып отыр.
Рухани жаңғыру
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» арнайы жобасы, туған жерді дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуді мақсат етеді. Осы орайда, 2024 жылы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жалпы құны 13 млн 500 мың теңге теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылды.
Дін
Аудандағы діни ахуал тұрақты. Ауданда 4 мешіт жұмыс жасайды, барлығы имамдармен қамтамасыз етілген. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында 15 категорияға сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Осы салада 5 әлеуметтік желі жұмыс жасайды:
Инстаграмм парақшасы – (https://www.instagram.com/din_aitekebi/),
фейсбук парақшасы – (https://www.facebook.com/din.aitekebi),
ВК парақшасы – (https://vk.com/public205695255),
Ютуб каналы – (https://www.youtube.com/@Din_aitekebi),
тик-ток парақшасы –