Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс және коммуналдық сала

        Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргеов ауылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша 2023 жылға жоспары

 

 «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі бағыттары ауданның сәулет, құрылыс қала құрылысы саласын дамыту, су, газ, электр желіреін дамыту, сапалы жолмен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау болып табылады.

2022 жылы атқарылған жұмыстардың барысы:

1.«Әйтеке би ауданының Т.Жүргенов ауылында (Комсомол ауылы) екі екі қабатты сегіз пәтерлі жалға беру-коммуналдық тұрғын үй салу» (сыртқы инженерлік желілерсіз) нысанының құрылысы 2021 жылы басталып 31,0 млн.теңге, 2022 жылы 34,4 млн. теңге қаражат игерілді. Жоба құны 183,0 млн. теңге. (мердігер-«РБ-Строй» ЖШС) Нысан 2023 жылға 117,0 млн.теңге қаражатпен өтпелі етілді.

2.«Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округі, Ұлғайсын елді мекенінде «Баян-ауыл» шаруа қожалығы» 10 кВ ӘЖ электор желісін салу жобасының құны - 24 774 мың теңге (мердігер-АлтайКазИнжинеринг ЖШС-і). Нысан белгіленген мерзімде қолданысқа берілді.

3.«Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылдық округі «Берик-АБ» ЖШС-і шаруа қожалығы» ет, сүт өңдеу цехтарына және кең профильді кондитерлік өнімдер өндіру цехына инженерлік желілер жүргізу құрылысы». Жоба құны - 15 634,0 мың теңге.(мердігер-Өтес Ақтөбе ЖШС-і). Нысан белгіленген мерзімде қолданысқа берілді.

  1. «Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылдық округі «Берик-АБ» ЖШС-і шаруа қожалығы» ет, сүт өңдеу цехтарына және кең профильді кондитерлік өнімдер өндіру цехына газ құбырын жүргізу». Жоба құны - 7,0 млн теңге (мердігер-Ремстрой ЖШС-і), барлық бөлінген қаражат игеріліп нысан белгіленген мерзімде қолданысқа берілді.
  2. Ауылдардың даму жоспарын айқындау және ауылдарды абаттандыру мақсатында 2022 жылы 2 (екі) ауылға (Жабасақ және Енбекту) егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарымен біріктірілген бас жоспары әзірленіп, аудандық мәслихат отырысында бекітілді. Жалпы 2 (екі) жоба – 26,0 млн теңгені құрады.

Электр желісі

Қазіргі уақытта ауданның электр энергиясымен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өмірлік маңызды мәселе болып табылады.

Жыл қорытындысы бойынша 27 елді мекеннің 20 немесе  74% орталықтанған су құбырымен қамтылды. Ал, аудан халқының жалпы санынан 92% ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін аудан халқының 100%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

2022 жылы Белқопа ауылына су құбырын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу порталы арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс беріліп, жеңімпазы     «Монолит» ЖШС-і,  анықталды. 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталып   357,0 млн.теңге игерілді. Жұмыстың 90% орындалды.. Ауа-райының салқындауына байланысты, нысан 2023 жылға өтпелі. Жоба құны - 400 млн.теңге.

 

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым мәселелерінің бірі халықты газбен қамтамасыз ету болып табылады.

Әйтеке би ауданы, Белқопа және Аралтоғай ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбырын салуға – 375 134,0 мың  теңге  бөлініп, пайдалануға берілді.

Әйтеке би ауданының Құмкұдық ауылына газ құбырын тартуға – 1,1 млрд теңге, бастапқы жұмыстары жүргізілді. Толық аяқтау 2023 жыл.

Әйтеке би ауданы, Үшқатты ауылдарына жеткізуші және  ауылішілік газ құбырын салуға – 456,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс- монтаж жұмыстары  жүргізіліп пайдалануға берілді.

Сарат ауылдарына жеткізуші және  ауылішілік газ құбырын салуға – 737,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс- монтаж жұмыстары  жүргізіліп пайдалануға берілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 27 елді мекеннің 12 елді мекені (яғни, ауданның жалпы елді мекен санынан 40%) газбен қамтамасыз етілді. Ал, аудан халқының жалпы санынан 65% көгілдір отынды пайдалануда.

 

Аудандық маңыздағы «Светлый-Құмқұдық-Жабасақ»  автожолын орташа жөндеу» бойынша 10-23 км учаскесіне орташа жөндеу жұмыстарының мерзімі екі жыл болатын. Мердігер мекеме - «Ассана ДорСтрой» ЖШС-і. Жалпы жоба құны  - 462,3 млн теңге. Үш жылда игерілген қаражат – 462,3 млн теңге. 2022 жылы игерілген қаржат-154,7 млн тг. Бүгінгі күні, 13 км автомобиль жолына толық асфальт жамылғысы төселді.

«Светлый-Құмқұдық-Жабасақ» автожолын орташа жөндеу бойынша, 0-10 км учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылға өтпелі жұмыс ретінде шегеріліп, биыл мердігер мекеме - «МехРемСервис-Автоматика» ЖШС-і жұмыстарын жалғастырды. Жалпы жоба құны  - 344,5 млн.теңге. 2021 жылы игерілгені – 110,8 млн теңге. 2022 жылы игерілген қаржат-55,1 млн тг. Нысан 2023 жылға өтпелі.

Сонымен бірге, аудандық маңыздағы «Карабутак-Иргиз-Акколь», 0-32 км учаскесі нысанының құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекемесі – «Ntiger» ЖШС-і. Жалпы жоба құны – 1 130,6 млн теңге. 2022 жылы 558,1 млн.тг игерілген. Бүгінгі күні жолдың 6 км асфальт жабындысы төселді, жұмыстар 2023 жылдың көктем айларында  жалғасын табады.  

Аудандық маңыздағы «Карабутак-Комсомол-Северное-Сарат-Кырыккудук-Тымабулак» 0-48 км учаскесі нысанының да жұмыстары жүргізілуде. Мердігері - «B-Grass» ЖШС-і, жоба құны – 1 974,1 млн теңге. Оның ішінде, биылғы жылға 959,1 млн теңге қаражат бөлініп қаражат толығымен игерілді. Жол негізінің профилі түзетілуде, 30 км шақырымға толық шебень төселді. Нысан 2023 жылы  жалғасын тауып, аяқталатын болады.

2022 жылға өтпелі жұмыс ретінде шегеріліп биыл мердігер мекемелер жұмыстарын жалғастырып Қарабұтақ ауылы Ә.Жангелдин көшесі аяқталып, қолданысқа берілді.

 

Ауданішілік маңызы бар 428 км жолдарды қалпына келтіруге байланысты «Groza-3» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, қыс мезгілінде қардан аршып, тазарту жұмыстарының үш жылға арналған келісім-шартының мерзімінің уақыты аяқталды. Жоспарланған жұмыстар уақытында атқарылды.

 

Аудан орталығы Темірбек Жүргенов ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесіне тротуар орнату және жарықтандыру  жұмысына ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтікізілді. Жоба құны – 93 893,0 мың теңге. Бас жобалаушы мекеме – «Актам-инжиниринг» ЖШС-і. Ақтөбе облысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.                            

Документы
Ақпарат
02 июля 2026
"Әйтеке би аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
Әйтеке би ауданы бойынша көппәтерлі үйлердің тізімі
Жоба
27 июля 2021
Әйтеке би ауданы әкімдігі
«Әйтеке би ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын  бекіту  туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ақпарат
27 июля 2021
Әйтеке би ауданы әкімдігі
Әйтеке би ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Көрсетілетін қызмет берушілердің ақпарат және консультация алу үшін байланыс телефондары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
Құрылыс және коммуналдық сала
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Әйтеке би ауданы әкімдігі
"Әйтеке би аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ
Часто задаваемые вопросы
Тұрғын үй алу кезегіне қою тәртібі қандай?

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлек тізім бойынша тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізеді:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға беріледі.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы аналардың құқығы бар.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы