Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет және тілдерді дамыту

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты салалар: мәдениет саласына, спорт саласына, кітапхана қызметіне жататын мекеме-ұйымдар жатады.

  1. Мәдениет саласы бойынша қызметті ұйымдастыру:

Мәдениет саласы бойынша барлығы – 18 мекеме-ұйым бар: аудандық клуб – 1, ауылдық клуб –17.

Мәдениет саласы бойынша барлығы 2022ж. іс-шара – 619, келушілер – 65545 адам болса, 2023ж. іс-шара –559, келушілер – 65608 адам.

Бөлімнің маңызды имиждік, мерейтойлық шаралары: Т.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған республикалық турнир Ақтөбе қаласында Әйтеке би ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Кешенді іс-шаралардың басы-тағзым етуден басталуы өнеге. «Азаттың ақ таңы» тарихи кешені алаңында бастау алды. Қызылорда қаласынан келген және Ақтөбе қаласындағы қонақтар ұлы тұлғаға тағзым етіп, құшақ гүл шоқтарын қойып, Т.Жүргенов туралы  естеліктер мен қазақ халқына жасаған ерен еңбегін тебірене айтты.Т. Жүргенов ЖОББМ мұғалімдері, жас мамандардың арнау өлеңі жиналған халықпен жылы қабылданды. Жекпе-жек сарайында Т.Жүргеновтің 125 жылдығына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы және түйе балуандардың бәсекесінен тұратын Республикалық турнир өтті.

Әбілқайыр Мұхамед Қазы Бахадүрдің 330жылдығына орай Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған қонақтар Әбілқайырхан мемориалдық кешенінде тағзым етіп, атаулы датада құрбандық шалуды мақсат етіп қатысты. Кешеннің қорымында болып, алты жүз сарбазымен тыныстап жатқан Әбілқайырхан мен ата-бабамызға  құран бағыштап, гранит тақтайшаларды көріп,көркем де хан бабамыздың мақсат еткен Үш Жүзді біріктірген мағыналы стелла маңында өмірі мен ерлігі туралы сөз қозғалды. Қонақтар шырақшы үйі мен музей бөлмесін тамашалады.

Ақтөбе облысында алғашқылардың бірі болып, Әйтеке би ауданында «Қазақ аналары-Дәстүрге жол» ұйымы этнофестиваль түрінде салтанатты ашылды. Ашылу салтанатына орай,орталық стадионда ақ жаулықты аналарымыз бен көркем қыздарымыз атсалысқан этнофестиваль жоғары деңгейде өтті.Шараға Ақтөбе қаласынан арнайы қонақтар шақырылды. «Қазақ аналары-Дәстүрге жол» Республикалық филиалы ҚБ төрайымы Н.С.Табылдинова және мүшелері Ш.Ж.Айжарықова, К.Т.Құлекенова, А.К.Мақатова қатысты.Қатысушылар «Ұлттық киімдер, Ақ жаулық» шерумен жүріп өтті.

            Бөлім аудан әкімдігімен ұйымдастырылатын кез-келген шарада қызмет көрсетеді, жыл бойына атаулы даталар өз деңгейінде аталып өтіп келеді. 2023ж. – 3 ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, уақытында халыққа қолданысқа берілді: «Целинник» мәдениет үйі, Қарабұтақ ауылдық клубы, Жабасақ ауылдық клубы. 2024 жылға күрделі жөндеуден өткізуге жоспарланған – 2 нысан бар: Ақкөл, Жамбыл ауылдық клубтары. Бұдан бөлек алдағы жылдарда күрделі  жөндеуді қажет ететін – 5 нысан: Тымабұлақ, Құқмқұдық, Аралтоғай, Толыбай, Ақтасты ауылдық клубтары.

 

  1. Спорт саласы бойынша қызметті ұйымдастыру:

            2023 жылы  спорттық іс-шараларға 12500 мыңға жуық адам қамтылып, 145 спорттық іс-шара өткізілді. Бұл жалпы халықтың – 45,0% пайыз құрайды.  

      2023 жылдың қортындысы бойынша бір республикалық «қазақ күресі» жарысы демеушілердің қолдауымен өтті. Қазақстан Республикасының мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Темірбек Қараұлы Жүргеновты еске алуға арналған турнир Республикалық күнтізбелік жоспарға енуіне байланысты, мамыр  айында ұйымдастырылды.  Осы турнирге еліміздің 11 облысынан 12 команда қатысып, 180 спортшы өз бақтарын сынады. Сонымен қатар түйе палуан сайысына республикаға танымал 10 «қазақстан барысы» қатысты. Сондайақ маусым айында  Нысаналы Жаңбырбаевты еске алуға арналған қазақ күресі нен турнир өтті. Аталған шараға еліміздің алты облысынан келген елімізге танымал палуандар күресті және осы аталалған шарада ұлттық спорт түрлерінен аламан бәйгесі ұйымдастырылды. Шілде айында демеушілердің қолдауымен ұлттық спорт түрлері бойынша көкпардан Әйтеке би ауданы мен Ырғыз ауданының арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

    Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында 2023 жылы қаңтар, ақпан айларында ересектер арасында шайбалы  хоккейден  жарыс Т. Жүргенов, Жамбыл, Қарабұтақ  ауылдарында өтті. Қаңтар айының басында жастар мен ересектенр арасында шаңғы марафоны өтті. Ақпан айының соңында жастар мен жамағат арасында шаңғыдан жарыс өтті. Ауданың экономикасын дамытуға еңбек еткен КСРО-ның еңбек сіңірген энергетигі Акмурзин Абат Аманұлын еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Осы турнирге 6 команда қатысып, 60 спортшы ойнады.

     Осы жылы  8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай волейболдан аудан әкімінің «Бәйшешек» жүлдесі және 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне барлық ауылдық округтерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.(ат бәйгесі, құнан бәйгесі, тай бәйгесі, қол күресі, батпан көтеру, арқан тарту сайыстары) өтті. Әділқайыр хан Қажысұлтанұлының 330 жылдығына Т. Жүргенов ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып,   (ат бәйгесі, құнан жарыс, тай жарыс, көкпар, қол күресі, гір көтеру сайысы, арқан тарту сайысы өтті. Қарабұтақ аулындп 24-25 қараша күндері қазақ күресінен КСРО спорт шебері Қанат Дәрібаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнир ұйымдастырылды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай қазақ күресінен Азия чемпионатының жүлдегері, талантты палуан Ғалымжан Байниязовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе облысының ашық турнирі аудан орталығында өтті.  

    Сонымен қатар білім бөлімімен берлесе тарапынан  аудан  бойынша шахматтан М.Сағынғалиев пен Р.Қалиевті еске алу, қазақ күресінен Социалистік Еңбек Ерлері Т.Кішкентаев, Ш.Ырғызбаев атындағы, волейболдан Ә.Дәрменбаев, Т.Мәмбетов атындағы, футболдан Социалистік Еңбек Ері Б.Алтаевтың құрметіне турнирлер жылда өткізілді. 2023 жыл мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша спортшыларға «жасөспірімдік разрядтары» беріліп келеді.  Ардагерлер арасында облыстық спартакиадада ауданымыздың отыз ардагері, спорттың алты түрінен қатысты.

2023 жылығы осы ауқыт аралығындағы спорттық жетістіктерге тоқталып өтсек. Аудан спортшылары айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ересектер мен жастар арасында футболдан, қол күресінен, шайбалы хоккейден, дзюдодан, тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттарға қатысып жүлделі орындармен оралды. Жалпы облыстық деңгейде қарайтын болсақ  армрестлинг, үстел теннисі және футболдан аудандар арасында алдыңғы қатардамыз. Армрестлингтен оқушыларымыз өте жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Бақыт Бауыржан жастар арасында Азия чемпионы атанып, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Жексенбай Абылай Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Алматы қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысты. Тоғызқұмалақтан Жармедетов Асет ардагерлер арасында облыстық чемпионаттан жүлделі орын алып, республикалық жарысқа жолдама алды.               Сондай-ақ, «Қазақстан барысы»  республикалық турнирінің облыстық денгейіне  6 спортшымыз қатысып  бақтарын сынады. «Қазақстан барысы» спортшыларымен тәжірибе алмасты. Қазақ күресінен өткен «Жас барыс» облыстық турнирінде палуандарымыз жақсы жетістікке жетті. жеті алтын, екі күміс, бір қола медаль қоржынынымызға салды. Жетіқара ауданының құрметті азаматы, волейбол спортының дамуына үлес қосқан  Донца Ивана Даниловичтің атында өтетін волейбол турнирінде аудан құрамасы үшіншіорынды жеңіп алды. Одан басқа әр спорт түрінен көптеген турнирлерге қатысып жүлделі оралып жүр. Бақтыбаев Азамат дзюдо күресінен ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында жүлдегер атанса, Бақыт Бауыржан қол күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

            Аудан бойынша дене шынықтыру ұжымдары саны – 228. Соның ішінде мектеп саны – 30, бір Көпсалалы колледж, екі икемделген балалар жасөспірімдер спорт мектебі, екі облыстық «Ақтөбе» футбол клубының филиалы және мекемелер мен ұжымдар   саны-193.            Ауданда 59 спорттық құрылғылар бар, оның ішінде: 2 стадион, 19 спорттық зал,   27 спорттық алаңдар, 6 хоккей корты және    5 воркаут бар.

            Аудандағы балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бағытында  Әйтеке би аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебі мен Қарабұтақ ауылдық  балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде 24 жаттықтырушы жұмыс жасайды.  Спорттың 13 түрі бойынша оқушылар тартылуда. Бокс, волейбол, футбол, дзюдо, үстел теннисі, шайбалы хоккей, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, самбо, еркін күрес  армрестлинг, белбеу күресі  және  гір көтеру үйірмелерінде 1082 жасөспірім тұрақты түрде спортпен шұғылданады. БЖСМ-де  89 топ бар.  

Аудан тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қолданыстағы  спорт нысандары мен құрылғылары саны:

2022 жылы –  «64»,   2023 жылы – «59»

  1. Стадиондар – «2»

 2022-3  М. Жұмабаев, Қарабұтақ, Талдысай.

 2022-2  М. Жұмабаев, Қарабұтақ.

  1. Жазық спорт алаңдары – «32»

2022-35,

2022-32

Волейбол алаңдары-10, футбол алаңдары-22, воркаут-5, оның ішінде  көгалдандырылған жасанды алаңдар-5 олар: Т. Жүргенов, Қарабұтақ, Аралтөбе, Ақкөл,Жабасақ, ауылдарында.

  1. Хоккей корты- «6»

2022 -6

2023 -6   Барлығы да «Туған жерге тағзым» жобасы аясында  жасалды.     (Комсомол ОМ, Карашатау ОМ, Қарабұтақ ОМ, Т,Шевченко ОМ, Жамбыл ОМ, Абай ОМ.

  1. Спорт залдары – «19»

2022-20, -2023-19

Білім беру мекемелерінде-«16»

Арнаулы оқу орындарында-«1»

Спорт мектептерінде –«2»

            Еліміздегі дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басты саясат- халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев өзінің Жолдауындағы үнемі бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету деген талабына сәйкес, Әйтеке би ауданының үш ауылында Қарабұтақ 293,989 млн.тг., Құмқұдық 248,317 млн.тг. спорттық ангар қолданысқа берілді, дәл осындай бір жоба 2024 жыл соңына дейін Әйке 253,235 млн.тг. ангар типті спорттық ғимараты қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. 

            Аралтоғай аулына спорттық ангар салу  бойынша, конкурстық жұмыстары жүргізіліп 2024 жылға салынады деп жоспарлануда. Жабасақ ауылына спорттық ангары да 2024 жылға салу жоспарлануда. Футбол алаңдары салынытын ауылдық округтер Т.Жүргеновтен басқасы Жамбыл, Аралтөбе, Тереңсай, Тымабұлақ, Сарат, Жарөткел ауылдарында футбол алаңдары аяқталып  2024 жылы құжаттары толық қабылданады деп жоспрарлануда.

 

  1. Кітапхана саласы қызметін ұйымдастыру бойынша:

Кітапхана саласы бойынша барлығы –23 мекеме-ұйым, оның аудандық кітапхана – 1, ауылдық кітапхана –20, балалар кітапханасы-2.

Кітапхана саласы бойынша барлығы 2023ж. іс-шара –321, оқырман саны -13078 адам.

Бөлімнің бақылауымен өткен маңызды имиждік, мерейтойлық шаралары: Әйке ауылдық моделді кітапханасында  Мысырды билеген әйгілі әз-Заһир Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына  «Тәуелсіз елдің алып тұлғасы» аттыоқырмандар конференциясы өтті.                 Мақсаты: Бейбарыс  сұлтан туралы мәліметтер беру, оның мұрасын өскелең ұрпақ арасында насихаттау. Шараға әдебиет пәнінің мұғалімі, 9 сынып оқушылары қатысты.                                                             

Аудандық кітапханада қоғам қайраткері Т.Жүргеновтың 125 жылдығына «Тарихта қалған тарланбоз» атты танымдық конференция өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Т.Жүргеновтің өмірбаяны мен еңбегі туралы мәліметтер беру.  Шараға аудандық музей қызметкері А.Жармуханбетов, М.Жұмабаев, Т.Жүргенов мектеп оқушылары,тарих пәнінің мұғалімдері, аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің редакторы Е.Әбдіраев, архив қызметкерлері қатысты.

Аудандық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына арналып жазушы, тарих ғылымының докторы Бейбіт Қойшыбаевтың  «Комиссар Жүргенов» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.Шараға аудан әкімі Даулетияр Қанатұлы Тоғызбаев, Т.Жүргеновтің ұрпақтары, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары қатысты.

Аудандық кітапханада жазушы, драматург Оралхан Бокейдің 80 жылдығына «Дарынымен танылған тұлға» атты «Ұйқым келмейді» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Мақсаты оқырмандарға жазушының артына қалдырған өшпес мұраларымен таныстыру. Шараға көпсалалы колледж студенттері мен М.Жұмабаев мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.

Әйтеке би аудандық кітапханада қолбасшы ,батыр Әбілқайыр ханның жұбайы – Бәтимаға арналып (Бопай ханым) «Ұлт тарихындағы – Бопай ана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының тарихында ханның  ақылшысы да, көмекшісі бола білген абыз ана Бопай ханымның өмір жолымен таныстыру. Шараға аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, көпсалалы колледж  мұғалімдері, студенттері және мекетептің мұғалімдері, оқушылары қатысты.

Кітапхана саласы бойынша 2024 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жоқ. Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимарат – 4 (Талдысай, Белқопа, Талдық, Тымабұлақ ауылдық кітапханалары).

           

Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2024 жылға арналған жалпы жұмыс жоспарынан бөлек, облыс, қала, аймақтық және халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар жоспары құрылды: Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған «Ғибратты өнер керуені» атты Әйтеке би ауданының көше мерекесі, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, жерлесіміз Қуандық Шаңғытбаевтың құрметіне арналған «Нұрлы жол жұлдыздары» облыстық көркемсөз оқушылар байқауын өткізу, Қазақстан Республикасының мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жүргенов Темірбек Қараұлын еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер  арасындағы  Ақтөбе облысының ашық турнирін  спорт күні қарсаңына өткізу және «Спорт күні» атақты спортышлармен кездесуді ұйымдастырып және Әлем, Азия, Қазақстан Республикасында жеңіске жеткен спортшыларды марапаттап салтанатты жиналыс өткізу, Қазақ күресінен Азия чемпионатының жүлдегері, талантты палуан Ғ.Байниязовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе облысының ашық турнирін өткізу жоспарға енгізілді.

Дәстүрлі түрде өтетін, сонымен қатар Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған «Алқабы – алтын, ақ таңы – жарқын ауданым» атты Әйтеке би ауданының күндері аясында Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына арналған  «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» республикалық Шешендік өнер байқауын, «Текті сөздің төресі термеде» аймақтық жыршы, термешілер байқауын, «Ақиқаттың алдаспаны Әйтеке» жазба ақындар мүшайрасын, Ғылыми танымдық, ақпараттық конференциясын, «Сахнадан сәлем» аудандық әуесқой театрлар фестивалін, Ұлттық спорт түрлерінен (Аламан бәйге, тай жарыс, құнан жарыс, көкпар, қой көтеру) жарыс өткізу және аудан күндерін эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік Гала концертпен аяқтау жоспарланды.

Документы
Ереже
01 мая 2026
Ереже мәдениет
Новости
Полезные материалы
Көрсетілетін қызмет берушілердің ақпарат және консультация алу үшін байланыс телефондары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2020 жылғы 26 қазанынан      бастап 2021 жылғы 28 ақпанына дейін жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңінде), E-R-4 санаты (№01-02) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік лауазымына орналасуға өткізілетін конкурсы
Медиагалерея
2
Нұрсейіт тамы
1
Марал ишан жуғысы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Әйтеке би ауданы әкімдігі
"Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы