Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім саласы

Әйтеке би ауданы бойынша  30  мектеп (4273 оқушы),  20 балабақша (812 тәрбиеленуші). Оның ішінде 1 жеке меншік, 1 санаториялық үлгідегі балалар мекемесі қызмет жасайды.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие

Қамтылу бойынша       1-6 жас 96,8%, 3-6 жас 100%  құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін: 1) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары: 2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары: 3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары: 4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкесбалаларды  ерте дамыту бағдарламасы жасалып, бағдарлама мазмұнын мұғалім ойын түрінде жүзеге асырады.

Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 142 педагог жұмыс атқаруда:

Санаты бойынша: Педагог –зерттеуші -1

                               Педагог –сарапшы – 12

                               Педагог –модератор -33

                               ІІ санатты – 16

                               І санатты – 3

                               Санатсыз - 77

Бір балаға  мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі аудан бойынша  45869 теңгені құрайды. Аудан бойынша АӘК алаттын  отбасынан шыққан 31 балаға азық-түлік құнының 70% көлемінде өтемақы төленеді.  Мектепке дейінгі білім берудің тең қолжетімділігі үшін 2024 жылы аудан орталығында 50 орындық жеке меншік балабақша ашу жоспарлануда.

 

Орта білім

Орта білім саласындағы да  ең өзекті мәселе - білім сапасындағы кемшіліктерді жою, олқылықтардың орнын  толықтыру болып табылады.

Білім беру саласындағы сапа – білім беру саласының «өнімі», яғни оқушының білімі, білігі және дағдыларының қалыптасу деңгейі болып табылады. Сонымен қатар білім сапасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды орнын толтыру. Аудан бойынша білім беру ұйымдарының білім сапасын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Білім сапасы бойынша (5 мектеп) анықталып, сапаны көтеру шаралары өткізіліп, бақылау жүргізілді.

Халықаралық зерттеулер бойынша:1 мектеп (Талдысай ЖОББМ) TALIS халықаралық зерттеудің апробация кезеңіне қатысты.

2023-2024 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 30 оқушы қатысып, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша  11 оқушы                   жеңіске жетті. ІІорын-2, ІІІорын-5, 4-мақтау қағазына (7 медаль) ие болды. Аудан 23 % құрап отыр.Жетекші мектептер арасында тәжірибелі педагогтер іс-тәжірибе алмасып, мұғалім практикасын зерттеу, жас мамандарға бағыт-бағдар  беру жұмыстары жүзеге асырылып келеді. Педагогтердің біліктілігін арттыруда 259 курс, 107  семинарға қатысып,  мамандар уақытылы білімдерін жетілдіріп келеді.

Республикада тұңғыш рет шағын жинақты ауыл мектептерінің білім сапасын көтеру, баланың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуына жағдай жасауды мақсат тұтатын «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасы іске қосылды.  Осы жобаға 2023-2024 оқу жылында  Әйтеке би ауданынан   9 мектептен 427 оқушы математика, физика, химия, биология,  ағылшын тілі пәндері бойынша білім алуда.  Жоба  арқылы ауыл балаларының білім сапасы  артып, алшақтық жойылуда.

 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың  өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде Әйтеке би ауданы білім бөліміне қарасты 28 білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» өзін-өзі басқару органдары сайланды, президент саны 28, жалпы бала саны 1408. Аудан бойынша тұжырымдамада берілген 8 фракция жұмыс жасайды. Әр білім беру ұйымдарында  2023-2024 оқу жылына өзін-өзі басқару органдарының жоспары құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар атқаруда. Жобаның мақсаты білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық патриоттық, рухани адамгершілік пен  дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай  идеологиялық тәсілдермен  құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.Осы орайда «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени жобасы  жүргізілуде. Құқықтық  демократиялық мемлекеттің қалыптасуы мен  дамуы диологсыз және  адамзаттардың қоғам өміріне белсене қатысуынсыз мүмкін емес. Мәдени әлемнің маңызды бөлігі – өз көзқарасыңызды сенімді түрде дәлелдеу және  білімді түрде дауласу. Оқушылар  дебаттық қозғалысы балалар мен жастарды  әлеуметтендірудің маңызды институттарының бірі боп табылады.

 

Біздің ауданда "Ұшқыр ой алаңы" пікірталас қозғалысында 32 клуб жұмыс істейді, онда 562 оқушы айналысады. Жоба барысында 40 мектепішілік турнир, 1 оқыту семинары өткізілді.

Қосымша біліммен 3279 (97%) оқушы қамтылды. Жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен қамтылған оқушылар саны-2479 оқушы

Инклюзивтік білім беру

Аудан бойынша ерекше білімді қажет ететін 129 бала бар. Инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасалған мектептер пайыздық көрсеткіші, 70% құраса, жағдай жасалған  балабақшалар 70% құрап отыр. Ауданда ерекше білім беруді қолдау үшін 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және жалпы білім беретін мектеп базасында ресурстық кабинет жұмыс жасауда.

Инфрақұрылым

Әйтеке би ауданы бойынша аудандағы 5 мектептің кабинеттерін пәндік кабинеттермен жарақтандыру үшін (химия, физика және биология кабинеттерін жаңарту, сондай-ақ панельдер мен жиһаз сатып алу үшін) 38 150,0 мың теңге бөлінді, сондай-ақ осы бағдарлама бойынша 3 мектептің жаңа модификация кабинеттерін ( химия, биология және физика кабинеттері) сатып алу үшін 29 648,0 бөлінді.

2022 жылдан бастап жалпы сомасы 1 900 000,0 мың теңгеге Комсомол ЖОББ мектебіне 270 оқушыны қамтитын  және 60 орындық интернат құрылысы жүргізілуде.

 

Документы
Ереже
15 октября 2020
Аудандық білім бөлімінің ережесі
Новости
Полезные материалы
Көрсетілетін қызмет берушілердің ақпарат және консультация алу үшін байланыс телефондары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
Білім саласы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Әйтеке би ауданы әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы