Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі талант-менеджментті жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру
- мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдармаларды әзірлеу және іске асыру;
- мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткiзу;
- мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
- «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;
- азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалауды оның тиісті қорытындысының нәтижесін бере отырып жүргізу;
- Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
- мемлекеттік қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
- мемлекеттік қызмет саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- белгіленген тәртіпте персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) үйлестіру және әдіснамалық басшылық қызметін жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметке кәсіби дайындалған және дарынды адамдарды тарту, тиімді пайдалану және сақтау тетігін әзірлеу;
- Президент жастар кадрлық резервін таңдау жөніндегі қызметін, сондай-ақ кадрлар резервіне қатысушыларды ұйымдастырушылық қолдау;
- президенттік жастар кадр резервінде тұрған резервшілерді мансаптық ілгерілету жөніндегі, оларды жұмысқа орналастыру;
- Президенттің жастар кадрлық резервінде тұрған, сондай-ақ кадрлық резервтің қатысушыларының оң нәтижелерін көрсету үшін ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;
- Президенттің жастар кадрлық резервінде тұрған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ кадрлық резервке қатысушылардың жұмысын үйлестіру;
- HR жобаларды іске асыру, мемлекеттік қызметтегі таланттарды дамыту және сақтау мақсатында білім мен тәжірибе алмасу.
Мемлекеттік қызметті өткеру мәселесі бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
- мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдармаларды әзірлеу және іске асыру;
- сынақ мерзімінен өтудің тәртібі мен шарттарын, тәлімгерлерді бекіту тәртібін әзірлеу;
- мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін әзірлеу;
- персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ережені бекіту;
- мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының нысандарын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға баруын әзірлеу;
- лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу;
- «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілерінің аттестциядан өту тәртібін әзірлеу;
- сәйкестендіру карталарының сипаттамасын әзірлеу;
- мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін әзірлеу;
- мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын әзірлеу;
- «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидаларын әзірлеу;
- мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру;
- мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттiк қызметті өткеру мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау құнын есептеу;
- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тағылымдамасының тәртібін әзiрлеу;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тағылымдамасының өткізуін ұйымдастыру;
- «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау;
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау үлгілік;
- мемлекеттік органдарда персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамының жай-күйін талдау;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізумен байланысты басқа да функцияларды іске асыру;
- мемлекеттік қызмет саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- белгіленген тәртіпте персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) үйлестіру және әдіснамалық басшылық қызметін жүзеге асыру.