
Аудан облысымыздың 11% құрайтын 35,8 мың км² жер аумағын алып жатыр.
Әйтеке би ауданында 3 469 026 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде 3 161 073 га жайылымдық, 28 675 га шабындық, 222 918 га егістік, 56 202 га тыңайған жер алқаптары бар.
2022 жылы ауданымызда 504 агроқұрылымдар, оның ішінде 470 шаруа қожалықтары, 25 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және 9 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген. Олар негізінен өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ауданымыздың әлеуеті жоғары. Сондықтан 2020 – 2022 жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуда негізгі міндет барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі мен саланың экспорттық әлеуетін арттыру.
2022 жылы 177 000 га егістік, оның ішінде 127 714 га дәнді дақыл,500га күзгі дақыл, 18 826 га майлы дақыл, 29 500 га мал азығы, 300 га картоп, 120 га көкөніс және 40 га бақша егілді. Дәнді дақыл түсімі 9,6 ц/га.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі көрсеткіштері
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 41,7 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 116,7% - ға өсті.
2022 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2,6 млрд. теңгеге инвестициялар тартылды, нақты көлем индексі – 2,1% өсті.
Заманауи технологияларды қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру, техника мен жабдықтарды жаңарту есебінен ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін арттырады.
2022 жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1,6 млрд.теңге субсидия бөлінді.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдарының ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу:
2022 жылы 115 трактор және ауыл шаруашылығы техникалары сатып алу тапсырмасы 126 бірлікке орындалып немесе нақты көлем индексі 110%.
Аудан бойынша салалық бағдарламалар аясында ауыл шаруашылық мал басын сатып алу:
2022 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 857 бас асыл тұқымды ірі қара малы сатып алу тапсырмасы 850 басқа орындалып немесе нақты көлем индексі 101%.
2022 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 1600 бас қой сатып алу тапсырмасы 1850 басқа орындалып немесе нақты көлем индексі 115,6%.