"Таза Қазақстан" - таза ортаға бастайтын игі бастама. Экологиялық акция аясында сенбілік және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.Ауылдық округі ұжымының бастамасымен саябаяққа көшеттер отырғызылды.
Табиғатты аялау - баршаға ортақ міндет. Бүгін егілген әрбір көшет - ауылымыздың ажарын арттырып қана қоймай, келешек ұрпаққа қалдырар жасыл мұрамыз.
Таза орта - ортақ жауапкершілік. Көркейген аудан - баршамыздың еңбегіміздің жемісі.
2026 жылдың қыркүйек айында Жамбыл Шекара Бөлімшесіне газ тарту жұмыстары басталды.
Диқандар көктемгі егіс науқанында атқарылған еңбектің нәтижесін жинап, алқаптағы астықты ысырапсыз қамбаға құю жолында еңбек етуде.
🔹 Биылғы жылы аудан бойынша 171 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 130,2 мың га, майлы дақылдар – 16,4 мың га, мал азығы дақылдары – 24,3 мың га, картоп, бақша және көкөніс дақылдары – 52,5 га.
🚜 Бүгінгі күнге жаздық егістің 105 998 гектары немесе шамамен 81,4%-ы орылып, орташа өнімділік 7,0 ц/га құрап, жалпы 74 198 тонна өнім жиналды.
📌Дала төсіндегі тынымсыз еңбек әлі де жалғасып жатыр. Егін орағы жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, науқанды уақытылы әрі сапалы аяқтау бағытында барлық қажетті шара атқарылуда.
Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылында 2026 жылдың 29 шілде күні өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өткізілді. Шараға Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Жанабергенов Айбат Сергейұлы, аудан әкімі Тоғызбаев Даулетияр Қанатұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Жаңа нысанның ашылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік.
2026 жылдың 29 маусым күні Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев пен Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ғ.Атымтаев ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар көкйлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Жамбыл ауылдық округінде саябақ салу жұмысы басталды. Мердігер «Dimash Stroi» компаниясы.
Құрметті тұрғындар және ата аналар! ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.09.2003 жылғы №488 бұйрығына және Әйтеке би аудан әкімінің 09.04.2026 жылғы қаулысына сәйкес Ақтөбе облыстық ТЖБ басшысының орынбасары жүргізген №5 жағажайды зерттеу актісінің қорытындысына сәйкес ауыл маңында шомылуға болмайтынын хабарлаймыз.
Заң мен тәртіп: жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік
Қоғамда кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары тек полиция күшімен шектелмеуі тиіс. Қоғамның барлық мүшесі, әсіресе ата-аналар мен білім беру ұйымдары бірлесіп әрекет етпейінше, оң нәтиже күту қиын. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардана Саймағамбетов мәлімдеді. Спикер кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының өзекті мәселелерін көтерді.
Оның айтуынша, жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларының салдары өте ауыр болып отыр. Мәселен, 2025 жылы Ақтөбе қаласындағы Бауырластар тұрғын алабында екі қайғылы жағдай тіркелген. 1 қыркүйек күні полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, келесі күні №66 орта мектептің 11-сынып оқушысы көлік құралын басқара отырып, жол апатына ұшырап, оқиға орнында қаза тапқан. Көп ұзамай 27 қазан күні осы мектептің 8-сынып оқушысы да көлік жүргізу кезінде жол апатына түсіп, қайтыс болған.
🗣️«Соңғы уақытта мопед пен жеңіл мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары да алаңдатарлық деңгейде. Жыл басынан бері осындай 4 оқиға тіркеліп, 6 жасөспірім түрлі дене жарақатын алған. Заң бойынша мопедті 16 жастан бастап басқаруға рұқсат етілгенімен, көп жағдайда жасөспірімдер жол қозғалысы ережелерін толық меңгермей жатып көлік тізгініне отырады. Соның салдарынан олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп отыр» - деп атап өтті Ардана Саймағамбетов.
Департамент өкілінің айтуынша, балаларға мопед, электросамокат сынды көлік құралдарын сатып алып беру – ата-анаға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 1500-ден астам, биыл жыл басталғалы 60 астам мопед тіркеуге алынған.
Осы орайда, құқық қорғау органдары ата-аналар жиналыстарында, мектеп сабақтарында жол қауіпсіздігі тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарын күшейткен.