Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:
• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot
2025 жылғы 25 маусымда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Үшқатты ауылында Әйтеке би ауданының әкімі Д.Қ. Тоғызбаев пен Үшқатты ауылдық округінің әкімі Г. Б. Алдабергенованың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Халықпен кездесуде 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланып, 2025 жылдың 2 жартыжылдығына міндеттер қойылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде заңнама талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте қоғамдық бақылау тетіктері мен азаматтардың қатысуы да назардан тыс қалмайды.
Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет көрсету мерзімдерін бұзу сияқты кемшіліктер орын алып жатады.
Аталған заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелерде жоспарлы тексерулер жүргізеді. Тексеру барысында қызмет көрсетуші тарапынан заң талаптарының сақталуы мұқият зерделенеді.
Мәселен, ағымдағы жылы Департамент тарапынан Ақтөбе қалалық емханасында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің сақталуына байланысты жоспарлы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушыларға негізсіз бас тарту фактілері анықталып, 33 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету — басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
Досекешова Аружан Ерлановна – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.
2025 жылдың 24 ақпан күні Үшқатты ауылдық клуб ғимаратында ҚР ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаменті орынбасарының қатысуымен "Шекаралық режим" тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
19 желтоқсан күні Үшқатты ауылында Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаевтың және ауыл әкімі Г.Алдабергенованың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 27 қараша күні сағат 10:00-де Үшқатты ауылында сенбілік өтті.
9 қараша күні Ақтөбе қаласы "Табыс" коммуналдық базарында Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. Барлық өнімдер арзандатылған бағамен сатылды.
24 қазанда 2024 ж. Үшқатты ауылының әкімі Г.Б.Алдабергенова мектебінде өткен мерекелік концертте ауыл тұрғындарды Республика күнімен құттықтады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер Басқарма басшысының м.а. Зәуреш Шәкірова сөз сөйледі.
2024 жылғы 15 қыркүйекте «Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі» шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімі аяқталады. III кезеңдегі жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары кіреді.
Бірінші жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіргендер «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) ұсынуы тиіс. Кейінгі жылдары кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылады (270.00-нысан).
Декларацияны тапсыру мүмкіндіктері келесідей сервистерде көзделген:
* «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz);
* «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
* «e-Salyq Azamat» немесе «eGov mobile» мобильді қосымшалары;
* «Halyk», «Kaspi», «CenterCredit» екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.
Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.
Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.
Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.