GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
Дербес зейнетақы жоспары

Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті.
Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?
Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.
Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?
Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз;
Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз;
Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.
www.enpf.kz сайты → Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».

20 августа 2026
Тұмабұлақ ауылына көгілдір отын келді

 

Әйтеке би ауданының Тұмабұлақ ауылы тұрғындары газ тарту мәселесінің шешілуін асыға күтті. Енді міне, елді мекендегі 80 аула түгелдей көгілдір отынмен қамтылды.

Жоба Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Газ құбырын тарту жұмыстарын «Влад» ЖШС 2026 жылдың сәуір айынан бастап жүргізді. Құрылыс барысында жалпы ұзындығы 53,6 шақырымды құрайтын жеткізуші және ауылішілік газ құбыры тартылды. Жоба құны 827 млн. теңгеден асады.

Ал тапсырыс беруші – Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

Газ құбырын іске қосу салтанатты рәсімінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, игі істің жүзеге асуына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Тұмабұлақ ауылы аудан орталығынан 110 шақырым қашықта орналасқан. Ауылдың негізі 1961 жылы қаланды. Қазіргі таңда елді мекенде 450-ге жуық тұрғын тұрады.

Бүгінде Әйтеке би ауданындағы 27 елді мекеннің 21-і табиғи газбен қамтылған. Айта кетейік, осы аптада Жабасақ ауылына да газ берілмек. Нәтижесінде аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 94,2 пайызға жетеді.

Көгілдір отынның келуі – ауыл тұрғындары үшін жай ғана тұрмыстық қолайлылық емес, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам. Тұмабұлақ жұрты үшін бұл күн – көптен күткен қуаныштың орындалған тарихи сәті.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша 31 елді мекен газдандырылды. Нәтижесінде 13 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, облыс халқын газбен қамту деңгейі 97 пайызға жетті. Биылғы жылы 8 елді мекенді газдандыру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жоспар толық орындалып, барлық 8 ауыл табиғи газбен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде облыс халқын газбен қамту деңгейі 97,5 пайызға жетті. Бұл – 904 мыңнан астам тұрғын. Алдағы кезеңде де газдандыру жұмыстары жалғасады. Жоспар бойынша тағы 40 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осы жобалар толық іске асырылған жағдайда облыста 924 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылып, газдандыру деңгейі 99,6 пайызға дейін жеткізіледі», - деді Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқарма басшысы Арысұлан Айтбаев.

18 июня 2026
Ең төменгі жеткіліктілік шегі инфляция өсімінен артта қалып, болашақ зейнетақының лайықтылығын қамтамасыз ете алмады

Ең төменгі жеткіліктілік шегі инфляция өсімінен артта қалып, болашақ зейнетақының лайықтылығын қамтамасыз ете алмады

Ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) анықтаудың бұрынғы әдістемесі бойынша шектердің ұдайы өсуі болған жоқ.

Шектер айтарлықтай тек 2021 жылғы желтоқсанда, 2022 жылға арналған ТЖШ мәндері бекітілген кезде ғана өзгерді. Сол кезде салымшылардың әртүрлі жас санаттары үшін ТЖШ шамасы (әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне байланысты) орта есеппен 70%-ға өсті.

2023 жылы ТЖШ аздап қана – әлеуметтік-экономикалық параметрлердің өзгеруінің нәтижесінде орта есеппен 5,5%-ға өсті.

Үш жыл бойы (2023–2025 жылдары) ең төменгі жалақы мен басқа да көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, ТЖШ өзгеріссіз қалды.

Ал 2026 жылдың басында ТЖШ орта есеппен 10%-ға өсті.

Осы кезеңде ел экономикасында инфляция өте жоғары болды. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, инфляция 2021 жылдың қорытындысы бойынша 8,4%-ды құраса, 2022 жылы 20,3%-ға жетті, 2023 жылы – 9,8%, 2024 жылы – 8,6%, ал 2025 жылы 12,3% болды.

Инфляциямен қатар халықтың табысы мен қызметкерлердің жалақысы да өсті. Орташа айлық жалақы 2021 жылғы 250,3 мың теңгеден 2023 жылы 364 мың теңгеге, 2024 жылы 405 мың теңгеге дейін көтеріліп, 2025 жылы 473 мың теңгеден асты.

Осылайша 2022 жылдан бастап инфляцияның, халық табысының және зейнетақы жинақтары көлемінің өсуіне қарамастан, ең төменгі жеткіліктілік шегі іс жүзінде өзгеріссіз қалды және қайта өзектендірілген жоқ.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй мен емделуге пайдалану тетігі жүздеген мың азаматқа маңызды әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Дегенмен, бұл шараның жүзеге асырылуы олардың болашақ зейнетақысының төмендеуіне әкеп соқпауы тиіс.

Ең төменгі жеткіліктілік шектерінің лайықтылығы – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақты өсуінің маңызды шарты. Оның мақсаты – салымшыны болашақта зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жинақтардың ең төменгі қажетті көлемін сақтап қалу.

Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға (карантин кезеңі және оның салдары) байланысты зейнетақы жинақтары ең белсенді пайдаланылған кезеңнен кейін, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қайтадан өзінің басты міндеті – азаматтарды лайықты зейнетақы деңгейімен қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуі керек.

Біріншіден, зейнетақы төлемдерінің көлемі азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға жатпайтын, басқа мақсаттарға пайдаланылатын қаражат көлемінен асып түсуі тиіс.

Екіншіден, азаматтардың зейнетақы жинақтары жарналар мен инвестициялық кірістер есебінен өсіп, ұлғайып отыруы қажет.

Зейнетақы жинақтарының қарқынды өсуі салымшылардың ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

14 мая 2026
Болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі

Болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі

Зейнетақы жүйесі бірнеше құрамдауыш бөліктен тұрады және азаматтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Соның бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).
Жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлері үшін жарналарды өз қаражаты есебінен аударады.
ЖМЗЖ 2024 жылы 1,5% мөлшерлемемен енгізілді және жарна кезең-кезеңімен өсіп отырады.
2026 жылы жарна мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға жетеді.
ЖМЗЖ енгізу – ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюынан туындаған маңызды қадам.
Бұл бастама:
- жоғалған кірісті өтеуге,
- зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға,
- мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті әділ бөлуге бағытталған.

Толығырақ enpf.kz сайтында, 1418 телефоны арқылы және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында. https://t.me/enpfkz/

22 апреля 2026
БЖЗҚ сайтында зейнетақы калькуляторы қолжетімді

БЖЗҚ сайтында қолжетімді зейнетақы калькуляторы болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін болжамды есептеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы онлайн-құрал.

 

Неліктен бұл маңызды?

Болашақ зейнетақы көлемі еңбек өтіліне, табыс деңгейіне және жарналардың тұрақты аударылуына тікелей байланысты. Сондықтан уақытылы тексеріп, қаржылық болашағыңызды жоспарлаған жөн.

Есептеу үшін қажет деректер:

✔️туған күні

✔️еңбек өтілі

✔️жалақы мөлшері

✔️жинақ көлемі және жарналардың жүйелілігі

Жеке кабинетке кірген кезде деректердің бір бөлігі автоматты түрде толтырылады.

Кеңес:

Есептеу кезінде ерікті зейнетақы жарналарын қосып көріңіз, калькулятор болашақ төлемнің қалай өсетінін бірден көрсетеді.

04 марта 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:
 
    • Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot 

06 января 2026
2026 жылы МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) кімдер үшін қолжетімді болады?

2026 жылы МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) кімдер үшін қолжетімді болады?

30 апреля 2025
Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде заңнама талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте қоғамдық бақылау тетіктері мен азаматтардың қатысуы да назардан тыс қалмайды.

Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет көрсету мерзімдерін бұзу сияқты кемшіліктер орын алып жатады.

Аталған заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелерде жоспарлы тексерулер жүргізеді. Тексеру барысында қызмет көрсетуші тарапынан заң талаптарының сақталуы мұқият зерделенеді.

Мәселен, ағымдағы жылы Департамент тарапынан Ақтөбе қалалық емханасында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің сақталуына байланысты жоспарлы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушыларға негізсіз бас тарту фактілері анықталып, 33 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету — басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

 

 

 

Досекешова Аружан Ерлановна – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

28 февраля 2025
1 наурыз "Алғыс айту күні"!

Тұмабұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылында 1-Наурыз "Алғыс айту" күніне орай Мамыт негізгі мектебінің директоры Балмаканова Лаззат Бакытжанқызы ардагер ұстаздарымыз Досмұратов Сәндібек ағайды және Меңдіқұлова Тұрсын апайды мерекемен құттықтап сыйлықтар табыстады. Мерекелеріңіз құтты болсын!

05 февраля 2025
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс.  Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.

Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен  580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады.  Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.

Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.

Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.

Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.

«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.

Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.  Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100%-ға (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр) қамтамасыз етілді. Ал 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілуі 80%-ды (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма) құрайды.

Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.

АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.

Астық өндірісі мен экспортын ұлғайту аграрлық сектор өкілдерінің табысын арттырады.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту туралы тапсырмасы шеңберінде дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан өңірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды.

Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия сияқты дәстүрлі нарықтар, барлығы 24 ел. Иран мен Әзірбайжанға жөнелтулер жандандырылды.

Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі - «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады.

Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі Қазақстан халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер етеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді.

Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы