
Негізгі мәдениет объектілері
Тұмабұлақта 1966 жылы пайдалануға берілген 200 орындық Басқұдық ауылдық клубы жұмыс істейді. Онда мерекелер мен атаулы күндерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Тұмабұлақ ауылдық кітапханасы 2015 жылы жөнделіп, пайдалануға берілген. Жалпы кітап қоры-20 мың кітапты құрайды.