GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 апреля 2026
Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары жалғасуда

Сарат ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған екі айлық сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді жастар бірлесе отырып, ауыл аумағын тазалау және көркейту жұмыстарына белсенді қатысуда. Сенбілік барысында ауыл көшелері, мекемелердің маңайы, қоғамдық орындар және ауыл зиратының аумағы тазартылып, ретке келтірілді. Қоқыстар жиналып, айнала абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Ортақ іске атсалысып, ауыл тазалығына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Таза ауыл – тұрғындар денсаулығы мен жайлы өмірінің кепілі. орысша

04 марта 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:

 

27 января 2026
Жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік жұмыстары

Сарат өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бақылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарының үйлері тексеріліп, мұржаларда қатқан мұздар түсірілді.

09 января 2026
Сарат ауылдық округінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша ауыл әкімінің есептік жиналысы өтті.

Сарат ауылдық округінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша ауыл әкімі Р.Н. Жеткергенов есеп берді.

Есептік кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, абаттандыру және ауыл шаруашылығы салаларындағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.

Тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.

 
 
04 ноября 2024
Сарат ауылдық округіне жаңадан учаскелік полиция инспекторы тағайындалды.

Сарат ауылдық округіне учаскелік полиция инспекторы болып полиция майоры Маленкин Ержан Абайұлы тағайындалды.

Әйтеке би аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ә.Темірбекұлы ауыл тұрғындарына жаңа учаскелік полиция инспекторын таныстырды. Е.Маленкин осыған дейін Үшқатты, Жамбыл ауылдық округтерінде қызмет атқарған. Ауылдық округ әкімі Т.Түкібаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен үшін учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Абзал Есенұлына алғыс хат табыс етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

02 октября 2024
Қарттарым-асыл қазынам

 Қазақ "Қариясы бар елдің қазынасы бар ел" дейді. Қарияларды құрметтеп, ардақтау біз үшін - парыз. Себебі, әрбір белес, әрбір асу, ол бір із. Талай күндер төккен терімен толысып, талай жылдармен тоғысып, еңбектен соң келіп жеткен осындай бір мәртебелі белестің маңызы зор. Осы орайда ауыл қарияларына арналып мерекелік дастархан жайылып, мектеп өнерпаздарымен концерт берілді.

Ауылдық округ әкімі Т.Түкібаев ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кешеніндей болған қазыналы қарттарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың, ардагер аға-әпкелеріміздің өнегелі істері мен ауылымыздың дамуы үшін төккен тері үшін шексіз алғысын білдіре отырып, "Сарат ауылына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттады.

01 октября 2024
Сенбілік жұмыстары
09 сентября 2024
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін сайыстардың "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарындағы эфирлік кестесі. 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділір ойындарының өтуіне саналы күн қалды. Ұлттық спорт түрлері бойынша өткіщілетін әлемддегі ең ірі жарыстың бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19:00-де "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының тікелей эфирлерінен көрсетіледі. @worldnomadgamts2024

21 июня 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

 

Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

30 апреля 2024
Көшет отырғызу - көптің ісі
Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау - баршамызға ортақ міндет. "Туған жерге туыңды тік" деген халық даналығын ескерсек, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына ат салысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс.
Сарат ауылында орталық саябаққа 160 түп, әкімшілік пен Әсім-Наз ӨК ғимараты айналасына 50 түп, мектеп ауласына 35 түп ағаш көшеттер отырғызылды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы