Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:
• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot
Экологиялық ахуалды жақсарту және табиғатты қорғау мақсатында Ақтөбе облысында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Осы акция аясында өңірде 363 мың ағаш отырғызылды.
Бұл бастама табиғатты қалпына келтірумен қатар, өңірдің экологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жасыл желектер ауаның сапасын жақсартуға, климаттық өзгерістердің әсерін азайтуға, сондай-ақ аймақтың көркі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосады.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Қасым-Жомарт Тоқаев AIem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған мемлекетке айналдыру, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық саласында ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Президентке Nur Alem сферасында орналасатын AIem.ai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Орталық жанынан Tomorrow School және Tumo Education мектептері ашылады. Мұнда жыл сайын мыңнан астам оқушыға бағдарламалау машықтарын, роботты техниканы және басқа да креативті технологияларды үйрету, сондай-ақ жоғары білікті 1000 маман даярлау жоспарланып отыр. AIem.ai халықаралық орталығы стартаптар акселерациясы және зерттеу жобаларын қолдауға арналған кампус ретінде қызмет көрсетеді.
Президентке инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысып жатқан, келешегі зор отандық стартап жобалар мен компаниялар туралы ақпарат берілді.
Олардың арасында тұтынушылармен байланысқа арналған дыбысты роботтарды әзірлеуге және енгізуге маманданған Cybernet.ai, иммунды терапия және диагностика салаларындағы күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосуға ниетті ArlanBiotech компаниялары бар. Ал перспективасы зор тағы бір стартап – Higgsfield AI ғалымдар мен инженерлерге күрделі компьютерлік модельдерді үйретуге көмектесетін озық жүйені ойлап тапты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдерді тамашалады. Олардың арасында кен орындарының цифрлық телнұсқасы, дрондарды басқару және өндіріске арналған робот-ит секілді индустриялық шешімдер бар.
Жыл қорытындысы: Елімізде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін артты
Primeminister.kz сайтының редакциясы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі басымдықтар мен шаралар бойынша жыл қорытындысына арналған шолулар топтамасын ұсынуды жалғастырады.
Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, ал ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі қазақстандықтардың көпшілігінің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Еліміз кең байтақ аумағы мен қомақты ресурстарының болуы арқасында үлкен әлеуетке ие. Мемлекет жеңілдетілген қаржыландыру мен субсидиялар беру арқылы аталған секторды белсенді түрде қолдайды, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының өндірісі мен лизингі көлемінің өсуін ынталандырады. Аталған шараның барлығы өз нәтижесін беруде: биыл еліміздің дихандары дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында.
Жолдау-2024: Ақтөбе облысында 200 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс екенін айтқан болатын. Ал, жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескеруді міндеттеді.
Аталған тапсырманы орындау аясында Ақтөбе облысында 200 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды astanatv.kz. Ол - осы күнге дейін игерілмей келген ауыл шаруашылығы жерлері. Биыл 130 мың гектардан астам жер қайтарылуы тиіс болса, бұл жоспар артығымен орындалған. Байғанин, Қарғалы, Әйтеке би аудандары көш бастап тұр. Байғанин ауданының өзінде 45 мың гектар жер қайтарылған. Оның көбі- жайылымдық жер. Бұл учаскелер аукцион арқылы басқа шаруа қожалықтарына беріледі.
Ақтөбе облысында “Жер аманаты” жобасын асырып жатқан AMANAT партиясының мәліметінше, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің басым бөлігі аукционға салынып, жерге мұқтаж шаруа қожалықтарына үлестірілуде. Жыл басынан бері 2024 жылдың он айында негізі жергілікті атқарушы органдармен 16 конкурс өткізілді. 406 403 мың жер шаруа қожалықтарына үлестіріліп берілді.
Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысының әділет департаменті азаматтарды жеке қабылдау өткізеді
2 желтоқсанда әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Сағымбаева азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Бұл тұрғындарға әділет пен құқықтық тәртіп, азаматтардың құқығын қорғау мен олардың заңды мүдделері туралы сауалдарын қойып, кеңес алуына, өз ұсыныстары мен пікірлерін айтуға берілген мүмкіндік. Қабылдаудың тиімділігін арттыру үшін өз ситуацияңызға қатысты талдау жасауға көмегін тигізетін құжаттарды алдын ала дайындаған жөн.
Қабылдау Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратында сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін болады.
Таза Қазақстан акциясы аясында Талдық ауылында сенбілік жұмыстары өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.
Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.
Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.
Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.
Талдық ауылында көктемгі су тасқынынан шайылған көпірлерді , өзендер бойларындағы жолдарды ретке келтірілуде.