АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ.

⚜️ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ.

🔰 Аудан әкімі Д.Тоғызбаев Қайрақты ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

✅ Жиын барысында ауыл әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы міндеттері талқыланды.

⚡ Қазіргі таңда ауылда пошта қызметі бар, барлық үйлер телефон және интернет желісімен қамтылған;
– Ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында ауыл орталығына 22 метрлік, Қию қыстағы маңына 26 метрлік байланыс мұнарасы орнатылса, «Гроза-3» ЖШС тарапынан 8 шақырым ауылішілік жолға щебень аралас жабынды төселіп, су өткізетін 2 құбыр салынды.

🏥 Талдық ауылында медициналық пункт тұрақты жұмыс істейді.

🐂 Бүгінгі таңда округте 31 шаруа қожалығы мен 2 ЖШС мал шаруашылығымен айналысып, ауыл экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр.

⁉️Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Соның ішінде ауыл әкімдігін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.

💬 Аудан әкімі барлық ұсыныс-тілектер назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.