Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қайрақты ауылдық округінде тазалық іс-шарасы өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қайрақты ауылдық округінде санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға ауылдық округ әкімі Қайрат Лайықұлы, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың айналасы қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты - ауыл аумағында тазалықты сақтау, тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және елді мекеннің көркейіп-көгалдануына үлес қосу болып табылады. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ауыл тұрғындары аталған акцияға белсенді қатысып, тазалық - әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.