
Қарттар күніне орай Қайрақты ауылдық округінде қарияларға құрмет көрсетілді.1 қазан - Қарттар күні мерекесіне орай Қайрақты ауылдық округінде ауылдың ардақты қарияларына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға Қайрақты ауылдық округінің әкімі Қайрат Лайықұлы, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты.
Іс-шара барысында округ әкімі Қайрат Лайықұлы қарияларды мерекемен құттықтап, олардың елдің дамуына, ауылдың өркендеуіне қосқан өлшеусіз еңбектерін ерекше атап өтті. Қариялар - халықтың қазынасы, ұрпаққа өнеге, ақыл мен парасаттың символы екені айтылды.
Кездесу барысында ардагерлерге ізгі тілектер айтылып, сый-сияпаттар табысталды. Сонымен қатар, қариялардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерінің жас ұрпақ үшін маңызы зор екені тілге тиек етілді.
Шара жылы әрі тағылымды жағдайда өтіп, қариялар көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдірді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.