2026 – 2028 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2026 – 2028 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы.

Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026 – 2028 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджеті тиісінше  1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер                                                                              33 022 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер                                                                6 009   мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                                       0  теңге;

трансферттер түсімі                                                              27 013 мың теңге;

2) шығындар                                                                          33 022 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                                 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо  0  теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                                      0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                    0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.

  1. Қазақстан  Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабына  сәйкес, 2026 жылдың         1 қаңтарынан бастап белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

1)  жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

2) жәрдемақыларды  және  өзге  де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік  көрсеткіш – 4325 теңге;

3)  базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50851 теңге.

  1. 2026 жылға  арналған Қайрақты ауылдық округінің бюджетіне  аудандық бюджеттен берілген 22513 мың теңге соммасында субвенция көлемі  ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған Қайрақты ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 4500 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Қайрақты ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
28 декабря 2025