2025 – 2027 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

 

ЖОБА

 

 

 

2025 – 2027 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025 – 2027 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер                                                                         41 219 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер                                                            10 125 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                               0  теңге;

трансферттер түсімі                                                          31 094 мың теңге;

2) шығындар                                                                     41 219 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                            0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо  0  теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                                 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                    0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.

  1. Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына  сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

1)  жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

2) жәрдемақыларды  және  өзге  де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік  көрсеткіш – 3932 теңге;

3)  базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 46228 теңге.

  1. 2025 жылға арналған Қайрақты ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілген 1817 мың теңге соммасында субвенция көлемі  ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Қайрақты ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 29258 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
  3. 2025 жылға арналған Қайрақты ауылдық округінің бюджетіне республикалық бюджеттен 19 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Қайрақты ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2025