Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Жыл сайын орта есеппен 3,3 млн пациент қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу жүйесін жетілдіру, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және халық үшін емнің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2019-2025 жылдар аралығында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі үш еседен астам өсіп, 83 млрд теңгеден 272,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осы кезеңде тегін дәрі-дәрмек алатын пациенттердің саны 2,5 млн-нан 3,4 млн адамға дейін артты.
2026 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.
Сатып алу жүйесін жетілдірудің негізгі нәтижелерінің бірі – отандық өндірістің 66 дәрілік препаратының бағасын төмендету болды. Бұл бюджет қаражатын 10,3 млрд теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік берді.
Денсаулық сақтау министрлігі отандық және шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алу тәжірибесін де кеңейтуде. 2026 жылы тікелей келісімшарттар бойынша сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың атаулары 404-ке дейін өсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 182 атауды құраған болатын.
Сонымен қатар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтілуде. Биыл БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық тетіктер арқылы 32 атаудағы дәрілік заттарды сатып алу көзделген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 23 атауды құраған.
Сатып алу тетіктерін жетілдіру бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, дәрі-дәрмек жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пациенттер үшін тегін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
1 қазан – Қарттар күніне орай Аралтоғай ауылдық округінде ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Шара барысында ауыл әкімі С.А. Дүйсенбаев ауыл қарттарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік шара ауылдық клуб меңгерушісі Б. Қуанышевтың ұйымдастыруымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты. Әсем әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттен кейін қарттарға арнап мерекелік дастархан жайылды.
Ақ дастархан басында ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріміз ән айтып, өткен күндерден сыр шертіп, өздерінің жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Бұл басқосу үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.
Сонымен қатар мерекелік шараға денсаулығына немесе басқа да себептерге байланысты келе алмаған қарттардың үйлеріне арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат табысталды.
Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен:
ШҚ «Әділ» – Б. Аяповқа;
«Рахат+» СПК – А. Нығметке;
«Жанат» дүкені – Ж. Разаковаға;
«Берекет» кафесі – Қ. Ибрашовқа
шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыз – ауыл қарттарына деген құрметтің айқын көрінісі.
Қарттарымыз аман, ғұмырлары ұзақ, әр шаңыраққа береке мен ырыс орнасын!
Сәбидің дүниеге келуі - кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.
Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан, жәрдемақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ға арнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жолданады. Жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.
Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстік өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екінші орында 19 мыңнан астам төлем рәсімделген Алматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласы түйіндейді. Ақтөбе бұл тізімде 9 орынды алып отыр, жыл басына бері 9 740 отбасы жәрдемақыға тіркелген.
Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмек мөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегіне байланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңге берілсе, одан кейін туған балаларға берілетін жәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды.
Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталған мерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығы жойылады.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күні ішінде, ал электронды үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлді.
Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидана сәйкес әскерге шақырылушыларға қажетті құжаттарды ұсыну үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға болады электрондық лицензиялау порталында elicense.kz.
Қызметті алу үшін порталда авторлану қажет elicense.kz. «Қауіпсіздік» қойындысында тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдаңыз.
Бұдан әрі ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, шақырудан босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп және құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі, әскерге шақырылушыны бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп тану туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмағандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жақын туыстарының әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқаны немесе мүгедектік алғандығы туралы әскери бөлім (мекеме) басшысының бұйрығынан немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан үзінділердің электрондық көшірмесі;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тіліне аудармасын нотариус куәландырған не қазақ немесе орыс тіліне аударма жасаған аудармашының қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырған басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергені туралы анықтаманың немесе белгісі бар әскери билеттің электрондық көшірмесі;
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ғылыми дәрежесі барларға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
ғылыми дәрежесін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
діни бірлестік берген дін қызметкері мәртебесін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етуімен шақыру комиссиясы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 6 жұмыс күн ішінде қоса берілген файлдармен өтінішті қарайды және шақырудан босату қалдыру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Бүгінгі күні eGov.kz порталында тұрғындар жер теліміне өз кезегін қарау немесе кезекке тұруға болады. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар: кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару. Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын өңірді таңдайсыз. Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда "Өзектендіру" өтініш түрін таңдауыңыз қажет. Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін "Шығару" өтініш түрін таңдау қажет.
«Ауыл – Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жобасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында іске асырылады.
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру скрининг нәтижелері негізінде басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады (ауыл шаруашылығына жатпайтын жобаларды қоспағанда).
Басым қолдау келесі жобаларға беріледі:
Жобаларды іріктеу әрбір ауылдық елді мекен бойынша ауылдық округ әкімдерімен шаруашылық кітаптары деректері негізінде қалыптастырылған скрининг нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Скрининг:
Сенім білдірілген агент орналастырылған ақпарат негізінде өтінімдерді қарайды (ауыл шаруашылығына жатпайтын жобаларды қоспағанда).
Қаржыландыру ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда жүзеге асырылады.
Микрокредит алуға үміткерлер — Қазақстан Республикасының азаматтары:
Жеке тұлғалар үшін жоба іске асырылатын ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада өтінім берген күнге дейін кемінде 12 ай тұрақты тіркеу болуы қажет.
Әрекеттегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін жоба іске асырылатын жерде мемлекеттік тіркеудің немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы талап етіледі.
Жобаларды микрокредиттеу:
Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуды қаржыландыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
Ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар үшін:
Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар үшін:
Өнімдерді қайта өңдеу жобалары үшін:
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін дамыту үшін:
Алдыңғы микрокредит бойынша міндеттемелерін толық орындаған тұлғаларды қайта кредиттеу кезінде ең жоғары сома 8 000 АЕК дейін ұлғайтылады (екі реттен артық емес).
Қайта кредиттеу қайтарылған қаражат есебінен және бұрын берілген микрокредиттің ең жоғары мерзімінің жартысы өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі — 12 айдан аспайды.
Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5 %-дан аспайды.
Микрокредиттер келесі мақсаттарға берілмейді:
Микрокредит алу үшін үміткерлер өтінімді келесі ақпараттық жүйенің жеке кабинеті арқылы электронды түрде береді: https://amanatnesie.kz/#/main
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл (экстренді) және жоспарлы стоматологиялық көмек Ақтөбе облыстық балалар стоматологиялық емханасы және оның филиалында МӘМС шеңберінде көрсетіледі.
Жыл сайын жазғы демалыстың соңында, оқу жылы басталар алдында Балалар стоматологиялық емханасының қызметтеріне сұраныстың артуы байқалып отыр. Бұл кезеңде профилактикалық тексеруден өту, ауыз қуысын санациялау және қажетті емді оқу жылы басталғанға дейін аяқтау мақсатында жүгінетіндер саны айтарлықтай көбейеді. Күніне орта есеппен 130-дан астам пациент терапиялық, 65-тен астам пациент хирургиялық стоматологиялық көмек алады. Осыған байланысты қысқа мерзім ішінде дәрігерлерге түсетін жүктеме артады.
Негізінен, балаларды стоматологиялық көмек алу үшін МӘМС аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерді жеткізушілері ретінде танылатын басқа да медициналық ұйымдарға да апаруға болады:
1. «Diamond Dent» ЖШС
2. «BZ Холдинг» ЖШС
3. «Ай-алтын» ЖШС
4. «Меда-Актобе» ЖШС
5. «Медикер Илек» ЖШС
6. «Орынбасаров Нурхан Нартаевич» ЖШС
7. «ТТ и К» ЖШС
8. «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
9. ARUDENT ЖК
10. «Айгуль» клиникасы» ЖШС
11. «Амина и Али» ЖШС
12. «Almash Life» ЖШС
13. «Медикус центр» медициналық мекемесі
14. «Ақтөбе теміржол ауруханасы» ЖШС
Бұдан өзге, ата-аналар тарапынан балаларының тісін емдетуге қатысты қандай да
бір мәселелерді жеке тәртіпте қарау және шешу үшін емхананың Пациенттерді қолдау қызметіне немесе Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманжулова Айгүл Құрманғазиевнаға жүгінуге болады.
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы баспананы өздері таңдап, оны алуға өтінім бере алады.
Бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты.
Жаңа тетік бойынша алғашқы өтінімдер 2026 жылғы 1-7 қыркүйек аралығында baspana.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Өтінімді тиісті ауданда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бере алады.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін қалыптастырады. Баспананы бөлу кезінде кезекке қойылған күні, отбасының соңғы алты айдағы табыс деңгейі мен құрамы, сондай-ақ өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.
Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі.
Тағы бір өзгеріс 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Үйдің немесе пәтердің бөлме санын айқындау кезінде отбасы құрамы ескеріледі. Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға, сондай-ақ әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары қарастырылған.
Бұл тәртіп тұрақты негізде қолданылады.