НҚА

Әйтеке би ауданық мәслихатының 2024 жылғы 16 қаңтардағы №158 «2024–2026  жылдарға  арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 16 қаңтардағы №158 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1)  кірістер – 61 851,6 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 8887 мың теңге;

трансферттер түсімі – 52 964,6 мың теңге;

2)  шығындар – 63 253 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1401,4 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

1401,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1401,4 мың теңге;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
16 апреля 2024