Негізгі мәдениет объектілері
Ақтастыда 2021 жылы жөнделіп, пайдалануға берілген 150 орындық Ақтасты ауылдық клубы жұмыс істейді. Толыбай ауылында 80 орындық Толыбай ауылдық клубы жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында мерекелер мен атаулы күндерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Ақтасты ауылдық кітапханасы әкімдік ғимаратында, ал Толыбай ауылдық кітапханасы клуб ғимаратында орналасқан. Жалпы кітап қоры-18 мың кітапты құрайды.
Толыбай ауылында орналасқан Толыбай ауылдық Әбілхайыр хан музейі 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда Хан моласы мемориалды кешеніне келушілерге және ауылға келген қонақтарға арнайы экскурсия жасалады, сонымен қатар әр түрлі танымдық іс-шаралар өткізіледі.