GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 июня 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

10 мая 2024
Алаяқтықтардан мүлікті қайтару мүмкіндігі!

Аудан прокуратурасы қазіргі уақытта аудан аумағында алаяқтық түрлерінің көбейуіне байланысты алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауыңызды сұрайды.
Көбінесе алаяқтар өздерін банктердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар Сіздерге шоттарыңызда күдікті транзакциялар жүріп жатыр деп сендіріп, белгісіз тұлғалармен атыңызға несие рәсімделіп жатқандығын айтып, ақша қаражаттарыңызды «арнайы шотқа» аудару қажеттігін айтып, телефоныңызға арнайы қосымшаларды орнатуды сұрайды.
Сонымен бірге Сіздің банк картаңыздың нөмірін, соның ішінде SMS кодтар мен картаңыздың құпия сөздерін біліп алуға тырысады.
Мұның бәрі алаяқтар!!
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 953-бабының 1-бөлігіне сәйкес негiзсiз иеленiп алынған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.
Егерде алаяқтардың құрбаны болған жағдайда аудандық полиция бөліміне хабарлап, азаматтық сот тәртібінде негiзсiз иеленiп алынған мүлiктi қайтарып алу құқығыңыз бар екенін түсіндіреміз.

Әйтеке би ауданының прокуратурасы

10 мая 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ

Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты және Әйтеке би ауданының құрылымдық бөлімдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді --жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ  ақпараттық-талдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сүтемген Аян Мағауияұлына келесі телефон нөміріне  хабарласуға болады: 8(71339) 21450.

Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты және Әйтеке би ауданының құрылымдық бөлімдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ  ақпараттық-талдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сүтемген Аян Мағауияұлына келесі телефон нөміріне  хабарласуға болады: 8(71339) 21450.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы