GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
25 апреля 2026
Орталық саябаққа сенбілік ұйымдастырылды
Орталық саябақ, ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңдарына сенбілік жұмыстары жүргізілді.
 
23 апреля 2026
Бірқатар көше тұрғындарына мал жайылымына қатысты жиын өткізілді

Ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні Әйке ауылының М.Маметова, А.Қыңыртаев, Әйтеке би, Б.Алтай, С.Сейфуллин және Ә.Молдагулова көшелерінің тұрғындарының қатысуымен мал жайылымы бойынша кезекті жиыны өткізілді. Аталған жиында көше тұрғындары, ауыл әкімі М.Ж.Ергазиев және учаскелік полиция инспекторы Ж.С.Кенжебаев қатысты. Жиын барысында мал қараусыз жүрмеуі керектігі ескертіліп, заңнама аясында жолға, ауыл ішінде, темір жолға шыққан қараусыз мал иелеріне қолданылатын шаралар туралы түсіндірілді.

22 апреля 2026
Сенбілік жалғасуда

"Таза Қазақстан" тұжырымдамасы негізінде сенбілік жалғасуда. Бүгінгі таңда "Әйке" спорт кешенінің ауласына 15 түп тал отырғызылды. Сондай-ақ, Тереңсай ауылының "Орталық стадионы" аумағы қоқыстардан тазартылды.

04 марта 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:

• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot

06 января 2026
Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді. 6 қаңтар күні Ресейдің Екатеринбург қаласынан Тәжікстанға бет алған жолаушылар автобусы Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 220 шақырымында істен шықты. Барлық жолаушыларға көмек көрсетілді. Барлығы 65 тәжік азаматы жергілікті жылыту пунктіне кіргізілді.

19 августа 2025
Шекарашылар күніне шағын футболдан жарыс өткізілді

“Әйке” шекара бөлімшесінде 18-тамыз ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына орай шағын футболдан жарыс өткізілді.
Жарыста Шекарашылар, Ақтасты, Сұлукөл, Әйке, Жас шекарашылар, Ауыл жастары-2001, Талдысай, ҚТЖ командалары бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын Сұлукөл
2-орын Әйке
3-орын ҚТЖ командалары бөлісті.
Жарыста өздерін үздік көрсеткен “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік Шабуылшы”, “Үздік сұрмерген” ойыншылар бағалы сыйлықтар және дипломмен марапатталды.

16 июня 2025
Шағын футбол

Дәстүрге айналған шағын футболдан жыларалық жарысы былтырғы маусымның чемпиондары 1997 жылғылар командасының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
🥇Жарыс жеңімпазы екінші жыл қатарынан 1997 жыл командасы атанса,
🥈ІІ орын иегері 1993 жыл командасы,
🥉ІІІ орынды 1998 жыл командасы иеленді.
🎗Үздік ойыншы: Табынбай Айбек 1998 жыл
🎗Үздік қақпашы: Жакаев Аманбек 1988 жыл
🎗Үздік қорғаушы: Үсенов Медет 1993 жыл
🎗Үздік шабуылдаушы: Қуанбай Айдын 1997 жыл
🎗Үздік төреші: Табынбай Самғат 1999 жыл
Тартысқа толы додада ауыл тұрғындарынан демеушілік білдіргендер де болды. Атап айтсақ, бірінші орынға ауыл тұрғыны Ахметбаев Байғали (1979 жыл) ағамыз тоқты атаса, Жаназаров Нұрлан (1979 жыл) аға 50 мың теңге ақшалай жүлде қорын ұсынған болатын. Ұйымдастырушылар тарапынан бұл ақшалай жүлде 2 ші және 3 ші орын алған командаларға сәйкесінше 30 мың тг, 20 мың тг көлемінде үйлестірілді. Сондай-ақ 4 ші орын алған 1988 жыл командасына 15 мың тг ақшалай сыйлық табыс етілді.
Жарыс жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

12 марта 2025
Көктемгі су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жүргізілуде

Көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында айналма кірме жолы мен негізгі кіре беріс жолдардың жол асты су ағар сақиналары тазартылды. Барлығы 9 сақина тазартылды. Сондай-ақ, көпір салыну мақсатында қойылған бөгеттер, су тасқыны кезінде судың арнасынан асып маңайындағы үйлерге жайылуы мүмкін болғандықтан ашылды. 

19 февраля 2025
Ауыл ішінің қарын ашу жұмыстары жүргізілуде

Әйке және Тереңсай ауылдарының ішкі көшелерінің қары ашылды. 

Ауыл шаруашылығы
05 февраля 2025
Мұз астындағы балықтарды тұншығудан қорғау жұмыстары жүргізілді

Әйке көлінде мұздың қалыңдығы шамамен 60-70 см ді құрайды. Мұз астында қалған балықтарды тұншығудан қорғау мақсатында мұз тесу жұмыстары жүргізілді. Қазірде 15 жерден мұз тесігі бұрғыланды. 500 ге жуық балық құтқарылды деп болжанып отыр. Алдағы уақытта жұмыстар әліде жалғасын тауып, көбірек балықтарды құтқару жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы