2025 – 2027 жылдарға арналған Әйке ауылдық округінің бюджетін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2
тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-
бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған Әйке ауылдық округінің бюджеті
тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей
көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 66 126,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 25 353,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 40 773,0 мың теңге;
2) шығындар – 66 126,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге.
2. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып
ескерілсін: мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына
салынатын салық; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; мемлекет
меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.
3. Мәліметке және басшылыққа алып, «2025-2027 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 -
бабына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;
2) айлық есептiк көрсеткiш – 3 932 теңге;
2
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен
күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге.
4. 2025 жылға арналған Әйке ауылдық округінің бюджетіне аудандық
бюджеттен берілген 40 773,0 мың теңге соммасында субвенция көлемі
ескерілсін.
5. 2025 жылға арналған Әйке ауылдық округінің бюджетіне аудандық
бюджеттен 40 773,0 теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі
ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Әйке
ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
6. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.