"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын бекіту туралы

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

      1) "Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

      2) "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

      3) "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

      4) "Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

      5) "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

      6) Волонтерлік – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.07.2024 № 302-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн      он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Грантты қайтадан беруге жол берілмейді. Конкурсқа үміткер бір бағыт бойынша 1 (бір) конкурстық өтінім береді.

Дата публикации
23 августа 2024