2026 жылғы 30 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста Қарғалы ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.
2026 жылғы 30 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста Қарғалы ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау мен атқарудың тиімділігіне, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына, жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.
2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері мен Ақтөбе Hub өкілінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Astana Hub филиалы – Ақтөбе Hub қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, мемлекеттік мекемелерге арналған автоматтандырылған презентациялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне IT және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, заманауи цифрлық шешімдерді мемлекеттік органдардың жұмысында тиімді пайдалану және жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелеріне назар аударылды.
2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Ақбергенұлы Шілманов кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі кәсіби әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, кадрлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2026 жылғы 06 тамызда Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста Алға ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.
2026 жылғы 06 тамызда Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста Алға ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау мен атқарудың тиімділігіне, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына, жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.
2026 жылғы 25 маусымда сағат 15-00-де Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді, онда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексерудің және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.
2026 жылғы 13 мамырында Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссияның отырысы өткізіледі, Жекелеген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және пайдаланудың мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.
2026 жылғы 13 мамырында Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссияның отырысы өткізіледі, Ақтөбе қаласының жекелеген орта білім беру ұйымдарын қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және пайдаланудың мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.
2026 жылғы 12 ақпанда Ақтөбе облысы бойынша Тексерк комиссияның отырысы өткізіледі, арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру және жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған бюджет қаражатын тиімді пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.