Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің 2021 жылғы 12 айдағы негізгі нәтижелері

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 156 объектіде 11 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Аудитпен 150 267,0 млн. теңге қамтылды. ҚР заңнамасы нормаларын бұзудың жалпы сомасы 10 525,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар — 1 578,0 млн.теңге (15,0%), тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері — 1 345,1 млн. теңге (12,8%), тиімсіз жоспарлау — 7 602,1 млн. теңге (72,2%).

1257 процедуралық бұзушылық анықталды.

Қалпына келтіруге (өтеуге) жататын бұзушылықтардың жалпы сомасынан 1 577,9 млн.теңге көлемінде қалпына келтірілді (өтелді) — 905,5 млн. теңге немесе 57,3%. Өтеуге және қалпына келтіруге жататын соманың қалдығы 672,4 млн.теңгені құрады.

Жүргізілген аудиторлық іс — шаралардың қорытындысы бойынша 245 адам жауапқа тартылды, оның ішінде әкімшілік — 138, тәртіптік-107, оларға қатысты 304 хаттама жасалып, 11,7 млн.теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

2021 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне 11 аудиторлық қорытынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 154 нұсқама жіберілді.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің 2021 жылғы 12 айдағы негізгі нәтижелері
Дата публикации
21 октября 2020