Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің 2020 жылғы 1 жартыжылдықтағы негізгі нәтижелері
2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 84 объектіде 2 аудиторлық және 1 (бір) сараптамалық-талдау іс-шаралары өткізілді.
Аудитпен 39 080,9 млн. теңге қамтылды. ҚР заңнамасы нормаларын бұзудың жалпы сомасы 1 149,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар — 982,1 млн.теңге (85,0%), тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері — 144,6 млн. теңге (13,0%), тиімсіз жоспарлау — 22,5 млн. теңге (2,0%). 232 процедуралық бұзушылық анықталды.
Қалпына келтіруге (өтеуге) жататын бұзушылықтардың жалпы сомасынан 982,1 млн.теңге көлемінде қалпына келтірілді (өтелді) — 509,6 млн. теңге немесе 51,9%. Өтелмеген қаражаттың қалдығы 472,4 млн. теңгені құрады, орындау мерзімі аяқталған жоқ.
Жүргізілген аудиторлық іс — шаралардың қорытындысы бойынша 49 адам жауапқа тартылды, оның ішінде әкімшілік — 26, тәртіптік-23, оларға қатысты 36 хаттама жасалып, 1 861,8 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
2020 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 84 аудит объектісінде аудит объектілеріне 3 аудиторлық қорытынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 72 нұсқама жіберілді.

