Аудиторлық қорытынды 10.11.2021

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ 10.11.2021

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген облигациялық қарыздарды тиімді пайдаланудың мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың, сондай-ақ бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаудың тиімділігін бағалау.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ-сі, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-сі, «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі негізгі аудит объектілері, оған қоса 5 мекемесінде үстеме аудит жүргізілді, атап айтқанда «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының  құрылыс бөлімі» ММ, «Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ойыл аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі» ММ.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін.

  1. Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлігі:

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі кезеңінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, отандық бизнесті қолдау, кірістерді қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту арқылы халыққа игіліктер ұсыну үшін Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы іске асырылған.

Осы мақсатта Жол картасын сапалы жүзеге асыру үшін облыс әкімінің өкімімен облыстық мәслихат депутаттарын, облыстық қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, өңірлік Комиссиясы құрылған.

2020 жылы Ақтөбе облысына Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасына жалпы 46,3 млрд.теңге (трансферттер – 12,9 млрд. теңге, облигациялар – 33,4 млрд. теңге) мөлшерінде қаражат бөлінген. Аталған қаражат шамамен 12 мың жұмыс орнын (іске асыру кезеңінде уақытша - 11567, жобалар аяқталғаннан кейін тұрақты – 375) құру арқылы 303 маңызды жобаны іске асыруға бағытталған.

Жобаларда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлесі орташа есеппен 90%-ды құрап отырғандығы мәлім, жол картасына қатысушылардың орташа жалақысы - 87,4 мың теңгені құраған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың қанағатсыз жағдайы бойынша Ақтөбе өңірі облыстар арасында төмен сатылардың бірін иеленген.

Осы фактіні ескере отырып, Жол картасының барлық қаражатының 46%-ы немесе 21,3 млрд. теңге жалпы ұзындығы 390 км қалалық және ауылдық жолдарды салуға және жөндеуге бағытталған.

Сапалы көліктік қолжетімділікпен 724 мың адам немесе облыс халқының 82%-ы қамтылаған.

Бұдан бөлек, жол картасы жобаларын іске асыру нәтижесінде:

- білім саласындағы 56 нысан жөнделген немесе жөндеуді қажет ететін барлық нысандардың 57%-н құраған, оның игіліктерімен 21 мың оқушы қамтылған. Сондай-ақ, 3 ауысымдыққа жол бермеу мақсатында Ақтөбе қаласының 4 мектебіне қосымша құрылыстар жүргізілген, атап айтқанда №13, 23, 68, 53 орта мектептері.

Сонымен қатар, облыс бойынша Жол картасын іске асырудан 773,1 млн. теңге жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінен құралады деп күтілуде.

Осымен жалпы, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру халықты толғандыратын басым проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндігін берген және өңір экономикасының дамуына одан әрі оң серпін бергендігі мәлім.

        2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 4 негізгі объектіде мен 5 мекемеде үстеме аудит іс-шаралары жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттарының және активтердің көлемі 31 616 438,0 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 142 903,7 мың теңге, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар сомасы 424 887,6 мың теңге;

2) бюджет қаражатының және активтерді тиімсіз пайдалану бойынша анықталған бқзушылықтар сомасы 20 340,6 мың теңге;

        3) бюджет қаражатының және активтерін тиімсіз жоспарлау бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 1 697 675,5 мың теңге;

        4) рәсімдік бұзушылықтар саны 36 (отыз алты) бірлік.

  1. Анықталған 424887,6 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:
  2. Құрылыс-монтаждау жұмыстары қыс мезгілінде (1.ХІ-31.ІІІ айлар аралығы) жүргізілмейтін инфрақұрылымдық жобаларға негізсіз қыс мезгіліндегі қосымша шығындар сомасы қосылып, тапсырылған орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінде (нысан №2) және орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтамаларында (нысан №3) қыс мезгіліндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шығындар көрсетіліп (қосымша коэффициенттерді қолданып), Тапсырыс беруші тарапынан аудитпен қамтылған кезінде ол шығындар жалпы сомасы 2619,2 мың теңгеге есепке алынып негізсіз төленген («Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ – 1978,7 мың теңге және «Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 640,5 мың теңге).
  3. «Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 277758,0 мың теңгеге негізгі құралдар (нысандар) Мекеме балансына алынбаған.
  4. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Әуежайдан Т-кескінді қиылысына дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Ерхат-жолдары» ЖШС-мен 045-034 бағдарламасы арқылы 19.05.2020 жылғы №291 шарты бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 4451,7 мың теңге.
  5. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Әбілқайыр хан даңғылының М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі автомобиль жолдарын орташа жөндеу» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Ерхат Жолдары» ЖШС-мен 045-034 бағдарламасы арқылы 19.05.2020 жылғы №293 шарты және 2020 жылғы желтоқсандағы келісу парағы және орындалған жұмыстар актісі негізінде орындалмаған жұмыстардың құны 12951,7 мың теңге.
  6. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Әбілқайыр хан даңғылының М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі автомобиль жолдарын орташа жөндеу» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Ерхат Жолдары» ЖШС-мен 045-034 бағдарламасы арқылы 19.05.2020 жылғы №293 шарты және 2020 жылғы желтоқсандағы келісу парағы және орындалған жұмыстар актісі негізінде орындалмаған жұмыстардың құны 280,6 мың теңге.
  7. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Ақтөбе қаласы Пригородный-1 кентінің Бейбітшілік көшесі бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Актобе Кап-Рем-Строй» ЖШС-мен 045-034 бағдарламасы арқылы 15.05.2020 жылғы №226 шарты бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 985,5 мың теңге.
  8. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 2 жұмыс жобасын мекеме балансына кірістеу барысында 57010,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттамасына, техникалық және авторлық қадағалауға жұмсалған шығыстар есепке алынбаған.
  9. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 1 жұмыс жобасын Мекеме балансына кірістеу барысында 11373,9 мың теңгеге артығымен есепке алынған.
  10. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен «Ақтөбе қаласының №13 орта мектебіне жапсаржай құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Абзиком» ЖШС-мен 024-034 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы арқылы 04.05.2020 жылғы №200050/00 шарты бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 6437,7 мың теңге.
  11. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Екпінді көшесі, 79 екен жайында «№68 орта мектепке қосымша құрылыс салу» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Научно производственная фирма «Мунайгаз инжиниринг Лтд» ЖШС-мен 024-034 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы арқылы 12.05.2020 жылғы №200058/00 шарты бойынша 34766,8 мың теңгеге жұмыстары орындалмаған.
  12. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Благодар а/о., К.Нокин ауылындағы Клубная көшесінде №1 үй орналасқан «Мәдениет үйін қайта жаңарту» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Стройком+Сервис» ЖШС-мен 034 «Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы арқылы 12.03.2020 жылғы №200030/00 шарты бойынша құны 2241,1 мың теңгеге жұмыстары орындалмаған.
  13. «Ойыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен (әрі қарай – тапсырыс беруші) «Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің Қарақемер ауылында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Актам-инжиниринг» ЖШС-мен 11.05.2020 жылы №21 шарты бойынша 17424,3 мың теңгеге жұмыстар орындалмаған. Алайда, 2021 жылғы 15 қыркүйектегі тапсырыс берушінің №227 хатына сәйкес, орындалмаған жұмыстар құнының нақтысын анықтау мақсатында қарап шолуды қайтадан өткізуін сұраған болатын. Сонымен, ҚР Ақтөбе қаласы «Сот сараптаманы ұйымдастыру» Мекемесінің маманы Т.Биданованың қайтадан өткізу сараптамасы бойынша орындалмаған жұмыстарының құны 13355,6 мың теңгені құраған.
  14. «Мұғалжар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Техник» ЖШС-мен 058 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы арқылы 06.05.2020 жылы №64 шарты бойынша 655,8 мың теңгеге жұмыстары орындалмаған.
  15. Рәсімдік бұзушылықтары саны 36 (отыз алты) бірлік:
  16. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен, «Ақтөбе қаласының 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы басты ысырмалардан Тургенев көшесі 45 тіреуге дейін 3-ші қосу жылу магистральды реконструкциялау» және «Ақтөбе қаласының №1 желілік ауданының кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту (12 объект)» жұмыс жобаларын жүзеге асыру барысында кредит қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануына бақылауды және мониторингін жүзеге асыру міндеті мен игеруге байланысты ақпаратты алу құқығын тиісті түрде орындамау салдарынан 1344,5 мың теңгеге кредиттік шарттар бұзушылықпен жасақталған.
  17. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен, жол картасы шеңберінде кредиттер арқылы жүзеге асырылған «Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылындағы №1 және 3 көтермелі сорғы станцияларын сумен жабдықтау резервуарларын салу жұмыстары құрылысы» жұмыс жобасы бойынша келісім шартта қаралған жұмыстың аяқталу мерзімі сақталмай, жұмыстар уақытылы аяқталмаған.
  18. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-мен, «Капитальный ремонт а\д по ул.мира в п.Пригородный-1», «Капитальный ремонт а\д по ул.Ерназарова», «Капитальный ремонт а\д по ул.Промышленная в гАктобе», «Капитальный ремонт а\д по ул.Трудовая в гАктобе», «Средний ремонт а\д по ул.Эмбинская в гАктобе», «Средний ремонт а\д по ул.Жургенева в г.Актобе», «Строительство автомобильной дороги в п Заречный-3», «Строительство автомобильной дороги в п Заречный 4», «Реконструкция автомобильной дороги ул Арынова», «Реконструкция автомобильной дороги по пр.Санкибай батыра от кольца 12 мкр до пр.А.Молдагуловой в г.Актобе» жұмыс жобаларын жүзеге асыру барысында кредит қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануына бақылауды және мониторингін жүзеге асыру міндеті мен игеруге байланысты ақпаратты алу құқығын тиісті түрде орындамау салдарынан 90262,8 мың теңгеге кредиттік шарт бұзушылықпен жасақталған.
  19. «Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, 2020 жылға арналған 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы әзірленбеген.
  20. «Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесі маманының 23.08.2021 жылғы №208 қорытындысына сәйкес,«Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылының Ш.Балниязов, Д.Шампиев, Абай және Бірлік көшелерін орташа жөндеу» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей жұмыстар орындалған және жобалық-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  21. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Өтес Ақтөбе» ЖШС-мен 30.04.2020 жылғы №215 келісім шарты бойынша «Ақтөбе қаласының №1 желілік ауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта құралымдау (12 нысан)» объектісі уақыттылы аяқталмаған.
  22. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Ақтөбе қаласын сәндік жарықтандыру жұмыстары №1» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде Мекеме 2020 жылғы 25 мамырдағы №242 келісім шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған «КМК Строй» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  23. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Ақтөбе қаласын сәндік жарықтандыру жұмыстары №1» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде 25.05.2020 жылғы №242 келісім шартқа жұмыстарды орындау мерзімін өзгерту туралы қосымша келісім мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес жасақталмай яғни, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы сақталмай негізсіз қағаз тасығышта жасақталған.
  24. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Тротуарлық плиткаларды (брусчаткалар) және бордюрлерді төсеу №2» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде 09.06.2020 жылғы №365 келісім шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған «КМК Строй» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  25. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Тротуарлық плиткаларды (брусчаткалар) және бордюрлерді төсеу №1» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде 09.06.2020 жылғы №366 келісім шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған «КМК Строй» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  26. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе қаласы Пригородный-1 кентінің Бейбітшілік көшесі бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  27. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, 15.05.2020 жылында №224 мемлекеттік сатып алу туралы шартымен «Актобе Кап-Рем-Строй» ЖШС-нен жалпы сомасы 65563,1 мың теңгеге «Ақтөбе қаласында Красногорская көшесі бойынша автомобиль жолын күрделі жөндеу» қызмет көрсету қызметтерін сатып алып, шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін, яғни 25 күнге қызметтерді кешіктіріп көрсеткен үшін сотқа талап арызбен жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  28. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 14.05.2020 жылғы №222 және 24.12.2020 жылғы №222\1 мемлекеттік сатып алу туралы шартымен «SerMar KZ» ЖШС-нен жалпы сомасы 25370,2 мың теңгеге «Ақтөбе қаласының Кленовая көшесі бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу» қызмет көрсету қызметтерін сатып алып, шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін, яғни 86 күнге қызметтерді кешіктіріп көрсеткен үшін сотқа талап арызбен жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  29. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, 19.05.2020 жылғы №293 мемлекеттік сатып алу туралы шартымен «Ерхат-жолдары» ЖШС-нен жалпы сомасы 543794,2 мың теңгеге «Әбілқайыр хан даңғылының М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі автомобиль жолдарын орташа жөндеу» қызмет көрсету қызметтерін сатып алып, шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін, яғни 42 күнге қызметтерді кешіктіріп көрсеткен үшін сотқа талап арызбен жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  30. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, 05.05.2020 жылында №221 мемлекеттік сатып алу туралы шартымен «AqtóbeQurylysEngineering» ЖШС-нен жалпы сомасы 261758,6 мың теңгеге «Зинченко көшесінің автомобиль жолын орташа жөндеу» қызмет көрсету қызметтерін сатып алып, шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін, яғни 6 күнге қызметтерді кешіктіріп көрсеткен үшін сотқа талап арызбен жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  31. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, 18.05.2020 жылында №278 мемлекеттік сатып алу туралы шартымен «КМК Строй» ЖШС-нен жалпы сомасы 220825,2 мың теңгеге «Сәңкібай батыр көшесінің Макаренко көшесінен Пожарский көшесіне дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеу» қызмет көрсету қызметтерін сатып алып, шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін, яғни 12 күнге қызметтерді кешіктіріп көрсеткен үшін сотқа талап арызбен жүгінбеген және әрбір кешіктірілген күнге 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген.
  32. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, 2020 жылында шұңқырлы жөндеу жолдары және қара жолдарына ағымды жөндеу жұмыс жасауға, жалпы 499012,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалған жоқ.
  33. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, 007-034, 008-034, 011-034, 024-034 бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.
  34. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 4 жұмыс жобасын мекеменің балансына кірістеу барысында тиісті қосалқы шоттарға кірістелмеген.
  35. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, Жол картасы бағдарламасы шеңберінде 1 жұмыс жобасы жүзеге асырылған кезінде жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы алынбай құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген.
  36. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе қаласында іргелес ғимаратымен шаңғыролликті трассасының құрылысы» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес орындалмаған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  37. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе қаласының №13 орта мектебіне жапсаржай құрылысы» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  38. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Екпінді көшесі, 79 екен жайында «№68 орта мектепке қосымша құрылыс салу» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  39. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Благодар а/о., К.Нокин ауылындағы Клубная көшесінде №1 үй орналасқан «Мәдениет үйін қайта жаңарту» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  40. «Ойыл аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің Қарақемер ауылында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  41. «Мұғалжар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысы» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  42. «Мұғалжар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысы» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған және жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген.
  43. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша жалпы сомасы 1718016,1 мың теңге, оның ішінде тиімсіз жоспарланған қаражаты 1697675,5 мың теңге, пайдаланған қаражаты 20340,6 мың теңге:

«Ақтөбе облысының құрылыс,

сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ:

  1. Мекемемен «Ақтөбе қаласы «Ақшат-3» ауылында электр желісімен жабдықтау құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыруға бөлінген жалпы сомасы 105500,0 мың теңге бюджеттік кредиттер тиімсіз жоспарланған.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ:

  1. «Ақтөбе қаласының 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы басты ысырмалардан Тургенев көшесі 45 тіреуге дейін 3-ші қосу жылу магистральды реконструкциялау», «Ақтөбе қаласының №1 желілік ауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта құралымдау (12 нысан)» және «Ақтөбе қаласының №3 желілік ауданының кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту (9 объекті)» жұмыс жобаларын жүзеге асыруға бөлінген жалпы сомасы 157900,0 мың теңге бюджеттік кредиттер тиімсіз жоспарланған.
  2. Мекемемен «Ақтөбе қаласындағы Заречный-4 тұрғын алабында автомобиль жолын салу» және Ақтөбе қаласындағы Заречный-4 тұрғын алабында автомобиль жолын салуға инжинирингтік қызметтер», «Ақтөбе қаласындағы 12 ықшамауданының айналма жолынан Ә. Молдағұлов даңғылына дейінгі Сәнкібай батыр даңғылы бойындағы автомобиль жолын реконструкциялау», «Ақтөбе қаласындағы 12 ықшам ауданының айналма жолынан Ә. Молдағұлова даңғылына дейінгі Сәнкібай батыр даңғылы бойындағы автомобиль жолын реконструкциялауға авторлық қадағалау» және «Ақтөбе қаласындағы 12 ықшам ауданының айналма жолынан Ә. Молдағұлова даңғылына дейінгі Сәнкібай батыр даңғылы бойындағы автомобиль жолын реконструкциялауға инжинирингтік қызметтер»,«Ақтөбе қаласының Заречный ауылының көшелерін орташа жөндеу»,  «Ақтөбе қаласының Заречный ауылының көшелерін орташа жөндеуге инжинирингтік қызметтер», «Ақтөбе қаласының Орталық көшелерінің аумағын орташа жөндеу», «Ақтөбе қаласының Орталық көшелерінің аумағын орташа жөндеуге авторлық қадағалау», «Ақтөбе қаласының Орталық көшелерінің аумағын орташа жөндеуге инжинирингтік қызметтер» және «Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылының көшелерін орташа жөндеу», «Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылының көшелерін орташа жөндеуге инжинирингтік қызметтер» жұмыс жобаларын жүзеге асыруға бөлінген жалпы сомасы 619362,1 мың теңге бюджеттік кредиттер тиімсіз жоспарланған.
  3. «Ерхат Жолдары» ЖШС-нің желтоқсандағы жұмыс актісіне сәйкес, жалпы 20340,6 мың теңге, оның ішінде «Мунглоу» көшеттері 12916,8 мың теңге (сметалық табыс және жөнелтпе шығындары) және «Скайрокет» көшеттері -3900,8 мың теңге (сметалық табыс және жөнелтпе шығындары), жұмыстары 3522,9 мың теңге құраған. Бірақ, қарау кезеңінде, көшеттердің барлығы кеуіп қалған. Атап айтқанда, 20340,6 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануы және түпкілікті нәтижеге жетпегені болып табылады. Яғни, отырызылған көшеттер және атқарылған жұмыстары 20340,6 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануы және түпкілікті нәтижеге жетпегені болып табылады.

«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ:

  1. Мекемемен тиімділік принципі сақталмай, Жол картасы шеңберінде іс-шаралар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысында жалпы сомасы 165000,0 мың теңгеге Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген облигациялық қарыздар тиімсіз жоспарлаған.

«Мұғалжар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ:

  1. Мекемемен «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының Байғанин, Калиев, Теміржолшылар, Жұбанов көшелерінің кәріз жүйелерін қайта жаңғырту» жұмыс жобасын жүсеге асыру кезінде 30550,4 мың теңге тиімсіз жоспарланған.

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

  1. Мекемемен «Ақтөбе қаласындағы Заречный-4 тұрғын алабында автомобиль жолын салу», «Ақтөбе қаласындағы 12 ықшамауданының айналма жолынан Ә. Молдағұлов даңғылына дейінгі Сәнкібай батыр даңғылы бойындағы автомобиль жолын реконструкциялау», Ақтөбе қаласының Заречный ауылының көшелерін орташа жөндеу», Ақтөбе қаласының Орталық көшелерінің аумағын орташа жөндеу», «Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылының көшелерін орташа жөндеу» жұмыс жобаларын жүзеге асыруға бөлінген жалпы сомасы 619363,0 мың теңге бюджеттік кредиттер тиімсіз жоспарланған.

IІІ. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Мемлекеттік аудит барысында: «Ақтөбе қаласының  құрылыс бөлімі» ММ-і бойынша 68383,9 мың теңге қалпына келтірілген және 5000,0 мың теңгесі өтелген. «Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі» ММ–і бойынша 655,8 мың теңгесі өтелген. «Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі» ММ-і бойынша 277758,0 мың теңгесі қалпына келтірілген. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-і бойынша 985,5 мың теңгесі өтелген. Аудит іс-шарасының отырысына дейін жалпы 23996.1 мың теңгесі бюджетке өндірілген (оның ішінде «Ақтөбе қаласының  құрылыс бөлімі» ММ-сі бойынша 10000,0 мың теңге. «Ойыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі бойынша 13355,6 мың теңге және «Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ- сі бойынша 640,5 мың теңге өндірілген).

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит нәтижелері бойынша ҚР-ның Бюджет кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңдарының және басқа да заңнамалардың талаптарының жүйелік бұзылуының салдарынан активтерді, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануының және жоспарлануының төмендігін атап өту қажет.

Жүргізілген аудит бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында мекемелерде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығын және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар тарапынан бюджетті жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігін және тиімділігін қамтамасыз етілуінің, активтерді тиімді пайдалану бойынша бақылаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-і бойынша, «Әбілқайыр хан даңғылының М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі автомобиль жолдарын орташа жөндеуге инжинирингтік қызметтер» жобасына сәйкес, атап айтқада жолдарды қарау кезеңінде, келісім парағы бойынша көшеттердің барлығы кеуіп қалған. Яғни, 20340,6 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз шығындалған.

Сонымен қатар, «Әуежайдан Т-кескінді қиылысына дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеу» 4451,7 мың теңгеге,  «Ақтөбе қаласы, Пригородный-1 кентінің Бейбітшілік көшесі бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу» 985,5 мың теңгеге, «Әбілқайыр хан даңғылының М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі автомобиль жолдарын орташа жөндеу» 13232,2 мың теңгеге,  «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысы» жалпы сомасы 655,8 мың теңгеге, «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің Қарақемер ауылында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы» 13355,6 мың теңгеге, «Ақтөбе қаласының №13 орта мектебіне жапсаржай құрылысы» 6437,7 мың теңгеге, «Ақтөбе олысы, Ақтөбе қаласы, Екпінді көшесі, 79 екен жайында «№68 орта мектепке қосымша құрылыс салу» 34766,8 мың теңгеге, «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Благодар а/о., К.Нокин ауылындағы Клубная көшесінде №1 үй орналасқан «Мәдениет үйін қайта жаңарту»2241,1 мың теңгеге жұмыс жобаларын жүзеге асыру кезінде, барлығы 73757,4 мың теңгеге мердігерлермен орындалмаған  жұмыстар анықталған.

Осы аудит «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің тарапынан кредит қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелерді уақтылы және тиісті пайдалануына бақылау мен мониторинг жүргізуді тиісті деңгейде жүзеге асырмағанын көрсетті.

Мемлекеттік мекемелерде кемшіліктер мен бұзушылықтар: бюджеттік өтінімдердің жасалмауы және толық тапсырылмауы, бюджеттік бағдарламалардың әзірленбеуі, бухгалтерлік есептің дұрыс жургізілмеуі, негізгі құралдар мен материалдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарына кірістелмеуі болып келеді.

        3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Тексеру комиссиясы отырысында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген облигациялық қарыздарды тиімді пайдалануы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау.

  1. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ-не:
  2. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген облигациялық қарыздарын уақытылы қайтарылуын, оларға мониторинг жүргізуін қадағалау;
  3. Қабылданған шаралар туралы ақпаратты растайтын құжаттарымен қоса отырып Тексеру комиссиясына 2022 жылғы 15 сәуірге дейін ұсыну.
Аудиторлық қорытынды 10.11.2021
Дата публикации
10 ноября 2021