Аудиторское заключение 15.10.2021

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ 15.10.2021

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Су ресурстарын басқару және халықты ауыз сумен қамтудың тиімділігі.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:  Су ресурстарын басқару және халықты ауыз сумен қамтудың тиімділігіне  мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдау іс-шарасы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ, «Aqtobe su-energy group» АҚ, «Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға-Жылу» КМК, «Темір  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шұбарқұдық жылу» КМК, «Мұғалжар  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» КМК.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін (қажет болған жағдайда басқа да кезеңдерді қамту).

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1.  Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Ақтөбе облысы бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4591 км құрайды.

Қазіргі уақытта ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше өткір тұр.

2021 жылдың басында 323 елді мекен бар, оның ішінде 199 немесе 61,6% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 124 немесе 38,4% орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тағы 16 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Осы жобаларды іске асыру халық бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 869,3 мың адамға дейін немесе 97,3%, елді мекендер бойынша – 215 немесе 66,6% ұлғайтуға мүмкіндік береді.

124 ауылдық елді мекеннен бүгінгі күні 16 ауыл бойынша ҚМЖ жүргізілуде, ал 10 ауыл бойынша ЖСҚ әзірленген.

Мәселен, 2018 жылы облыс бойынша елді мекендердің жалпы саны 369-ды құрады, оның 52% - ы немесеы 192 елді мекен орталық сумен қамтамасыз етілген. 2018 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға 16 елді мекен қосылған (Әйтеке би ауданы-1, Байғанин ауданы-3, Ырғыз ауданы-3, Қарғалы ауданы-1, Мұғалжар ауданы-4, Темір ауданы-1, Ойыл ауданы-2, Қобда ауданы-1).

2019 жылы 4 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған (Мәртөк ауданының Құмсай ауылы, Ойыл ауданының Ақжар ауылы, Хромтау ауданының Қопа ауылы және Тасөткел ауылы).

Сонымен қатар, 2019 жылы облыс бойынша 46 елді мекен таратылған:

* Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 84 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы №388 "Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй массивтеріне өзгерту туралы" шешімімен Ақтөбе қаласының 22 ауылының мәртебесі тұрғын үй массивтеріне өзгертілген;

* Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №489 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №480 "Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы" шешімімен 10 ауыл таратылған;

* Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №490 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы" шешімімен 13 ауыл таратылған;

* Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 91 қаулысымен және Ақтөбе облысы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 478 "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Торайғыр ауылын тарату туралы" шешімімен 1 ауыл таратылған.

2019 жылы елді мекендердің жалпы саны 323-ті құраған, оның ішінде 187 елді мекен орталық сумен қамтамасыз етілген немесе 57,9%.

2020 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға 12 елді мекен қосылған (Әйтеке би ауданының Аралтоғай, Сұлукөл, Толыбай ауылдары; Алға ауданының Нұрбұлақ және Жерүйек ауылдары; Байғанин ауданының Қаражар ауылы; Байғанин ауданының Жарма ауылы; Мұғалжар ауданының Елек ауылы; Ойыл ауданының Ақкемер ауылы, Қаракемер ауылы, Қосембай ауылы және Ақшатау ауылы). Сумен қамтамасыз етілген елді мекендердің саны 199 немесе облыстың елді мекендерінің жалпы санының 61,6% - ын құраған.

2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде облыстың 32 елді мекені орталық сумен жабдықтауға қосылған.

2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтерімен 225,4 мың адам немесе ауыл халқының жалпы санының 89% - ы (253,3 мың адам) қамтамасыз етілген, бұл өткен жылдан 3,2% - ға артық (2020 жылдың басындағы жағдай бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі бар 217,1 мың адам немесе ауыл халқының жалпы санының 85,8% - ы).

2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту үшін 14 302 513,0 мың теңге бөлінген (2018 жылы - 6 142 991,0 мың теңге, 2019 жылы - 2 039 421,0 мың теңге және 2020 жылы - 6 120 101,0 мың теңге), оның ішінде ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 12 841 123,0 мың теңге, оның ішінде құрылысқа 8 681 514,0 мың теңге және қайта жаңартуға 4 159 609,0 мың теңге.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Су ресурстарын басқару және халықты ауыз сумен қамтудың тиімділігіне «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ, «Aqtobe su-energy group» АҚ, «Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға-Жылу» КМК, «Темір  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шұбарқұдық жылу» КМК, «Мұғалжар  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» КМК-де мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдау іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен анықталғаны:

1) тиімсіз жоспарланған қаражаттардың  жалпы сомасы 63 292,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған қаражаттардың  жалпы сомасы 34 960,0 мың теңге;

2) қаржылық бұзушылықтар сомасы 185 383,3 мың теңге, оның ішінде өтелуге тиіс сома 109 991,1 мың теңге, қалпына келтіруге жататын сома 75 392,2 мың теңге (оның ішінде 9 299,0 мың теңге аудит барысында және 26 524,4 мың теңге тексеру комиссиясының отырысына дейін қалпына келтірілді).

3) 16 (он алты) бірлік рәсімдік бұзушылық.

Су ресурстарын басқару және халықты ауыз сумен қамтудың тиімділігіне «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен «Алға-Жылу» КМК, «Шұбарқұдық-жылу» ЖШС, «Коммуналшы» КМК, «Байғанин» КМК, «Водное хозяйство» КМК, «Казводхоз» РМК, «Қарабутақ Су» КМК, «Қайнар» КМК, «Мартук Сервис» КМК,  «Қобда суы» КМК, «Бадамша Сервис» КМК, «Көкжар» КМК, «Ұлы Борсық» КМК  қамтылды. Оның ішінде, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы мүшесінің тапсырмасы негізінде жоғарыда аталған кәсіпорындардан «Алға-Жылу» КМК, «Шұбарқұдық-жылу» ЖШС, «Коммуналшы» КМК, «Байғанин» КМК-да мемлекеттік аудиторлармен аудит жүргізілді.

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен анықталғаны:

  1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармақшасына қайшы, Мекемемен 2020 жылы 11 335,0мың теңгегежоспарланған іс-шаралар орындалмай, бөлінген қаражаттар шығындалмай, бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған.
  2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына, 67 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1 қосымшасымен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларының 2,3 тармақтарына қайшы, басқармамен бюджеттік өтінімге қосымша есептемелер жасалмаған.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы 4 тамыздағы сұраныс хатымен төмендегідей 9 коммуналдық кәсіпорыннан алынған мәліметтеріне сәйкес аудит жүргізілді, оның ішінде: Мартук Сервис» КМК, «Қайнар» КМК, «Көкжар» КМК, «Қарабұтақ Су» КМК, «Ұлы борсық» КМК, «Қобда суы» КМК, «Водное хозяйство» КМК, «Бадамша сервис» КМК, «КазВодХоз» КМК.

Нәтижесінде субсидияға бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ұсынылған мәліметтерге сәйкес, төмендегідей кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды:

 «Қайнар» КМК

«Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Қайнар» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 123450,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде; 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 12776,0 мың теңге, 032-015 Облыстық бюджеттен - 23409,0 мың теңге, 2019 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен - 13271,0 мың теңге, 032-015 Облыстық бюджеттен - 32822,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 41172,0 мың теңге.

Аудит барысында субсидияның төлену негізділігін тексеру кезінде Кәсіпорынмен ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялауға жататын шығындар мақсатсыз, заңды тұлғалардың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату шығындарына жұмсалғаны анықталды.

  1. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 44 бабының 4 тармағына, 97 бабының 6 тармағына, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауының 4 тармағына қайшы, 2018, 2019, 2020 жылдары жалпы сомасы 36632,9 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялауға жататын шығындар мақсатсыз, заңды тұлғалардың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату шығындарына негізсіз жұмсалған.

«Көкжар» КМК

«Ойыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Көкжар» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 26103,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде; 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 8736,0 мың теңге, 2019 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен - 8737,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 8630,0 мың теңге.

  1. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен 2018 жылы халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға 1236,6 мың теңге субсидия негізсіз бөлініп мақсатсыз пайдаланып жұмсалған.

«Қарабұтақ Су» КМК

«Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Қарабұтақ Су» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 9839,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде; 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 5106,0 мың теңге, 2019 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен - 2421,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 2312,0 мың теңге.

  1. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4 тарауының 7 тармағына қайшы, Департаменттің бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құны 1 (бір) текше метрге ауыз суға 30 (отыз) теңгеден жиналмай, 2018 жылы 01 қаңтар 31 шілде аралығында толық тарифпен жиналу салдарынан 2693,8 мың теңге халықтан артық, негізсіз жиналған.
  2. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 44 бабының 4 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен 2018 жылы 01 қаңтар 31 шілде аралығында халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға 2412,2 мың теңге субсидия негізсіз бөлініп мақсатсыз пайдаланып жұмсалған.

. 

  1. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 44 бабының 4 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен 2019 жылы тамыз-желтоқсан айлары аралығында халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға 895,5 мың теңге субсидия негізсіз бөлініп, мақсатсыз пайдаланып жұмсалған.
  2. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 44 бабының 4 тармағына, 97 бабының 6 тармағына ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауының 4 тармағына қайшы, 2019 жылы 242,1 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау қызметі заңды тұлғалардың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату шығындарына негізсіз жұмсалған.

 «Мартук Сервис» КМК

«Мартук аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Мартук Сервис» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 110518,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде; 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 11802,0 мың теңге, 032-015 Облыстық бюджеттен - 15924,0 мың теңге, 2019 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен - 15997,0 мың теңге, 032-015 Облыстық бюджеттен - 23907,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 42888,0 мың теңге.

Субсидияға бөлінген қаражат кәсіпорынның ұсынған мәліметтеріне сәйкес, толық игерілген.

«ҚАЗСУАШАР» РМК

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ШЖҚ «ҚАЗСУАШАР» РМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 5456,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде: 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 5456,0 мың теңге.

Субсидияға бөлінген қаражат кәсіпорынның ұсынған мәліметтеріне сәйкес, толық игерілген.

«Бадамша сервис» КМК

«Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Бадамша сервис» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 31048,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде: 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 9912,0 мың теңге, 2019 жылы 032-011 Облыстық бюджеттен – 9927,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 11209,0 мың теңге.

Субсидияға бөлінген қаражат кәсіпорынның ұсынған мәліметтеріне сәйкес, толық игерілген.

 «Қобда суы» КМК

«Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Қобда суы» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 21712,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде: 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 6273,0 мың теңге, 2019 жылы 032-011 Республикалық бюджеттен – 6118,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 9321,0 мың теңге.

Субсидияға бөлінген қаражат кәсіпорынның ұсынған мәліметтеріне сәйкес, толық игерілген.

 «Су шаруашылығы» КМК

 «Ырғыз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Су шаруашылығы» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 38661,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде: 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен – 8769,0 мың теңге, 2019 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен – 14946,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 14946,0 мың теңге.

  1. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға 2018-2020 жылдары бойынша 16489,2 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен артық бөлінген.

«Ұлы борсық» КМК

 «Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ШЖҚ «Ұлы борсық» КМК-не аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 65322,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде; 279-032 «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы есебінен 2018 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 20086,0 мың теңге, 2019 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 20936,0 мың теңге, 2020 жылы 032-015 Облыстық бюджеттен - 24301,0 мың теңге.

  1. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға 2018-2020 жылдар бойынша жалпы сомасы 11460,9 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен артық бөлінген.
  2. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 13 тармағына, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тарауының 5 тармақ 2 тармақшасына қайшы, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорындармен «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не пайдаланған субсиядия бойынша ай сайын тапсырылған жиынтық тізім, орындалған жұмыс актысы, салыстыру актысындағы ақпараттар (су есептегіш құралы бойынша пайдаланған су текше метр көлемі) нақты су есептегіш құралы бойынша пайдаланған су көлемі есебімен сәйкес келмейді.
  3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 су кодексінің 64 бабының 5 тармағына қайшы, арнайы су пайдалануға рұқсат болмауына байланысты жалпы саны 92 елді мекендерде су өндіру пайдалану құқығынсыз жүргізілуде.

 «Байғанин» КМК

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауының 4 тармағына және 4 тарауының 7 тармағына қайшы, Департаменттің бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құны 1 (бір) текше метрге ауыз суға 30 (отыз), 40 (қырық) теңгеден жиналмай, 2018 жылы Департамент бекіткен толық тарифпен 8399,8 мың теңге халықтан артық, негізсіз жиналған.
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауының 4 тармағына және 4 тарауының 7 тармағына қайшы, Департаменттің бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құны 1 (бір) текше метрге ауыз суға 30 (отыз), 40 (қырық) теңгеден жиналмай, 2019 жылы Департамент бекіткен толық тарифпен 7267,3 мың теңге халықтан артық, негізсіз жиналған.
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауының 4 тармағына және 4 тарауының 7 тармағына қайшы, Департаменттің бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құны 1 (бір) текше метрге ауыз суға 30 (отыз), 40 (қырық) теңгеден жиналмай, 2020 жылы Департамент бекіткен толық тарифпен 10857,3 мың теңге халықтан артық, негізсіз жиналған.
  4. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 44 бабының 4 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен 2018 жылы 9636,2 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға сумен жабдықтау жүйесі қызметін субсидиялауға жұмсалмай, Кәсіпорын шығындарына (қызметкерлерінің еңбекақысы, коммуналдық қызметтерге, т.б) мақсатсыз пайдаланып жұмсалған,  «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен негізсіз бөлінген.
  5. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен 2019 жылы 8403,7 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға сумен жабдықтау жүйесі қызметін субсидиялауға жұмсалмай, Кәсіпорын шығындарына (қызметкерлерінің еңбекақысы, коммуналдық қызметтерге, т.б) мақсатсыз пайдаланып жұмсалған, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен негізсіз бөлінген.
  6. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бап 9 тармағына, 44 бабының 4 тармағына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Кәсіпорынға «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нен 2020 жылы 3931,7 мың теңге ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау халықтың су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға сумен жабдықтау жүйесі қызметін субсидиялауға жұмсалмай, Кәсіпорын шығындарына (қызметкерлерінің еңбекақысы, коммуналдық қызметтерге, т.б) мақсатсыз пайдаланып жұмсалған, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен негізсіз бөлінген.

 

«Aqtobe su-energy group» АҚ

  1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 2-тармағына қайшы, Қоғам 2019-2020 жылдары 3 су қабылдағышта (Заречный к., Құрашасай к., Сазда К.) және 13 су қабылдағышта (Қурайлы к., Қурайлы к. (бөлім ст.), Оңтүстік-Батыс к.-2, к. Нокин к., Садовое К., Ясный-2 к., Ақжар-2 к., Ақжар-1 к., Ақтөбе су қоймасының ауданы, Песчанка, Песчанка 2018-2020 жылдары сазда-2 (Бауырластар 1,2), Шилісай, Белогорский карьер ауылдары) сумен пайдалануына арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылған.
  2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 2-тармағына қайшы, Қоғам Красносельский, Белогорка, Өрлеу, Ақшат кенттерінде сумен пайдалануына арнайы рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылған.

 

 

«Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға-Жылу» КМК

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 161 бұйрығының 3-тарауының 5-тармағының 2-тармақшасы, 4-тарауының 6-тармағына қайшы, кәсіпорынмен Кәсіпорынмен төтенше жағдай кезеңінде ауыз су беру бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар құны 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін тарифті 58,18 теңгеге дейін төмендетуді есепке алмағанда, текше метр үшін 116,4 теңге тарифі бойынша жалпы сомасы 11652,0 мың теңге ұсынылған.
  2. ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тарауының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармағына қайшы, кәсіпорын Халыққа субсидиялар сомасын бір тұрғынға шаққанда белгіленген шекті орташа тәуліктік тұтынудан тыс есептейді, бұл 34960,0 мың теңге мөлшерінде халыққа ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялау сомасын тиімсіз пайдалануға әкелген, оның ішінде: 2018 жылы – 11567,0 мың теңге, 2019 жылы – 14099,4 мың теңге және 2020 жылы-9293,6 мың теңге.
  3. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабын, басшының 27.07.2018 жылғы №105 бұйрығымен бекітілген кәсіпорынның есеп саясатының "әдістемелік бөлімінің" 1-тарауына, 4.бөліміне қайшы, 2018 жылы Бухгалтерлік есепте "Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық кентін сумен жабдықтау" объектісі бойынша активтердің дұрыс Құжаттамалық ресімделуі және уақтылы көрсетілуі қамтамасыз етілмеген, онда теңгерімдік құны 9299,0 мың теңге негізсіз азайтылған, объект есепке алу бойынша толық көрсетілмеген, осыған байланысты кәсіпорынның 2018, 2019, 2020 жылдардағы қаржылық жағдайы туралы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеген. Аудит барысында бухгалтерлік анықтамамен объектінің теңгерімдік құны 9299,0 мың теңге сомасына қалпына келтірілді.
  4. Қазақстан Республикасының 09.07.2003 жылғы №481 Су кодексінің 66-бабының 2-тармағын,72-бабының 3), 7) - тармақтарын бұза отырып, кәсіпорын 2018-2019 жылдары алға МПВ жер асты сулары бөлігінде арнайы су пайдалану шарттарын бұзған, атап айтқанда: су алу рұқсат етілген көлемдерден асып кеткен.
  5. ҚР 09.07.2003 жылғы №481 Су кодексінің 64 бабының 5 тармағын бұза отырып, кәсіпорынмен 2018 жылдан бастап рұқсат алғанға дейін кен орындарында 10 елді мекенді су жинау (Самбай А. - 21.12.2020 жылғы №KZ71VTE00034513, Қарахобда А. - 21.12.2020 жылғы №KZ72VTE00034592, Қарабұлақ а. - 21.12.2020 ж. №kz83vte00034588, Есет батыр а. - 21.12.2020 ж. №Kz17vte00034515, Сарыхобда а. – 21.12.2020 ж. №Kz23vte00034601, Әубәкір А. (Болгарка) – 2020 ж. №Kz17vte00034515, рұқсат 21.12.2020 жылғы №kz44vte00034514, Ақай ауылы - 21.12.2020 жылғы № kz61vte00034596, с.Маржанбұлақ - 17.06.2019 жылғы №KZ32VTE00003399, Бесқопа А. - 07.10.2020 жылғы №KZ55VTE00028787, Қарақұдық А. - 14.08.2020 жылғы №KZ78VTE00023329 рұқсат) арнайы су пайдалануға рұқсатсыз жүзеге асырылған.
  6. ҚР 09.07.2003 жылғы №481 Су кодексінің 64-бабының 5-тармағын бұза отырып, кәсіпорын 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Арнайы су пайдалануға рұқсаттың болмауына байланысты Токмансай ауылы мен Қайнар ауылында су өндіру пайдалану құқығынсыз жүргізіледі.

«Темір  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шұбарқұдық жылу» КМК

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тарау 5 тармағы 1 тармақшасына қайшы Кәсіпорынмен су пайдаланушылардың тізбелері 1 ақпанға дейін тапсырылмай 2018 жылдың маусым айында тапсырылған.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тарау 5 тармағы 2 тармақшасына қайшы Кәсіпорынмен 2018 жылдың қаңтар-маусым аралығында қағидада көрсетілен тәртібі бойынша, яғни ай сайын жиынтық тізілімдерді тапсырмай 2018 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсетілген қызметтері бойынша жиынтық тізілімді тапсырып субсидияларды алған.
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1 қосымшасына қайшы Кәсіпорынмен 2018 жылы қаңтар-маусым аралығындағы көрстеліген қызметтер бойынша тапсырылған жиынтық тізілімде су пайдаланушылардың тізілімі көрсетілмеген.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау 4 тармағына қайшы Кәсіпорынмен «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-не нақты көрсетілген қызметтерін көрсетпей, субсидияларды толығымен игеру үшін есептерді келтіріп тапсырған.

 «Мұғалжар  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» КМК

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тарауының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармағы қайшы, Кәсіпорын 2018-2020 жылдарына су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату үшін төленетін субсидиялардың есептерінде қамтылған халықтын саны көрсеткіштерімен, нақты «АПРО-биллинг» бағдарламасы бойынша абоненттері ретінде тіркелген халық санынан артықтығы анықталып, аудитпен шамамен есептеулері бойынша есептеліп, нәтижесінде, айырмашылығының жалпы сомасы 51 957,0 мың теңгені құрады. Яғни, субсидия сомалары тиімсіз жоспарланған. Осылайша, тиімділік қағидаты принципы бұзылған.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тарауының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармағы қайшы, Кәсіпорынға 2018-2020 жылдары су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату үшін төленген субсидиялардың сомалары, аудитке ұсынылған нақты «АПРО-биллинг» бағдарламасы деректерімен су есептегіш құралымен және су есептегіш құралынсыз сомалары аудиттың есептеулері бойынша, нәтижесінде, жалпы сомасы 55 525,0 мың теңгеге негізсіз пайдаланғандығы анықталды. Яғни, 2018-2020 жылдары бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 182 954,0 мың теңге болса, «АПРО-биллинг» бағдарламасындағы нақты деректер бойынша жалпы сомасы 127 429,0 мың теңгені құрады. Яғни, субсидиялау тәртібінің бұзылуы қаражаттың негізсіз пайдаланылуына әкеп соққан. Осылайша, тиімділік қағидаты принципы бұзылған.
  3. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау 4 тармағына, 3 тарау 5 тармағына 2) тармақшасына қайшы, Кәсіпорынмен «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-не нақты көрсетілген қызметтерін көрсетпей, субсидияларды толығымен игеру үшін есептерді келтіріп тапсырған.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тараудың 5 тармағының 2 тармақшасына қайшы, Кәсіпорынмен 2018 жылдың қаңтар-маусым аралығында қағидада көрсетілген тәртібін сақтамай, яғни ай сайын жиынтық тізілімдерді тапсырмай 2018 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсетілген қызметтері бойынша жалпы жиынтық тізілімді тапсырып субсидиялар алынған.
  5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 161 бұйрығының 3-тарауының 5-тармағының 2-тармақшасы, 4-тарауының 6-тармағына қайшы, кәсіпорынмен 2019 жылдың тамыз айында ауыз су беру бойынша көрсетілген қызметтер бойынша субсидиялардың құндары 93,65 теңге тарифімен, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 79,72 теңге тарифімен, оның ішінде Қандыағаш қаласы бойынша 2020 жылдың мамыр айында 79,75 теңгемен есептелініп Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылған.

Сондай-ақ, аудитпен бұл кәсіпорындар мен серіктестік бойынша «Халықтың берілетін ауыз судың сапасына қанағаттануы» бойынша халыққа сауалнама жүргізілді.

Нәтижесінде, Алға ауданы бойынша ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы жүргізілген сауалнамаға талдау жазғы кезеңде ауыз су тапшылығы байқалатынын, сондай-ақ Бестамақ және Маржанбұлақ ауылдарындағы ауыз судың сапасын қанағаттандырмайтынын көрсетті. Кәсіпорын ұсынылатын қызметтерге шарт жасайды, сауалнамаға қатысқан барлық респонденттердің 84,4% - ы есептеу құралдары бойынша ауыз су беру қызметтерін төлейтіндерін және сұралғандардың 77,8% - ы қызметтерді қолма-қол ақшамен төлейтіндерін айтты.

Темір ауданы бойынша (Шұбарқұдық кенті, Алтықарасу а., Темір қ. Қопа а.) сауалнамаға қатысқан барлық респонденттердің 100% есептеу құралдары бойынша ауыз су беру қызметтерін төлейтіндерін және сұралғандардың 100% - ы қызметтерді қолма-қол ақшамен төлейтіндерін айтты. Шағымдар мен ұсыныстар жоқ.

Қандыағаш ауданы бойынша (Қандыағаш қ., Ащысай а., Ақкемір а., Жұрын а.) сауалнамаға қатысқан 80 респонденттердің 94% есептеу құралдары бойынша ауыз су беру қызметтерін төлейтіндерін, ауыз судың сапасын 12%  қанағаттарлық деп бағалады. Шағымдар мен ұсыныстарға Жұрын а. 8 респонденті судың нашарлығын, даттығын (ржавая), жаз айларында фильтрсіз судың даттығын шағымдар ретінде белгілеген.

Байғанин ауданы бойынша сауалнама нәтижесімен 4 елді мекен бойынша, кәсіпорынмен 100% шарт жасасқан, 100% суға төлем су тұтынушылардан қолма қол түбіртекпен жүргізілетіні, 100% су пайдаланғаны үшін көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату үшін жеңілдіктер болатынын білмейтіндері белгіленген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік бөліністе): мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

IІІ. Жиынтық бөлік 

3.1.  Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Аудит барысында «Алға-Жылу» КМК –да бухгалтерлік анықтама бойынша 9 299,0 мың теңге қалпына келтірілді.

3.2.  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Ақтөбе облысы бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4644,5 км құрайды.

Энергетика басқармасының мәліметінше, су құбыры желілерінің 1393,7 км немесе 30% - ы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Сонымен қатар, су құбыры желілерінің 14,5%-ы 60-80 жыл бұрын пайдалануға берілгенін және қорғалмаған ішкі беті (негізінен болат құбырлар) бар екенін атап өткен жөн, бұл су құбырларының өткізу қабілетінің төмендеуіне, судың жоғалуына және ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.

Нәтижесінде, сумен жабдықтау желілеріндегі шығындар санының жыл сайын артуы тіркелді. Мәселен, 2020 жылы 2018 жылмен салыстырғанда шығындар саны 10,9% - ға артқан.

Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы жай-күйі туралы толыққанды және шынайы ақпараттың болмауы Ақтөбе облысындағы сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыстардың көлемін нақты бағалауға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі уақытта ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше өткір тұр.

2021 жылдың басында облыс бойынша 323 елді мекен бар, оның ішінде 199 немесе 61,6% орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген (оның ішінде 2018-2020 жылдар кезеңінде орталық сумен жабдықтауға 32 елді мекен қосылған), 124 немесе 38,4% орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады.

Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтерімен ағымдағы жылдың басында 225 387 адам немесе ауыл халқының жалпы санының 89%-ы (253 296 адам) қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдан 3,2%-ға артық (2020 жылдың басында сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі бар 217 089 адам немесе ауыл халқының жалпы санының 85,8% - ы).

Аудиторлық іс-шара барысында сауалнама жүргізілді, оның мақсаты халықтың берілетін ауыз су сапасына қанағаттану деңгейін анықтау болып табылады. Сауалнамаға барлығы 2000-ға жуық респондент қатысты.

Осылайша, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ауыз судың сапасы туралы алынған жауаптар мен жүргізілген сауалнаманың талдауына сүйене отырып, жазғы кезеңде ауыз судың тапшылығы байқалады, сондай-ақ ауыз судың сапасын қанағаттандырмайды деп айтуға болады. Халықтың басым бөлігі таза ауыз суға қол жеткізе алады, алайда сұралған тұтынушылардың 21% берілетін ауыз судың сапасына әрдайым қанағаттанбайды, яғни тұтынушыларды сумен қамтамасыз етуде үзілістер және оның сапасының нашарлауы байқалады.

Жүргізілген аудитпен «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-нің (әрі қарай - мекеме), коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың (әрі қарай - кәсіпорындар) өз құзыретіндегі жұмыстарды орындау барысында Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының қағидаттарының талаптары сақталмай, Ақтөбе облысы бойынша субсидияланатын кейбір кәсіпорындар бойынша бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлануына, тиімсіз, негізсіз пайдалануына жол берілген. Яғни, бюджет жүйесінің «тиімділік» принципі сақталмағандығы көрінеді.

Аудитпен қамтылған кезеңде кәсіпорындармен мекемеге пайдаланған субсиядиялар сомалары бойынша ай сайын тапсырылған жиынтық тізімдер, орындалған жұмыс актілер, нақты су есептегіш құралы бойынша пайдаланған су көлемі есебімен сәйкес келмейтіндігі, халыққа субсидиялар сомасын бір тұрғынға шаққанда белгіленген шекті орташа тәуліктік тұтынудан тыс есептеу және т.б.бұзушылықтар орын алған.

Аудитпен қамтылған кезең бойынша Ақтөбе облысы бойынша орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған елді мекендердің арнайы су пайдалануға рұқсат берілген су көлемі мекемемен ұсынылған құжаттарға сәйкес тексеріліп, Су Кодексінің талаптары сақталмай, арнайы су пайдалануға рұқсаттарынсыз кейбір елді мекендерде суды өндіру пайдалану құқығынсыз жүргізілуде.

Бұл кемшіліктер, бұзушылықтар, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-сі және кәсіпорындар басшылары тарапынан ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялаудың тиімді іске асырылуына тиісті назар аудармайтындығын көрсетеді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:  

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

  1. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ:
  • Қолданыстағы қағидаларға сәйкес субсидияларды есептеу, төлеу және субсидиялау жөніндегі есеп беру тәртіптерін қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
  • Бюджет Кодексінің, Су Кодексінің, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңының, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларының талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
  • Аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2022 жылғы 15 сәуірге дейін растайтын құжаттарымен қоса Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.
Аудиторское заключение 15.10.2021
Дата публикации
15 октября 2021