Аудиторлық қорытынды 18.03.2021

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының  төрағасы

 С.Еңсегенұлына

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Ырғыз ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттардың және мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Ырғыз аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ, «Шаттық»  бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Жайсаңбай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ, «Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ, «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Алақай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Көркем сурет мектебі» МКҚК, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, «Ырғыз аудандық Интернаттық үлгідегі  санаториялық мектепке  дейінгі ұйымы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ, «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ырғыз ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де үстеме аудит жүргізілді.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы желтоқсанды қоса алғанға дейін (әр аудит объектісінің жекелеген кезеңдері бойынша жүргізілді).

  1. Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

        Ырғыз ауданы Ақтөбе облысының шығысындағы әкімшілік бір бөлігі болып табылады. Аудан орналасқан жері: батысында Шалқар, солтүстігінде Әйтеке би, шығысында Қостанай облысының Жангелді ауданы, оңтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданы, оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен шектеседі. Аудан орталығы – Ырғыз ауылы. Ауданның жалпы жер аумағы 41,5 мың шаршы км. Тұрғындар саны 2020 жылдың 01 желтоқсанына статистикалық мәліметтеріне сәйкес 14947 адам (оның ұлттық құрамы – қазақтар (99,7%), орыстар (0,2%), басқалары (0,1%). Аудан аумағындағы 18 елді мекен, 7 ауылдық округ (атап айтқанда Аманкөл, Жайсаңбай, Құмтоғай, Қызылжар, Нұра, Тәуіп және Ырғыз) біріктірілген. 

        Ырғыз ауданының аумағы солтүстіктен оңтүстікте қарай еңіс келеді. Ауданның жер бедерінің сипатына қарай геоморфологиялық тұрғыдан 2 ауданға бөлінеді. Оның біріншісі, Мұғалжар тауының сілемдері, теңіз деңгейінен 200-250 метр биіктікте жатқан бұл жайпақ үстірт Ырғыз өзенінің оң жақ сағаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалып, Сарыбастөбе (теңіз деңгейінен биіктігі 205 м), Мәні әулие (211,8 м), Темірастау (241,3 м), Сарысай (275,4 м), Бөкенбай шоқысы (240,3 м), Суық бет (240,5 м), Қабанқұлақ (213,1 м) биіктері бір-бірімен жалғасып Айырқызыл құмына тіреледі. Сонымен, ауданның классификациялық деңгейге сәйкес экологиялық жағдайы жер және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау салдарынан өзгеріске ұшыраған ауыл шаруашылық ауданы есебіндегі екінші топқа жатады. Жартылай шөлейтті аймақтарында тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады, өзен-көлдерге, тоғандарға жуық жерлер егіншілік үшін пайдаланылады.

        Әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін талдау:

Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы статистикалық мәліметтері бойынша оң динамикасы сақталуда. 2017 жылы өнеркәсіп өнімінің шығарылу көлемі 419,3  млн. теңгені құраса, 2018 жылы 567,5 млн. теңгені құраған, 2019 жылы алдыңғы жылға қарағанда 67,1 млн. теңгеге немесе 11,8%-ға өскен. Ал, 2020 жылдың соңғы 9 айында 604,3 млн. теңгені құраған, ол 2019 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 100,4%-ды құраған. Айтып өтетін болсақ «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламаcы бойынша ағымдағы жылы ауданға берілген тапсырма 5 жоба. Есепті кезеңге 2 жоба (орындалуы 40 %) мал сатып алу үшін Аграрлық несие коорпорациясы арқылы 40,0 млн теңге ақша қаражаты алынды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданға тапсырма 4 жоба. Орындалғаны - 4 жоба (орындалуы -100 %). «Наурыз-СИМ» ЖШС (Нұра) 40 млн. теңге балық өңдеу жобасы Қазақстан Халық банкі арқылы қаржыландырылды. 3 жеке кәсіпкер Шыма А. (құс өсіру – 4,0 млн. теңге), Әбіш С. (сыртқы жарнама қызметі – 4,6 млн. теңге), Ақшабаева Г. (балық ыстау – 5,0 млн. теңге) мемлекеттік грант қаражатын алу үшін комиссияның оң шешімін алған.

Бизнес орта топтың негізі мен азаматтық қоғамның тірегі бола отырып, жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан саясатының арқасында кәсіпкерлікті дамытуға ауданда қолайлы жағдайлар жасалуда. Осы аудан аумағында тіркелген кәсіпкерлерінде барлығы 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 420 жаңа жұмыс орны қосылды (өткен жылдың осы кезеңінде - 300), 1649 адам еңбекке орналасты (175,1 пайыз), ақылы қоғамдық жұмысқа – 618 (154,1 пайыз), әлеуметтік жұмыс орындарына - 71, жастар тәжірибесінен өтуге 109 жұмыссыз адам жіберілді.

Ауданда жалпы 787 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп жұмысын атқаруда, оның ішінде 51 бірлігі шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, 315 бірлігі жеке кәсіпкерлер саны және 421 бірлігі жеке қожалықтары. Осы мәселесі бойынша алдағы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,2%-ға өскендігі байқалады. Оған қоса, аталған кәсіпкрелер санынын ішіндегі белсенді жұмыс жасап жатқандар саны 782 бірлік немесе 99,3% құраған. Сауда көлемі – аудитпен қамтылған кезендерін алатын болсақ 2017 жылы – бөлшек саудасы бойынша 0,9 млрд. теңгені, 2018 жылы – 1,1 млрд. теңгені, 2019 жылы 1,2 млрд. теңгені және 2020 жылы 1,1 млрд. теңгені құраған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындары және жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандум жасалған.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бағдарламасы шеңберінде 22,9 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды. Несиені кепілдендіруге және несиелік пайызын субсидиялауға жеке кәсіпкер Қ.Асанованың кемпинг құрылысы жобасы 18,0 млн. теңге, жеке кәсіпкер Қ.Берекештің «Қонақжай киіз үй» жобасы 2,5 млн. теңге, С.Сәдірхановтың «Жылыжайда қызанақ өсіру» жобасы 2,4 млн. теңге қайтарымсыз грант түрінде қолдау алды.

Аудан экономикасына 2017 жылы 2,3 млрд. теңге инвестиция тартылған, немесе алғы жылға қарағанда 54,2%-на өскен. 2018 жылы 3,6 млрд. теңге инвестиция тартылған. 2019 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 3,8 млрд. теңгені құраған. Ал, негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,0 млрд. теңге, 2019 жылдың сәйкес  кезеңіне - 123,3 пайызға өскен. Осы кезеңіндегі инвестициялық салымының ішіндегі 0,9 млрд. теңге республикалық бюджеттен (2019 жылы – 0,3 млрд. теңге), жергілікті бюджеттен – 0,2 млрд. теңге (өткен жылы – 0,5 млрд. теңге), жеке көздерден 1,8 млрд. теңге  (өткен жылы 1,6 млрд. теңге).

Осымен қоса, аталған ауданының жері ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жарамды жердің бірі болып табылады. Ауданы бойынша жалпы жер көлемі 4151,2 мың. га, оның ішінде жайылымы 3366,0 мың га, шабындығы 601,0 мың га құрап отыр.

2017 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өнім көлемі 8,9 млрд. теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғары. 2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 10,3 млрд. теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары. 2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 12,3 млрд. теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,7%-ға жоғары. Ал, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 10,5 млрд. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға өсім қамтамасыз етілген.

Мал қыстату кезеңіне 204171 тонна мал азығы дайындалып, тасылып алынды.

Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 14 ірі қара шаруашылық құру тапсырмасы 3 бірлікке және 13 қой шаруашылығын құру тапсырмасы 7 бірлікке орындалған, 249 бас мүйізді ірі қара, 3667 бас қой малы сатып алынған.

2020 жылдың басына барлығы 338 га аумаққа, оның ішінде 183 га картоп, 102 га көкөніс, 103 га бақша егіліп, сәйкесінше 1569 тонна картоп, 732,3 тонна көкөніс, 823,8 тонна бақша өнімдері алынған. Ауылшаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 441,9 млн. теңгені құрайды, 2018 жылмен салыстырғанда 3,8 есе артық. 2018 жылы 109,0 млн. теңгені құраған.

        Аудан бойынша мал шаруалығы қарқынды дамуда, сонымен аудитпен қамтылған кезінде осы саласы бойынша өсім көрсеткіштері төмендегі кестесінде көрсетілген:        

№

Мал түрлері

2017 жылы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1

Ірі-қара

34337

35130

35133

37019

2

Ұсақ малы (қой, ешкі)

115636

126048

127906

127906

3

Жылқы

8279

8689

9020

9020

4

Түйе

1265

1382

1424

1424

        Ауыл шаруашылығы бойынша 2017 жылымен 2018 жылды салыстыратын болсақ орындалу 793 бас малына көбейген, ал 2019 жылын өткен 2018 жылмен салыстыратын болсақ бірқадыпты және 2020 жылмен 2019 салыстыратын болсақ 105,4% немесе 1886 бас малына өсірілген. Сонымен, 2020 жылғы жағдайымен 2017 жылға қарағанда ірі-қара малдар саны жалпы 107,8%  немесе 2682 бас малына өскендігі байқалады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 0,4 млрд.теңге құрады. Жеке меншік салушылармен аудан орталығында жалпы аланы 8543 шаршы метр құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілген. 2018 жылдың қортындысы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі  2,4 млрд. теңге құраған, ал жалпы тұрғындар үйлер көлемі 8914 шаршы метрді құраған. 2019 жылы жалпы 1,4 млрд. теңге, ал тарпсырылған тұрғындар алаңы 10487 шаршы метр. Сонымен 2019 жылы құрылыс жұмыстарына 2018 жылдан төмендеу себебі,  2018 жылы ауданда бюджет қаржысына 3 елді мекенде ауыз сумен қамту, 3 елді мекенде мектеп құрылысының жүргізілуінен 2,5 млрд. теңгеге жуық құрылыс көлемі болған еді. Ал, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында барлығы 7855 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,2 пайызға артқан.

Газбен қамтуда 2019  жылы Ырғыз ауылындағы 1250 үйдің 1128-і,  немесе 90 пайызы, 63 коммуналдық тұрмыстық мекемелер газ құбырына қосылған.

Ауыз сумен қамтуда аудандағы 18 елді мекеннің 12-сі, немесе 66,7  пайызы орталықтандырылған ауыз су желісін пайдаланады.

2019 жылы Қарақұдық, Қарасай, Жарма ауылдарын ауыз сумен қамтудың жобалық сметалық құжаттары әзірленді,бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2018 жылы 3,0 млн.теңге, 2019 жылы 5,4 млн.теңге бөлінді.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын қалыпты ұстауға 2019 жылы 20 млн. теңге жұмсалған.

2019 жылы облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, Ырғыз ауылішілік Н.Бердіқұлов көшесі жөнделген.

Ырғыз ауданы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 192,2 км құрайды. Осы аталған жолдарды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып жұмыстар ұйымдастырылады. Ырғыз ауданы орталығы Ырғыз ауылының көшелеріне күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жыл сайын жалғасуда. Ырғыз ауылында 2016 жылдан бастап 10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді. 2016 жылы Құтикөл ауылындағы «Қараарық» көпірін қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді. 2020 жылы Аманкөл ауылдық округі Құтикөл ауылында «Жарма» көпірін қайта жарақтандыру құрылысы пайдалануға берілді, көпір ұзындығы 54 метр.

        Ауданда 1733 мүшесі бар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы жұмыс жасайды. Аудандық ардагерлер кеңесі, мүгедектер қоғамы, «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымдары бар.

        Жастар ресурстық орталығы, «Жас қыран» МЕҰ,  Ырғыз ауданы бойынша 3803 жас бар.

        Ырғыз ауданының діни ахуалы тұрақты және толық бақылауда тұр. Ауданда 3 мешіт бар, олардың жай-күйі мен имамдардың әлеуметтік жағдайлары  үнемі назарда ұсталуда.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 420 жаңа жұмыс орны қосылды (өткен жылдың осы кезеңінде -300), 1649 адам еңбекке орналасты (175,1 пайыз), ақылы қоғамдық жұмысқа – 618 (154,1 пайыз), әлеуметтік жұмыс орындарына - 71, жастар тәжірибесінен өтуге 109 жұмыссыз адам жіберілді.

Ауданда білімнің жаңа сапасына қол жеткізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ырғыз ауданы бойынша қазіргі таңда 21 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 14 орта білім беру мектебі, 7 негізгі мектебі, онымен бірге аудан бойынша 15 мектепке дейінгі ұйымдары және 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасауда. Ауданда үш ауысымдағы мектептері жоқ.

2018 – 2019 оқу жылдарында 3033 бала білім алған, ал 2019 – 2020 оқу жылында жоғарыда аталған мектептерінде 3110 бала білім алып бітірген, ол дегеніміз 2,5%-ға артқан. 2019-2020 оқу жылының соңында 3110 оқушы бағаланды, үздік оқушылар - 668, оқу екпінділері - 1073. Бағыт бойынша білім сапасы 56%-ды құрайды.

2020 – 2021 оқу жылында 3185 оқушы бастаған. Оның ішінде дәстүрлі түрде оқытатын мектеп саны 18, ондағы балалар саны 1740, аралас оқыту 3 мектеп ондағы балалар саны – 1445.

Ағымдағы жылда 588 бала күндізгі оқу нысанында (1-4 сыныптар мектепке барады), 857 бала қашықтықтан оқыту режимінде (5-11 сыныптар) «Дарын» онлайн - платформасы арқылы оқиды.

Аудан бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз, 0 жастан 6 жасқа дейін 94,3 пайыз балабақшамен қамтылған.

11 баспамен оқулықтар жеткізуге келісімшарттар жасалды және осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 38 860,0 мың теңге бөлінді. Аудан мектептерінде оқушылары 100% оқулықпен қамтылған.

2020 жылы білім беру саласындағы 2 мектебіне республикалық бюджетінен бөлінген қаражатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, атап айтқанда Аманкөл ауылындағы Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебіне 29766,5 мың теңгеге және Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы орта мектебіне 29255,0 мың теңгеге.

        Денсаулық сақтау саласында 19 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс жасайды.

        Туу көрсеткіші  1000 адамға шаққанда 23-ды құрады,  2018 жылы - 23.  2019 жылы 344 бала, 2018 жылы 345 бала дүниеге келді.

        Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 5,8, өткен жылы – 6,2. Абсолюттік саны 2019 жылы - 86, 2018 жылы 95 адам. Ана өлімі тіркелмеген. Бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі 2019 жылы 4 жағдайда орын алды, 2018 жылы 5 жағдай тіркелген.

        2018 жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 4 маман бюджеттік кредит, 10 маман  көтерме жәрдемақы алды. 2018 жылы 2 маман қабылданған.

        Ауданда 29 мекеме тіркелген, 2 Мәдениет үйлері,12  клуб,14 кітапхана және 1 мұражай. 2019 жылы тұрғындарға мәдени демалыс ұйымдастыру мақсатында 2014 шара өткізілген, 2018 жылы 1677 іс-шара ұйымдастырылған.

        Мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға 3,4 млн.теңге жұмсалған.

        Кітап қоры 124 мың 400 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 84 мың 680 дана.

Ауданда 64 спорттық нысандар бар, оның ішінде 1 стадион, 13 спорттық зал, 12  спорттық құрылғылар бар. 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс жасайды, барлық сабақтар БЖСМ-де балалар үшін тегін жүргізіледі. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі – 30,1 % (4527 адам).

2019 жылы спортшылар аудандық деңгейдегі - 35, облыстық деңгейдегі 27 спорттық іс-шараға қатыстырылған.

Аудандық ауыл жастарының спартакиадасы Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылында ұйымдастырылған.

Ырғыз ауылынан спорт сауықтыру кешені құрылысы салынуда.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Мемлекеттік аудит Ырғыз ауданына қарасты 19 мекемелері мен кәсіпорындарында және 1 мекемесінде үстеме аудиттері жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 14 810 287,5 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 851 232,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 180180,7 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 132735,9 мың теңге;

        3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша 538316,1 мың теңге;

        4) рәсімдік бұзушылықтар 191 (жүз тоқсан бір) бірлік.

  1. Анықталған 180180,7 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:
  2. «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен жүргізілген құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшы мамандарының қорытындысына сәйкес, орындалмаған жұмыстардың құны 2783,6 мың теңгені құрады (оның ішінде: «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылындағы 5 бір пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы» жұмыс бойынша 1020,0 мың теңге, «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік және коммуникациялық (сумен қамту) желілерін салу» жұмыс жобасы бойынша 1474,5 мың теңге, «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік және коммуникациялық (электрмен қамту) желілерін салу» жұмыс жобасы бойынша 289,1 мың теңге);
  3. «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары қыс мезгілінде (1.ХІ-31.ІІІ айлар аралығы) жүргізілмейтін 8 жұмыс жобаларына негізсіз жалпы сомасы 11452,5 мың теңгеге қыс мезгіліндегі қосымша шығындар сомасы қосылып келісім шарттар жасалған және ол шығындар негізсіз төленген;
  4. Нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан, қосымша ақысынан, есептелген еңбек демалысынан және қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының есептелген мөлшерлерін артық негізсіз жалпы 3707,9 мың теңге төленген («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 110,8 м.т., «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 73,3 м.т., «Көркем сурет мектебі» МКҚК – 34,2 м.т., «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ – 2790,8 м.т., «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 29,2 м.т., «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 509,4 м.т., «Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 52,5 м.т., «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 28,0 м.т., «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 79,7 м.т.);
  5. Мекемелер қызметкерлеріне жалпы сомасы 1795,8 мың теңгеге артық, негізсіз іссапар шығындары төленген («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 53,0 м.т., «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 85,8 м.т., «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 1028,0 м.т., «Көркем сурет мектебі» МКҚК – 62,5 м.т., «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ – 461,5 м.т., «Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – 43,6 м.т., «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ – 61,4 м.т.,);
  6. «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ-мен республикалық трансферттер есебінен қалған жалпы сомасы 93286,0 мың теңге қаражатты республикалық бюджетке қайтарудың орнына негізсіз жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға тиісті шығындарға (әлеуметтік салық, кәсіподақ жарнасы) жұмсалған;
  7. «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ-де мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының жалпы сомасы 494,1 мың теңге қамтамасыз ету сомалары 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бойынша сұраныссыз бұрынғы кездерден келе жатырған кредиторлық берешек болып тіркеліп, Мекемелермен оларды жою бойынша ешқандай шаралар қабылданбаған;
  8. «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ-мен бюджеттік өтінімдерінде қарастырылмаған шығыстарға (ұялы байланыс операторы) жалпы сомасы 48,1 мың теңге негізсіз шығысталған;
  9. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен 2017 жылғы 01 ақпандағы №1 өтеулі қызмет көрсету шартының талабын орындамау салдарынан әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың «Өрлеу» жобасын іске асырумен байланысты көрсетілетін қызметтерін сатып алуда 2017 жылдың шілде айы үшін нақты жұмыс жасаған уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан артық 100,5 мың теңге негізсіз төленген;
  10. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен бюджет қаражаты есебінен 5 АЕК мөлшерде жылына бір рет берілетін әлеуметтік қолдау 2020 жылы 4 маманға екі рет төленіп, нәтижесінде 55,2 мың теңге негізсіз артық төленген;
  11. «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығы мен негізділігі сақталмай, мекеменің көлік жүргізушісі Ж.Р.Туысбаев 6 (алты) ай мерзімге сот қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек аралығында аталған қызметкерге 203,3 мың теңге негізсіз еңбекақы бюджет қаражаты есебінен төленген;
  12. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де әлеуметтік қызметкері М.Бөлекеева өз қызметін жасамаған болсада оған еңбек ақы 342,0 мың теңге негізсіз төленген;
  13. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен 2020 жылы К.М.Кенженбаеваға жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінен артық, 26,5 мың теңге негізсіз төлеген;
  14. «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ тарапынан жалдаушымен жалдау ақысын төлеу мерзімін бұзғанда, өсімпұл есептемеу салдарынан 2019 жылы барлығы 9,0 мың теңге түсімдер жерлікті бюджетке түсірмеген;
  15. Мекемелерге өтеусіз және демеушілікпен берілген жалпы сомасы 4160,7 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар мекеме балансына кірістелмеген («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 646,5 м.т., «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 3448,2 м.т., «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 36,0 м.т., «Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 30,0 м.т.);
  16. «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ-мен 2 мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізіліп, мекеменің баланстық құны жалпы сомасы 42158,2 мың теңгеге өсірілмеген;
  17. Мекемлер қызметкеріне жалпы 94,1 мың теңгеге еңбек ақысы және іссапар шығыны кем төленген («Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де еңбек ақысы – 28,0 м.т., «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де іссапар шығыны – 66,1 м.т.);
  18. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес жалпы сомасы 17190,2 мың теңгеге 213,45 метр жол мен 8 жерде негізгі жолдарға түйісулер мен қиылыстары жасалмай, Мекемемен орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген (үстеме аудит).

«Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сі бойынша бюджетке түсірілмеген салықтар және т.б. төлемдері бойынша:

  1. Басқармамен мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерге уақытылы камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан, 2017-2019 жылдарға ауытқушылықтар анықталып жергілікті бюджетке түсуі тиіс төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (101202 коды) жалпы 1546,7 мың теңгесі бюджет есебіне түспеген;
  2. Басқармамен мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерге уақытылы камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан, 2017-2019 жылдарға ауытқушылықтар анықталып жергілікті бюджетке түсуі тиіс әлеуметтік салық (103101 коды) сомасы 538,9 мың теңгені бюджет есебіне түспеген;
  3. Басқармамен бірыңғай жер салығы бойынша камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан 2017-2019 жылдар үшін 28 салық төлеушіден 187,4 мың теңге салық бюджетке 104501 кодына есептеліп, өндірілмеген.
  4. Рәсімдік бұзушылықтар саны 191 (жүз тоқсан бірлік) бойынша:
  5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген және әр кезеніне арналған бюджеттік бағдарламалары өз ресми сайтына орналастырылмаған («Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ - 3 бірлік, «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 3 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (үстеме аудит) – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1 бірлік, рғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  6. Әр жылдың есепті кезеңнің аяғына, баланстың 218 жолында «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бойынша еңбекақы төлеу және өзге есеп айырысулар (пайдаланылмаған демалыстар) есептелмеген және көрсетілмеген («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 3 бірлік, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ – 3 бірлік, «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 3 бірлік, «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ – 3 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ – 3 бірлік);
  7. Тиісті нысандар мен бір тауарды (қызметті) негіздейтін құжаттарды, ағымдағы жылдың жалға алу келісім шарты ұсынылмай бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есептеулердің толықтығы және дұрыстығы толық қамтамасыз етілмеген және бюджеттік бағдарламалары бойынша жүргізілген шығындарға бюджеттік өтінімдері әзірленіп, уәкілетті органға ұсынылмаған. Оған қоса, мекемелермен қосымша шығыстар есептемелері әзірленбеген («Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 1 бірлік, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ - 1 бірлік, «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 2 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  8. 2 жағдайда шарты бойынша толық көлемде көрсетлімеген авторлық қадағалау қызметі үшін жалпы сомасы 2700,7 мың теңге және жалпы сомасы 7812,7 мың теңге бюджет қаражаттарын негізсіз аударған («Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (үстеме аудит) - 2 бірлік);
  9. Бюджеттік өтінімінде 149 ерекшелігі бойынша бір тауардың құнын негіздейтін құжаттарды және жоспарланған шығыстарды негіздеу вүшін ағымдағы қаржы жылына арналған қызметтер көрсету туралы шарттардың көшірмелері, тауарларды сатып алу бойынша прайс-парақтары ұсынылмай жасалынған («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ – 1 бірлік);
  10. 2019 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мен жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілген («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 2 бірлік, «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 2 бірлік, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ – 2 бірлік, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 2 бірлік, «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 2 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 2 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – 2 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 2 бірлік, «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 бірлік);
  11. Мекемелердің балансындағы ғимараты және ғимарат орналасқан алаңы жер учаскелері бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 1 бірлік, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  12. Бухгалтерлік қызметкерлері жұмыстан босатылған кезінде істерді тапсыру жұмыстары жүргізілмеген. Оған қоса, қабылдау-тапсыру актілері тек бір тілде ғана жасалынған, материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғалармен толық жауапкершілігі туралы шарттар жасалмаған («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 2 бірлік, «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 2 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ – 2 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 2 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  13. 2020-2022 арналған бюджетті қалыптастыру кезінде 71500,0 мың теңгеге бекітілген жоспарлы сомаға бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қосымша бюджеттік бағдарламалары және бюджеттік өтінімдері тапсырылмай, негізділік принципі сақталмай, бюджет жобасына енгізілуі қажет көлемдердің негізділігі айқындалмай, аудан бюджеті бекітілген («Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  14. Аудан аумағында мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін бақылау-талдау функциялары жүзеге толық асырылмаған, тиімді және мақсатты пайдалануының есебін талап етпеген («Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  15. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді электронды аукцион арқылы жекешелендіру барысында 2-ші және 3-ші аукцион арасындағы сауда-саттық бекітілген мерзімі сақталмай, электрондық сауда-саттық шаралары өткізілген («Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  16. Кредит шарттары негізінде тиісті жергілікті бюджеттен қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсетілуі есепке алынбаған («Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  17. Аудитпен қамтылған кезеңде (001-144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу» бюджеттік бағдарламасы) бойынша №457-нысанындағы ведомостьке сәйкес есеп жүргізілмеген, 100 шақырымдық жүруге арналған жанар майды шығындалу жоспары, жүруi, бастағанға дейiнгi жанар майдың қалдығы, жанар майды қоймадан есептi алу, iс жүзiндегi жұмсалғаны, белгiленген нормаға сәйкес жұмсаудың сақталуы туралы талаптары орындалмаған («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік);
  18. Тиісті бюджетті нақтылау (түзету) жасалмай, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізген және осы айда бір бұйрықты бірнеше рет веб-порталда орналастырған («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – 2 бірлік);
  19. Даму бағдарламасының 2018 жылы 5 нысаналы индикатордың, 2019 жылы 4 нысаналы индикатордың орындалуына қол жеткізілмей, нәтижелілік және тиімділік - мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін таңдау барынша дұрыс (нәтижелі) болуға, ағымдағы ахуалды терең талдауға және қойылған нәтижелерге ресурстарды барынша аз жұмсай отырып қол жеткізу қажеттілігіне негізделуі тиістігі жөніндегі талаптары сақталмаған, сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігі ҚР заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде міндеттерді шешудің тиімсіздігі және күтілетін нәтижелерге қол жеткізілмегені үшін жауапкершілікті болатындығы көзделген («Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  20. Нысаналы трансферттер бойынша әзірленген бюджеттік бағдарламалары нысаналы трансферттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен келісілмеген («Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  21. Кейбір салық түсімдерді бюджет түсімдерін жоспарлау кезінде реалистік, негізділік, тиімділік, жауапкершілік қағидаттары ескерілмеген. Салық әлеуетінің көлемін талдау және 2018 жылдың түсіміне бағалау тиісті түрде жүргізілмеген. Нәтижесінде салық түсімдер бойынша 2018 жылғы жоспар болжамы 15757,9 мың теңгеге төмендетілген («Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – 3 бірлік);
  22. Ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен (Нысандар альбомының 321-нысаны бойынша) толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалмаған («Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік);
  23. Кәсіпорындармен екі жақты қол қойылған орындалған жұмыс актілері бекітілген типтік нысанына сай келмейтіні анықталған («Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік);
  24. Кәсіпорындармен есеп саясаты жасалмауы («Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік);
  25. Кәсіпорындардың пайдаланылмаған демалыс резерві есептелінбеген және кәсіпорын балансында көрсетілмеген («Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Көркем сурет мектебі» МКҚК – 3 бірлік, «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 2 бірлік, «Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 2 бірлік);
  26. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жасалынған келісім-шарттарда тәрбиеленушілер саны және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған және аудиттелген кезеңде кәсіпорында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ана төлемақысының бір күнгі мөлшері 400 теңге көлемінде ата-аналар жарнасынан түсуі тиіс түсімдер түспей, тиісті саланың уәкілетті органымен қадағалау функциялары атқарылмаған («Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  – 1  бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  – 1 бірлік, );
  27. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген және әрбір кешіктірліген күнге 0,1% мүлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірмеген («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 бірлік);
  28. Әр жылдарға жасалатын бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелері өзара қайталанған. Оған қоса, бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтижесі ақшалай түрінде көрсетілген, яғни аталған бюджеттік бағдарламасы тиісті түрде жасалынбаған («Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 8 бірлік, «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  29. Жылдық қаржылық есептерінде берешектер тиісті жылға жасалған бухгалтерлік балансында көрсетіпей, бұрмалаушылықпен жасаған («Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 1 бірлік, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 3 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 3 бірлік);
  30. Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылған «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл а/о Құттыкөл ауылындағы «Жарма» көпірін реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша келісім шартта қаралған жұмыстың аяқталу мерзіміне жұмыстар уақыттылы аяқталмаған («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  31. «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылындағы 5 бір пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы», «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік және коммуникациялық (сумен қамту), (электрмен қамту) желілерін салу» жұмыс жобасы «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес жобалык-сметалық кұжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 3 бірлік);
  32. «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің маманының қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылындағы 5 бір пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы», «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік және коммуникациялық (электрмен қамту) желілерін салу», (сумен қамту), жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 3 бірлік);
  33. 2019, 2020 жылдарға арналған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары бекітілгеннен кейін веб-порталға кешіктіріліп орналастырылған («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 бірлік);
  34. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыру талабы сақталмаған («Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 1 бірлік, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ - 1 бірлік, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 1 бірлік, «Көркем сурет мектебі» МКҚК – 1 бірлік, «Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  35. Артық штаттық біріліктері ұсталған («Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ - 1 бірлік);
  36. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға артығымен төленген немесе негізсіз төленген жалпы сомасы 3373,8 мың теңге қалдықты бюджетке қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдау жұмыстары осы уақытқа дейін жүргізілмеген («Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  37. Баланста тұрған 4 автокөлік пайдаланылмай, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципы сақталмаған («Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  38. Мектептердің ғимаратына жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу жұмыстарына жүргізілген шығындары, күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілуінің орынына ағымдағы шығыстарға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілген («Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ – 4 бірлік);
  39. Бюджетке түсетін түсімдерге мониторинг жұмыстары жүргізілмеген («Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  40. «Өнер және мәдениет» немесе «іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білімін дәлелдейтін дипломдары жоқ алты кітапханашыға (санаттары жоқ) жалпы сомасы 10738,3 мың теңге еңбекақы есептеліп, төленген («Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 1 бірлік);
  41. Қызметтік іссапарларға жіберу туралы ішкі тәртібі бекітілмеген, іссапарға жіберуге негіз болған басшының бұйрықтары тиісті түрде шығарылмаған («Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 1 бірлік);
  42. Жасалған даму жоспарларында мақсаттары мен міндеттері қарастырылмаған («Көркем сурет мектебі» МКҚК – 2 бірлік, «Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 2 бірлік, «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік);
  43. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2017, 2018, 2019, 2020 жылдарға жасалынған келісім-шарттарда тәрбиеленушілер саны және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған («Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1 бірлік, «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 2 бірлік);
  44. Әзірленген бюджеттік бағдарламалардың «түпкілікті нәтижелерінде» Қағидамен талап етілген көрсеткіштер көрсетілмеген («Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік, «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  45. Баланста тұрған бірақ жергілікті электр, су, газ желілерімен қамтамасыз етіп жүрген мекемелердің қолданысында тұрған барлығы 9273350,0 мың теңгеге активтері бойынша кепілге, мүлікті жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстар жүргізілмеген («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  46. Есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні бойынша жүйеленбеген және мемориалды ордерлермен – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен рәсімделмеген, сонымен қатар «Басты-журнал» кітабы жүргізілмеген («Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 4 бірлік, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 4 бірлік, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 4 бірлік);
  47. Негізгі құралдарға түгендеу нөмірлері қойылмаған («Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 бірлік);
  48. Кітапхана қорына бес жылда бір рет жүргізуге тиісті түгендеу жүргізілмеген («Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ – 1 бірлік.

«Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сі бойынша 3 бірлік рәсімдік бұзушылықтары келесідей:

  1. Өздігінен салық төлеушілердің жеке шоттарда жазбаларды жүргізудің уақыттылығы мен дұрыстығына камералдық бақылау жүргізілмейтіндігін көрсетті. Бірыңғай жер салығы бойынша артық төлем сомаларының пайда болу себептеріне уақытылы камералдық бақылау жүргізілмеген;
  2. Жергілікті бюджетке түсетін қосымша резерв көздерін табу бойынша жұмыстар жүргізілмеу салдарынан 2017-2019 жылдарға бюджет шығындары 414368,2 мың теңгені құраған;
  3. 2018 - 2019 жылдар үшін жеке тұлғаларға салынатын жер мүлік салығын жеке шоттарға отырғызу белгіленген мерзім 1 шілдеден кешіктіріліп жүргізілген.
  4. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша жалпы сомасы 671052,0 мың теңге, оның ішінде тиімсіз жоспарланған қаражаты 538316,1 мың теңге, пайдаланған қаражаты 132735,9 мың теңге:

«Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ:

  1. Мекеме аудит объектісімен ұсынған деректеріне сәйкес 2018, 2019 және 2020 жылдың 9 айындағы жұмсалған жалпы 203658,9 мың теңге қаражатына бюджеттік өтінімдері жасалмаған және ұсынылмаған, ал ол дегеніміз аталған қаражаттарының жоспарлау негізділігі сақталмай жұмсалған қаражаты болып есептеледі;
  2. 2019 жылы наурыз айында ұйымдастырылған семинар мекеменің 2019 жылғы қаржыландыру жоспарынан тыс кепілдік хат негізінде өткізілген және семинарға 35,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.

«Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ:

  1. 2020-2022 жылдарында «Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-мен жоспарланған бюджеттік өтінімді жалпы 1334,0 мың теңгеге қаражатының негізділігі болмағандықтан тиімсіз жоспарланған болып есептелінеді, яғни бюджеттік өтінімі дұрыс жоспарланбағандығы анықталған;
  2. 2020-2022 арналған бюджетті қалыптастыру кезінде 71500,0 мың теңгеге бекітілген жоспарлы сомаға бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қосымша бюджеттік бағдарламалары және бюджеттік өтінімдері тапсырылмай, негізділік принципі сақталмай, бюджет жобасына енгізілуі қажет көлемдердің негізділігі айқындалмай, аудан бюджеті тиімсіз жоспарланған.

«Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ:

  1. Мекемемен 2018 – 2020 жылдарында 005 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша 91241,0 мың теңгеге жоспарланған іс-шаралар орындалмай, бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ:

  1. Мекеме 2019-2021 жылдарында жалпы 50050,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалмаған.

«Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ:

  1. Мекемемен негізділік принципі мен бірыңғайлық, тиімділік қағидаттары сақталмай, 2018 - 2020 жылдар аралығында жергілікті 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы арзылы жалпы 2059,8 мың теңгеге ҰБТӨП-і жабдықтауға жұмсалған.
  2. 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасымен тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік білімі жоқ мұғалімдер жұмысқа қабылданып, нәтижесінде жалпы сомасы 53996,8 мың теңгеге еңбекақы есептелініп төленген. Жоғарыдағы аталған мәселесі балалардың біліміне әсерін тигізетіні мәлем, сондықтан оқушыларға дұрыс білім бермегені түпкі нәтижесіне қол жеткізілмейтіні мәлім. Сондықтан осыған төленген қаражаты тиімсіз жұмсалған болып есептеледі.
  3. Мектептердің жалпы 471,8 мың теңгенің негізгі құралдары мемлекеттік мүлкі қоғам игілігі үшін тиімді принциптері сақталмай падаланылмай жаңа күйнде тұрғандығы анықталған.

«Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ:

  1. Мекеме 2017-2019, 2018-2020, 2019-2021 жылдарында жалпы 3331,9 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалмаған;
  2. 2020-2022 жылдарында мекемемен жоспарланған бюджеттік өтінімді жалпы 1334,0 мың теңгеге қаражаттының негізділігі болмағандықтан тиімсіз жоспарланған болып есептелнеді, яғни бюджетік өтінімі дұрыс жоспарланбаған.

«Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ:

  1. Мекеме 2017-2019, 2018-2020, 2019-2021 жылдарында жалпы 4174,3 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалмаған.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ:

  1. Мекеме 2017, 2019-2020 жылдарында жалпы 16727,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалмаған.

«Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ:

  1. Мекемемен 2020 жылы 045 бағдарламасы бойынша тиісті негіздеуші құжаттары, есептемелері тіркелмей елді-мекендердің көшелерін орташа жөндеуге бюджеттік өтінімі жасалып, бюджет қаражаттары жоспарланып тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмей, 70000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған;
  2. Мекемемен 2020 жылы 005 бағдарламасы бойынша елді мекендерді дамыту схемасын әзірлеу бойынш бюджеттік өтінімі жасалып, бюджет қаражаттары жоспарланып тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмей, 11425,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ:

  1. Мекемемен «Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылындағы М.Қарабаев, Т.Жаманмұрынов, Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл, Қабырға және Жүргенов к. ішкі жолдары күрделі жөндеу жұмыстары» жұмыс жобасын жүсеге асыру кезінде 13505,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған;
  2. Мекемемен 2020 жылғы 04 мамырдағы №58 келісім шарты бойынша толық көлемде көрсетлімеген авторлық қадағалау қызметі үшін «БАТЫС ГРАНД»ЖШС-не жалпы сомасы 2700,7 мың теңге және 2020 жылғы 05 мамырдағы №57 келісім шарты бойынша толық көлемде көрсетлімеген техникалық қадағалау қызметі үшін «ТранзитПром» ЖШС-не жалпы сомасы 7812,7 мың теңге аударып, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған.

«Алақай бөбекжай-бақшасы» МКҚК:

  1. Кәсіпорын 2017 жыл қаңтар - 2020 жылдың қазан айлары аралығанда жан басына шаққандағы қаржыландыру барысында жалпы сомасы 26300,5 мың теңгеге бюджеттік қаражаттар тиімсіз шығындалған.

«Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК:

  1. Кәсіпорын 2017 жыл қаңтар -2020 жылдың қазан айлары аралығанда жан басына шаққандағы қаржыландыру барысында жалпы сомасы 11665,9 мың теңгеге бюджеттік қаражаттар тиімсіз шығындалған.

Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ:

  1. Мекеменің қызметтік автокөліктері 2017-2019 жылдары бекітілген лимиттерінен артық жүріп жанар-жағармай 82197 литр жалпы сомасы 6699,9 мың теңгеге бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған;
  2. Мекемемен 2019 жылы «Е-Қылмыстық іс» бағдарламасын жүзеге асыруға алынған құрал-жабдықтары сатып алуға жоспарланған 1500,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, Мекеме тарапынан бюджет қаражаттарын жоспарлау барысында нақты мәліметтері ескерілмей. Нәтижесінде арнайы бағдарламасын іске асыруға алынған құрал-жабдықтарына жұмсалған бюджет қаражат көлемі қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципі сақталмай, пайдасыз екені және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегенін көрсетеді.

«Шаттық» бөбекжай-бақшасы» МКҚК:

  1. Аудитпен қамтылған кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 19527,8 мың теңгеге бюджеттік қаражаттар тиімсіз шығындалған.

IІІ. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында 8308,9 мың теңге қаражаты тиісті бюджетіне өтелді және 46346,9 мың теңгеге қалпына келтірілді. Оған қоса, тексеру комиссиясының отырысына дейін өтелгені 2692,5 мың теңге.

Мемлекеттік аудит материалдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру туралы және оларды қараудың нәтижелері бойынша мәліметтер:

        Мемлекеттік аудит іс-шарасының нәтижесі бойынша Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит органына мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп заңнамасын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін 62 материалдары жолданды (оның ішінде: «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша 3, «Шаттық»  бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 1, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» ММ – 7, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ – 6, «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ – 5, «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ - 4, «Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ - 2, «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ - 3, «Жұлды» бөбекжай-бақшасы» МКҚК - 2, «Алақай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК - 2, «Көркем сурет мектебі» МКҚК - 3, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ - 5, «Ырғыз аудандық Интернаттық үлгідегі  санаториялық мектепке  дейінгі ұйымы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» ММ - 5, «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 11, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ - 2).

Жоғарыдағы әкімшілік бұзушылықтары бойынша ұсынылған 60 материалының қазіргі таңда 55 фактілері бойынша тиісті лауазымды тұлғаларына әкімшілік жазасы қолданылған.

        Сонымен бірге, Әкімшілік кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, заңды талаптарды немесе бұйрықтарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 2 лауазымды тұлғаға (Нұра және Жайсаңбай ауылдық округтерінің әкімдері) әкімшілік жаза қолданылған.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит нәтижелері бойынша ҚР-ның Бюджет, Еңбек, Азаматтық кодекстерінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Білім туралы» Заңдарының және басқа да заңнамалардың талаптарының жүйелік бұзылуының салдарынан активтерді, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануының және жоспарлануының төмендігін атап өту қажет.

Жүргізілген аудит бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында мекемелерде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығын және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган «Ырғыз аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ тарапынан бюджетті жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігін және тиімділігін қамтамасыз етілуінің, активтерді тиімді пайдалану бойынша бақылаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

Мемлекеттік мекемелерде жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар: бюджеттік өтінімдердің жасалмауы және толық тапсырылмауы, бюджеттік бағдарламалардың әзірленбеуі, дұрыс есептелмеу салдарынан негізсіз іс-сапар шығындарын төлеуі, негізсіз артық еңбекақы төленуі, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзу, бухгалтерлік есептің дұрыс жургізілмеуі, негізгі құралдар мен материалдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарына кірістелмеуі, орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу, және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді, салықтарды өндіруді қамтамасыз етпеуі болып келеді.

Құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстарға ақы төленгені, жергілікті атқарушы органдары тарапынан аталған жұмыстардың сапалы, уақытылы орындалуы қадағаланбағанын көрсетеді.

Онымен қатар, аудит жүргізу нәтижесі бойынша білім саласындағы педагогтардын сапалық құрамының, мектептердің материалдық – техникалық жабдықтауының, білім ұйымдарының толықтығының жағдайын қызсқаша  айтар болсақ келесідей:

Қазіргі таңда Ырғыз ауданындағы жалпы білім беру мекемелерінде 792 мұғалім жұмыс жасайжы, оның ішінде білімі бойынша: жоғары білім - 635, арнаулы орта білім - 157.

2020-2021 оқу жылын алсақ жалпы мұғалімдердің 635 жоғары білімді (жапы педагог санынан 80,2% құрайды); 157–сі  арнаулы орта білімді (жалпы педагог санынан 19,8%). Педагог қызметкерлерді ескі жүйе негізінде аттестаттау бойынша жоғары санатты 35 педагог немесе жалпы мұғаімдер санынан 6,9%, бірінші  санатты.

Ал, жаңа жүйе бойынша біліктілік санаттарын арттырған педагогтерге тоқталатын болсақ: педагог-модератор 58 (жалпы педагог санынан 7,3% құрайды), педагог-сарапшы 161 (20,3%), педагог- зерттеуші 96 (12,1%).

Санаты жоқ мұғалімдер саны 284 мұғалім немесе жалпы санынан 35,9%-ды  көрсетіп отыр.

Магистр академиялық дәрежесі бар педагог 4 (жалпы педагог санынан 0,5% құрайды)  аудан мектептерінде еңбек етуде. 

Сонымен, осы мәліметтер бойынша педагогтардың біліктілігін деңгейі арттыру үнемі жоғарлауда, бұл дегеніміз оқу сапасының деңгейі жоғарланғандығын көрсетеді.

        Ал, оқу сабақтарының тиімділігін арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы пәндік кабинеттермен жабдықталуы болып есептеледі, бірақ бұл жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде. Білім беру бөлімдерінің бұқаралық білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың дене бітіміне қол жеткізуі және оқуы үшін тиісті материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша инертті қатынаста екендігі байқалады. Сонымен, аудит объектісімен ұсынған деректеріне сәйкес Ырғыз ауданындағы мектептердің 80% пайызының материалдық-техникалық базасы ескереген, жаңартуға қажет етеді.

Аудандағы мектептердің сыймдылығы жағдайына тоқталатын болсақ қазіргі таңда ауданға қарасты 21 мектептің ішіндегі 5 мектептердің 50% – дан төмен деңгейді екендігі байқалады. Ал, 6 мектеп бойынша оқушылар саны жобалық қуатылығынан артып отыр. Сондықтан, осы мәселері бойынша тиісті іс-шаралары жүргізілу керек.

        Әрі қарай, осы жүргізілген аудит іс-шарасымен анықталған бұзушылқтарын алдынғы тексеру комиссиясымен 2016 жылы жүргізілген аудиті бойынша анықталған бұзушылықтарын салыстыратын болсақ, өтелуге жататын сомасының көрсеткіштері бірнеше есе асып түскен, атап айтқанда 2016 жылғы аудит іс-шарасымен қамтылған 27 аудит объектісінде (оның ішінде 13 меммелкеттік мекеме, 14 мемлекеттік кәсіпорын) өтелуге жататын сомасы 2483,0 мың теңгені құраған, ал 2020 жылғы аудит іс-шарасымен қамтылған 20 аудит объектісі (оның ішінде 16 мемлекеттік мекеме, 4 мемлекеттік кәсіпорын) бойынша өтелуге жататын сомасы 116577,5 мың теңгені құраған, оған қоса әкімшідк жаупкершіліктерге тарту материалдары да көбейген, яғни ол дегеніміз аудан бойынша атқарылып жатқан қызметтерінің, жасап жатқан жұмыстарының тиімсіздігін, төмендегендігін көрсетеді. Сондықтан, осы мәселесін қатан бақылауға алу керек, ол дегеніміз алдағы аудит жүргізу барысында кемшіліктерді болдырмау үшін іс-шаралар қабылдау керек.

        3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

        Тексеру комиссиясы отырысында Ырғыз ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау.

  1. «Ырғыз аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не:

1) Ырғыз ауданы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаларды әзірленуін қадағалау;

2) Бюджет бағдарлама әкімшілерінен қосымша бюджеттік өтінімдері әзірленіп, ұсынылуын қадағалау.

  1. «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ-не:

1) Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес болуын қадағалау;

2) Ырғыз аудандық коммуналдық меншігіндегі жер учаскелері бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынуын ұйымдастыру;

3) Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған өтелуге және қалпына келтіруге жататын 180180,7 мың теңгесінің 57348,3 мың теңгесі аудит іс-шара барысында өтеліп қалпына келтірілген, ал қалған 122832,4 мың теңгені (оның ішінде өтелуге жататын сомасы 106027,2 мың теңге және қалпына келтіруге жататыны 17190,2 мың теңге) толық көлемде өтелуін және қалпына келтіруін бақылауға алу;

4) Ауданның мекемелері мен кәсіпорындарының бухгалтерлік есеп-қисаптарын жүргізу автоматтандыру жұмыстарын жүргізуін қадағалау.

  1. Қабылданған шаралар туралы ақпаратты Нұсқамадағы әр тармақ бойынша ашып, растайтын құжаттарымен қоса отырып Тексеру комиссиясына 2021 жылғы 10 қыркүйегіне дейін ұсыну.

3.4. Қосымша: жиынтық тізілім 27 бетте.

Аудиторлық қорытынды 18.03.2021
Дата публикации
18 марта 2020