Ақтөбе облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы
С.Еңсегенұлына
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: жеке тұрғын үй құрылысының тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: жеке тұрғын үй құрылысының тиімді іске асырылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, талдау.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 1 қазанға дейін (қажет болған жағдайда басқа да кезеңдерді қамту).
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
2019-2020 жылдары Ақтөбе облысы бойынша халық санының өзгеруі бойынша динамикасы:
|
р/с № |
Қала, аудандар |
2019 жылдың басына |
2020 жылдың басына |
2021 жылдың басына |
|
1 |
Ақтөбе қ. |
487 994 |
500 757 |
512 452 |
|
2 |
Алға ауданы |
40 476 |
40 817 |
41 142 |
|
3 |
Әйтеке би ауданы |
24 895 |
24 360 |
24 185 |
|
4 |
Байғанин ауданы |
22 809 |
22 819 |
22 999 |
|
5 |
Қарғалы ауданы |
17 107 |
16 992 |
16 899 |
|
6 |
Қобда ауданы |
18 623 |
18 352 |
18 282 |
|
7 |
Мәртөк ауданы |
29 980 |
29 833 |
29 804 |
|
8 |
Мұғалжар ауданы |
67 416 |
67 209 |
67 326 |
|
9 |
Ойыл ауданы |
18 651 |
18 487 |
18 538 |
|
10 |
Темір ауданы |
37 740 |
37 880 |
37 867 |
|
11 |
Хромтау ауданы |
42 951 |
43 375 |
43 579 |
|
12 |
Шалқар ауданы |
45 996 |
45 815 |
45 698 |
|
13 |
Ырғыз ауданы |
14 999 |
14 947 |
14 898 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
869 637 |
881 651 |
893 669 |
Статистикалық мәліметтерден
Облыс бойынша демографиялық статистикасына сәйкес 2019-2020 жылдары халық санының 881,6-дан 893,7 мың адамға, яғни, 12,1 мың адамға немесе 9,8%-ға көбейгені байқалады.
Сараптамалық-талдау іс-шарасының шеңберінде аудандар, қала әкімдіктерінен 2019-2020 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері туралы тиісті ақпараттар сұралды.
Ұсынылған ақпараттарға және «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерінде Ақтөбе облысы бойынша 2019-2020 жылдары бойынша халықтың жалпы санынан жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрғандардың үлесі келесідей:
|
р/с № |
Қала, аудандар |
халық саны (статистикалық мәліметтер бойынша) |
Жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрғандардың саны (талдауға ұсынылған ақпараттар бойынша) |
Жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрғандардың халық санынындағы үлесі % |
|||
|
2020 жылдың басына |
2021 жылдың басына |
2020 жылдың басына |
2021 жылдың басына |
2020 жылдың басына |
2021 жылдың басына |
||
|
1 |
Ақтөбе қ. |
500 757 |
512 452 |
138338 |
144855 |
27,6% |
28,3% |
|
2 |
Алға ауданы |
40 817 |
41 142 |
12860 |
12956 |
31,5% |
31,5% |
|
3 |
Әйтеке би ауданы |
24 360 |
24 185 |
564 |
597 |
2,3% |
2,5% |
|
4 |
Байғанин ауданы |
22 819 |
22 999 |
688 |
736 |
3,0% |
3,2% |
|
5 |
Қарғалы ауданы |
16 992 |
16 899 |
1385 |
1416 |
8,2% |
8,4% |
|
6 |
Қобда ауданы |
18 352 |
18 282 |
0 |
0 |
0,0% |
0,0% |
|
7 |
Мәртөк ауданы |
29 833 |
29 804 |
5128 |
5179 |
17,2% |
17,4% |
|
8 |
Мұғалжар ауданы |
67 209 |
67 326 |
4461 |
4558 |
6,6% |
6,8% |
|
9 |
Ойыл ауданы |
18 487 |
18 538 |
0 |
0 |
0,0% |
0,0% |
|
10 |
Темір ауданы |
37 880 |
37 867 |
913 |
908 |
2,4% |
2,4% |
|
11 |
Хромтау ауданы |
43 375 |
43 579 |
6537 |
6713 |
15,1% |
15,4% |
|
12 |
Шалқар ауданы |
45 815 |
45 698 |
1533 |
1562 |
3,3% |
3,4% |
|
13 |
Ырғыз ауданы |
14 947 |
14 898 |
643 |
727 |
4,3% |
4,9% |
|
|
Барлығы: |
881 643 |
893 669 |
173 050 |
180 207 |
19,6% |
20,2% |
Кестеге сәйкес, 2019 – 2020 жылдары тек екі аудан бойынша: Қобда және Ойыл аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына кезек тізімі жоқ екендігі анық. Яғни, бұл аудандар бойынша ұсынылған ақпараттарға сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініштер келіп түсуіне байланысты қанағаттандырылуда.
Ал қалған аудандар және Ақтөбе қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрғандардың халық санындағы үлесі 2019 жыл бойынша 19,6%, 2020 жыл бойынша 20,2% құрағандығы байқалады немесе 37,1 мың адамға өскендігі, яғни, 173,1 мыңнан 180,2 мың адамға дейін.
2019-2020 жылдарында жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрғандардың саны азаймағандығы байқалады.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Жеке тұрғын үй құрылысының тиімділігіне «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ -де мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдау іс-шарасы жүргізілді.
«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен 1 (бір) бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды:
«Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен 1 (бір) бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды:
«Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ –де жүргізілген мемлекеттік аудитпен 3 (үш) бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды:
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен 4 (төрт) бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды:
«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен 1 (бір) бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды:
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік бөліністе): мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
IІІ. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: аудит барысында қабылданған шаралар жоқ.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Аудитпен жүргізілген талдау негізінде, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдері өз құзыретіндегі жұмыстарды орындау барысында Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің қағидаттарын сақтамай, бұзушылықтарға жол беріп отырғандарын атап өту қажет: Ақтөбе облысы аудандарының 232 елді мекені немесе 73,6% бойынша бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары әзірленбей және бекітілмегендігі, Алға ауданының жер комиссиясымен жалға алу мерзімі өткен және аталған учаскілерге жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілмеуіне байланысты, 10 жер учаскісіне жер комиссиясымен осы күнге бас тарту бойынша шешім қабылдамау және Мәртөк ауданданының жер комиссияларымен оң қорытындысының қолдану мерзімдері өткендеріне қарамастан, жер учакелеріне жер комиссияларымен аудит жүргізілген мерзімге дейін бас тарту бойынша шешімдердің қабылдамау фактілері орын алған.
Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскілердің ауылдық округ әкімдіктерінің, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдері тарапынан жерлердің нысаналы мақсатты пайдалануын тиісті түрде қадағаланбауынан және жер комиссиясының оң қортындысының мерзімі өткен жер учаскілеріне уақтылы тиісті мониторинг жүргізілмеу салдарынан жүйелі кемшіліктер, жер бойынша заңнаманың талаптарын бұзу орын алып отырғандығы анықталып отыр. Сондай-ақ, облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрған адамдарың санының жыл сайын азаймауына, керісінше көбейуіне байланысты, жергілікті органдармен аумақтардағы бас жобалармен белгіленген тұрғындарын жеке тұрғын үй құрылысына арнап қарастырылған жер учакелерін әлі қүнге дейін тиісті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілмеуімен дәлелденеді. Яғни, жергілікті атқарушы органдармен ЖТҚ-на инфрақұрылым салу мәселелері жылма жыл созылып, шешімдерін таппайтындығы анық.
Бұл кемшіліктер, бұзушылықтар, Ақтөбе қаласының, аудандардың, селолық округтер әкімдері тарапынан жеке тұрғын үй құрылысының тиімді іске асырылуына тиісті назар аудармайтындығын көрсетеді.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:
3.«Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ:
5.«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ:
3.4. Қосымша: (____парақ).