Аудиторское заключение 25.11.2020

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы

С.Еңсегенұлына

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қобда ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттардың және мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ, «Қобда аудандық білім бөлімі»ММ, «Ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ, «Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Қобда аудандық спорт бөлімі» ММ, «Қобда аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, «Қобда аудандық ресурстық орталығы» КММ, «Туберкулезге қарсы санаториялық үлгідегі «Нұр» балабақшасы» КММ, «Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін.

  1. Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Қобда ауданың көлемі солтүстіктен шығысқа қарай — 129,2 км., батыстан шығысқа қарай — 132,5 км. солтүстігінде Ресеймен, шығысында Алға, Мәртөк аудандары, батысында Батыс Қазақстан облысы, оңтүстігінде Темір, Ойыл аудандарымен шектеседі. Халық саны 18,4 мың адамды құрайды (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша). Әкімшілік орталығы Қобда ауылы, Халқы 6,3 мың адам. Ауылдық әкімшіліктердің саны – 16 (Ақырап, Бегалы, Бұлақ, Бестау, И.Білтабанов, Жарсай, Жарық, Талдысай, Жиренқопа, Қобда, Қызылжар, Сарыбұлақ, Сөгәлі, Терісаққан, И.Құрманов, Өтек). 

          Қобда ауданы өзінің географиялық орналасуы бойынша Батыс пен Шығысты, Еуропа мен Азияны байланыстырып жатыр. 

Ауданда жер бедерінде жылғалардан аққан жауын-шашын суларының әсерінен кескіленген жыралар, су толған ойпаттар мен шұңқырлар бар. Топырақ қабаты тегіс емес. Жері шығыс және батыс бөлікке бөлініп, шығыста Орал шоқыларына, батыс бөлігінде Шығыс-Еуропа жазығымен ұштасады. Орал шоқылары биіктігі 100-150 м. аспайтын үлкен жайпақ жазыққа, Шығыс Еуропа жазығы оңтүстік тегістікке ұласады.

Ауданның классификациялық деңгейге сәйкес экологиялық жағдайы жер және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау салдарынан өзгеріске ұшыраған ауыл шаруашылық ауданы есебіндегі екінші топқа жатады. Жартылай шөлейтті аймақтарында тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады, өзен-көлдерге, тоғандарға жуық жерлер егіншілік үшін пайдаланылады.   Әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін талдау:

Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының оң динамикасы сақталуда. 2017 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,4 млрд.теңгеге құраса, 2018 жылы 2,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, ал 2019 жылы 1,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі салаларында –9,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда – 105,4%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 40,9 млн.тг. 100,1% өндірілген. Ауданда 1228 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 1184 бірлігі  немесе 96,4 %  белсенді болып табылады. Сауда көлемі – 1,9 млрд.теңге құраған.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындары және жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандум жасалған.

Аудан экономикасына 2017 жылы 3,7 млрд. теңге инвестиция тартылған, немесе өсім 16,2%-ды құрайды. Оның ішінде   бюджет қаражаты 2,1 млрд.теңге, жеке меншікті қаражаттар 1,5 млрд. теңге. 2018 жылы  4,0 млрд. теңге инвестиция тартылып, оның ішінде бюджеттік қаражат 1,8 млрд.теңге (республикалық бюджет 799,6 млн.теңге, жергілікті бюджет 1047,4 млн.теңге), жеке меншікті қаражат 2,1 млрд.теңге, басқа да қарыз қаражаты 42,9 млн.теңге. 2019 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 5,9 млрд.теңге, оның ішінде жеке меншікті қаражат 1,3 млрд.теңге, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты 3,7 млрд.теңге.

2017 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өнім көлемі 14,8 млрд.теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға жоғары. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өсуі 16,1%, мал шаруашылығы өнімі - 2,9%-ға өскен. Егін шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан есепті 2017 жылы   ауылшаруашылық құрылымдарына 31,6 млн.теңге, мал шаруашылығын  қолдауға  198,7 млн.теңге және сатып алынған ауылшаруашылық техникаға 114,6 млн.теңге субсидияланған. Шаруашылық құрылымдары жыл сайын шаруашылықтарын жаңартуға, негізгі қорларын көбейтуге қомақты қаражат  игеруде. 2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 17,3 млрд.теңге, мал шаруашылығы, 106,8%, өсімдік шаруашылығы, 107,5%, қызметтер өсу қарқыны 106,9 %. Аудан көлеміндегі мал саны: мүйізді ірі қара 37 727, қой 85742, ешкі 10 302, шошқа 221, жылқы 10 190, құс 53 123. 2019 жылы ауыл шаруашылық салаға  барлығы 628,3 млн. теңге инвестиция тартылған.   Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 21,1млрд.теңге, оның ішінде мал шаруашылығы 15,4 млрд.тг. (106,1%.), өсімдік шаруашылығы 5,6 млрд.тг. (103,9%.), өсу қарқыны 105,5%.                                

2017 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 1,7 млрд.теңге құрады. Жеке меншік салушылармен аудан орталығында жалпы аланы 7025 шаршы метр құрайтын 66 тұрғын үй пайдалануға берілген. 2017 жылы жаңа тұрғын үй массивіне электр жүйесін өткізуге облыстық бюджеттен 47,4 млн.теңге қаражат бөлінген.

          Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қобда ауылында екі қабатты сегіз пәтерлі үш жалдамалы – коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізген. 2017 жылы жалпы алаңы 1927 шаршы метр 24 пәтер тапсыру жоспарланған. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жалпы құны 785 млн.теңгеге Бестау, Терісаққан және  И.Білтабанов елді мекендерінде сумен жабдықталған. Нәтижесінде аудан тұрғындарының 75,2 %-ы таза ауыз суды пайдаланады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7,4%-ға артқан.

2018 жылы құрылыс қызметінің көрсеткіші – 2,3 млрд.теңге немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 130,7 %. Пайдалануға берілген 62 үйдің жалпы алаңы 7526 шаршы метр, нақты көлемінің индексі 107,1 % құрайды. Аудан бойынша тұрғындардың 75,6% таза ауыз суды пайдаланады, 47% көгілдір отынмен қамтылды. «Таза ауыз сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 464,5 млн.теңгеге Талдысай ауылына су құбыры салынып, Калиновка ауылына су құбыры жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілген. 2019 жылы құрылыс қызметінің көрсеткіші – 4,0 млрд.теңге. Пайдалануға берілген үйлердің жалпы алаңы 8716 шаршы метр, нақты көлемінің индексі 115,8%.

Қобда ауданы аумағымен барлығы 533,8 км. автомобиль жолдары өтеді, оның ішінде 122 км. республикалық, 167 км облыстық және 244,8 км аудандық маңызы бар. 2017 жылы жалпы соммасы 19,1 млн  теңгеге Талдысай ауылына кіреберіс автомобиль жолы және 71,1 млн.теңгеге аудан орталығының                С.Сейфуллин және А.Молдағұлова көше жолдарына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудандық автомобиль жолдарын күтіп–ұстауға жергілікті бюджеттен 19,2 млн.теңге бөлініп, игерілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы соммасы 40,0 млн теңгеге «Қобда ауылындағы 320 орындық гимназия және дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне автожол салу және пайдалану» жобасы іске асырылған. Қобда ауданында туризмді дамыту мақсатында тарихи Абат Байтақ және Исатай Тайманұлы кесенелеріне баратын автомобиль жолдарын салуға, Бұлақ ауылына  кіреберіс  жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып 2019-2020 жылдары салынып пайдалануға берілген.

Бизнес орта топтың негізі мен азаматтық қоғамның тірегі бола отырып, жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Мемлекет басшысы саясатының арқасында кәсіпкерлікті дамытуға ауданда қолайлы жағдайлар жасалуда. 2017 жылы ауданда 1108 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 1055 бірлігі немесе 95,2% белсенді болып табылады. Салада барлығы 5450 адам немесе ауданның экономикалық белсенді тұрғындардың 45% еңбек етуде. Есепті мерзімге аудан кәсіпкерлері өз кәсібін кеңейтуге барлық қаржыландыру көздерінен 384,4 млн теңгеге несие рәсімделген. 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қонақ үй, мейрамхана кешенінің және жол бойындағы қызмет көрсету кемпингінің құрылысына 103,9 млн теңгеге 3 жобасы қаржыландырылған. Сондай-ақ жалпы сомасы 2,9 млн теңге құрайтын 2 жоба грант иеленген (жүн жуу цехы және жылыжай), кәсібін кеңейту мақсатында «Кен дала» бағыты бойынша 15,0 млн теңгеге несие рәсімделген.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу - жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі. Тұрғындарды жұмыспен қамтуға кешенді жоспары бойынша барлығы 1848 адам жұмысқа орналастырылған яғни, жоспардың орындалуы 120% құраған.  Есепті мерзімде  табысы аз отбасыларына шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен  2 млн. 840 мың теңге қаржы бөлініп, игерілген. Аталған жобаға 14 отбасы қатысып, жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға 13 бас ірі қара мал, 16 бас қой сатып алынған.

2018 жылы ауданда 1170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 1118 бірлігі белсенді.  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында сауда үйі, кофейня, кемпингінің құрылысына жалпы соммасы 115,5 млн.теңгеге 5 жоба қаржыландырылған, оның ішінде: 115,0 млн.теңге субсидиялау, кепілдендіру және 0,5 млн.теңге грант. 

          Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мақсатында ауданға шағын несиелендіруге 363,7 млн.теңге бөлінген. Ауданда 99 азамат 487,26 млн.теңгеге шағын несие алып, жоспардың орындалуы 134%-ға өскен. 

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа 2079 азамат тартылып, оның ішінде, қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету бойынша 104 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына 237 азамат, жастар тәжірибесіне 122 жастар жұмысқа қабылданған. «Жасыл ел» бағдарламасына 309  жас қатыстырылған. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 207 азамат тартылған.

2019 жылы  554 жаңа жұмыс орны ашылған, ақылы қоғамдық жұмысқа 233 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 177 адам тартылды, 136 адам кәсіби оқуға және 116 түлек жастар тәжірибесіне жолданған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 222 азамат оқытылып, сертификат алған. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мақсатында 100 азамат 464,9 млн. теңгеге шағын несие алды, жылдық жоспар 105,0 пайызға орындалған. Аудан бойынша жұмыссыз ретінде 37 азамат  тіркеліп,   жұмыссыздық деңгейі  0,3 %. 

Ауданда білімнің жаңа сапасына қол жеткізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Білім беру саласына 2017 жылы жұмсалған қаражат 2,3 млрд. теңге немесе аудан бюджетінің 52%-ын құрады. Мектепке дейінгі білім беру саласында 970 баланы қамтитын 29 ұйым қызмет етуде (16 балабақша, 13 шағын орталық) мектепке дейінгі   тәрбиемен қамтылуы 99,6% құрайды, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар -100%. Ауданда 2541 оқушыны қамтитын 26 мектеп қызмет жасайды, оның ішінде 18 орта, 8 негізгі. 2017 жылы интернет желісіне 23 мектеп 88,4 % қосылса 2018 жылы ауданның 26  мектебі  толықтай  интернет  желісіне  қосылған. 2017 жылы жалпы соммасы 94,7 млн теңгеге Жарсай негізгі мектебі, Жаңаталап, Жарық орта мектептері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Үш ауысымдағы мектептің проблемасын жою үшін жалпы сомасы 760,8 млн.теңгеге 320 орындық Қобда гимназиясының ғимараты іске қосылды. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 4,0 млн.теңге  қаражат бөлініп, мектептер  ағымдағы жөндеуден өтті.

2017 жылы 2,4 млн.теңгеге білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, мектептерге робототехника құрал жабдықтары, жаңа компьютерлер сатып алынған.  21,0 млн.теңгеге оқулықтар сатып алынған. «Туған жерге тағзым» акциясы барысында аудан мектептеріне 25,6 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілуде.  Мектеп түлектерінің қатысуымен акция аясында мектепке кәріз жүйесін өткізу, спорт алаңдары, жылыжай, мұражайлар жасақтау   жобалары жүзеге асырылды.

2019 жылы демеушілік есебінен Қобда гимназиясы, облыстық бюджет қаражаты есебінен Талдысай ОМ IT кластарымен жабдықталды. Аудан мектептерінде 49 баланың инклюзивті білім алуына жағдай жасалып, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 38 балаға оңалту көмегі көрсетіледі.

Денсаулық саласында да оң өзгерістер байқалады. Туберкулезге қатысты ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар шаралар іске асырылған, 2017 жылы барлығы 10670 адам тексеруден өтіп, анықталған науқастар сауықтыру емдерін қабылдауда.

          «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2017 жылы жоспарланған 12 скрининг түрінен 15083 адам тегін медициналық тексерулер жүргізілген.

          Медициналық көмектің сапасын және материалдық-техникалық деңгейін арттыру мақсатында барлығы 10,7 млн.теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынып, 13,4 млн теңгеге аудандық орталық аурухана және Әлия дәрігерлік амбулатория ғимараттары газ жылуымен қамтамасыз етілген.

          Медицина саласына жетіспейтін мамандарды тарту мақсатында оқу орындарымен жүйелі жұмыс жүргізіліп, өткен жылы ауданға 7 дәрігер мен 8 медбике жұмысқа қабылданған. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде Талдысай ауылында  фельдшерлік акушерлік пункті іске қосылды.

Аудан бойынша халыққа 27 емдеу-алдын алу мекемесі, оның ішінде 1  аудандық орталық аурухана,  6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 18 медициналық пункттер қызмет етеді. 2018 жылы – 264 нәресте  дүниеге келген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артық, табиғи өсім 136 адамды құрады.

         2019 жылдың қорытындысы бойынша демографиялық көрсеткіштер жақсаруда – 265 нәресте  дүниеге келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артық, табиғи өсім өткен жылмен салыстырғанда  5,1 пайызға  жоғары.

         2019 жылы аудан орталығында жаңадан 6 жасқа дейінгі балаларды қарайтын педиатриялық участок ашылды. Денсаулық сақтау саласында «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын енгізу мақсатында  жүйелі шаралар іске асырылуда.   Ауданда денсаулық сақтау саласы бойынша кадр тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Аудан бойынша қазіргі уақытта ауыл медицина қызметкерлері, лор, офтальмолог дәрігерлер жетіспейді.

Ауданда 49 мәдениет ұйымдары (Мәдениет үйі, 2 Ауылдық мәдениет үйі, 22 клуб, 23 кітапхана, Жастар үйі,) халыққа қызмет көрсетуде. Өткен жылы барлық денгейдегі 1652 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.  Шекаралас ынтымақтасты нығайту мақсатында науырыз айында көршілес Тұз төбе қаласында «Қобда ауданы күндері», Орынбор қаласында «Дәстүрім салтым –шарықтар даңқым» театрланған көріністер өткізілген. Мәдениет мекемелерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 14,1 млн теңге бөлініп, игерілген. «Қобыланды батыр» кесенесіне туристік ағынды көбейту мақсатында 2017 жылы қонақ үй құрылысы басталған.

Кітап қоры – 270,7 мың дана, оқырман саны - 12750. Талдысай ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі коворкинг орталығына бейімделінді, ауданның кітапхана қоры 2,3 млн.теңгеге толықтырылып, материалдық  базасы  1,7 млн теңгеге  қаржыландырылған. Мәдениет мекемелерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға 23,5 млн. теңге бөлініп, сахна киімі, жиһаздар, музыкалық аппаратура, компьютерлер алынған. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Калиновка ауылдық клубының шатыры 7,08 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ауданда 60 спорттық құрылымдары жұмыс жасайды, онда аудан тұрғындардың 29% жүйелі түрде спортпен шұғылдануда.    Жыл қорытындысы бойынша облыстық, аудандық денгейде 232 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 9226 адам қатысқан. Аудан көлемінде «Ақтөбе» футбол клубының филиалы ашылып, жас спортшылар облыстық жарыстарға қатысуда. Аудан орталығында жалпы құны 250,0 млн.теңге құрайтын бассейнімен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған. «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша демеушілердің көмегімен Жарық ауылында 12 млн теңгеге заман талабына сай спорт алаңы салынды.         

          Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында көрініс тапқан мақсаттарға сай аудан орталығында «Отан Ана» демалыс саябағы  және «Мәңгілік Ел» мемориалдық  саябағына құрылыс жұмыстары жүргізілген.  Аудан аумағында Қобыланды батыр, Исатай Тайманұлының және Әлия Молдағұлованың ескерткіштері тұрғызылған. Абат – Байтақ кесенесі жаңартылып, Жиренқопа ауылындағы Қобыланды мемориалдық кешеніне күрделі жөндеу жүргізілген.

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына аудан бюджетінің игерілуі бойынша,  жоспар 3764,1 млн.теңге, орындалуы 4859,3 млн.теңге немесе 100 %. Барлық салықтар бойынша  есептік кезеңге 432,1 млн.теңге (155,8%),  оның ішінде жергілікті бюджетке 370,9 млн.тг. түсіп, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 135,7%, немесе 97,7 млн.теңгеге артқан. Аудан бюджетінің игерілуі  99,9%.     

          Аудан экономикасына 2070,6 млн.теңге инвестиция тартылды, оның ішінде бюджеттік қаражат 641,2 млн.теңге, меншікті қаражат 480,6 млн.теңге, банктің кредиттері 99,8 млн.теңге және басқа да қарыз қаражаттар 848,8 млн.теңге.  Инвестиция көлемі өткен жылдың кезеңінен 120% орындалған.          Шаруашылық құрылымдардан ауыл шаруашылық саласына 675,8 млн.теңге инвестиция тартылды.

          Құрылыс қызметінің көрсеткіші – 1222,1 млн.теңге немесе 2019 жылдың тиісті кезеңге 134,7%. Есепті кезеңге жалпы алаңы 3543 шаршы метр пайдалануға берілді. (НКИ 103,7 %.).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 8422,2 млн.теңге, оның ішінде мал шаруашылығының үлесі 99,5%,  нақты көлем индексі 105,8%. 

Есептік кезеңге 756,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 100,1 % құрайды.

Ауданда 1293 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 1259 бірлігі  немесе 97,4%  белсенді болып табылады.  

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Мемлекеттік аудит Қобда ауданына қарасты 16 мемлекеттік мекемелерге жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 16 985 742,9 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 460 755,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

 1) қаржылық бұзушылықтар 158 440,6 мың теңге;

 2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 1 265 765,0 мың теңге;

 3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша 36 549,6 мың теңге;

 4) рәсімдік бұзушылықтар 122 (жүз жиырма екі) бірлік.

  1. Анықталған 158440,6 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1) «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшы мамандарының қортындысы бойынша құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалмаған жұмыстардың құны 7636,4 мың теңгені құрады («Ақтөбе обл. Қобда ауд., Қобда ауылындағы 4 қабатты жалгерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы-2929,4 м.т., Ақтөбе обл. Қобда ауд. Қобда ауылындағы үш екі қабатты сегіз пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы-776,9 м.т., Ақтөбе обл. Қобда ауд. Қобда ауылындағы А.Сулейменов атындағы орталық алаңға қосып абаттандыру-3930,1 м.т.);

2) Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағын бұза отырып, сомасы 2079,5 мың теңгеге қысқы уақытта жұмыстарды жүргізуді қиындатумен байланысты қосымша шығындар коэффициентін 8.04 – 06 – 2015 ҚР ҰДО-да көзделмеген әрлеу жұмыстары мен жабдықтарына қолдану фактілеріне жол берілді. (Жарсай негізгі мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары-187,0 м.т., Жаңаталап орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына-225,6 м.т., Жарық орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына-417,2 м.т., Бегалы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына-1249,7 м.т.);

2) Нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан, қосымша ақысынан және есептелген еңбек демалысынан артық негізсіз 2715,9 мың теңге төленген  («Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-184,9 м.т., «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-54,2 м.т., «Қобда аудандық білім бөлімі» ММ-368,0 м.т., «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-168,9 м.т., «Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ-40,4 м.т., «Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-221,8 м.т., «Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-33,4 м.т., «Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-1541,6 м.т., «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-102,7 м.т.);

3) Мекемелер қызметкерлеріне жалпы сомасы 968,9 мың теңгеге артық, негізсіз іссапар шығындары төленген («Қобда аудандық білім бөлімі» ММ-50,0 м.т., «Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-891,8 м.т., «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-20,3 м.т., «Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі "Нұр "балабақшасы» ММ-6,8 м.т.);

4) Республикалық трансферттер есебінен қалған жалпы сомасы 29918,1 мың теңге қаражатты республикалық бюджетке қайтарудың орнына негізсіз жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға тиісті шығындарға (әлеуметтік салық, кәсіподақ жарнасы) жұмсалған («Қобда аудандық білім бөлімі» ММ);

5) Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының жалпы сомасы 580,3 мың теңге қамтамасыз ету сомалары 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бойынша сұраныссыз бұрынғы кездерден келе жатырған кредиторлық берешек болып тіркеліп, Мекемелермен оларды жою бойынша ешқандай шаралар қабылданбаған («Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ);

6) Тұрғын үй қорынан үйлердi 78 жалдаушының жалпы қарызы 2626,1  мың теңгеге осы күнге дейін үйлерді жалдау құны мен өсім пұлдары бюджетке өндірілмеген және тиісті шаралары қабылданбаған («Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ);

7) Жер учаскелерін сату бойынша ай сайынғы негізгі сомасымен және тұрақсыздық айыппұлдарымен қоса жалпы сомасы 166,4 мың теңгеге өндіру жұмыстары толық жүргізілмеген («Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ);

8) Қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне тұрмаған жеке кәсіпкерге негізсіз 246,4 мың теңге ҚҚС сомасы есептеліп, бюджет қаражаттары шығындалған («Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ);

9) Бюджетке қайтарылуы тиіс көтерме ақы бойынша 3 маман шарт міндеттерін толық орындамай барлығы 757,5 мың теңге берешек сомасын өтемеген («Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ).

12)  «Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»  РММ-мен уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтеріне тиісті түрде камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан барлығы 1447,8 мың теңгеге бюджетке есептеліп өндірілмеген (жеке табыс салығы 583,5 м.т., әлеуметтік салық сомасы 415,7 м.т., жер салығы 138,6 м.т., учаскелерін пайдаланғаны үшін салық сомасы 101,9 м.т., көлік салығы 208,1 м.т.).

13) Бюджеттік өтінімдерінде қарастырылмаған шығыстарға (ұялы байланыс операторы) жалпы сомасы 594,8 мың теңге негізсіз шығысталған («Қобда аудандық білім бөлімі»ММ-554,6 м.т., «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-40,2 м.т.);

14) Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығындарға Мекеме ғимаратының баланстық құнын өсіру барысында барлығы 12299,1 мың теңге авторлық қадағалауға, техникалық қадағалауға, жобалық-сметалық құжаттама дайындауға және сараптама қортындысына жұмсалған шығындар ескерілмеген. Сондай-ақ күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізіліп, ғимараттың баланстық құны 7803,3 мың теңгеге өсірілмеген. («Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-111,4 м.т., «Қобда аудандық білім бөлімі»ММ-4384,4 м.т., «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-7803,3);

13) Жалпы сомасы 96403,4 мың теңгеге негізгі құралдар есепке алынбаған («Қобда аудандық білім бөлімі»ММ-94743,4 м.т., «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-1600,0 м.т., «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-60,0 м.т.,).

  1. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша жалпы сомасы 1265765,04 мың теңге:

1) «Қобда аудандық білім бөлімі» ММ-мен жалпы сомасы 1978,3 мың теңгеге негізгі құралдар алынып, осы кезге дейін пайдаланылмай, тиімді пайдалану принципы сақталмаған және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген («Жаңаталап мектеп-бақшасы» КММ-1680,0 м.т., «Жарсай негізгі мектебі» КММ-220,9 м.т., «А.Молдағұлова атындағы орта мектебі» КММ-38,7 м.т.,  «Қобда қазақ орта мектебі» КММ-гі 38,7 м.т.,);

2) Бюджет қаражаттарын жоспарлау кезінде нақты мәліметтер ескерілмей, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпаратты, тікелей және түпкілікті нәтижелер сипаттамасының дұрыстығы қамтамасыз етілмей жалпы сомасы 1252857,04 мың теңгеге Бұлақ ауылынаа кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары бойынша бюджет қаражаттары тиімсіз пайдаланған;

3) «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің балансында тұрған электр желілерін ұстауға, оған техникалық қызмет көрсетуге жалпы сомасы 9176,7 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты тиімділік қағидаты сақталмай шығындалған болып есептеледі;

4) «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2005 жылы шығарылған, тозығы жеткен «Шевроле Нива 212300» маркалы автокөліктіктің жүріп тұруын қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы  1753,0  мың теңге  бюджет қаражаты тиімсіз шығындалған.

  1. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша жалпы сомасы 36 549,6 мың теңге:

1) «Қобда аудандық білім бөлімі» ММ бюджеттік өтінімде жасалмай, жоспарланбаған тауарлар сатып алу, бюджеттік өтінім жоспарлары мақсатты жұмсалмауы, тиімділік қағидаты сақталмауы, бюджеттік өтінімнің барлығы 953,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарланған;

2) «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен жоспарланған жалпы сомасы 35596,6 мың теңгеге іс-шаралар орындалмай, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған

  1. Рәсімдік бұзушылықтар бойынша:

«Қобда ауданы Әкімінің аппараты» ММ-сі

  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 үй мекен жайында орналасқан ғимаратына жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізілілген;
  • Орналасқан ғимаратын жөндеу бойынша жүргізілген шығындары, күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілуінің орынына ағымдағы шығыстарға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілген;
  • Еңбек ақы бойынша дебиторлық берешектердің қалыптасуына жол берілген;
  • Баланстағы ғимараты және ғимарат орналасқан алаңы жер учаскесі бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Екінші қол қою құқығы болған қызметкерлер жұмыстан босатылған (жұмыстан шығарылған, басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) кезде Мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жұмыстары жүргізілмеген;
  • Жанар жағар майды есептен шығару кезінде жол парақтары тиісті түрде толтырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден жасалған келісім шарттар веб-порталда бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Бейнебақылау құрылғыларын сатып алу және орнату бойынша конкурсында мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптары қойылуына жол берілген;
  • Бейнебақылау құрылғыларын сатып алу және орнату бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бұзушылық жолымен өткізілген;
  • Өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінбеген;

«Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

  • Жалпы сомасы 12202,3 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Өңірлерді дамыту "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен алынған несиенің мерзімі өткен мамандардан несиені қайтару жұмыстары жүргізілмеген;
  • Нысаналы индикатордың орындалуына қол жеткізілмеген, нәтижелілік және тиімділік - мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін таңдау барынша дұрыс (нәтижелі) болуға, ағымдағы ахуалды терең талдауға және қойылған нәтижелерге ресурстарды барынша аз жұмсай отырып қол жеткізу қажеттілігіне негізделуі тиістігі жөніндегі талаптары сақталмаған;
  • Аудан бюджетін қалыптастыру кезінде негізділік принципі сақталмай, бюджет жобасына енгізілуі қажет көлемдердің негізділігі айқындалмай, бюджеті бекітілген;
  • Аудан бюджетіне нақты түскен кейбір түсімдер, реалистік қағидаты сақталмай, бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеген;

«Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалары кешіктіріліп бекітілген және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қойылып келісілмеген;
  • Бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламасының түпкілікті нәтижесі ақшалай түрінде көрсетілген;
  • Бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелері өзара қайталанған;
  • Бюджеттік бағдарламалары өз ресми сайтына орналастырылмаған;
  • коммуналдық меншігінде тіркелген мүліктері мен активтерін тиімді пайдаланылуы, тисті түрде жұмыс жасалынуы, уақытылы қадағалауы жүргізілмеген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Жалпы сомасы 855132,6 мың теңге қаражатына бюджеттік өтінімдері жасалмай және ұсынылмай жоспарлау негізділігі сақталмаған;

«Қобда аудандық білім бөлімі» ММ

  • Мектеп ғимараттары мен жер учаскелері бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Қаржылық есебі жыл басындағы "Бас Журнал" кітабымен қалдықтар сомасының жазбаларына сәйкес келмейді, бұл бухгалтерлік есепті жүргізу талаптары бұзылған;
  • Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік білімі жоқ мұғалімдер жұмысқа қабылданып, еңбекақы есептелініп төленген;
  • Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жоғары педагогикалық білімі болғанымен, педагогикалық жұмыс өтілдері 3 жылға жетпейтіндігі қызметкерлерге еңбек ақы төленген;
  • Мектеп директоры және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарификациялық тізілімінде 1,0 ставкамен бекітілген және қосымша 0,5 ставкадан артық қосымша сағаттар бойынша сабақ жүргізіп, апталық жүктемесі күнделікті жұмыс уақытының нормасынан асырып еңбекақы төленген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар берілмей, мектеп ғимарттарында күрделі жөндеу жұмыстары басталған;
  • Бюджеттік бағдарламада тікелей көрсеткіштерінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамалары көрсетілмеген;

«Қобда аудандық сәулет, құрылыс, түкш, жк және аж бөлімі» ММ

  • Бас маманы (есепші) жұмыстан босатылған кезінде істерді тапсыру жұмыстары жүргізілмеген;
  • Балансында тіркелген 15 тұрғын үй мен жер учаскелерінің бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Бюджетті нақтылау (түзету) жасамай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізген және бір бұйрықты бірнеше рет веб-порталда орналастырған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жері болмай инвестициялық жоба (құрылыс-монтаж жұмыстары) жүзеге асырылған;
  • Балансында тұрған газ желілері, электр желілері мен электр трансформаторларын кепілге, мүлікті жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы жұмыстар тиісті деңгейде атқарылмаған;
  • Тас жолы бойындағы кемпинг (газбен жабдықтау объектілерін күтіп-ұстауға) бюджет қаражаты тиімділік қағидаты сақталмай, арнайы жеке субъектісінің өзінің иелігіне берілмегендіктен бюджет қаражаты қосымша шығындалған;
  • Қобда ауылындағы 4 қабатты жалгерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және көгалдандырусыз) жұмысы бойынша техникалық қадағалау қызметтерін тиісті түрде орындамаған;

«Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ

  • Жалпы сомасы 198769,2 мың теңгеге жүргізілген шығындарға бюджеттік өтінімдері жасалмаған;
  • Бухгалтерлік есеп жүргізу қағитады сақталмай «Басты-журнал» кітабы жүргізілмеген;
  • Әр айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 100%-ы мөлшерінде аванс беріліп отырған;
  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Жанар жағар майды есептен шығару кезінде жол парақтары тиісті түрде толтырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға артығымен төленген немесе негізсіз төленген бюджетке қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілмеген;

«Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы»  КММ

  • Жалпы сомасы 4286,1 мың теңгеге қосымша шығыстар есептемелері әзірленбеген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;

«Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Автокөлікті қаржылық балансында көрсетілмей қаржылық есеп бұрмаланып тапсырылған;
  • Бухгалтерлік есепті жүргізетін және қаржылық есептілікті жасайтын тұлғалар бірнеше рет ауысқанмен бухгалтерлік құжаттарына қабылдау-тапсыру актісі жасалмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;

«Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалары әзірленген және оған өзгерістер енгізілген кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бұйрықпен бекітілу және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісу рәсімдері жүргізілмеген;
  • Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) бекітілгеннен кейін бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған;
  • Материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғалармен толық жауапкершілігі туралы шарттар жасалмаған;
  • Балансындағы ғимарат орналасқан жер учаскесі бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Жанар жағар майды есептен шығару кезінде жол парақтары тиісті түрде толтырылмаған;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей көрсеткіштерінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамалары көрсетілмеген;

«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

  • Жалпы сомасы 1330,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген;
  • Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемдер төлеу жүргізілген;
  • Пайда болған 2018 жыл аяғына дебиторлық берешек 210,9 мың теңге, бас журнал кітабында дұрыс көрсетілмей, қаржылық есеп бұрмалаушылықпен тапсырылған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Жалпы сомасы 2189,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

  • Жалпы сомасы 7185,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген;
  • Жыл қорытындысы бойынша кредиторлық берешек бола тұра, қызметкерлерге сыйақы берілген;
  • Ай сайынғы есеп айырысу ведомостісі бекітілген нысанға сәйкес және қызметкерге берілген аванстың сомасы ай басындағы қалдық көрсетілмеген;
  • 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша барлығы  750,6 мың теңгеге аванстық (алдын ала) төлемдер жүргізілген;
  • Іссапар шығындары бойынша дебиторлық берешегі бар қызметкерге аванстар беріліп, дебиторлық берешегі ескерілмеген;
  • Тиісті бейіні бойынша арнайы спорттық кәсіптік білімі жоқ тұлғалар жаттықтырушы ретінде жұмысқа қабылданған;
  • Бухгалтер лауазымы «Бас бухгалтер» лауазымына бұзушылықпен бекітілген;
  • Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі «келісім бойынша» деп көрсетілген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

  • Жалпы сомасы 4434,7 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері әзірленбеген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ

  • Жалпы сомасы 1046,2 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері әзірленбеген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасы» КММ

  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ

  • Салық төлеушілердің жеке шоттарда жазбаларды жүргізудің уақыттылығы мен дұрыстығына камералдық бақылау жүргізілмеген;
  • Жеке тұлғаларға салынатын жер мүлік салығын жеке шоттарға отырғызу белгіленген мерзім 1 шілдеден кешіктіріліп жүргізілген.

IІІ. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында 119451,7 мың теңге сомасына жергілікті бюджет қаражаты өтелді және қалпына келтірілді, тексеру комиссиясының отырысына дейін өтелгені 776,9 мың теңге және 26 факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдарға материалдарды беру бастамашылық етілді.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Азаматтық кодекстерінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Білім туралы» Заңдарының және басқа да заңнамалардың талаптарының жүйелік бұзылуының салдарынан активтерді, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануының және жоспарлануының төмендігін атап өту қажет.

  Жүргізілген аудит бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында мекемелерде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығын және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган «Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ тарапынан бюджетті жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігін және тиімділігін қамтамасыз етілуінің, активтерді тиімді пайдалану бойынша бақылаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

   Мемлекеттік мекемелерде жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар: бюджеттік өтінімдердің жасалмауы және толық тапсырылмауы, бюджеттік бағдарламалардың әзірленбеуі, дұрыс есептелмеу салдарынан негізсіз іс-сапар шығындарын төлеуі, негізсіз артық еңбекақы төленуі, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзу, бухгалтерлік есептің дұрыс жургізілмеуі, негізгі құралдар мен материалдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарына кірістелмеуі, орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу, және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді, салықтарды өндіруді қамтамасыз етпеуі болып келеді.

Құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстарға ақы төленгені, жергілікті атқарушы органдары тарапынан аталған жұмыстардың сапалы, уақытылы орындалуы қадағаланбағанын көрсетеді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

  1. Тесеру комиссиясы отырысында Қобда ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау.
  2. Қобда ауданының әкіміне:

1) 2020 жылғы 05 қаңтарға дейін мемлекеттік аудит барысында белгіленген заңнама бұзушылықтарына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау жөнінде шаралар қабылдау;

2) 2021 жылғы 10 наурызға дейін аудиторлық іс-шара барысында анықталған өтелуге жататын жалпы сомасы 38981,6 мың теңгені жою жөнінде шаралар қабылдау.

  1. «Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не:

1) Қобда ауданы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаларды әзірленуін қадағалау;

2) Бюджет бағдарлама әкімшілерінен қосымша бюджеттік өтінімдері әзірленіп, ұсынылуын қадағалау;

3) Өңірлерді дамыту "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен алынған несиенің  мерзімі өткен мамандардан несиені қайтару іс-шаралары ұйымдастыру.

  1. «Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ-не:

1) Қобда ауданы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес болуын қадағалау;

2) Қобда аудандық коммуналдық меншігіндегі жер учаскелері бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынуын ұйымдастыру;

  3) Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған өтелуге және қалпына келтіруге жататын жалпы сомасы 38212,0 мың теңгені толық көлемде өтелуін бақылауға алу;

  1. Аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелерге:

  1) Аудиторлық есепте көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қамтамасыз ету;

  2) 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін заңнама бұзушылықтарына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарастыру;

  3) 2021 жылғы 10 наурызға дейін аудиторлық іс-шара барысында анықталған өтелуге жататын жалпы сомасы 38212,2 мың теңгені жою жөнінде шаралар қабылдау;

4) Қабылданған шаралар туралы ақпарат растайтын құжаттарымен бірге                 Тексеру комиссиясына белгіленген мерзімдерде ұсыну.

  1. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:

  1) «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ, «Қобда аудандық білім бөлімі»ММ, «Ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ, «Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Қобда аудандық спорт бөлімі» ММ, «Қобда аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, «Қобда аудандық ресурстық орталығы» КММ, «Туберкулезге қарсы санаториялық үлгідегі «Нұр» балабақшасы» КММ  материалдары мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп заңнамасын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданғандығы есепке алынсын;

  2)Ақтөбе облысының прокуратурасына келесі бұзушылықтар бойынша жолдансын:

- «Қобда аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ бойынша нақты тиісті еңбекақысынан  1541,6 мың теңге  негізсіз  артық  аударылғаны;

 «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бойынша:

-  «Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Қобда ауылындағы 4 қабатты жалгерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және көгалдандырусыз)» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «КазПромСтрой» ЖШС-мен 24.06.2019 жылғы №27 шарты бойынша барлығы 2929,4 мың теңгеге орындалмаған жұмыстары;

- «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылындағы үш екі қабатты сегіз пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Динамо» ЖШС-мен 30.05.2017 жылғы №12 шарты бойынша барлығы 776,9 мың теңгеге орындалмаған жұмыстары;

- «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылындағы А.Сулейменов атындағы орталық алаңға қосып абаттандыру» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Актобе Кап-Рем-Строй» ЖШС-мен 01.07.2017 жылғы №23 шарты бойынша барлығы 3930,1 мың теңгеге орындалмаған жұмыстары.

3.4. Қосымша: жиынтық тізілім ____ бетте.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                         Г.Г.Тұрмағамбетова

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау бөлімінің басшысы                                                           Г.С.Изтлеуова

 

Сапаны бақылау бөлімінің басшысы                                          Б.К.Тулеубаева

 

Құқықтық жұмыстар бөлімінің

басшысы                                                                                          Р.А.Балкасынов

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау бөлімінің бас инспектор-

мемлекеттік аудиторы                                                                  Е.Т.Жұмағалиев

Аудиторское заключение 25.11.2020
Дата публикации
25 ноября 2020