сч
Ақтөбе облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы
С.Еңсегенұлына
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: бюджет қаражаттары және мемлекеттік активтерінің дұрыс, тиімді пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру тиімділігі.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін (қажет болған жағдайда басқа да кезеңдер).
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
2015 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы қабылданғаннан бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары (бұдан әрі МЖӘ) санының өсуі байқалады, казіргі таңда 17 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары 19,8 млрд.теңгелік шарттық құнымен іске асырылып жатыр, оның ішінде мемлекеттік міндеттемелер 18,4 млрд.тенгені құрайды.
2018 жылы Ақтөбе облысы жеке секторға инвестицияларды тарту бойынша жетекші орын алды, яғни 9 ірі жоба жалпы сомасы 17,3 млрд теңгеге асырыла бастады.
2016 жылғы қараша айында жедел жәрдем қызметін түрік инвесторларына беру туралы шешім қабылданып, «Қалалық жедел медициналық пунктінің құрылысы және пайдалануы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты жасалды. Жобаны іске асыру мерзімі бойынша 2017 жылы құрылыс жұмыстары және 2018-2023 жылдары пайдалануы қарастырылған. 2018 жылдың наурыз айында гараж және диспетчерлік орталығы бар жаңа бас станция пайдалануға берілді, 35 жаңа жедел жәрдем көлігі сатып алынды.
Бір жылғы жалпы инвестиция көлемі 3,5 млрд.теңгені құрады. Инвестор қаражаты мемлекеттік тапсырысты төлеу арқылы қайтарылады. Жедел жәрдемнің әр шақыртуы үшін жергілікті бюджеттен 12 мың теңге төленеді. 2024 жылға дейін түрік инвесторлары мемлекеттен 3,9 млрд. алуы керек. Ыстамбұлдағы әріптестердің тәжірибесін, жедел жәрдем қызметінің заманауи мегаполисте қалай тиімді жұмыс істейтіндігі зерттелді. Тіпті ауыр халде өтіп, қай жерде екенін біле алмайтын науқастың шақыруын байқауға болады. Тиімділігі шамамен екі есеге өсті, жедел жәрдемнің келу уақыты бір жылдың ішінде 50% қысқарды.
Шетелдік қатысумен мемлекеттік-жекешелік әріптесінің тағы бір жобасы – 2,5 мың орындық Мұз аренасының құрылысы мен пайдалануы бойынша 2016 жылы келісім-шарт жасалды. Спорттық нысанды «Н+Н Technica» чех компаниясы салды (бас мердігер – қазақстандық құрылыс компаниясы). Жобаны іске асыру мерзімі 2016-2017ж.ж. (1,5 жыл - құрылыс) және 2018-2024 жылдары пайдалану.
Арена құрылысына компания 3,7 миллиард теңге жұмсаған, 2023 жылға қарай 4,5 миллиард инвестордың бюджетіне қайтарылады. Осы уақытқа дейін спорт нысаны кәсіпкердің сенімгерлік басқаруында болады. Келісім аяқталғаннан кейін мемлекет аренаны басқа кәсіпкерге бере алады.
Үшінші ірі жоба - құны 3,8 миллиард теңгені құрайтын заманауи офтальмологиялық «Дару жарығы» клиникасы. Орталық 2017 жылдың желтоқсанында тапсырылды, ал ағымдағы жылдың басында ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің механизмі арқылы науқастарды қабылдай бастады.
Жобаның мақсаты - көптеген жылдар бойы Қазақстанның батысында орналасқан төрт облыс тұрғындарынан ақша тауып келген Ресейдің шекара клиникаларымен бәсекелесу.
Мемлекет инвесторға басты мәселені - кадр тапшылығын шешуге көмектесті. Келісім бойынша қалалық аурухананың көз бөлімі және Оспанов атындағы медициналық университеттің көз аурулары бөлімі берілді. Олар сол клиникаға толықтай көшіп барды.
Ақтөбе қаласында сауықтыру-педагогикалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған қажетті арнайы қызметтер жиынтығын ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсететін, ақыл-есі кем балаларға арналған әлеуметтік-білім беру мекемесін құру мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру мерзімі 2018-2020 ж.ж., жобаның сомасы 918,0 млн. теңгені құрады. Ғимарат бастапқыда жалға алынып, кейін 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған балабақшаны орналастыру үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесін коммуналдық меншікке беру және ұстау туралы мемлекеттік- жекешелік әріптестік келісім шарты құрылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында стационар жағдайында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша қызметті ұсыну туралы 2017 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты жасалды, жобаны іске асыру мерзімі 10 жыл - 2017-2027 ж.ж. аралығы, жобаның сомасы 1,9 млрд. теңгені құрады.
Келесі жоба, тұрғын үй тапшылығын азайту және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатымен 2018 жылы жекешелік әріптестік келісім шарты құрылған, жобаны іске асыру мерзімі 2018-2024 ж.ж.аралығы. Аталған жобаның түпкілікті нәтижесі - Ақтөбе қаласындағы бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру.
Сонымен қатар, инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу денсаулық саласының 4 нысанына, ол шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облысының ауруханасы» МКК-ның галереяға екі қабатты кеңейту құрылысы, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультациялық-диагностикалық орталығы» МКК–ның филиалының қүрделі жөндеу, шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емханасы» МКК-ның жылу жүйесіне қүрделі жөндеу, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» МКК-ны қасбеттерін күрделі жөндеу, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК-ның балалар ауруханасының бас ғимаратына қосымша ғимарат салу және пайдалану.
Сонымен қатар, спорт және білім саласындағы қызмет көрсету мақсатында ғимараттарды жалға алу қызметтері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша келісім-шарттар құрылып, іске асырылуда.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны болып табылады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және мемлекеттік ресурстарды үнемді, тиімді пайдалану мақсатында МЖӘ қалыптастырылды. Яғни, жекешелік әріптестердің инвестицияларын бастапқы кезеңде жұмылдырып, яғни бюджет қаражатын тиімді пайдалануын айқындайды.
Ақтөбе облысында іске асырылған мемлекеттік –жекешелік әріптестік жобалары:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;
2) инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келесі МЖӘ жобалары іске асырылуда:
- «Ақтөбе қаласында 60 керуеттік офтальмологиялық ауруханасын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы;
- «Ақтөбе қаласындағы жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті құрылысы және пайдалану» МЖӘ жобасы;
- «Ақтөбе қаласында ауысымына 300 келіп кетуге арналған қалалық балалар стоматологиялық емханасының құрылысын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы;
- «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының қасбеттерін күрделі жөндеу» МЖӘ жобасы;
- «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының галереясына екі қабатты құрылыс салу» МЖӘ жобасы;
- «Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеуден өткізу» МЖӘ жобасы;
- «Шаруашылық жөндеу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» МЖӘ жобасы.
Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға сәйкес, Ақтөбе облысында мүгедек балалар ем алу үшін басқа облыстардағы Республикалық медициналық-әлеуметтік мекемелеріне жіберілген, олар Қызылорда облысы, Астана қаласы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.
Осыған орай, «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе қаласындағы стационар жағдайында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша қызметті ұсыну» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруда.
«Ақтөбе қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы:
Жоба МЖӘ тетігі негізінде Ақтөбе қаласында 2500 көрерменге арналған Мұз сарайын салуды және пайдалануды көздейді, мемлекет жер учаскесін беруге, құрылыс жобасын қоса қаржыландыруға, инвестициялық шығындарды өтеу және операциялық шығындарды өтеу түріндегі шығындарды өтеу көздерін беруге және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуге жауап береді.
Аталған жобаның мақсаты: Ақтөбе қаласында дене шынықтыру және спортты тұрақты дамыту;
Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының тұрғындарын тарта отырып, қысқы спорт түрлерін танымал етуді қамтамасыз ететін спорт түрлерін дамыту проблемаларын кешенді шешу;
Міндеттері: қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға жағдай жасау; спорт резервін және жоғары жетістіктер спортын даярлау;оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстар өткізу;
Жобаның нәтижесі: экономикалық тұрғыдан жоба: 121 жаңа жұмыс орнын құруға, жұмысшыларға тұрақты табыс алуға; дене шынықтыру және спорт саласында сапалы қызмет көрсетуге; қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін халықты спорт объектісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2018 жылғы 18 маусымда «Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша №01-11\03 бизнес жоспары (енгізілген өзгерістерді ескере отырып) жасалған. Тапсырыс беруші - «Бонус Корпорэйшн» ЖШС. Жобада Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру көзделген.
Жобаның мақсаттары мен міндеттері:
- Ақтөбе қаласында дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамыту;
- Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының көптеген тұрғындарын тарта отырып, теннисті дамыту проблемаларын кешенді шешу, оны танымал етуді қамтамасыз ету;
- 2020 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды 30 пайызға дейін қамту;
Жобаның міндеттері: жыл бойы тенниспен айналысу үшін жағдай жасау; спорт резервін және жоғары жетістіктер спортын даярлау; оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстар өткізу және т.б.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде теннис орталығын салу, жеке әріптестің объектіні мемлекеттік меншікке беруі және пайдалануы жоспарланған.
Жобаның соңғы нәтижесі:
- Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында 8 теннис кортын құру және олардың жұмыс жасауы (4 жабық және 4 ашық корт);
- 500 бала мен жасөспірімді оқыту;
- Ақтөбе қаласында заманауи спорт кешенін теннис корттарын салу;
-жана жұмыс орындарын құру (жобамен 12 орын).
Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен, Ақтөбе облысы бойынша, спорттық үй-жайды жалға алу бойынша 3 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы қарастырылған.
Олар, «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 10500 шаршы метрден кем емес 5 танаптан тұратын спорт кешенін жалға алу», «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы кемінде 1300 шаршы метр спорттық үй-жайды жалға алу» және «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы кемінде 1250 шаршы метр спорттық үй-жайды жалға алу».
Жобаның мақсаттары мен міндеттері:
МЖӘ жобасының мақсаты - қазақстандық азаматтардың денсаулығын нығайту, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, салауатты және спорттық өмір салтын жүргізуге ынталандыру.
Міндеттері: қала халқының көп санын тарта отырып, Ұжымдық спорт түрлерін танымал ету, жергілікті БЖСМ-нің жүктемесін азайту, Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындары үшін қолжетімділікті одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін ұжымдық спорт түрлерін дамыту проблемаларын кешенді шешу; 2020 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды 30 пайызға дейін қамту.
Жобаның нәтижесі: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Әрі қарай, «Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылында 320 орындық мектепке және дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне кіреберіс автомобиль жолын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылған. МЖӘ аясында кірме автожол құрылысының мақсаты-салынып жатқан мектепке және дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету және мектепке барар жолдағы балалар мен педагогтардың және ДШСК келушілерінің қауіпсіздігі үшін қарастырылған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің міндеттерінің негізінде, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда, атап айтқанда «Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» жобасы.
Аталған жобаның негізгі мақсаты болып бюджет саласының қызметкерлері арасында тұрғын үй тапшылығын азайту болып табылады. МЖӘ жобасының объектісі болып - Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 2/1 учаскісінде орналасқан, абаттандырылған аймағы бар, жалпы ауданы 5286,8 ш.м. болатын 70 пәтерге арналған шағын отбасылық жатақхананың дайын ғимараты табылады.
Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-мен «Нұр Ақтөбе т/а 2 шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасы іске асырылуда.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-мен келесі МЖӘ жобалары іске асырылуда:
«Батыс 2 шағын ауданында, 9/2- үйде білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасын коммуналдық меншікке беру және оларға техникалық қызмет көрсету» жобасы.Аталған жобаның мақсаты: сауықтыру-педагогикалық іс-шараларды өткізуге бағытталған қажетті арнайы қызметтер жиынтығын ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсететін, ақыл-ойы кем балаларға арналған әлеуметтік-білім беру мекемесін құру.
«Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» жобасы. Аталған жобаның мақсаты: Жоба шеңберінде жалпы ауданы 3173,5 шаршы метрді құрайтын 4 қабатты жертөлесі бар ғимаратты жалдау.
«Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласындағы 320 орындық балабақшаны салу және техникалық қызмет көрсету» жобасы.
Ақтөбе қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру қарастырылған, атап айтқанда:
- «Теміржол вокзалы алдындағы көше тұрағы және электрондық билеттеу жүйесін енгізу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі;
- «Ақтөбе қаласындағы Озмителя көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі;
- «Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі;
- «Нұр Ақтөбе т/а 2 шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі;
- «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Ақтөбе облысы бойынша іске асырылған немесе іске асыру сатысында 18 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бар.
Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 6 289 521,0 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 133 540,26 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 48 085,5 мың теңге;
2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 85 454,76 мың теңге;
3) рәсімдік бұзушылықтар 26 (жиырма алты) бірлік.
1) 03.04.2018 жылғы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ –мен «Comfort House City» ЖШС-гі арасындағы «Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» МЖӘ жобасы туралы жалпы сомасы 501312,0 мың теңгелік (соның ішінде ҚҚС сомасы -53712,0 мың теңге) келісім-шарт бойынша қосылған құн салығы 48085,5 мың теңгеге (53712,0 .т.(есептелгені)-5626,5 м.т. (есептелуге тиістісі)= 48085,5 м.т. (айырмашылығы)) артық есептелінген.
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру» МЖӘ жобасы бойынша:
1) 5040,0 мың теңгеге Конкурстық құжатнама әзірленген «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген және жалпы сомасы 5040,0 мың теңгелік бюджет қаражаттары тиімсіз пайдаланылған.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасы бойынша:
2) «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасы бойынша COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде физика-математика мектеп-интернаты 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуірге дейін демалысқа ерте шығып, әрі қарай оқу процессі қашықтықтан оқыту нысанына көшкеніне қарамастан, сәйкесінше форс-можор жағдайында Мемлекеттік серіктеспен тиісті шаралары қабылданбай 2020 жылдың 16 наурызынан бастап – 30 маусымына дейінгі мерзімде (аудитпен қамтылған кезең) жалпы сомасы 20198,0 мың теңгелік ғимарат жалдау ақысы тиімсіз төленген.
3) Мекемемен «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша 1 шаршы метр жалдау бағасының ішіне: тозу шығындары, негізгі құралдардың амортизациясы қосыла отыра, 2021 жылы жөндеу жүргізу жұмыстарына 4038,2 мың теңге қарастырылып, тиімсіз пайдалану тәуекелін тудырған.
«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» Мемлекеттік Мекемесі «Ақтөбе қаласында жалпы алаңы кемінде 1300 шаршы метр спорттық үй-жайды жалға алу» жобасы бойынша:
4) Мекеме 2019 жылғы шілде, тамыз айларын ескермей (каникул уақыты), 2860,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарланып, пайдаланғаны анықталған.
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:
5) 2017-2018 жылдары 13 МЖӘ жобаларына тұжырымдамалар және 10 тұжырымдамаларға сараптама әзірлеуге пайдаланған 43061,3 мың теңгелік бюджет қаражаттары тиімсіз жұмсалғаны анықталды.
6) Бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, тиімділік қағидаты сақталмай, 2018 жылы 19 МЖӘ жобаларына тұжырымдама және тұжырымдамаларға сараптама әзірлеуге пайдаланған 3 434,6 мың теңгелік бюджет қаражаттары тиімсіз жұмсалғаны анықталды.
7) 2019 жылы 3 МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттарға сараптама әзірлеуге пайдаланған 6 822,6 мың теңгелік бюджет қаражаттары тиімсіз жұмсалғаны анықталды.
1) 03.04.2018 жылғы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ –мен «Comfort House City» ЖШС-гі арасындағы «Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» МЖӘ жобасы туралы келісім-шарттының №5 Қосымшасына қайшы, Мемлекеттік серіктес - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-сі объектінің пайдалануын және басқарылуын қамтамасыз етпеген, яғни жатақхана тұрғындарының жобаға сәйкестігі қадағаланбаған.
2) 03.04.2018 жылғы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ –мен «Comfort House City» ЖШС-гі арасындағы «Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» МЖӘ жобасы туралы келісім-шарттының №5 Қосымшасына қайшы, МЖӘ жобасы объектісінің тұрғындары, бюджеттік сала қызметкерлері жалдау төлемдерін жүргізетіндігі анықталды.
3) МЖӘ жобасы бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуді жеке серіктеске беру мүмкіндігін қарастырмай, барлық шығындарды және инфляцияны қоса өтеуді мемлекеттік серіктес өз міндетіне алған. Бұл ретте, теңгерiмдiлiк қағидаты сақталмаған.
4) Мекемемен «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру» МЖӘ жобасы бойынша жеке серіктесті таңдау, онымен МЖӘ келісім-шартын құру және пайдалануға енгізу бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылмаған.
5) «Хромтау ауданының Хромтау қаласында 320 орынға арналған балабақша салу және техникалық қызмет көрсету» МЖӘ шарты 30.12.2019 жылы құрылған, яғни жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асырылып, кешіктіріліп құрылған.
6) 02.04.2018 жылғы «Батыс 2 шағын ауданында, 9/2- үйде білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасын коммуналдық меншікке беру және оларға техникалық қызмет көрсету» МЖӘ жобасы бойынша құрылған келісім-шарттың №7 қосымшасындағы кестеге қайшы, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-мен инвестициялық шығындар өтемақысын төлеу кешіктіріліп жүргізілген.
7) Мекемемен «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасына ұсынылған 29.09.2016 жылғы Тұжырымдама бойынша жалдауға берілетін ғимарат ауданы 02.12.2016 жылғы құрылған МЖӘ келісім-шартында қарастырылған ғимарат ауданы арасындағы айырмашылық 236,9 шаршы метрді құраған және қарастырылған инновациялық технологиялар кабинетін сыйға беру шарты орындалмаған.
8) 02.12.2016 жылғы «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасы бойынша құрылған № 4 келісім-шартының 3.2 тармағының 3.2.2 тармақшасына қайшы, аудитпен қамтылған кезеңде жеке серіктес бекітілген санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сәйкес келмейтін МЖӘ объектісін жалға берген.
9) Мекемемен «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасы бойынша қажетті әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізілмеген. Жобаның жоспарлау сатысының әлсіздігі бюджет қаражатының тиімсіз шығындалуына әкеліп соқтырған. МЖӘ жобасын іске асыру барысында жеке серіктес өз ғимаратын 5 жылға жалдауға беріп, жалдау ақысын орнату барысында несие төлеу, тозу, салық төлемдері шығындарын қарастырып, жалдау мерзімінің соңғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын Мемлекеттік серіктес есебінен қарастырып, соңында өз ғимаратын өзінің иелігі мен қолдануына қайтарады. Ал, Мемлекеттік әріптестің тиімді іс-қимылы үшін жағдайлар жасалмағандығын көруге болады. Яғни, Мемлекеттік серіктес 5 жыл жалдау ақысын (309,6 мың теңге) санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келмейтін және инновациялық технологиялар кабинеті жоқ ғимарат үшін төлеп отыр.
10)Конкурстық құжатама әзірленіп, оңтайлы салалық және экономикалық қорытындысы бар «Теміржол вокзалы алдындағы көше тұрағы және электрондық билеттеу жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
11) Конкурстық құжатама әзірленіп, оңтайлы салалық және экономикалық қорытындысы бар «Ақтөбе қаласындағы Озмителя көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
12) Конкурстық құжатнама әзірленіп, оңтайлы салалық және экономикалық қорытындысы бар «Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
13) Конкурстық құжатнама әзірленіп, оңтайлы салалық қорытындысы бар «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
14) Аудитке Мекемемен 19.04.2018 жылғы келісім шарт тек орыс тілінде ұсынылды.
15) Жеке әріптес 2019 жылғы желтоқсан айында төленетін төлем бойынша
2020 жылы қаңтар айында орындалған актісін ұсынса да, мекемемен 6186,2 мың теңгеге алдын ала төлем жасалғаны анықталған. Яғни, мекеме орындалған актісіз алдын ала төлем жасаған.
16) Мекеменің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша,
аудит барысында мекемеде пайда болған 2019 жыл аяғына дебиторлық берешек 6186,2 мың теңге, бас журнал кітабында және мекеме балансында көрсетілмеген, яғни мекеме баланс есебі дұрыс тапсырылмағандығы, немесе бұрмалаушылықпен көрсетілгені анықталды.
17) 2017 жылы 10 МЖӘ жобаларын іске асыруды жоспарлау кезеңінде МЖӘ жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындысы әзірленбегендігі анықталды.
18) Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындыны жергілікті органның қарауын және әзірлеуін қамтитын іс-шаралар кешенін бұзып, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен 2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына инвестициялық ұсыныстарды ұсынуға талап етпегені анықталды.
19) Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындыны жергілікті органның қарауын және әзірлеуін қамтитын іс-шаралар кешенін бұзып, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен 2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына инвестициялық ұсыныстарды ұсынуға талап етпегені анықталды.
20) 2 ретте «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №223Ө - §5 бұйрығымен бекітілген конкурстық құжаттамасы мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасының концепциясына, салалық сараптамаға және берілген сараптамалық қорытындыларға сәйкес келмейді (шамамен 1,5 жылға айырмашылығы бар). Яғни, өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, нәтижелерді бағалауға негізделген жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде сабақтастық принципі сақталмаған.
21) 2020 жылдың 09 қыркүйегінде объектіде қарау жүргізу барысында, 2020 жылғы 5 ақпанда «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының қасбеттерін күрделі жөндеу» №5 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 24.1 тармағының 1 тармақшасына қайшы, «АктобеСтройЭксперт» ЖШС-мен жұмыстар бүгінгі күнге дейін аяқталмағандығы анықталды.
22) 2020 жылдың 5 ақпанында «Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеуден өткізу» және «Шаруашылық жөндеу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» №6 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 24.1 тармағының 1 тармақшасына қайшы, «Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеу және «Шаруашылық жөндеу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге дейін тапсырыс берушіге тапсырылмаған.
23) «Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеуден өткізу» және «Шаруашылық жөндеу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» жобалау-сметалық құжаттамаларына қайтадан сараптама жасалмаған және бекітілмеген.
24) 2020 жылдың 5 ақпанында «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының галереясына екі қабатты құрылыс салу» №4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 24.1 тармағының 1 тармақшасына қайшы, объекті бүгінгі күнге дейін тапсырыс берушіге тапсырылмаған.
25) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары Ақтөбе облыстық мәслихатымен іске асырылуға жоспарланып шешіліп әзірленгенімен бүгінгі таңда аталған жобалар жүзеге асырылмаған. 2017 жылғы жүзеге асырылмаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларына (концепция) тиімсіз жоспарланып бюджеттен қаражат бөлінген. Яғни, өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, нәтижелерді бағалауға негізделген жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде сабақтастық принципі сақталмаған.
26) Мекемемен «Ақтөбе қаласында ауысымына 300 келіп кетуге арналған қалалық балалар стоматологиялық емханасының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасына көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
«Ақтөбе қаласындағы стационар жағдайында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша қызметті ұсыну»:
2016 жылғы 24 қарашадағы №08-03\ЭЗ03 «МЖӘ жобасының тұжырымдамасын сараптау» қорытындысының 4 тармағында, жобаны іске асырудағы негізгі артықшылықтар аталған, олар:
- мемлекеттік бюджетке жүктеменің болмауы;
- осыған ұқсас стационарлық орталықтың болмауына байланысты қалада әлеуметтік шиеленісті төмендету және әлеуметтік проблемаларды шешу;
- шамамен 123 жаңа жұмыс орнын құру;
- стационар жағдайында, бірінші кезекте Ақтөбе облысының 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалары үшін жоғары мамандандырылған әлеуметтік медициналық көмек көрсету.
МЖӘ жобасына дейін Ақтөбе облысында 18 жасқа дейін стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету бойынша қызметтер көрсетілмеген. Бұл, облысқа аталған қызметтің керектігін айқындайды.
Алайда, тиімділік тұрғысынан бюджетке түсетін жүктеменің нақты төмендеуін көрсетпейді.
Яғни, жеке әріптеске сыйақы түрінде қол жетімділік үшін төлем 6 % көлемінде қарастырылған болса да, барлық төлемдер бюджет арқылы жүзеге асырылады. Яғни, МЖӘ жобасы бюджеттік жүктемені төмендетпейді. Мысалы, 2019 жылғы операциялық шығыстар және ғимаратты жалға алу шығыстары бойынша жалпы 178 854,4 мың теңге жұмсалған (оның ішінде: еңбек ақыға, әлеуметтік салық,барлық салықтарға, банк қызметтеріне, азық түлікке, коммуналдық қызметтеріне, жанар-жағар май, транспорт құралын сақтандыру төлеміне, дәрі дәрмек және басқа да медициналық құралдар сатып алуға, кеңсе, шаруашылық, жалға алу қызметтеріне қарастырылған.), ал жекеше әріптеске сыйақы түріндегі 6% көлемінде қол жетімділік төлемі 16840,0 мың теңге, оның ішінде 2018 жылға 7188,7 мың теңге және 2019 жылға 9651,3 мың теңге. Осыған орай, бюджетке түсетін ауыртпалықтың жеңілдегені байқалмайды.
Аталған жоба, мемлекеттік жекешелік әріптес жобасы арқылы емес, мемлекетпен жүзеге асырылған кезде, бюджет есебінен өтелетін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды есепке алмағанда, 2017-2027 жылдарға төленетін жекеше әріптеске сыйақы түрінде қол жетімділік үшін төлемді 6% пайызы, оның ішінде төленгені 2017 жылғы - 2877,8 мың теңге, 2018 жылғы - 7188,7 мың теңге және 2019 жылғы төленген - 9651,3 мың теңге, жалпы 19717,8 мың. 2020-2027 жылдарға төленетін 93710,0 мың теңгеге бюджет қаражатты үнемді болатыны айқын көрінеді.
Талдау жүргізу барысында жобада, мемлекет операциялық шығындарды, ғимарат жалдау ақысын және жеке әріптеске сыйақы түрінде қол жетімділік үшін төлемді 6 пайызын толығымен өтейді, бұл ретте мемлекетке пайда немесе тиімділік байқалмайды.
Сонымен қатар, «Ақтөбе қаласындағы стационар жағдайында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша қызметті ұсыну» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде МЖӘ жобасын есептеу негізділігін ведомствоаралық топ ұсынуы тиіс ведомствоаралық комиссия барлық қажетті есептерді зерделеуі тиіс, комиссия құрылмаған және аталған есептемелер зерделенбеген, ұсынылмаған (болғандықтан), жекеше әріптеске сыйақы түрінде қол жетімділік үшін төлемді 6%-ға негіз жоқ.
«Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Қобда ауылындағы 320 орындық мектеп және дене шынықтыру сауықтыру кешеніне автомобильдік кіріс жолының құрылысы»:
Жүргізілген талдау МЖӘ жобаларын іске асырудың әсері мемлекеттің міндеттемелерін кейінге қалдыруда ғана көрініс табады. Ал, 33806,0 мың теңгеге «Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Қобда ауылындағы 320 орындық мектеп және дене шынықтыру сауықтыру кешеніне автомобильдік кіріс жолының құрылысы» МЖӘ жобасы бюджетке ауыр жүктеме әкеліп соқтырмайды. Егерде, бұл жобаны Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын қолданған кезде 6970,0 мың теңге сыйақы үнемделіп және де мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсалатын еді.
Демек, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Қобда ауылындағы 320 орындық мектеп және дене шынықтыру сауықтыру кешеніне автомобильдік кіріс жолының құрылысы» МЖӘ жобасы тиімсіз деп есептеуге болады.
«Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» МЖӘ жобасы.
Тұрғын-үй саласы бойынша маркетинг талдауы жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын-үй бағаларының жоғары болуына байланысты, қоғамның көп бөлігі жеке тұрғын-үй сатып алуға мүмкіндіктері жоқ екендігі анықталды. Аталған жоба бюджет саласының қызметкерлеріне жеке тұрғын-үй сатып алу үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. МЖӘ жобасы объектісінде, қызметтік жатақханада бюджет саласының қызметкерлері жалдау ақысыз, бюджет мекемелерінде жұмыс істеген мерзімдерінде тұруға құқылы.
Аталған МЖӘ жобасын жоспарлау барысында орын алған бұзушылықтар жобаның орындалу сапасына, бюджет қаражаттарының жұмсалу тиімділігіне теріс әсерін тигізген. Атап айтқанда, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-мен жобаның барлық алдын ала есептеулері бойынша зерделеу жүргізілмегендігі, яғни МЖӘ жобасының сапасын қамтамасыз ететін, жобаға қатысты әр саланың білікті мамандарын тартпағандығы салдарынан жалпы сомасы 53160,4 мың теңгелік бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған. Бұл келісім-шарт сомасының 10,6 пайызға немесе 53160,4 мың теңгеге артық есептеліп, заңсыз үлкейтілгендігін ерекше атап өту қажет.
Сонымен қатар, МЖӘ жобасы объектісінде, пәтерлердің бос тұруы (№2, №31,№58,№68 пәтерлері) және бүгінгі күнге дейін 12 пәтер бойынша жалдау шарттарының жасалмағандығы, жоба әкімшісінің және объектінің баланс ұстаушысының өз міндеттерінің тиісті әрі толық орындамау салдарынан орын алған.
Сонымен қатар, МЖӘ жобасы объектісінің тұрғындары жалдау төлемдерін жүргізетіндігі анықталды. Алайда, 15.05.2017 жылы әзірленген Тұжырымдамаға сәйкес, МЖӘ жобасы объектісінің тұрғындары – бюджет ұйымдарында жұмыс жасау кезеңінде жалдау ақысыз, уақытша қолдануға алған бюджет саласының қызметкерлері. Орын алған фактілер, МЖӘ жобасының пайдалану тиімсіздігін айқындайды.
«Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасы бойынша қажетті әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізілмеген. Жобаның жоспарлау сатысының әлсіздігі бюджет қаражатының тиімсіз шығындалуына әкеліп соқтырған. Сонымен қатар, мемлекеттік әріптестің тиімді іс-қимылы үшін жағдайлар жасалмағандығын көруге болады. Яғни, мемлекеттік серіктес пайдасына тек қана мемлекеттік міндеттемелерді 5 жылға бөліп төлеуі қарастырылған. МЖӘ жобасы бойынша шығындардың және 5 жылға есептелінген инфляция сомасының толықтай бюджет қаражаттары есебінен өтеледі.
ІІІ Қорытынды бөлік:
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Аудит барысында жалпы сомасы 48085,5 мың теңгеге қалпына келтірілді. Атап айтқанда:
03.04.2018 жылғы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ –мен «Comfort House City» ЖШС-гі арасындағы «Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» МЖӘ жобасы туралы жалпы сомасы 501312,0 мың теңгелік (соның ішінде ҚҚС сомасы -53712,0 мың теңге) келісім-шарт бойынша қосылған құн салығы 48085,5 мың теңгеге (53712,0 м.т.(есептелгені)-5626,5 м.т. (есептелуге тиістісі)= 48085,5 м.т. (айырмашылығы)) артық есептелінген. Аудит барысында жалпы сомасы 53160,4 мың теңге қайтарылды (соның ішінде 5074,9 мың теңге алдыңғы аудитпен анықталған), МЖӘ жобасы келісім-шартының сомасы азайтылды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру міндеттерінің орындалуын бағалау барысында заңнамалармен бекітілген тәртіптің сақталмау, жоспарлау кезінде тиісті мониторингінің жүргізілмеу, МЖӘ негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау және бюджетке жүктемені төмендету бойынша өз функцияларын орындау барысында қолданыстағы заңнама нормаларын сақтамау салдарынан көптеген бұзушылықтар фактілері және бюджет қаражаттарын тиімсіз жұмсау фактілері орын алған.
Жүзеге аспаған МЖӘ жобаларына концепциялар, оларға берілетін сараптамалар, конкурстық құжаттар және сараптамалар әзірленген. Алайда, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң нәтижелерiне қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк беретiн өлшемшарттар мен көрсеткiштердi белгiлеу болып табылатын нәтижелiлiк қағидаты бойынша әрі қарай жалғасуын тауып іске асырылуы қамтамасыз етілмеген.
Жоғарыда аталған жергілікті атқарушы органдардың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері мен резервтерін орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының қасбеттерін күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының галереясына екі қабатты құрылыс салу», «Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеуден өткізу» және «Шаруашылық жөндеу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі бойынша объектілерде жұмыстар жүргізілген, алайда бүгінгі күнге дейін жұмыстар тапсырыс берушіге тапсырылмаған.
Яғни, 2020 жылғы 5 ақпанда «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорынының қасбеттерін күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының галереясына екі қабатты құрылыс салу», «Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеуден өткізу» және «Шаруашылық жөндеу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының міндеттері сақталмағаны көрінеді.
«Ақтөбе қаласында ауысымына 300 келіп кетуге арналған қалалық балалар стоматологиялық емханасының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі:
Балалар стоматологиясы қызметтерін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ШЖҚ «Қалалық балалар стоматологиялық емханасы» МКК атқарады. Алайда, емхана қызметінің жағдайы өзгерістерді талап етеді: үлкен кезектер, ескі үй-жайлар және емхананы одан әрі дамыту мүмкіндігінің болмауы. Барлық ниет білдірушілерді қамту мақсатында жаңа объект салу қажеттілігінің алғашқы белгілері болып табылды.
Алайда, жобаға сәйкес салынған ДАНА-ДЕНТАЛ клиникасында стоматологиялық көмектің орнына Батыс-2 тұрғын алабынының тұрғындарын қарайтын амбулаториялық клиника қызмет атқаруда. Яғни, жобаға сәйкес стоматологияның жұмыс істеуі жүзеге асырылмаған.
Мекеме Әйтеке би ауданы Комсомол ауылындағы «Шаруашылық
жүргізу құқығындағы «Әйтеке би туберкулез ауруларына арналған хоспис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының желдету, кәріз жүйелерін және газдандыра отырып қазандықты күрделі жөндеу; Қобда ауданының Ақраб ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратын күрделі жөндеу; Жоспарлы-хирургиялық бөлімшені және «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «AktobeMedicalCenter» МКК перзентхананың қабылдау бөлімшесін жаңғырту жобаларына тұжырымдама (концепция) әзірленген.
Алайда, жоғарыда айтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобалары Ақтөбе облыстық мәслихатымен іске асырылуға жоспарланып шешіліп әзірленгенімен бүгінгі таңда аталған жобалар жүзеге асырылмай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларына (концепция) тиімсіз жоспарланып бюджеттен қаражат бөлінген.
17.06.2016ж. №01-11\1 «Ақтөбе қаласында мұз сарайын салу және
пайдалану» МЖӘ жобасының тұжырымдамасында 121 жана жұмыс орын қарастырылған. Бұл тезис әлі нақты іске асырылған жоқ, себебі 2017-2018 жылдары құрылыс жасалынған, 2020 жылы короновирус пандемиясы нарықтағы дағдарыс жағдайына ықпал етті. Атап айтқанда, МЖӘ жобасы тиісті түрде нәтижеге қол жеткізбеуде. 2016 жылғы 23 қыркүйектегі мекеменің және «H+H TECHNIKA. spol.s r.o.» №1 келісім шарттың 6.2 тармағының 27 тармақшасында көзделген, яғни апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін тегін негізде мемлекеттік серіктеске алдын ала тараптармен келісілген уақытта балалар спорт топтарымен айналысу үшін 5 сағат және жаппай сырғанау үшін аптасына 3 сағат беру көзделген. Алайда, «Ақтөбе қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша тегін сабақтар қарастырылмаған.
Аудит жүргізу барысында 1281,5 ш. м. алаңын жалға алу шартында
бұзушылықтар орын алған, бұл жобаның тиімсіздігін көрсетеді, яғни бастапқы тұжырымдама 1250 ш. м. дайындалған, ал шарт 1281,5 ш. м. жасалған, айырмашылық 31,5 ш. м. құраған. Осыған байланысты, 03.11.2016 жылғы № 3 шарт 84579,0 мың теңгеге негізсіз жасалған. Бұл жағдайда мемлекеттік әріптес шартты бұзуды талап етуге құқылы.
2016 жылғы 23 қыркүйектегі мекеменің және «АК-Руно» ЖШС-нің
арасында «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы кемінде 1300 ш. м. спорттық үй-жайды жалға алу» МЖӘ жобасы бойынша, №2 келісім шарты жасалынған. Нысанды жалға алу шарты бойынша 1 шаршы метр үшін жалдау ақысы 1100 теңгені құраған, келісім шарт жалпы сомасы 171600,0 мың теңге.
Сонымен қоса, Ақтөбе облысының Ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бұзушылықтардың анықталған фактілерін талдағаннан кейін, атап айтқанда 1300 ш. м. алаңды жалға алу шарты бұзушылықтармен жасалғанына байланысты тиімді емес болып табылады, бұл жоба бойынша жергілікті МЖӘ жобасы іске асырылуда, жоба табиғи монополиялар саласына жатпайды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің анықталған бұзушылықтарына сәйкес, 23.09.2016 ж. №2 шартты 171600,0 мың теңге сомасына негізсіз жасалған, бұл жағдайда мемлекеттік әріптес шартты бұзуды талап етуге құқылы.
«Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» МЖӘ
кезеңінде, мекеменің ұсынған 2019 жылға орындалған актісі бойынша 39033,7 мың теңге, ал төленгені 45219,9 мың теңге, айырмашылығы 6186,2 мың теңге, яғни жыл соңына операциялық шығындарды өтеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған. Мекемемен орындалған жұмыс актісі болмасада операциялық шығындарды өтеу бойынша алдын ала төлегені анықталған. Бірақ, бұл берешек, мекеменің қаржылық есептемесінде көрсетілмеген.
«Нұр Ақтөбе т/а 2 шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасы;
Бүгінгі таңда, аталған жоба бойынша 1 инвестициялық кезеңге
сәйкес, жеке серіктеспен келісім-шарт құрылып, Мемлекеттік серіктеспен жер телімі беріліп, МЖӘ объектісін жеке серіктес өз қаражатына салуда, яғни құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
МЖӘ жобасын жоспарлау тиімділігі:
«Нұр Ақтөбе т/а 2 шағын ауданында 320 орындық балабақша
құрылысы» жобасын мемлекеттік-жекешелік механизімі арқылы жүзеге асыруда Мемлекеттік серіктес те және жеке серіктес те өз пайдаларында қалады. Атап айтқанда:
Мемлекеттік серіктес - аталған жобаның іске асырылуы жоспар
бойынша орындалған жағдайда өңірде орын алған мектепке дейінгі тәрбие және білім беру қызметтерінің сұранысын, яғни балабақшадағы орын тапшылығын 320 орынға азайтады; - объектінің іске асырылу барысында инвестициялық шығындарды өтеу қарастырылмағандықтан, бюджет қаражаттарын үнемдейді;
Бұл «Нұр Ақтөбе т/а 2 шағын ауданында 320 орындық балабақша
құрылысы» МЖӘ жобасы тиімді жоспарланғандығын көрсетеді.
«Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру»
мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасы;
«Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды
ұйымдастыру» МЖӘ жобасы бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылмаған.
Яғни, 09.08.2019 жылы «Legal MIND» Заңгерлік фирмасы» ЖШС
мен әзірленген «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру» МЖӘ жобасының Конкурстық құжатнамасымен қарастырылған іс-қимылдар жүзеге асырылмаған.
Бұл «Ақтөбе қаласының 26 мектебінде тамақтандыруды
ұйымдастыру» МЖӘ жобасының тиімсіздігін көрсетеді.
«Батыс 2 шағын ауданында, 9/2- үйде білім алуға ерекше
қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасын коммуналдық меншікке беру және оларға техникалық қызмет көрсету» жобасы
Бұл МЖӘ жобасын іске асырудағы негізгі қажеттілік - Ақтөбе
қаласында педагогикалық медициналық психологиялық кабинетіне жүгінген мектепке дейінгі жастағы балалар санының өсуі және ерекше балаларға арналған арнайы мекемелердің жоқ болуы.
Аталған балабақша сауықтыру-педагогикалық іс-шараларды
өткізуге бағытталған қажетті арнайы қызметтер ұсынатын, жан-жақты көмек көрсететін, ақыл-ойы кем балаларға арналған әлеуметтік-білім беру заманауи мекемесі.
«Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика
мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасы
«Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика
мектеп-интернатына жалға алу» МЖӘ жобасы бойынша қажетті әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізілмеген. Жобаның жоспарлау сатысының әлсіздігі бюджет қаражатының тиімсіз шығындалуына әкеліп соқтырған. МЖӘ жобасын іске асыру барысында жеке серіктес өз ғимаратын 5 жылға жалдауға беріп,жалдау ақысын орнату барысында несие төлеу, тозу, салық төлемдері шығындарын қарастырып, жалдау мерзімінің соңғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын Мемлекеттік серіктес есебінен қарастырып, соңында өз ғимаратын өзінің иелігі мен қолдануына қайтарады. Ал, Мемлекеттік әріптестің тиімді іс-қимылы үшін жағдайлар жасалмағандығын көруге болады. Яғни, Мемлекеттік серіктес 5 жыл жалдау ақысын (309,6 мың теңге) санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келмейтін және инновациялық технологиялар кабинеті жоқ ғимарат үшін төлеп отыр.
«Теміржол вокзалы алдындағы көше тұрағы және электрондық
билеттеу жүйесін енгізу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасы;
Келісім-шарт талаптарының орындалмау себебімен, тоқтату келісімі
қабылданған. Яғни, «Теміржол вокзалы алдындағы көше тұрағы және электрондық билеттеу жүйесін енгізу» МЖӘ жобасы бойынша күтілген түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
Бұл, Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды адамдарының өз міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан орын алған. Және де, осы мәселені қадағалайтын Ақтөбе қаласы әкімі орынбасарының тарапынан сәйкесінше бақылаудың жоқтығынан.
Осындай жағдай, «Ақтөбе қаласындағы Озмителя көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасы, «Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» мемлекеттік – жекешелік әріптестігі жобасы бойынша орын алып, іске асырылмай, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
«Ақтөбе қаласындағы Озмителя, Трудовая көшесілері автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобасы Ақтөбе облысы әкімінің 27.03.2020 жылғы №17-А кеңестің хаттамасымен жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде іске асыру тізіміне енгізілген.
Нәтижесінде, «Ақтөбе қаласындағы Озмителя көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобасы мемлекеттік –жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылған жоқ.
Сонымен қатар, аталған салалар бойынша жобаларды Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизімі арқылы жүзеге асыру тиімсіз екендігін көрсетті:
-түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілген жоқ;
-Бюджет шығындары үнемделген жоқ, керісінше іске аспайтын жоба бойынша Конкурстық құжатамаға бюджет қаражаттары тиімсіз жұмсалды;
-бүгінгі күнге аталған салалар бойынша қажеттілікті талап еткен қызметтер орындалмай, атап айтқанда, автотұрақ, автожолдар және ыстық тамақпен қамтамасыз ету - өткір проблемалары шешімдерін тапқан жоқ.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:
3.3.1.Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің нәтижелерін қарау.
Аталған мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекет активтерінің пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:
3.3.2. Аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелерге:
«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ материалдары бухгалтерлік есеп заңнамасын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданғандығы есепке алынсын;
3.4. Қосымша: жиынтық тізілім _____ бетте.
Тексеру комиссиясының мүшесі Г.Г.Тұрмағамбетов