Ақтөбе облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы
С.Еңсегенұлына
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын аралық бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігі
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттардың пайдалануының дұрыстығы.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: Негізгі аудит объектісі - «Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – Мекеме), үстеме аудит объектілері - «Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, «Алға ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ, «Темір ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 қыркүйегін қоса алғанға дейінгі аралығы
2.Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
ҚР-ның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы қамтылды. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №420 Жарлығымен (ҚР-сы Президентінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 29 Жарлығымен - күші жойылған) бекітілген және ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №423 қаулысымен бағдарламасы қайта қаралып өзгертулер енгізіліп бекітілген.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру үшін АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 5 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайту. Еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 2015 жылғы 1,2 млн. теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ өңделген өнім экспортын 2015 жылғы 945,1 млн. АҚШ долларынан 2021 жылы 2400 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту жолымен АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бағдарлама міндеттері:
1) Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету;
3) Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
4) Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
5) Өткізу нарықтарының қолжетімділігін және экспортты дамытуды қамтамасыз ету;
6) Аграрлық ғылымды, технологиялар трансфертін және АӨК субъектілері құзыретінің деңгейін дамытуды қамтамасыз ету;
7) АӨК-дегі өндірісті техникалық жарақтау және қарқындату деңгейін арттыру;
8) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және АӨК-ге цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;
9) Ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайына қанағаттануы деңгейін арттыру.
2021 жылы келесі нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерге қол жеткізілуі тиіс, атап айтқанда:
1) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі индексі (2017 жылы – 112 %, 2018 жылы – 118 %, 2019 жылы – 196 %, 2020 жылы – 228 %, 2021 жылы – 267 %);
2) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (2017 жылы – 108 %, 2018 жылы – 113 %, 2019 жылы – 154,2 %, 2020 жылы – 170,5 %, 2021 жылы – 190,2 %);
3) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 159 %, 2018 жылы – 185 %, 2019 жылы – 304 %, 2020 жылы – 395,3 %, 2021 жылы – 516 %);
4) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда тамақ өнімдері өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 102 %, 2018 жылы – 122 %, 2019 жылы – 185,2 %, 2020 жылы – 204,5 %, 2021 жылы – 221,9 %);
5) азық-түлік тауарлары импортының көлемі (2017 жылы – 2 466 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 2 377 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 2 288 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 2 196 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 105 млн. АҚШ доллары);
6) өнеркәсіпте қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі: қайталама (2017 жылы – 0,7 км3, 2018 жылы – 0,71 км3, 2019 жылы – 0,73 км3, 2020 жылы – 0,75 км3, 2021 жылы – 0,77 км3);
айналымды (2017 жылы – 7,33 км3, 2018 жылы – 7,38 км3, 2019 жылы – 7,46 км3, 2020 жылы – 7,54 км3, 2021 жылы – 7,62 км3);
7) өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі (2017 жылы – 1 081,0 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 1 150,0 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 1 270,0 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 1 650,0 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 400,0 млн. АҚШ доллары);
8) суаруға арналған су шығысы (2017 жылы – 8 608 текше м/га, 2018 жылы – 8 223 текше м/га, 2019 жылы – 7 873 текше м/га, 2020 жылы – 7 548 текше м/га, 2021 жылы – 7 348 текше м/га).
Бағдарламаның жауапты орындаушылары: ҚР-ның Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Энергетика министрлігі болып айқындалды, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ұлттық Банкі (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері болып айқындалды.
Іске асыру мерзімі 2017-2021 жж. аралығы.
Ақтөбе облысының орналасқан жеріне, потенциалына тоқтала кетсек келесідей: Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Облыс аумағы Қазақстан бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.
Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырымға, шығыстан батысқа дейін 800 шақырымға созылған. Өңірдің жалпы аумағы 300,6 мың шаршы метр, бұл барлық ҚР-ның алаңының 11% пайызын құрайды.
Облыс құрамына 12 аудан (атап айтқанда: Алға, Әйтеке би, Хромтау, Темір, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда, Байғанин, Мәртөк, Ырғыз, Ойыл, Шалқар аудандары), 372 ауылдық елді мекендері 142 ауылдық окруктеріне біріктірілген. Оған қоса, 1 облыс әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы, 6 кіші қалалары (атап айтқанда: Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Шалқар, Ембі) және Хромтау - 1 моноқаласы бар. Ақтөбе облысының 2020 жылдың 01 тамызына жалпы халық саны 888,2 мың адам (https://stat.gov.kz/region/248875 мәліметі бойынша).
Ақтөбе облысы республикадағы ірі ауыл шаруашылық аймағының бірі болып есептеледі.
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 10672,3 мың га құрайды, оның ішінде жайылымдар – 9434,4 мың га, егістіктер – 715,8 мың га, шабындықтар – 133,8 мың га, жыртуға жарамды жерлер – 247,9 мың га, көпжылдық екпелер – 0,6 мың га, бақшалар – 0,6 мың га, өзге де жерлер 139,2 мың га. Жалпы облыс бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 275,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 3,7% - ға жоғары. Соңғы 3 жылда жалпы өнім өндірісінің өсімі 136,6% құрады. Облыстың АӨК-ін дамытудың негізгі бағыттары мал шаруашылығы болып табылады, бұл ретте өсімдік шаруашылығы да дамуда.
Аумақтың ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) шығарылымы 2017 жылы – 245,7 млрд. теңге (бұл өткен 2016 жылға қарағанда 4,4% пайызға жоғары), 2018 жылы – 262,0 млрд. теңге (бұл 2017 жылға қарағанда 6,2% жоғары), 2019 жылы 272,5 млрд. теңге (ол өткен жылға қарағанда 3,8% пайызға жоғары) және 2020 жылдың қаңтар – тамыз аралығындағы шығарылымы 169,8 млрд. теңгені құрап отыр, бұл дегеніміз өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3,7% пайызға жоғары. Осы мәліметтерді алатын болсақ Ақтөбе облысында осы бағдарламасы іске асырылмай тұрған кезіне қарағанда аяқталған 2019 жылдың көрсеткіші шамамен 10,9%-ға өскендігі байқалады, онымен бірге жалпы алатын болсақ ауыл шаруашылығының шығарылымның динамикасы өсуде.
Ауыл шаруашылығына инвестициялардың салымының жалпы көлемі тұрақты түрде өсуде. Бағдарлама іске асырылмай тұрған кезіне, атап айтқанда 2016 жылға қарағанда аяқталған 2019 жылдың көрсеткіші шамамен 57,3% пайызға өскендігі мәлім.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі және мал мен құстың өнімділігі:
Бағдарламаның басталу кезімен немесе 2016 жылмен салыстыратын болсақ мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін және мал мен құстың өнімділігін аяқталған 2019 жылында жалпы 22,5% пайызына өскен, оның ішінде:
2020 жылғы қаңтар - тамызда мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,5% жоғары, бұл 91,5 мың тоннаны құрады, сиыр сүтінің өндірісі тиісінше – 2,2% және 246,2 мың тоннаны құрады. Тауық жұмыртқасының өндірісі 1,8% азайды және 150,8 млн. дананы құрады.
Мал мен құстың 2016 – 2019 жылдар аралығында жалпы санын талдау:
Бағдарлама іске асырылғалы бері мал санаты бойынша жалпы мал басының саны өсуде. Бірақ, кейбір мысалы ірі қара мал саны 2019 жылы 2018 жылға қарағанда 0,7% пайызға төмендеген және құстар саны аталған жылдармен салыстыратын болсақ 8,1% пайызға төмендеген. Сонымен, бағдарламаның басталу кезімен немесе 2016 жылмен 2019 жылды салыстыратын болсақ мал саны жалпы 11,1% өскен, оның ішінде: ІҚМ саны 20,7%-ға, қой саны 6,9%-ға, ешкі саны 23,0%-ға, шошқа саны 39,0%-ға, жылқы саны 33,8%-ға, түйе саны 10,1%-ға, құстар саны 8,1%-ға өскен.
2020 жылғы 01 қыркүйектегі өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында жылқы саны 14%-ға өсіп және 162,4 мың басты, түйе тиісінше – 10,5%-ға және 19,6 мың басты; ірі қара мал – 6,5%-ға және 562,2 мың басты; ешкі – 4,1%-ға және 191,7 мың басты; қой – 4%-ға және 1245,5 мың басты құраған. Шошқа саны – 0,8%-ға азайып және 59,5 мың басты, құс – 2,2%-ға және 1402,5 мың басты құраған.
Сүттің барлық түрлерін өндіру:
Сүт өнімін өндіру бойынша Бағдарламаның басталған уақытымен салыстыратын болсақ жалпы 10,0% пайызға өскен, оның ішінде сиыр сүті 10,1%-ға өскен, ал қалған сүттері бойынша орындалу бір қалыпта.
Ал, статистикалық мәліметі бойынша 2020 жылдың 7 айында сиыр сүтінің өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3% жоғары немесе 210,3 мың тоннаны құраған.
Құстың барлық түрлерінен жұмыртқа өндіру:
Құстың барлық түрлерінен жұмыртқа өндіру бойынша Бағдарламаның басталу кезімен (2016 жыл) 2019 жылды салыстырғанда жалпы 34,1%-ға өскен.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде тауық жұмыртқасының өндірісі 0,3% азайды және 132,5 млн. дананы құраған.
Ақтөбе облысында 27,0 млн. га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде 25,3 млн. га жайылымдық, 464,6 мың га шабындық, 649,9 мың га егістік жер алқаптары бар. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы жалпы егіс алаңын шамамен 22,5 млн га деңгейінде болып жоспарланған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 240 мың га артық.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша экспортталған ет өнімдерінің көлемі 2731,2 тоннаны құраған, оның ішінде ІҚМ еті - 895,5 тонна, шошқа еті - 1811,4 тонна, қой еті - 1,4 тонна, жылқы еті - 23,0 тонна, жоспардың орындалуы 159,7%-ды құраған. 2016 жылдың басынан бастап бордақылау алаңдарында 3317,8 тонна ет өндірілген, оның ішінде Ресей Федерациясына 985,5 тонна экспортталған.
2018 жылы 2582,9 тонна ет және ет өнімдері экспортталған жоспардың орындалуы – 102,0% құраған, оның ішінде ІҚМ еті - 2040,6 тонна, қой еті - 34,1 тонна, шошқа еті - 414,2 тонна, құс еті - 20,0 тонна және 73,7 тонна өңделген ет өнімдері.
2019 жылы 5237,3 тонна ет және ет өнімдері экспортталған жоспардың орындалуы - 157,5% құраған, оның ішінде ІҚМ еті - 4163,9 тонна, қой еті - 225,4 тонна, шошқа еті - 671,2 тонна, құс еті - 59,0 тонна, жылқы еті - 0,5 тонна, консервленген ет өнімдері - 12,1 тонна және шұжық ет өнімдері - 75,2 тонна.
Ақтөбе облысы бойынша 2016 жылы - 5 бордақылау алаңы, 2018 жылы - 1 бордақылау алаңы, 2019 жылы - 1 бордақылау алаңы іске қосылып, бүгінгі күні барлығы 7 бордақылау алаңы жұмыс істеп тұрғандығы анықталды.
2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында тірі салмақта 91,5 мың тонна тірілей салмақта құс еті өндірілді, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 5,5%-ды құраған. Оның ішінде 661,5 тонна құс еті өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға кем, себебі облыстағы ең ірі «Көктас Ақтөбе» ЖШС-нің «Ақ құс» құс фабрикасы кәсіпорынының құлдырауы болып отыр.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне облыста 562,2 мың бас ірі қара мал тіркелген, оның ішінде сүт бағытындағы 337,0 мың бас. Ірі қара мал - 280,2 мың бас, оның ішінде сүт бағытындағы 175,0 мың бас. Облыста өндірілген сүттің жалпы көлемі 246,2 мың тоннаны құраған. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 2,2%-ды құраған. Барлық санаттағы фермаларда бір сиырға орташа сүт сауу 1416,0 кг келген.
Сапалы сүт өнімдерінің өндірісін ұлғайту мақсатында облыста сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылықтарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда облыста 33 тауарлы сүт фермасы жұмыс жасайды. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы мемлекеттік асыл тұқымды реестірінде 3329 бас сүтті бағыттағы, оның ішінде, Голштино-фриз, қызыл-дала және симментал тұқымының малдары тіркелді. Сондай-ақ, 2014-2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ырыс» бағдарламасы аясында 1575 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал әкелінген.
Облыста сүт өңдейтін 5 кәсіпорын бар. «Айс» ЖШС, «Рад-Агро» ЖШС, «Анисан» ШҚ, «Тау» ЖШС, «Молочные Истории» ЖШС. Сүтті қайта өңдеуді дамыту және қолда бар қуаттылықтардың жүктемесін арттыру мақсатында облыста сүт-тауар фермаларын салудың 1 ірі жобасы іске асырылуда. Атап айтқанда, Мәртөк ауданындағы, Саржансай ауылында орналасқан «Миллкер» 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы 2021 жылы аяқталуы жоспарлануда.
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егіс алқабы:
Негізгі дәнді дақылдар егісі Бағдарламаның басталған кезі мен (2016 жылмен) 2019 жылдың аяғындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда жалпы 38,5%-ға өскендігі байқалады.
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының (алдын-ала) егістік алқабы 762,9 мың га құрады, соның ішінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – 324,6 мың га, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында - 429,7 мың га, жұртшылық шаруашылығында – 8,6 мың га. Барлық егістік алқабтан дәнді және бұршақты дақылдармен 446,1 мың га немесе 58,5% себілген, азықтық дақылдармен – 258,9 мың га немесе 33,9%, майлы дақылдармен – 45,9 мың га немесе 6%, көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілермен – 12 мың га немесе 1,6%.
2017 жылы ауыл шаруашылығы құралымдары өсімдік шаруашылығы өнімін өткізуден 5489,3 млн.теңге жалпы табыс алды (пайдалылық деңгейі 42,5% құрады), соның ішінде бидайды өткізуден – 3121,4 млн.теңге (52,8%), мал азықтық дақылдарын – 675,4 млн.теңге (27,6%), көкөністерді – 853,3 млн.теңге (45,3%), картопты – 108,4 млн.теңге (21%), арпаны – 502,4 млн.теңге (40,5%), бақша дақылдарын – 72 млн.теңге (27,7%), күнбағыс тұқымдарын – 124,2 млн. теңге (25,3%).
2018 жылы ауыл шаруашылығы құралымдары өсімдік шаруашылығы өнімін өткізуден 5600,3 млн. теңге жалпы табысы алынған (пайдалылық деңгейі 31,7% құрады), соның ішінде бидайды өткізуден – 3095,4 млн. теңге (35,2%), көкөністерді – 1112,1 млн. теңге (40,9%), мал азықтық дақылдарын – 777,9 млн. теңге (30,8%), арпаны – 379,5 млн. теңге (20,4%), картопты – 128,8 млн. теңге (18,9%), күнбағыс тұқымдарын – 50,4 млн. теңге (9,1%), бақша дақылдарын – 40,5 млн. теңге (18,7%).
2019 жылы облыстың ауыл шаруашылығы құралымдары өсімдік шаруашылығы өнімін өткізуден 5559,3 млн.теңге жалпы табыс алды (пайдалылық деңгейі 31,1% құрады), соның ішінде көкөністерді – 2127,5 млн. теңге (54,4%), бидайды өткізуден – 1987,3 млн. теңге (24,1%), арпаны – 504,9 млн. теңге (35,9%), мал азықтық дақылдарын – 440,6 млн. теңге (19,2%), күнбағыс тұқымдарын – 257,8 млн. теңге (44,1%), картопты – 107,4 млн. теңге (14,6%), бақша дақылдарын – 64,3 млн. теңге (22,2%).
Бекітілген егіс құрылымына сәйкес 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 787,0 мың га алаңда, оның ішінде 457,3 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 35,2 мың га майлы дақылдар, 282,2 мың га жемшөп дақылдары, 6,3 мың га картоп, 5,9 мың га бақша дақылдары жүргізілетін болады.
Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы:
Қазіргі таңда облыс аумағында жұмыс істеп тұрған сервистік-дайындау орталықтарының және олардың қатысушыларының саны 9 бірлік;
олардың құрамында (құрылтайшылары) қатысушылары:
Сервистік-дайындау орталықтары қатысушыларының жарғылық капиталы – 946,1 мың теңге, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтер сомасы 501,0 мың теңге, ауыл шаруашылық кәсіпорындар сомасы 53,0 мың теңге, өңдеуші кәсіпорындар сомасы 92,0 мың теңге, шаруа немесе фермер қожалықтар сомасы 128,0 мың теңге, жеке кәсіпкерлер сомасы 86,1 мың теңге, басқа қатысушыларының сомасы 14,0 мың теңге. Жалпы аталған орталықтарындағы жұмыс істеп жатқан жұмысшыларының саны 14 адам және жалпы құндық мәнде өнім өндіру және қызметтер көрсету көлемі 5810,0 мың теңге.
Сервистік-дайындау орталықтарының негізгі қызметтері:
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі туралы толық ақпараты:
ҚР-ның 2015 жылғы 29 қазандағы №372-V «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңына сәйкес облыс бойынша 855 қызметкерлері бар 178 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жұмыс жасауда. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына 13 заңды тұлғалар, 194 дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және 1072 үй шаруашылықтары кіреді.
2020 жылғы 01 қыркүйегіне ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара мал 8,7 мың басты, оның ішінде етті табының сиырлары – 2,9 мың басты, қой – 12,2 мың басты және жылқы – 1,4 мың басты құраған.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Мемлекеттік аудит 8 объектіде жүргізілді. Оның ішінде: 1 негізгі аудит объектісі, ал қалған 7 аудит объектісінде үстеме аудиті жүргізілді.
Аудит нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 211 420,7 мың теңге, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 99 762,7 мың теңге;
2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 1 111 658,0 мың теңге;
3) рәсімдік бұзушылықтар 17 (он жеті) бірлік.
1) «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 2020 жылы республикалық бюджеттен жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен негізгі құралдар сатып алып, 99 762,7 мың теңге көлемінде негізсіз субсидиялар алған.
2) «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-мен «Tillemaster 1400» культиваторы бойынша № 1 «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» жобасы паспортының позициясы дұрыс көрсетілмей, 834,0 мың теңгеге артық субсидия төленген.
1) Мекеме 048-000 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру» бағдарламасы бойынша 44600,0 мың теңгесі қойылған жоспарлы тікелей нәтиже көрсеткішіне толығымен қол жеткізілмей жұмсалған. Себебі аудит объектісінің деректеріне сәйкес тікелей нәтижесі 22,3 га болып белгіленген, ал тапсырылған есептері бойынша 19,4 га құраған немесе 2,9 гектарға орындалмаған, сондықтан бұл мәселесіне жұмсалған қаражаты тиімсіз пайдаланылған болып есептеледі.
2) Мекеме 055-011 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағдарламасы бойынша жоспарланған 201716,0 мың теңгесі қойылған жоспарлы тікелей нәтиже көрсеткішіне толығымен қол жеткізілмей жұмсалған. Себебі, 2018 жылға арналған Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебі бойынша инвестициялық субсидиялау мәселелері жөнінде комиссияның шешімімен басым бағыттарды ескере отырып, бөлінген қаражатына 14 бірлігі субсидияланған, ал жоспарлы көрсеткіші - 16 бірлігі жоспарланган деп көрсетілген. Сонымен, бағдарлама бойынша қойылған тікелей нәтижесі 87,5% пайызға немесе 2 бірлігі кем қаржыландырылған, сондықтан бұл мәселесіне жұмсалған қаражаты тиімсіз пайдалынылған болып есептеледі.
3) Мекеме 056-011 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасы бойынша 865342,0 мың теңгесі қойылған жоспарлы тікелей нәтиже көрсеткішіне толығымен қол жеткізілмей жұмсалған. Себебі аудит объектісінің деректеріне сәйкес тікелей нәтижесі 5 бірлік болып белгіленген, ал тапсырылған есептері бойынша бұл бағытында ешқандай бірліктер көрсетілмеген, сондықтан бұл мәселесіне жұмсалған қаражаты тиімсіз пайдаланылған болып есептеледі.
1) Мекемемен 2017 – 2019 жылдарына арналған Бюджеттік бағдарламасын жасақтаған кезінде 002-015 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша аудит объектісінің ұсынған деректеріне сәйкес өлшем бірлігі графасында өлшем бірлігі көрсетілмеген. Ал, талап бойынша барлық көрсеткіштері айқын, анық және нақты болуы керек және оның қол жетімділігі аумақты дамыту бағдарламасымен сәйкес болуы тиіс. Яғни, аталған бағдарламасы тиісті түрде жасалмаған.
2) Мекемемен бекітілген Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі бойынша пайыздық мөлшері көрсетілгенімен, салыстырмалы жыл немесе басқа да көрсеткіші көрсетілмеген.
3) Мекемемен 2017 – 2020 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламалары өз ресми сайтына орналастырылмаған.
4) Мекемемен 2018 – 2019 жылдарына арналған Бюджеттік бағдарламасын жасақтаған кезінде 002-015 бағдарламасы бойынша аудит объектісінің ұсынған деректеріне сәйкес өлшем бірлігі графасында өлшем бірлігі көрсетілмеген. Ал, талап бойынша барлық көрсеткіштері айқын, анық және нақты болуы керек және оның қол жетімділігі аумақты дамыту бағдарламасымен сәйкес болуы тиіс. Яғни, аталған бағдарламасы тиісті түрде жасалмаған.
5) Мекемемен 2018 және 2019 жылдары 055-011 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағдарламасы бойынша бекітілген Бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтижесі ақшалай түрінде көрсетілген. Яғни, аталған Бюджеттік бағдарламасы тиісті түрде жасалынбаған.
6) 2019 жылы «Алем» ШҚ-ғы «КазАгроқаржы» АҚ-ның кредиттік комитетінің хаттамасының негізінде қаржылық лизингі арқылы «Айналмалы шашыратқыш «Valley FP 500, 8120 моделі» атты машина; Қолданылу ауданы - 882 га. (2019 жылғы, шығарылған елі Канада)» жабдығын 31317,2 мың теңгеге сатып алғаны үшін №16 жобаның паспорты бойынша 15658,6 мың теңге мөлшерінде субсидиясы белгіленгеніп, 23.12.2019 жылы төленген. 2019 жылы «Пригородный» ауыл шаруашылық фирмасы» ЖШС-гі несие арқылы тамшылатып суарудың суландыру жүйесін сатып алғаны үшін №16 жобаның паспорты бойынша 11550,0 мың теңге мөлшерінде субсидиясы белгіленгеніп, төленген. 2020 жылы «GREEN CAPITAL KAZAKHSTAN» ЖШС-гі несие арқылы «Ақтөбе қаласында жылыжай кешенін 6,7 га алаңнан 11,7 га дейін кеңейту» жобасы бойынша жабдықтарын 3938,2 млн. теңгеге сатып алғаны үшін №17 «Жылыжай кешенін салу кеңейту» жобаның паспорты бойынша 433800,0 мың теңге мөлшерінде субсидиясы белгіленгеніп, 30.03.2020 жылы төленген.
Алайда, жабдықтарын сатып алу үшін жолдаған өтінімдеріне жалғанған құжаттарының арасында инвесторлармен осыған ұқсас жабдықтың құнын растайтын прайс-парақтары ұсынылмаған.
7) Мекемемен 2019 жылы өтінімсіз «Төребай» ШҚ-на субсидия ретінде 2130,0 мың теңге бюджет қаражаты төленген.
8) Басқармамен 250-105 (жергілікті бағдарламасы 055-011) республикалық бағдарламасы бойынша 2019 жылға арналған Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебінде АӨК субъектілерін кредиттік және лизингітік міндеттемелерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру мақсаты бойынша түпкілікті көрсеткіштерінің жоспарлы нәтижелерінің орындалу туралы сипаттама мәліметтері көрсетілмеген.
9) Мекемемен 053-015 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша бекітілген Бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтижесі ақшалай түрінде көрсетілген.
10) Мемекемен 107-000 «Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижесі белгіленетін Бюджеттік бағдарламасы жасалынбаған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Ақтөбе облысы «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017 - 2021 жылдарға арналған Бағдарламаны» іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде, оның ішінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйін талдау кезінде мыналарды атап өтеміз.
Ақтөбе облысы бойынша мал саны өсуі байқалады, атап айтар болсақ басталу кезімен немесе 2016 жылмен 2019 жылын салыстыратын болсақ мал саны жалпы 11,1% пайызына өскен, оның ішінде: ІҚМ саны 20,7%-ға, қой саны 6,9%-ға, ешкі саны 23,0%-ға, шошқа саны 39,0%-ға, жылқы саны 33,8%-ға, түйе саны 10,1%-ға, құстар саны 8,1%-ға өскен.
Ал, 2020 жылғы 01 қыркүйектегі өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында жылқы саны 14%-ға өсіп және 162,4 мың басты, түйе тиісінше – 10,5%-ға және 19,6 мың басты; ірі қара мал – 6,5%-ға және 562,2 мың басты; ешкі – 4,1%-ға және 191,7 мың басты; қой – 4%-ға және 1245,5 мың басты құраған. Шошқа саны – 0,8%-ға азайып және 59,5 мың басты, құс – 2,2%-ға және 1402,5 мың басты құраған.
Оған қоса, Бағдарламаның басталу кезімен немесе 2016 жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін және мал мен құстың өнімділігін аяқталған 2019 жылында жалпы 22,5% пайызына өскен, оның ішінде:
Ал, 2020 жылғы қаңтар - тамызда мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,5% жоғары, сиыр сүтінің өндірісі 2,2% жоғары. Тауық жұмыртқасының өндірісі 1,8% азайған.
Кейбір мал мен құстың санаттары бойынша саны азайғанымен, жалпы мал саны және өндіріс көлемі тұрақты өсуді көрсетеді.
Сүт өнімінің өндірісі бойынша Бағдарламаның басталған уақытымен салыстыратын болсақ жалпы 10,0% пайызға өскен, оның ішінде сиыр сүті 10,1%-ға өскен, ал қалған сүттері бойынша орындалу бір қалыпта.
Ал, статистикалық мәліметі бойынша 2020 жылдың 7 айында сиыр сүтінің өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,3% жоғары немесе 210,3 мың тоннаны құраған.
Ақтөбе облысында 27,0 млн. га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде 25,3 млн. га жайылымдық, 464,6 мың га шабындық, 649,9 мың га егістік жер алқаптары бар. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы жалпы егіс алаңын шамамен 22,5 млн. га деңгейінде жоспарлаған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 240 мың га артық.
2019 жылы 5237,3 тонна ет және ет өнімдері экспортталған, жоспардың орындалуы - 157,5% құраған, оның ішінде ІҚМ еті - 4163,9 тонна, қой еті - 225,4 тонна, шошқа еті - 671,2 тонна, құс еті - 59,0 тонна, жылқы еті - 0,5 тонна, консервленген ет өнімдері - 12,1 тонна және шұжық ет өнімдері - 75,2 тонна.
Ақтөбе облысы бойынша 2016 жылы - 5 бордақылау алаңы, 2018 жылы - 1 бордақылау алаңы, 2019 жылы - 1 бордақылау алаңы іске қосылып, бүгінгі күні барлығы 7 бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Сүт және сүт өнімдерінің өндірісімен айналысатын кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары облыстың осы өнімге деген қажеттілігін өтеуде.
Тауық кәсіпорындары мен үй шаруашылықтарының жұмыртқа өндірісі облыстың қажеттілігін нормативке сай 2017-18 жж. аралығында орындамай, 2019 жылы жүргізілген субсидиялау арқасында 0,9%-ға артық орындалған.
Етті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары 1 адамға жылына орта есеппен 78,4 килограммды құрайды, ал осы мәселесі бойынша қазіргі таңда статистикалық мәліметтеріне сүйенетін болсақ шаруашылықтардың барлық санаттарында мал мен құстың барлық түрлерінің сойыс салмағында союға өткізілгені облыстың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп отыр.
Дегенмен, мал санының өскенімен және ет өнімдерінің шығарылымы артқанымен соңғы 4 жылында 2017 жылмен 2020 жылды салыстырғанда сиыр еті - 28,0%-ға, қой еті – 27,3%-ға, жылқы еті - 39,3%-ға, тауық еті – 32,3%-ға өскендігі байқалады. Осы Бағдарлама шеңберінде бөлінген субсидиясы өнімді арзандату үшін бөлініп, төленген, бірақ жоғарыдағы талдау және статистикалық мәліметтері бойынша аталған өнім бағасы үнемі өсуде.
Статистика комитетінің деректеріне сәйкес облыста жыл сайын 330 мың тоннаға дейін сүт өндірілген. Алайда, өндірілген сүттің негізгі мөлшері ұрпақты тамақтандыру үшін қолданылады.
Облыста негізгі дәнді дақылдардар егісі бағдарламаның басталған кезімен (2016 жылмен) 2019 жылдың аяғындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда жалпы 38,5%-ға өскендігі байқалады.
Ақтөбе облысы бойынша егіс алқабы 2016 жылы – 563,9 мың га, 2017 жылы – 650,0 мың га, 2018 жылы – 738,1 мың га, 2019 жылы – 780,9 мың га құрап отрыр.
Аталған дақылдардың динамикасын талдау Бағдарламаны іске асыру басталғанға дейін және барысында егіс алқаптарының ұлғаюын көрсетеді. Ол дегеніміз, өсім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бос жерлерді беру есебінен болып табылған.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 2016 жылы – 344,3 мың га, 2017 жылы - 389,8 мың га, 2018 жылы – 442,5 мың га, 2019 жылы - 459,9 мың га құрап отыр.
Дәнді және дәнді – бұршақты дақылдардың жиналған алаңының үлесі 2016 жылы – 99,8%, 2017 жылы – 99,8%, 2018 жылы-98,8% және 2019 жылы-99,3% құралған.
2016 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардан 11,9 ц/га, 2017 жылы 12,3 ц/га, 2018 жылы 11,0 ц/га өнім алынған. Ал, 2019 жылы өнімділік 2018 жылмен салыстырғанда 23,6%-ға төмендеп, 8,4 ц/га құраған.
Түсімділіктің төмендеу және жиналған алқап үлесінің төмендеу себептерінің арасында табиғи жағдайлар орын алып отыр, себебі Ақтөбе облысы негізінен егіншілікке қауіпті аумақтарының бірі болып есептеледі және облыста 2016 жылға қарағанда 2017 – 2019 жылдар аралығында ауа райы құрғақ болған. Соның салдарынан Бағдарлама басталғаннан бері жалпы орташа шығарылымы 10,6 ц/га құраған, ол дегеніміз 2016 жылға қарағанда 1,3 ц/га төмендеген.
2016 жылы егіс алқаптарынан жиналған майлы дақылдар алаңының үлесі – 84,8%, 2017 жылы – 88,1%, 2018 жылы – 96,1% және 2019 жылы - 99,3% құраған. Ал, майлы дақылдардың өнімділігі: 2016 жылы (осы бағдарлама басталғанға дейін кезі) - 5,7 ц/га, 2017 жылы 4,0 ц/га, 2018 жылы 3,3 ц/га, 2019 жылы 5,4 ц/га құраған. Майлы дақылдардың жалпы өнімі бойынша: 2016 жылы – 188,7 мың ц., 2017 жылы – 138,5 мың ц., 2018 жылы-152,5 мың ц., 2019 жылы-159,7 мың ц. құраған. Осымен, аталған майлы дақылдар бойынша 2016 жылға қарағанда барлық көрсеткіштерін салыстырғанда төмендеуде, оның себебі жоғарыда айтылғандай ауа райының қолайсыздығы болып тұр.
2016 жылы көкөніс - бақша дақылдарының егіс алаңдары – 5,0 мың га, 2017 жылы-5,3 мың га, 2018 жылы-5,4 мың га, 2019 жылы-5,8 мың га құраған. Көкөніс-бақша дақылдарына жиналған алқаптың үлесі 2016 жылы – 99,8%, 2017 жылы – 99,7%, 2018 жылы – 99,6% және 2019 жылы-99,4% құраған. Бұл жағдайы бойынша бір қалыпта тұрғандығын көрсетеді.
2016 жылы көкөніс-бақша дақылдарының өнімділігі 160,9 ц/га алынған, одан әрі оң динамика байқалады және 2019 жылы өнімділігі 168,7 ц/га құраған, ол дегеніміз 2016 жылға қарағанда 7,8%-ға өскен.
Көкөніс-бақша дақылдарының жалпы шығарылымы бойынша: 2016 жылы – 811,1 мың ц., 2017 жылы-916,5 мың ц., 2018 жылы - 973,3 мың ц., 2019 жылы-1074,5 мың ц. құраған, бұл жерде өсу динамикасы байқалады.
IІІ. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: жоқ.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
2019 жылдың соңына АӨК дамыту Бағдарламасы іске асырудың басталуымен салыстырғанда тамақ өнімдерін өндіру бойынша жалпы 55,7%-ға өсу динамикасы байқалады.
Талданып отырған кезеңде АӨК инфрақұрылымының жай-күйінің жақсаруы байқалады: мемлекеттік бағдарлама қолданыла бастағаннан бері жылыжайлардың, астық тұқым қоймаларының, көкөніс қоймаларының, сою пункттерінің және ветеринариялық пункттердің саны ұлғайды.
Жаңадан алынған техникалар мен жабдықтар саны көбеюде, яғни ауыл шаруашылық техникасының алаңы жаңартылуда, сондай-ақ шаруашылықтардың жұмысқа қабілеттілігі артады және ауыл шаруашылық өнімділігінің жалпы экономикадағы үлесі ұлғаяды.
Дегенмен, жоғарыдағы көрсеткіштердің басым бөлігі оңтайлы өсу динамикасы байқалғанымен Мекеменің атқарып отырған міндеттері тиісті түрде орындалмауда.
Аудитпен қамтылған кезіндегі және қамтылған бағдарламалар бойынша жалпы 34512,7 млн. теңге бөлінген, оның ішінде 2017 жылы – 7035,2 млн. теңге, 2018 жылы – 9800,8 млн. теңге, 2019 жылы 6570,1 млн. теңге және 2020 жылдың 9 айында 11106,6 млн. теңге. Бөлінген бюджет қаражаты бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.
Алайда, бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет шығыстарын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды, бюджет жүйесінің негізділік қағидатын толық көлемде сақтамау, бюджет қаражатына қажеттілікті терең талдаудың болмауы орын алып отыр. Оған қоса, Бюджеттік бағдарламалар жасақталған кезінде көрсеткіштер бірліктері қойылмаған, түпкілікті және тікелей нәтижелі көрсеткіштерінің нақты қол жеткізу көлемдері өлшемді көрсеткіштермен емес, жазбалы түрде және кейбір кезде ақшалай көрсетілген. 2017-2019 жылдары 1 111 658,0 мың теңгеге бюджеттік бағдарламалар бойынша қойылған жоспарлы тікелей және түпкілікті нәтижелеріне толығымен қол жеткізілмей жұмсалған.
«Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-гі 2020 жылы республикалық бюджеттен жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен негізгі құралдар сатып алып, 99762,7 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты есебінен негізсіз субсидиялар алған. Оған қоса, аталған серіктестік «Tillemaster 1400» культиваторы бойынша № 1 «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» жобасы паспортының позициясын дұрыс көрсетпеуі себебінен 834,0 мың теңгеге артық субсидия алған.
Жоғарыдағы аталып кеткен кемшіліктері Мекеменің өз қызметін тиімді атқаруына кедергілер келтіретіндігі мәлім және алдағы уақытында тиімді жұмыс атқару үшін барлық субсидия бағыты электронды портал арқылы жүзеге асырылуы тиіс, оған қоса тиімді және сапалы қызмет жасауының бірі құқықтық-нормативтік актілерінің тұрақсыздығы немесе жиі өзгертулер енгізуі.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды аралық бағалауға, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдаланудың тиімділігіне келетін болсақ, бағдарлама енгізілген сәттен бастап облыстың ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштері үнемі өсіп келеді, бірақ ауыл шаруашылығы өнімінің немесе оның кейбір түрлерінің бағасы тұтынушылардың кейбір санаттарына сатып алуға мүмкіндік бермейді, себебі бағасы қымбаттап келеді, сондықтан осы бағыт бойынша алдағы уақытында субсидиясын алған ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерге өнім бағасы халыққа қолжетімді болу талабы қойылу керек.
Сонымен қатар, «Құмқұдық» ЖШС-гі 2019 жылы өзі өндірген элиталық «Саратов-70» дәнді дақылын «Ақтөбе-Агосервис» ЖШС-не өткізіп, 2020 жылы қайта сатып алып, сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында 16,4 млн.теңге көлемінде субсидия алған. Нәтижесінде, «Құмқұдық» ЖШС-гі өзі өндірген элиталық «Саратов-70» дәнді дақылын қайта сатып ала отырып, субсидия алған.
Бүгінгі күні техникалық инспекция саласындағы негізгі міндеттердің бірі ауыл шаруашылығы техникасының орталықтандырылған дерекқорын құрумен мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.
Қазіргі уақытта облыс бойынша тіркелген ауыл шаруашылығы техникаларының орталықтандырылған дерек қоры жоқ. Кейбір аудандар қолдан жасалған лицензияланбаған Excel, Access негізінде автономды базаларды пайдаланып жүр.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:
3.3.1. Ұсынымдар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында бірегей, элиталық тұқымдарды, элиталық көшеттерді өндіруші болып табылатын АӨК субъектілерінің өзі өндірген өнімдерді қайта сатып алу кезінде субсидияланбауы бойынша толықтырулар енгізу;
2) Ауыл шаруашылығы техникасының орталықтандырылған дерекқорын құру мен мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін автоматтандыру және оңтайландыру;
3.3.2. Тапсырмалар:
3.3.2.1. Мекеме басшысына (Қ.І.Сарсембай):
1) Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзушылықтарға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;
2) Мекемеге бөлінген қаражаттарының тиісті түрде тиімді жұмсалуын қатаң түрде бақылауға алу;
3) Анықталған 99 762,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың толық көлемде бюджетке өтелуі бойынша шаралары қабылдау;
4) Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.
3.3.2.2. «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-гі 99 762,7 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты есебінен негізсіз алынған субсидияларды толық көлемде бюджетке өтеу және тиісті ақпаратты 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.
3.4. Қосымша: жиынтық тізілім ____ бетте.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.К.Игисенов
Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау бөлімінің басшысы Г.С.Изтлеуова
Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Б.К.Тулеубаева
Құқықтық жұмыстар бөлімінің
басшысы Р.А.Балкасынов
Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау бөлімінің бас инспекторы -
мемлекеттік аудиторы (топ жетекші) А.Қ.Төлебаев