Аудиторское заключение 06.11.2020

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы

С.Еңсегенұлына

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: кіші және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттірдің жоғалуына өтеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

          кіші және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттірдің жоғалуына өтеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануыны іске асырылуы.

          1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ.

         1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 01 қаңтар – 30 қыркүйек аралығы.

  1.   Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлік:

         2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысы негізінде 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде:

1) ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығының;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығының;

3) салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті енгізілген.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру бойынша салық саясатының мәселелері жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысы негізінде 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтандыру және қонақүй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық мөлшерлемелеріне "0" коэффициенті белгіленген.

Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.04.2020 жылғы №187 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» қаулысының «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кіші және орта бизнес субъектілерінің салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығыстарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу» 46 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысына жалпы 6 852 072,0 мың теңге бөлінген.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Мемлекеттік аудит 2 объектіде жүргізілді.

Аудит нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған жоқ.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.04.2020 жылғы №187 қаулысы негізінде Ақтөбе облысына жалпы 6 852 072,0 мың теңге бөлінген.

Республикалық қаражат есебінен жергілікті бюджеттің жоғалуларын өтеуге бөлінген қаражаттарын келесідей бөлген:

Ақтөбе қаласына 2 609 627,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 4 239 995,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Алға ауданына 6 506,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 10 570,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Әйтеке би ауданына 31 939,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 51 893,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Байғанин ауданына 22 368,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 36 342,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Ырғыз ауданына 7 175,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 11 658,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Қарғалы ауданына 4 739,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 7 700,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Мәртөк ауданына 30 902,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 50 208,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Мұғалжар ауданына 37 913,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 61 600,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Темір ауданына 49 683,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 80 722,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Ойыл ауданына 474,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 770,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Қобда ауданына 5 232,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 8 500,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Хромтау ауданына 267 768,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 435 056,0 мың теңге, яғни 61,5%;;

Шалқар ауданына 40 068,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 65 100,0 мың теңге, яғни 61,5%;

Ақтөбе облысы бойынша білім басқармасына (облыстық бюджет) 3 737 680,0 мың теңге бөлген, бюджет жоғалуы 6 072 801 мың теңге, яғни 61,5%.

Осылайша бюджет шығындарын жоғалуына бөлінген трансферттерді тең үлестерімен бөлінгенің көрсетеді.

2020 жылғы 9 айдағы бюджеттің кіріс бөлігінің салық түсімдерінің кассалық атқарылуын 2019 жылғы сол кезеңнің көрсеткіштерімен салыстыру кезінде, сондай-ақ 2020 жылғы бюджеттің атқарылуы көрсеткіштерінің асып кетуі белгіленген.

2020 жылдың 9 айыдың салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша көрсеткіштердің орындалуын талдау кезінде, 2019 жылдың көрсеткіштерінен орта есеппен 111,9% – ға (қаңтар – 118,2%, ақпан – 120,4%, Наурыз – 120,9%, сәуір – 103,6%, мамыр – 103,6%, маусым – 105%) асатынын көрсетті.

Салық түсімдері көрсеткіштері 2020 жылғы шілде-қыркүйек аралығында орташа есеппен 77,3% – ға төмендегені байқалады (шілде-92,9%, тамыз-70,3%, қыркүйек-68,8%).

 

            IІІ. Қорытынды бөлік

         3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: жоқ.

 

         3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудитпен кіші және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттердің жоғалуын жалпы 11 132 914,0 мың теңгеге болжау жасаған, ал Республикалық бюджет есебінен жоғалуларды өтеуге жалпы 6 852 072,0 мың теңге бөлінген, бұл 61,5% құрайды. Бұдан әрі, бөлінген трансферттерді тең үлестермен бөлген, яғни әр ауданға және қала мен облыстық бюджетке жалпы бюджет жоғалуларының көлемінен 61,5%-дан. Сондай-ақ, Мекемемен 2020 жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламалары аясында (жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы, «Еңбек» бағдарламасы, денсаулық сақтау қызметкерлерін ынталандыруы) бөлінетін трансферттері есепке алынып жергілікті бюджеттін жоғалулары бойынша есептемесіне қосымша түзетулер жүргізілмеген немесе, жоспарлау уәкілетті органмен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары әр деңгейде екендігін және бір қатары дотациялар  алатынын ескеріп, толық талдау жасағаннан кейін ғана қаражаттарды бөлудің орнына тек қана тең үлестермен бөліп шектелген.             

Кіші және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттердің жоғалуына бөлінген қаражаттар уақытылы игерілген.

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша кіріс бөлігінің салық түсімдерінің өсуі байқалады, осылайша 01.10.2020 жылға кассалық салық түсімдерінің жоспарлы көрсеткіштерден өсуі 195,3% - ды құрады.

         3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

         3.3.1. Тексеру комиссиясының отырысында Кіші және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттердің жоғалуына бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің нәтижелерін қарау. 

Аталған мекемелерге бюджет жоғалуына бөлінген қаражаттарының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

3.3.2. Аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелерге:

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттарды жоспарлау сапасының төмендігіне көңіл бөлу;
  2. Растайтын құжаттарды қоса беріп, қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

3.3.3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-не:

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттарды жоспарлау сапасының төмендігіне көңіл бөлу;
  2. Растайтын құжаттарды қоса беріп, қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.

 

3.4. Қосымша: жиынтық тізілім ____ бетте.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                С.Ш.Урынбаев

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау бөлімінің басшысы                                       Г.С.Изтлеуова

 

Сапаны бақылау бөлімінің басшысы                        Б.К.Тулеубаева

 

Құқықтық жұмыстар бөлімінің

басшысы                                                                          Р.А.Балкасынов

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау бөлімінің бас маман-

мемлекеттік аудиторы (топ жетекші)                        И.В.Югай

Аудиторское заключение 06.11.2020
Дата публикации
10 ноября 2020