Аудиторлық қорытынды 30.10.2020

 Ақтөбе облысы бойынша

                                                                        тексеру комиссиясының төрағасы

                                                                        С.Еңсегенұлына

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

          «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы.

          1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, соның ішінде: үстеме тексеру объектілері: «Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы КММ және «М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар -  жасөспірімдер спорт мектебі» КММ.

          1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 01 қаңтар – 30 қыркүйек аралығы.

  1.   Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлік:

          2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

          Ақтөбе облысы Қазақстанның облыс аумағының көлемі бойынша екінші болып табылады. Өңір әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша 12 ауданға, 142 ауылдық округке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала орналасқан, олардың ішінде: 7 шағын қала (Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі) және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 372 ауылдық елді мекен.

          Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген.

          «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

          «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері:

          - еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

          - жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

          - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;

          - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту;

          - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

          - ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту;

          - ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру;

          - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;

          - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу;

          - еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

          - жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту;

          - «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.

          «Еңбек» бағдарламасының мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай 4 бағыт бойынша жүргізіледі:

          - «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

          - жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

          - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;

          - «Жастар – ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.

          «Еңбек» бағдарламасының 3-ші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

          1) жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

          2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

          3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.

          «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:                          

          1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мәселелері бойынша консультациялар;

          2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға, оның ішінде мүгедектерге және азаматтардың жекелеген санаттарына жұмыс орындарын квоталау шеңберінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;         

          3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

          4) жастар практикасын ұйымдастыру;

          5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

          6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;

          7) алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру («Алғашқы жұмыс орны» жобасы);

          8) зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерді кейін алмастырумен жұмысқа орналастыру ("Ұрпақтар келісім-шарты" жобасы).

          2020 жылғы II тоқсанына Ақтөбе облысы бойынша кедейлік шегінен төмен өмір сүретін отбасылар саны 5704 отбасын, кедейлік шегінен төмен өмір сүретін азаматтар саны – 29957 адамды құраған (Ақтөбе облыстық статистика департаментінің деректері).

          Ақтөбе облыстық статистика департаментінің деректеріне сәйкес 2020 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% – ды, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жастағы) - 3,2% - ды құраған.

          2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақтөбе облысының жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың саны 43 061 адамды құраған, оның ішінде жұмыспен қамту органдарының көмегімен 36 758 адам жұмысқа орналастырылған, өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру үлесі 85,4% құраған. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың басым көпшілігі Ақтөбе қаласы бойынша – 16016 адам (11823 адам жұмысқа орналастырылды немесе 73,8 %), Мұғалжар ауданы бойынша – 4218 адам (3767 адам жұмысқа орналастырылды немесе 89,3 %), Алға ауданы бойынша – 2811 адам (2096 адам жұмысқа орналастырылды немесе 74,6 %), Байғанин ауданы бойынша – 2625 адам (2184 адам жұмысқа орналастырылды немесе 83,2 %), Мәртөк ауданы бойынша – 2463 адам (2006 адам жұмысқа орналастырылды немесе 81,4 %). Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың ең аз саны Қарғалы ауданы бойынша – 1530 адам (1543 адам жұмысқа орналастырылды немесе 100,8 %), Ырғыз ауданы бойынша – 1679 адам (1555 адам жұмысқа орналастырылды немесе 92,6 %).

            Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақтөбе облысының халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар саны 9990 адамды құраған, оның ішінде: Ақтөбе қаласы бойынша – 2486 адам, Мұғалжар ауданы бойынша – 1365 адам, Алға ауданы бойынша – 989 адам, Темір ауданы бойынша-832 адам, Мәртөк ауданы – 645 адам, Шалқар ауданы – 588 адам, Қарғалы ауданы – 566 адам, Ойыл ауданы – 544 адам, Хромтау ауданы – 551 адам, Байғанин ауданы – 440 адам, Әйтекеби ауданы – 409 адам, Қобда ауданы – 397 адам, Ырғыз ауданы – 178 адам.

          «Еңбек» бағдарламасының 3-ші бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша шараларды қарастырады.

          2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 13324 азамат қамтылған немесе жылдық жоспардан 104,0% (жылдық жоспар - 12815 адам), оның ішінде:

          - жастар практикасымен 2624 адам немесе жылдық жоспарға 95,1% (жылдық жоспар - 2759 адам);

          - әлеуметтік жұмыс орындарымен 1659 адам немесе жылдық жоспарға 106,7% (жылдық жоспар-1555 адам);

          - қоғамдық жұмыстар 9041 адам немесе жоспарға 106,3% (жылдық жоспар - 8501 адам).

          Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытын талдау:

          Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

          - әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауға көмек көрсету, оқыту, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мәселелері бойынша консультациялар;

          - лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға, оның ішінде мүгедектерді және азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау шеңберінде жәрдемдесу;

          - әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

          - жастар практикасын ұйымдастыру;

          - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

          - мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру.

          «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға әлеуметтік кәсіптік бағдар беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетуді бағалау;

          ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы №516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларына сәйкес, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыс берушілердің сұранысы негізінде жүзеге асырылған. Жұмыс берушілерге қажет мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту жыл сайын өткізілген.

          Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені болып табылады.

          Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған жекелеген санаттар, NEET санатындағы жастар, оралмандар, сондай-ақ студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

          2018 жылы  «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін өтініш бергендер саны 49 661 адамды құраған, оның ішінде қатысушылар құрамына 49 515 адам енгізілген. Қатысушылар құрамына енгізілгендердің жалпы санынан 22 926 адам – жұмыссыздар (оның ішінде 15200 адам – ауыл тұрғындары), өзін - өзі жұмыспен қамтығандар –8482 адам (оның ішінде 2886 адам - ауыл тұрғындары), жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар (ТжКБ оқушылары) –1085 адам, жұмыс іздеушілер саны 17 022 адам (оның ішінде 8935 адам – ауыл тұрғындары). Оның ішінде жұмыспен қамту органдарының көмегімен 36 584 адам жұмысқа орналастырылған, өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру үлесі 73,7% құраған. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың басым көпшілігі Ақтөбе қаласы бойынша – 17103 адам (14022 адам жұмысқа орналастырылған немесе 82,0%), Мұғалжар ауданы бойынша – 4665 адам (3282 адам жұмысқа орналастырылған немесе 70,4 %), Шалқар ауданы бойынша – 3554 адам (2205 адам жұмысқа орналастырылған немесе 62,0%), Темір ауданы бойынша - 3027 адам (2110 адам жұмысқа орналастырылған немесе 69,7 %), Алға ауданы бойынша - 2934 адам (2106 адам жұмысқа орналастырылған немесе 71,8 %), Хромтау ауданы бойынша - 2761 адам (2075 адам жұмысқа орналастырылған немесе 75,2 %).  Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың ең аз саны Ырғыз ауданы бойынша – 1718 адам (1244 адам жұмысқа орналастырылған немесе 72,4 %), Қарғалы ауданы бойынша – 1970 адам (1376 адам жұмысқа орналастырылған немесе 69,8 %).

          2019 жылы жүгінгендердің саны 44 490 адамды құраған, оның ішінде қатысушылар құрамына 43 132 адам кіреді. Қатысушылар құрамына енгізілгендердің жалпы санынан 14 972 адам – жұмыссыздар (оның ішінде 8496 адам – ауыл тұрғындары), өзін - өзі жұмыспен қамтығандар – 8 222 адам (оның ішінде 2884 адам - ауыл тұрғындары), жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар (ТжКБ оқушылары) – 5 995 адам (оның ішінде: 3054 адам-ауыл тұрғындары), жалдамалы жұмысшылар – 6 адам (оның ішінде 2 адам-ауыл тұрғындары). Жұмыс іздеушілер саны 13 937 адам (оның ішінде 7049 адам – ауыл тұрғындары). Оның ішінде жұмыспен қамту органдарының көмегімен 30 220 адам жұмысқа орналастырылған, өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру үлесі 70,1% құраған. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың басым көпшілігі Ақтөбе қаласы бойынша – 16242 адам (11544 адам жұмысқа орналастырылған немесе 71,1%), Мұғалжар ауданы бойынша – 3662 адам (2730 адам жұмысқа орналастырылған немесе 74,5%), Шалқар ауданы бойынша – 2591 адам (1866 адам жұмысқа орналастырылған немесе 72,0%), Алға ауданы бойынша - 2415 адам (1579 адам жұмысқа орналастырылған немесе 65,4%), Темір ауданы бойынша - 2350 адам (1752 адам жұмысқа орналастырылған немесе 74,5 %), Хромтау ауданы бойынша - 2299 адам (1774 адам жұмысқа орналастырылған немесе 77,2%).  Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың ең аз саны Ырғыз ауданы бойынша – 1373 адам (899 адам жұмысқа орналастырылған немесе 65,5%), Әйтекеби ауданы бойынша – 1732 адам (1356 адам жұмысқа орналастырылған немесе 78,3%).

          2020 жылғы 1 қыркүйегіне жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген азаматтардың саны – 43 750 адамды құраған, оның ішінде қатысушылар құрамына – 37 759 адам кірген. Қатысушылар құрамына енгізілгендердің жалпы санынан 16 363 адам – жұмыссыздар (оның ішінде 10 444 адам – ауыл тұрғындары), өзін - өзі жұмыспен қамтығандар –7 696 адам (оның ішінде 2522 адам – ауыл тұрғындары), 10 күн ішінде жұмысқа орналасқан жұмыс іздеушілер – 9 729 адам (оның ішінде 7150 адам - ауыл тұрғындары), жалдамалы қызметкерлер - 3 адам ауыл тұрғындары, басқалары (тіркелмеген жұмыссыз халық, ТжКБ оқушылары, студенттер, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер) 3 968 адам (оның ішінде 2 555 адам –ауыл тұрғындары). Оның ішінде жұмыспен қамту органдарының көмегімен 34 334 адам жұмысқа орналастырылған, өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру үлесі 78,5%-ды құраған. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың басым көпшілігі Ақтөбе қаласы бойынша – 15744 адам (11125 адам жұмысқа орналастырылған немесе 70,7%), Алға ауданы бойынша – 3958 адам (1982 адам жұмысқа орналастырылған немесе 50,0%), Мұғалжар ауданы бойынша – 3850 адам (3403 адам жұмысқа орналастырылған немесе 88,4%), Байғанин ауданы бойынша – 2515 адам (2071 адам жұмысқа орналастырылған немесе 82,3%), Шалқар ауданы бойынша - 2651 адам (1579 адам жұмысқа орналастырылған немесе 59,6%), Қобда ауданы бойынша - 1932 адам (1854 адам жұмысқа орналастырылған немесе 96,0%), Ойыл ауданы бойынша - 1845 адам (1546 адам жұмысқа орналастырылған немесе 83,8%). Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың ең аз саны Қарғалы ауданы бойынша – 1476 адам (1451 адам жұмысқа орналастырылған немесе 98,3%), Ырғыз ауданы бойынша – 1479 адам (1443 адам жұмысқа орналастырылған немесе 97,6%).

          Жалпы жағдайды талдай отырып және «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетуге баға бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтуге болады, атап айтқанда 2018-2019 жылдар аралығында жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген азаматтардың саны 94 151 адамды құраған, жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналасуға 66 804 адам жіберілген. Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру үлесі жылдар бойынша: 2018 жылы – 73,7%, 2019 жылы – 70,1% құраған.

          Одан әрі, Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 27.03.2020 жылғы №55-ө «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі-Жол картасы) шеңберінде 302 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

          2020 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 302 жобаның 301-де жұмыстар басталған және жалпы сомасы 6 227 532,8 мың теңгеге 102 жоба бойынша жұмыстар аяқталған, жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіш 92,4% орындалған, жоспар бойынша барлығы 11567 адам орналастыру болса, нақты жұмысқа орналасқандар саны - 10688 адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар 5298 адам (мемлекеттік аудит деректеріне сәйкес).

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Мемлекеттік аудит 14 объектіде жүргізілді. Оның ішінде: 8-і облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері және 6-ы мемлекеттік мекемелерге үстеме тексеру жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 48026331,0 мың теңге, соның ішінде: Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, мемлекеттік аудит объектілері анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 3500888,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 753 955,4 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 112630,7 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша 2634301,9 мың теңге;

4) рәсімдік бұзушылықтар 72 (жетпіс екі) бірлік.

  1. Анықталған 753955,4 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1) Жол картасы шеңберінде 30 инфрақұрылымдық жобасын жоспарлау барысында жоба құны негізсіз 176624,3 мың теңгеге артық қаражаттар («Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-160675,8 мың теңгеге 28 жоба, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-11416,5 мың теңгеге 1 жоба, «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ -4532,0 мың теңгеге 1 жоба) жоспарлаған;

2) Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтамасында көрсетілген мердігерлердің ауаның плюстік температурасы мезгілінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде қыс мезгіліндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шығындар, яғни қосымша коэффициенттерді қолдана отырып, тапсырыс берушілерге 163 инфрақұрылымдық жобалары бойынша жалпы сомасы 200504,0 мың теңгеге («Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ - 69220,5 мың теңгеге 58 жоба, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ – 60559,1 мың теңгеге 57 жоба, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ – 1750,6 мың теңгеге 2 жоба, «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ - 4761,3 мың теңгеге 4 жоба, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ - 17818,2 мың теңгеге 20 жоба, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ – 40635,3 мың теңгеге 22 жобалары, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 5759,0 мың теңгеге 1 жоба) құрылыс-монтаж жұмыстарының негізсіз қымбаттауына әкеп соқтырған;

          3) Тапсырыс берушілермен төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігі, жасалған операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмей сондай-ақ, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшы мамандарының қатысуымен зерттеу барысында, жалпы сомасы 343244,9 мың теңгеге келесі жобалар бойынша өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: «Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласындағы Мөңке би көшесінің қиылысынан бастап Достан би, Таушанов, Нұртаев, Шеңбертал көшелері Қарагулин көшесіне дейінгі автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу» 206 081,9 мың теңгеге, «Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,  Шалқар қаласындағы Абай көшесінің автомобиль жолын (Байсалбаев көшесінен Ерімбетов көшесіне дейін) ағымдағы жөндеу» 72 453,2 мың теңгеге және «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округіндегі Мөңке би көшесінің автомобиль жолын орташа жөндеу» 64 079,8 мың теңгеге жұмыстары бойынша сметалық құжаттамаларға артық материалдар кіргізіліп, осы сомаларға жұмыстары орындалмаған;

          4) Тапсырыс берушілермен төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігі, жасалған операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмей сондай-ақ, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшы мамандарының қатысуымен зерттеу барысында жалпы сомасы 11512,8 мың теңгеге келесі жобалар бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы «Шалқар қаласының, Е.Көтібарұлы көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу өткізу» жұмысы 491,3 мың теңгеге, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Шалқар қаласының Әйтеке би көшесінің автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмысы 5474,0 мың теңгеге, «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі мекенжайында орналасқан БЖСМ стадионын күрделі жөндеу» жұмысы 3593,3 мың теңгеге, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «М.Құсайнов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамндандырылған мектеп-интернаты» КММ ғимаратын  күрделі жөндеу Ақтөбе қаласы, Кобландин көшесі, 2а» жұмысы 1661,2 мың теңгеге, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы КММ оқу корпусын күрделі жөндеу» жұмысы 293,0 мың теңгеге жұмыстар орындалмаған;

5) Жол картасы шеңберінде Тапсырыс беруші «Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен жүргізілген құрылыс жұмыстарының ішіндегі авторлық қадағалауға, техникалық қолдауға жалпы сомасы 1537,8 мың теңгені бухгалтерлік есебіне кірістелмеген;

6) 11 инфрақұрылымдық жоба бойынша Мердігерлер барлығы 15185,8 мың теңгеге сметада көрсетілген тауарламен мен жұмыстарды орындамай Тапсырыс берушіге төлем жасауға ұсынылған;

7) «Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-мен жалпы сомасы 3055,3 мың теңгеге жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген;

8) 3 инфрақұрылымдық жобалары бойынша жобалау сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде қосылған құн салығынан босатылған медициналық тауарларға жалпы сомасы 1352,2 мың теңгеге қосымша құн салығы негізсіз есептелініп шығындалған;

9) 2 инфрақұрылымдық жоба бойынша оның ішінде: «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Н.Бекенбаев көшесіндегі көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмыс жобасы және «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылынан көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде келісім-шарттары бойынша 250,2 мың теңгеге жұмыстары орындалмаған.

10) 2 инфрақұрылымдық жоба бойынша Мердігерлер барлығы 688,1 мың теңгеге сметада көрсетілген тауарламен мен жұмыстарды орындамай Тапсырыс беруші «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не төлем жасауға ұсынылған;

  1. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша жалпы сомасы 112630,7 мың теңге:

1) Жол картасы шеңберінде 458-018-034 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 44203,2 мың теңгеге бюджеттік қаражаты тиімді пайдаланылмаған, яғни 3500 ш.м. құрайтын брусчатка жабындысы жоспарланған жаяу жүргіншілер жолына төселмей, Ақтөбе қаласы «Астана» саябағындағы «Амфитеатр» алаңына төселген;

2) Жол картасы шеңберінде 458-018-034 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 68427,5 мың теңгеге бюджеттік өтінімде Ақтөбе қаласы аумағындағы жаяу жүргіншілер жолына брусчатка жабындылары жоспарланған көшелерге төселмей, басқа көшелерге барлығы 5418,07 ш.м. брусчатка жабындылары төселген.

  1. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша жалпы сомасы 2634301,9 мың теңге:

1) «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі бойынша 2 инфрақұрылымдық жобасына жалпы сомасы 434500,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттамасы сараптамадан өтпей, негізсіз жоспарланған, оның ішінде: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қалаының «6 көшесін қайта жаңарту (Лохно, Рысқұлбеков, Әуезов (Еркетай және Ақбота балабақшасына кіреберіс), Елкеев, Элеваторная, 2 орта мектебінің алдындағы Курченко көшесі)» сомасы 178400,0 мың теңге және Аұтөбе облысы, Хромтау ауданы «Хромтау қаласының 6 көшесінің автомобиль жолдарын қайта жаңарту (Бикешова, Бр.Жұбанов, М. Оспанов, Әуезов, Окраина, Курченко» сомасы 256100,0 мың теңге, яғни 2 жоба бойынша 434500,0 мың теңге;

2) Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде тиімділік қағидатын сақтамай, бірінші кезектілігі мен өзектілігі талданбай және ескерілмей жалпы сомасы 48182,8 мың теңгені құрайтын «Ақтөбе қаласындағы Озмитель көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу» инфрақұрылымдық жобасы жоспарланған;

3) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-сі бойынша Жол картасы шеңберінде іс-шаралар мен инфрақұрылымдық  жобалардың іске асырылу барысында жалпы сомасы 4 532,0 мың теңгеге нысаналы трансферттер тиімсіз жоспарлаған (жобалау сметалық құжаттары сараптамадан, авторлық және техникалық қадағалау шығындары өтседе оның шығындарын жоба құнына қайта қосылғаны анықталды);

4) «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-сі бойынша «010-011 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласының «Құндақтықыр су тоғанының 1-ші көтерілуінің сорғы станцияларын қайта жаңарту (8 ұңғыма) құрылысы» жобасына жобалау сметалық құжаттаманың сараптамасы болмай жоспарлауы барлығы 446287,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған;

5) Бюджет кодексінің тиімділік принципі сақталмай, Жол картасы шеңберінде іс-шаралар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысында жалпы сомасы 39778,5 мың теңге бюджеттік кредиттер тиімсіз жоспарлаған;

6) «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі бойынша Жол картасы шеңберінде іс-шаралар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысында жалпы сомасы 213 888,2 мың теңгеге нысаналы трансферттер мен кредиттер тиімсіз жоспарлаған жобалау сметалық құжаттары сараптамадан, авторлық және техникалық қадағалау шығындары өтседе оның шығындарын жоба құнына қайта қосылғаны анықталды);

7) «Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында Қарғалы қалалық ауруханасының жапсаржайын 2,3 - қабат және кіреберіс аймақ сала отырып реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша республикалық трансферттер есебінен бөлінген 1 068 753,0  мың теңге тиімсіз жоспарланған (ЖСҚ бойынша 2 және 3 қабаттың өлшемі дұрыс емес болғандықтан);

8) Бюджет кодексінің тиімділік принципі сақталмай,                                          6 инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжатын әзірлеу кезінде қосылған құн салығынан босатылған медициналық тауарларға жалпы сомасы 274 714,6 мың теңгеге қосылған құн салығы есептелініп, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер тиімсіз жоспарлаған;

9) «Ақтөбе облысы «Қобда ауданы Терісаққан ауылында 150 орынға арналған селолық клубтың құрылысы» жұмыс жобасы бойынша бойынша жалпы сомасы 86542,0 мың теңгеге республикалық трансферттер тиімсіз жоспарланып қаражаттар бөлінген (мәдени ұйымдар желісі үшін минималды мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келмейді);

10) «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі бойынша «Ақтөбе облысының Қобда ауданында Жарық ауылынан 12 км жерде орналасқан Жарық бөгетінің коммуналдық меншігендегі ГТҚ күрделі жөндеу» жұмыс жобасы бойынша жалпы сомасы 17123,8 мың теңгеге тиімсіз жоспарлаған.

  1. 72 (жетпіс екі) рәсімдік бұзушылықтар бірлік бойынша:

Жол картасы щеңберінде аудиттелген объектілерде кемшіліктердің басым бөлігі төмендегідей. Олар:

- Іске асырылған инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға орталық мемлекеттік органдармен тиісті қорытындылар берілмей, тек келісумен шектеліп инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылған. (Аудитпен қамтылған барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері).

- Инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыс берушілермен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын жұмыссыздардың міндетті әлеуметтік аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-на аударым жасамаған;

- Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы бағдарламаға қатысушыларды талдау барысында жастарды жұмысқа орналастыру кезінде басымдық сақталмаған.

Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша:

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 7 бірлік:

1) Іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының саны  дұрыс ұсынылмай, жоспар саны қате бекітілген. Нәтижесінде бастапқы бекітілген жалпы құрылатын жұмыс орындар саны 2-ге азайды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы құралатын жұмыс орындары 4-ке өскен;

2) 126 инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға орталық мемлекеттік органдармен тиісті қорытындылар берілмей, тек келісумен шектеліп инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылған;

3) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына сәйкес, 9 іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылуы тиісті жұмыс орындары 01.10.2020 жыл жағдайына құрылмаған;

4) Инфрақұрылымдық жобалардың тізбесіне өзгерістер енгізу барысында, қайта қаржыландырылатын 14 жобаның 11 жоба бойынша (4 млн асатын) құрылуы тиіс 42 жұмыс орындар саны жоспарға енгізілмей, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен бекітілмеген;

5) 76 инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыс берушілермен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын 718 жұмыссыздардың міндетті әлеуметтік аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-на аударым жасамаған;

6) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы 13 жоба бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90% көлемінде отандық өндірушілерден сатып алу жөніндегі талаптары қарастырылмаған;

7) «Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де жұмыс жобасы бойынша техникалық қадағалау қызметтерін тиісті түрде орындамаған.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық               4 бірлік:

8) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы бағдарламаға қатысушыларды талдау барысында жастарды жұмысқа орналастыру кезінде басымдық сақталмағаны анықталды, себебі жұмысқа орналасқан жастардың пайызы – 19,6% (276*100/1405) құрайды;

9) Инфрақұрылымдық жобаларды таңдау және іріктеу кезінде жергілікті атқарушы органдармен іске асырылуға жатпайтын «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаева көшесі, 91 мекен-жайы бойынша орналасқан №33 қазақ орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы, «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Бр.Жұбановых көшесі, 261А мекен-жайы бойынша №38 қазақ орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы және «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Шәкен Айманов көшесі, 8 №14 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» инфрақұрылымдық жобалары бойынша (сараптама қорытындылары) ОҢ қорытындысы алынбай тұрып, жергілікті атқарушы органның қарауына ұсынылып, қолдау тапқан;

10) Білім беру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға орталық мемлекеттік органдармен тиісті қорытындылар берілмей, тек келісумен шектеліп инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылған;

11) Халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасқан 1 қызметкер бойынша аудит жүргізу кезінде жұмыс берушінің СТС баж деректері бойынша міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуы туралы деректер жоқ. Бұзушылықтың себебі Басқарма мен облыстың әлеуметтік қорғау және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасында салыстырудың болмауы болып табылады.

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 9 бірлік:

12) Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға жатпайтын «Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкельді ауылы, Д.Қонаев көшесі №41 «Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының күрделі жөндеу» жобасы бойынша 31783,4 мың теңгені құрайтын 1 инфрақұрылымдық жоба таңдап алынған;

13) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы бағдарламаға қатысушыларды талдау барысында жастарды жұмысқа орналастыру кезінде басымдық сақталмағаны анықталды, себебі жұмысқа орналасқан жастардың пайызы – 36,3% (40*100/110) құрайды;

14) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы «Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі 146 «А» мекенжайы бойынша жасанды жаттығу алаңын күрделі жөндеу» жобасы бойынша көп жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беру талаптары сақталмай, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде жұмыстары тиісті денгейде жүргізілмей, мамандықтар бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттілікті айқындау талаптары толық деңгейде орындалмай, жергілікті атқарушы органның қарауына ұсынылып, қолдау тапқан;

15) Жол картасы мақсатына қайшы 3 спорт инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға орталық мемлекеттік органдармен тиісті қорытындылар берілмей, тек келісумен шектеліп инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылған;

16) «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі» жалпы ережелеріне  қайшы «Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкельді ауылы, Д.Қонаев көшесі №41 «Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының күрделі жөндеу» жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарты аталған ереже бекітілгенге дейін жасалған;

17) 3 жоба бойынша жұмыс берушілермен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын 16 жұмыссыздардың міндетті әлеуметтік аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-на аударымдар жасамаған;

18) Арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу дағдарыс жағдайлары кезеңінде жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражат-тың жалпы көлемінің кемінде 90% көлемінде отандық өндірушілерден са-тып алу талаптары сақталмай, «Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі 146 «А» мекенжайы бойынша жасанды жаттығу алаңын күрделі жөндеу» жобасы бойынша отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың үлесі 14,47% көлемінде құраған;

19) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімінсіз 15741,9 мың теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылған;

20) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына қайшы Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылған 2 жоба бойынша келісім шартта қаралған жұмыстың аяқталу мерзіміне жұмыстар уақытылы аяқталмаған.

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 11 бірлік:

21) Ақтөбе қаласының «Т.Ахтанов көшесі №52 мекен-жайында орналасқан Т.Ахтанов атындағы драма театр ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы бойынша бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігі негізге ала алынбай,  жоспарлау (әзірлеу) барысында жобалық сметалық құжаттамаға сараптама жүргізуге 1262,0 мың теңгеге (2019ж.) бюджет қаражаттары тиімсіз жұмсалған;

22) Бағдарламаға қатысушыларды талдау барысында 6 жоба бойынша жастарды жұмысқа орналастыру кезінде басымдық берілмегені анықталды, себебі жұмысқа орналасқан жастардың пайызы – 31,0% (50*100/161) құрайды;

23) Ақтөбе қаласының «Т.Ахтанов көшесі №52 мекен-жайында орналасқан Т.Ахтанов атындағы драма театр ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы, Ақтөбе қаласының «Ағ.Жұбановтар №255 мекен-жайында орналасқан облыстық архив ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы, «Мәртөк  ауданы, Мәртөк ауылы, Мәртөк аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу» жобалары бойынша көп жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беру талаптары сақталмай, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде жұмыстары тиісті денгейде жүргізілмеген;

24) 7 мәдениет және архив инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға орталық мемлекеттік органдармен тиісті қорытындылар берілмей, тек келісумен шектеліп инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылған;

25) «Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Ойыл  аудандық мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен келісім жоба аяқталғаннан кейін берілген;

26) Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылған 3 жоба бойынша келісім шартта қаралған жұмыстың аяқталу мерзіміне жұмыстар уақытылы аяқталмаған;

27) Тапсырыс беруші  «Мәртөк аудандық мәдениет үйі» МКҚК-мен «Мәртөк  ауданы, Мәртөк ауылы, Мәртөк аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу» және «Мәртөк  ауданы, Жайсан ауылы, Жайсан ауылдық клубының ғимаратын күрделі жөндеу» жобалары бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасысыз құрылыс жұмыстары жүргізген;

28) 2 инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыс берушілермен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын 8 жұмыссыздардың міндетті әлеуметтік аударымдарын және міндетті зейнетақы   жарналарын БЖЗҚ-на аударым жасамаған;

29) Тапсырыс берушімен Ақтөбе қаласының «Т.Ахтанов көшесі №52 мекен-жайында орналасқан Т.Ахтанов атындағы драма театр ғимаратын күрделі жөндеу» жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейін дұрыс айқындалмаған;

30) Тапсырыс берушімен Ақтөбе қаласының  «Т.Ахтанов көшесі №52 мекен-жайында орналасқан Т.Ахтанов атындағы драма театр ғимаратын күрделі жөндеу» жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейін дұрыс айқындамау салдарынан, технологиялық жағынан күрделі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерге мемлекеттік емес аккредиттелген «Экоинжиниринг ЕК» ЖШС-і жеке сараптама ұйымымен сараптама жүргізілген;

31) Ақтөбе қаласының «Т.Ахтанов көшесі №52 мекен-жайында орналасқан Т.Ахтанов атындағы драма театр ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы бойынша Мемлекеттік монополияға жатқызылатын кешенді ведомстводан тыс сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымының сараптамалық  қорытындысысыз құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізген.

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 8 бірлік:

32) Мекемемен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде 2020-2022 жылдарға арналған 071-005 «Газ тасымалдау жүйесін дамыту», «Ішкі қарыздар есебінен»,  088-005 «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге кредит беру», «Ішкі қарыздар есебінен»  бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген, уәкілетті органдармен келісілмеген;

33) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы бағдарламаға қатысушыларды талдау барысында жастарды жұмысқа орналастыру кезінде басымдық сақталмағаны анықталды, себебі жұмысқа орналасқан жастардың пайызы – 43,9% (413*100/940) құрайды;

34) Аудитпен қамтылған кезеңде іске асырылып жатқан 43 жоба бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне, инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың бірінші кезектілігі мен өзектілігіне, өңірдің табиғи-климаттық жағдайын және жобаларды іске асыруға әсер ететін басқа да ерекшеліктерін негізге ала отырып жобалар бойынша іріктеуге басымдылық берілмей, іріктеу рәсімдері салыстырмалы түрде жүргізілмеген;

35 Тапсырыс беруші мен Мердігерлер арасында мемлекеттік сатып алу шарттары барлығы 31 инфрақұрылымдық жобалары тиісті басқару салаларындағы мүдделі орталық мемлекеттік органдарының келісімінен бұрын жасақталған;

36) Жол картасы шеңберінде инфрақұрлымдық жоба бойынша келісім шарты бойынша қаралған жұмыстың аяқталу мерзіміне және мемлекеттік сараптаманың құрылыстың ұзақтығына сәйкес құрылыс жұмыстары уақытында аяқталмаған;

37) «Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырының құрылыс» жобасы бойынша №04-0016/19 қортындысының 8 тарауының 1 тармағына қайшы құрылыс жұмыстарының ұзақтығының мерзімі бұзылған;

38) 19 жоба бойынша жұмыс берушілермен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын 246 жұмыссыздардың міндетті әлеуметтік аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-на аударымдар жасамаған;

39) Жол картасы шеңберінде іс-шаралар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысында жалпы сомасы 39778,5 мың теңгеге бюджеттік кредиттер негізсіз көтерінкі жоспарлаған.   

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 21 бірлік:

40) 027-011, 088-005 бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісілмеген;

41) 027-011, 038-011, 088-005, 099-011, 114-011 бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды)  бекітілгеннен кейін күнтізбелік                 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған;

42) Жол картасы шеңберінде 39 инфрақұрылымдық жобаларды келісу барысында орталық мемлекеттік органдарымен тиісті қорытындылар дайындалмаған;

43) Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылған 12 инфрақұрылымдық жобасы бойынша келісім-шартта қаралған жұмыстың аяқталу мерзіміне жұмыстар уақыттылы аяқталмаған;

44) Мекеменің 25 объектісі бойынша халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасқан 418 қызметкер бойынша аудит жүргізу барысында жұмыс берушінің СТС баж деректері бойынша міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуы туралы деректер жоқ екендігі анықталды;

45) Жол картасы шеңберінде іс-шаралар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысында жалпы сомасы 213 888,2 мың теңгеге нысаналы трансферттер мен кредиттер негізсіз көтерінкі жоспарлаған;

46) Бағдарламаға қатысушыларды талдау барысында жастарды жұмысқа орналастыру кезінде басымдық сақталмағаны анықталды, өйткені жұмысқа орналасқан жастардың пайызы – 43,8% (502/1147*100%) құрайды. Бұзушылықтардың себебі Жол картасының талаптарын сақтамау болып табылады;

47) Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарының талаптарына қайшы Мекемемен Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру кезінде 12 жоба бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен келісілмеген;

48) Тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға Ақтөбе облысы Хромтау ауданы «Хромтау қаласының орталық саябағын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етілмеген;

49) «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Н.Бекенбаев көшесіндегі көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмыс жобасы, жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалган;

50) «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Н.Бекенбаев көшесіндегі көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша жобалык-сметалык кужаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген;

51) «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Н.Бекенбаев көшесіндегі көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жобасының жобалау сметалық құжаттамаға бұрынғы жобалық шешімдерге әсер ететін негізделген өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, түзетілген бөлімдер бойынша қайтадан (жаңа) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша шаралар қабылданбаған;

52) Негізділік принципі сақталмай, 6 жұмыс жобалары бойынша жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу кезінде қосылған құн салығынан босатылған медициналық тауарларға жалпы сомасы 274 714,6 мың теңгеге қосылған құн салығы есептелініп, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер  негізсіз көтерінкі жоспарлаған;

53) Мекемемен Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру кезінде 4 жоба бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілмеген;

54) Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру тәртіптері мен шарттарына қайшы, 4 тапсырыс беруші мен жұмыс беруші-мердігер арасында жоғарыда аталған талаптар шарттарында келісілмеген;

55) Жол картасы бағдарламасы шеңберінде 8 жұмыс жобасы жүзеге асырылған кезінде жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы алынбай құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген;

56) «Ақтөбе қаласы, Жаңа Қоныс т/а, 8Е учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан «Ақтөбе медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК құрамына кіретін Ақтөбе облыстық ауруханасының терапиялық және эндокринологиялық бөлімшелері үшін «Б» блогының 4-қабатын қайта жоспарлау» жобасы бойынша отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы 77,4%, «Ақтөбе қ., Жаңақоныс 8Е тұрғын үй алабы мекенжайы бойынша «Ақтөбе медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК ғимаратын реконструкциялау және 1-қабатын ішінара қайта жоспарлау» жобасы бойынша 15,6%, «Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында Қарғалы қалалық ауруханасының жапсаржайын 2,3 - қабат және кіреберіс аймақ сала отырып реконструкциялау» жобасы бойынша 50,3%  құраған;

57) «Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында Қарғалы қалалық ауруханасының жапсаржайын 2,3 - қабат және кіреберіс аймақ сала отырып реконструкциялау» жұмыс жобасы, «Ақтөбе қаласы, Жаңа Қоныс т/а, 8Е учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан «Ақтөбе медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК құрамына кіретін Ақтөбе облыстық ауруханасының терапиялық және эндокринологиялық бөлімшелері үшін «Б» блогының 4-қабатын қайта жоспарлау» жұмыс жобасы және «Ақтөбе медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК ғимаратын реконструкциялау және 1-қабатын ішінара қайта жоспарлау» жұмыс жобасы бойынша көп жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беру талаптары сақталмай, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген;

58) «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылынан көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмыс жобасы жобалау сметалық құжаттамаға сәйкес келмей орындалган;

59) «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылынан көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша жобалау сметалық құжаттамада карастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген;

60) «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылынан көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жобасының жобалау сметалық құжаттарына бұрынғы жобалық шешімдерге әсер ететін негізделген өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, түзетілген бөлімдер бойынша қайтадан (жаңа) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша шаралар қабылданбаған.

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 3 бірлік:

61) ҚР Премьер-Министрінің 27.03.2020 жылғы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» №55-ө өкіміне қайшы, Мекемемен жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде қарастырылған «Ақтөбе облысының Қобда ауданында Жарық ауылынан 12 км жерде орналасқан Жарық бөгетінің коммуналдық меншігендегі ГТҚ (гидротехникалық құрылғы) күрделі жөндеу» жұмыс жобасы іске асырылмаған;

62) ҚР Премьер-Министрінің 27.03.2020 жылғы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» №55-ө өкіміне қайшы Мекемемен мүдделі орталық мемлекеттік органдармен, яғни Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен тиісті қорытындысын алмай тек келісім хатымен шектелген;

63) ҚР Премьер-Министрінің 27.03.2020 жылғы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» №55-ө өкіміне қайшы Мекеме мердігердің инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90%-ы көлемінде болған кезде отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы міндеттемелерді орындауын тиісті түрде қамтамасыз етпеген.

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-де рәсімдік бұзушылық 6 бірлік:

64) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы №516 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 2-қосымшасының 28 тармағына қайшы, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс жасаған 242 адамға  жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын төлемеген;

65) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы №516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бектілген жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 3 қосымшасының 4 тармағының                                  1 тармақшасына қайшы Ырғыз ауданы халықты жұмыспен қамту орталығымен оқуды аяқтағанына 3 жылдан астам уақыт өтіп кеткеніне қарамастан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін 2014 жылғы 28 маусымда «география» мамандығы бойынша бітірген жас маман М.Джармагамбетова 2018 жылдың 06 ақпанында «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ-нің «Ырғыз гимназиясы» КММ-не география пәні мұғалімі мамандығы бойынша жастар практикасына жолданған;

66) ҚР Үкіметінің 13.11.2018 жылғы №746 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысымен бекітілгенның 5.4.2 тармағының 8 тармақшасына қайшы, Ақтөбе облысы бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарымен «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға міндетті зейнетақы жарналарының болуына тиісті деңгейде мониторинг жүргізілмеген;

67) ҚР 06.04.2016 жылғы №482-V ҚРЗ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 21-бабының 1 тармағына қайшы, 2018-2020 жылдың 01.09. аралығында Мәртөк, Хромтау, Әйтекеби, Темір, Мұғалжар, Шалқар аудандарының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жиырма тоғыз жастан асып кеткен жастар практикасына қатысушы 10 адамның жалақысын қаржыландыруға жалпы сомасы 2479,5 мың теңге бұзушылықтармен шығындалған.

68) ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 21.06.2013 жылғы №105-V Заңның 24-бабының 7-тармағына қайшы, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасқан 1 409 жеке тұлғаға ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға аударылмаған (кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей);

69) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы №516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген жастар практикасын ұйымдастыру және  қаржыландыру қағидасы 3-қосымшасының 9 тармағына қайшы Қарғалы, Байғанин, Ырғыз, Әйтекеби, Темір, Алға, Мәртөк, Мұғалжар аудандарының және Ақтөбе қаласының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен 16 жағдайда жастар практикасына жіберілген түлектердің жұмыс орындары білім беру ұйымдарында алған мамандықтарына (кәсібі) сәйкес келмеген.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де рәсімдік бұзушылық 3 бірлік:

70) ҚР 04.12.2015 жылғы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы 43 бабының 12 тармағына, келісім шарттың 8.3 тармағына қайшы «Ақтөбе қаласының №1 желілік ауданының кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту (12 объект) құрылысы» жобасы бойынша сараптаманың құрылыстың ұзақтығына сәйкес құрылыс жұмыстары уақытында аяқталмаған;

71) ҚР Үкіметінің 20.03.2020 жылғы №127 қаулысы 11 тармағының           6 тармақшасына және 23.06.2020 жылғы №242 мемлекеттік сатып алу шартының 2-2 қосымшасына қайшы Ақтөбе қаласына сәндік жарықтандыру жұмыстары сметалық құжаттамадағы көрсетілген жерлерге қоңдырылмаған;

72) Мемлекеттiк сатып алу заңнамасының 46 бабының 2 тармағына қайшы аталған жоба бойынша келісім шарт Қазынашылық департаментінде бес жұмыс күннен кешіктіріліп, 2020 жылғы 15 шілдеде яғни, 15 жұмыс күнге кешіктіріліп тіркелген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі кезеңінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, отандық бизнесті қолдау, кірістерді қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту арқылы халыққа игіліктер ұсыну үшін Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын (бұдан әрі-Жол картасы) іске асыру қаралған.

Осы мақсатта Жол картасын сапалы жүзеге асыру үшін облыс әкімінің өкімімен облыстық мәслихат депутаттарын, облыстық қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, өңірлік Комиссия құрылды. Сондай-ақ, жол картасын жүзеге асырудың егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жобаларды іріктеу кезінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қолданылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық салалар қамтылған.

Мемлекет тарапынан Ақтөбе облысын қолдаудың теңдессіз шаралары қабылданып, 46,3 млрд.теңге (трансферттер – 12,9 млрд., облигациялар – 33,4 млрд.) мөлшерінде елеулі қаражат бөлінді. Аталған қаражат шамамен 12 мың жұмыс орнын (іске асыру кезеңінде уақытша - 11 567, жобалар аяқталғаннан кейін тұрақты – 375) құру арқылы 303 маңызды жобаны іске асыруға бағытталған.

Бүгінде, барлық жобалар бойынша 100% мердігерлер анықталды, жұмыстар құрылыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Жобаларда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі орташа есеппен 90%-ды құрап отыр, жол картасына қатысушылардың орташа жалақысы - 87,4 мың теңге.

Халықпен әрбір есептік кездесуде көтерілетін өзекті мәселелердің бірі - қалалық және ауылішілік жолдардың жай-күйі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың қанағатсыз жағдайы бойынша Ақтөбе өңірі облыстар арасында төмен сатылардың бірін иеленеді (14-тен 13-орын).

Осы фактіні ескере отырып, Жол картасының барлық қаражатының 46%-ы немесе 21,3 млрд.теңге жалпы ұзындығы 390 км қалалық және ауылдық жолдарды салуға және жөндеуге бағытталған.

Сапалы көліктік қолжетімділікпен 724 мың адам немесе облыс халқының 82%-ы қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, жол картасы жобаларын іске асыру нәтижесінде:

- білім саласындағы 56 нысан жөнделуде немесе жөндеуді қажет ететін барлық нысандардың 57%-ы, оның игіліктерімен 21 мың оқушы қамтылады. Сондай-ақ, 3 ауысымдыққа жол бермеу мақсатында Ақтөбе қаласының 4 мектебіне қосымша құрылыстар жүргізілуде (№13, 23, 68, 53 орта мектептері);

- денсаулық сақтау саласы бойынша материалдық-техникалық базамен жабдықталу деңгейі 90%-ға дейін артады. Облыстық ауруханаларды қайта құру және қайта жоспарлау есебінен кардиохирургия, жалпы хирургия, эндокринология (қалқанша без аурулары) және балалар нейрохирургиясы жаңа бөлімшелері ашылады, олар жоғары технологиялық күрделі оталар жасауға және шетелде медициналық көмек іздеп жүрген өңір азаматтарының санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алулардан құралған үнемдеу есебінен 2,1 млрд. теңгеге инфекциялық стационарларды жарақтандыру үшін медициналық жабдықтар сатып алу мақұлданған;

- таза ауыз сумен жалпы халық саны 3,5 мың адамды құрайтын 7 ауыл қамтылады (Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылы, Алға ауданы Нұрбұлақ және Жерұйық ауылдары, Байғанин ауданы Қаражар ауылы, Ырғыз ауданы Жарма ауылы, Мұғалжар ауданы Елек ауылы, Ойыл ауданы Қаракемер ауылы).

Сонымен қатар, облыс бойынша Жол картасын іске асырудан 773,1 млн.теңге жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері құралады деп күтілуде.

Жалпы, Жол картасын іске асыру халықты толғандыратын басым проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және өңір экономикасының дамуына одан әрі оң серпін береді.

          Жол картасы шеңберінде 2020 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 302 жобаның 301-де жұмыстар басталған және жалпы сомасы 6 227 532,8 мың теңгеге 102 жоба бойынша жұмыстар аяқталған, жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіш 92,4% орындалған, жоспар бойынша барлығы 11567 адам орналастыру болса, нақты жұмысқа орналасқандар саны - 10688 адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар 5298 адам (мемлекеттік аудит деректеріне сәйкес).

          IІІ. Қорытынды бөлік

          3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Аудит барысында жалпы сомасы 753955,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішіндегі қалпына келтіруге жататын 221 782,5 мың теңгенің 3070,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және 532 172,9 мың теңге өтелуге жататын соманың 63281,3 мың теңгесі өтелді. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін қалған қаражаттары қалпына келтірілмеді және өтелмеді. (Өтелмеген қаражат қалдығы 468 891,6 мың теңге және қалпына келтірілмеген қаражат қалдығы 218 712,2 мың теңге).

          Аудиттелген объектілер бөлінісінде:

IІІ. Қорытынды бөлік

          3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Аудит барысында жалпы сомасы 753955,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішіндегі қалпына келтіруге жататын 221 782,5 мың теңгенің 3070,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және 532 172,9 мың теңге өтелуге жататын соманың 63281,3 мың теңгесі өтелді. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін қалған қаражаттары қалпына келтірілмеді және өтелмеді. (Өтелмеген қаражат қалдығы 468891,6 мың теңге және қалпына келтірілмеген қаражат қалдығы 218712,2 мың теңге).

          Аудиттелген объектілер бөлінісінде:

          - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округіндегі Мөңке би көшесінің автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмысы бойынша 57776,6 мың теңге;

          - «Шалқар қаласының, Е.Көтібарұлы көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу өткізу» бойынша 491,3 мың теңге;

          - «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы КММ оқу корпусын күрделі жөндеу» жұмысы бойынша 293,0 мың теңге;

          - «М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ ғимаратын күрделі жөндеу Ақтөбе қаласы, Кобландин көшесі,2а» жұмысы бойынша 1661,2 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Н.Бекенбаев көшесіндегі көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмысы бойынша 329,1 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылынан көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмысы бойынша 326,2 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкеді ауылы, Жаңа құрылыс-1 көшесіне электр желісінің құрылысы» жұмысы бойынша 604,1 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Н.Бекенбаев көшесіндегі көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмысы бойынша 125,1 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылынан көп салалы спорт алаңдарының құрылысы» жұмысы бойынша орындалмаған жұмыстар сомасы 125,1 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы Темір ауданының Еңбекші ауылында 20 адам қабылдайтын медициналық пункт құрылысы» жұмысы бойынша 811,7 мың теңге;

          - «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Сарысай ауылына ауысымына 30 келушіге арналған медициналық пункттің құрылысы» жұмысы бойынша 345,1 мың теңгеге негізсіз есептелген ҚҚС сомалары бюджетке өтелді.

Сонымен қоса, «Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қарауылкелді ауылы Жаңақұрылыс-4,5 көшелеріндегі су құбыры желілерінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 392,8 мың теңге негізсіз төленген қыс мезгіліне есептелетін қосымша шығындары өтелді. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласында "Подхоз" тұрғын алабына су құбырлараның құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 3 055,3 мың теңге орындалмаған жұмыстар сомасына минустік орындалған жұмыстарды қабылдау актісі жасалып қалпына келтірілді және Ембі қаласы әкімінің мәліметіне сәйкес барлығы 15,0 мың теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. (Аудит барысында қалпына келтірілді).

          Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 446287,0 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарлағаны үшін «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшының м.а. Н.К.Сертаевқа және 268-088 «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша                                      2 инфрақұрылымдық жоба жалпы сомасы 434500,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаты сараптамадан өтпей негізсіз жоспарланған, оның ішінде Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының «6 көшесін қайта жаңарту (Лохно, Рысқұлбеков, Әуезов (Еркетай және Ақбота балабақшасына кіреберіс), Елкеев, Элеваторная, 2 орта мектебінің алдындағы Курченко көшесі)» жалпы сомасы 178400,0 мың теңге жәнеАқтөбе облысы Хромтау ауданы «Хромтау қаласының 6 көшесінің автомобиль жолдарын қайта жаңарту (Бикешова, Бр.Жұбанов, М. Оспанов, Әуезов, Окраина, Курченко» сомасы 256100,0 мың теңгені құрайтын инфрақұрылымдық жобаларды тиімсіз жоспарлағаны үшін «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы М.Е.Ибрашовқа Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылды. (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 09.10.2020 жылғы №6 және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 12.10.2020 жылғы №7 хаттамаларының көшірмелері жалғанады).

          3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

          Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет, Азаматтық кодекстерінің, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 27.03.2020 жылғы №55-ө «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған жол картасының талаптарының жүйелік бұзылуының салдарынан қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануының және жоспарлануының төмендігін атап өту қажет.

          Жергілікті атқарушы органдарымен кейбір инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде барынша көп еңбекті қажетсінетін технологияларды талап ететін, барынша көп жұмыс орындарын құрайтын және жұмыс ұзақтығы мен жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны бойынша барынша көп жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларға басымдық берілмеген.

          Қыс мезгіліне жатпайтын кезеңдерде Мердігерлер қыс мезгіліндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шығындары көрсетіліп, құрылыс жұмыстары негізсіз қымбаттауына әкеп соқтырған.

          Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша аудиттелген объектілерде Жол картасын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтамайтынын атап өту қажет: инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау кезінде аудит объектілері негізділік қағидатын басшылыққа алмаған, өз құзыреті шегінде талдау жүргізілмеген. Бұдан басқа, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған, жоспарлау кезінде сараптамадан өткен жобалау сметалық құжаттамасы болмаса, ведомоствоаралық комиссияның бекітуіне бағытталған жобалар тізбесіне енгізілген. Инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау кезінде бекітілген тізбеге 2017 – 2019 жылдардан өтетін жобалар, сондай-ақ жоспарлау кезінде іске асыру үшін тиісті құжаттары бар жобалар кіргенін атап өту қажет.

          Аудит барысында сарапшылардың қатысуымен үстеме тексерулер жүргізіліп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтары анықталды сондай-ақ, орындалған жұмыстар бойынша жұмыстардың құндары ұлғайтылған, яғни сметаларға артық материалдар кіргізілген;

          Сонымен қатар, аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтардың орын алуы басқару органы тарапынан тиісті деңгейде қадағаланбайды, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен Басқармамен қаражаттарды жоспарлау барысында негіздейтін құжаттарын сұратпайтындығы, нақты сұранымдары болмаса да, Жол картасы щеңберінде іске асырылатын жаңа жоба ретінде жергілікті арқару органнын қарауына ұсынылып, қолдау тапқан яғни, бюджет қаражаттары оңтайлы және тиімді жұмсау талаптары орындалмағанын көрсетеді.

          Жоғарыдағы бұзушылықтардың орын алуына аудиттелген объектілерде Жол картасын іске асыруға жауапты мамандар қажетті ақпаратты толық көлемде меңгермегенін атап өту керек.

          Осы аудит барысында «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің тарапынан кредит қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелерді уақтылы және тиісті пайдалануына бақылау мен мониторинг жүргізуді тиісті деңгейде жүзеге асырмағанын көрсетті.

          Ақтөбе облысының климатын және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімін (қараша-желтоқсан) ескере отырып, жұмыстардың уақтылы және сапалы аяқталмау қаупі бар. Аталған жағдайды ескере отырып, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді және сапалы жүзеге асыру үшін облыстық басқарма басшыларына, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне бөлінген қаржыны толық игеру, жоспарланған іс-шаралар мен жобалардың іске асырылуын жеделдету бойынша тиімді шаралар қабылдау қажет, бұл ретте орындалған жұмыс сапасын қатаң қадағалап, өтініштерді уақтылы беру ағымдағы айдағы қаржыландыру жоспарындағы өзгерістер, қаржыландыру жоспарларына жауапкершілік пен бақылауды күшейту қажет.

          3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

          3.3.1. Тексеру комиссиясының отырысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің нәтижелерін қарау.  

Аталған мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекет активтерінің пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

3.3.2. Аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелерге:

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзуға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;
  2. Мекемеге бөлінген қаражаттарының тиісті түрде жұмсалуы қатаң түрде бақылауға алынсын;
  3. 3. Бюджет қаражаттарын игеру мақсатында нақты сұранымдары болмаса мекеменің қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіп, артық қаражаттар жоспарланып, игерілуі тоқатылсын;
  4. Қыс мезгіліне жатпайтын кезеңдерде мердігерлермен қыс мезгіліндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шығындары көрсетіліп, құрылыс жұмыстары негізсіз қымбаттауына әкеп соқтырған бюджет шығындарын тиісті бюджетке өндіру шаралары алынсын;
  5. Жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін қатысы бар орындаушылардың жауапкершілігін арттыра отырып, есепті кезеңдер бойынша Жол картасының орындалу қорытындыларын сапалы шығаруды қамтамасыз ету;
  6. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын аудит барысында қалпына келтірілмеген қаражат қалдығы 218712,2 мың теңгені және өтелмеген қаражат қалдығы 468891,6 мың теңгені толық көлемде облыстық бюджетке өтелуі бойынша шаралары қабылдансын;

 (Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы);

  1. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

3.3.3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-не:

  1. Мемлекеттік аудит нәтижесінде 30 инфрақұрылымдық жобасын жоспарлау барысында жоба құны негізсіз 176624,3 мың теңгеге («Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-160675,8 мың теңгеге 28 жоба, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-11416,5 мың теңгеге 1 жоба, «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ -4532,0 мың теңгеге 1 жоба) артық қаражаттар жоспарланған. Осы негізсіз жоспарланған қаражаттарды тиісті бюджетке өтелуі немесе қалпына келтіруі бойынша шаралары қабылдансын;
  2. Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзуға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру және жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін қатысы бар орындаушылардың жауапкершілігін арттыра отырып, есепті кезеңдер бойынша Жол картасының орындалу қорытындыларын сапалы шығаруды қамтамасыз ету;
  3. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.

3.3.4. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-не:

  1. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жатпайтын «Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы Достан би, Таушанов, Ы.Нұртаев, Шеңбертал көшесіне дейінгі автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары» және «Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Абай көшесінің (Байсалбаев көшесінен Ерімбетов көшесіне дейін) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары» бойынша жеке кәсіпкер «Саулет» авторлық қадағалау қызметтерін тиісті түрде орындамай, «Декор» ЖШС-нің пайдасына құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетілгені үшін, инжинирингтік қызметтерімен айналысуға шектеу қоюға сотқа талап арыз беруге тиісті шаралары қабылдансын;
  2. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:

1) «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басшыларына Бюджет Кодексінің оның ішінде: қаражаттарды тиімсіз жоспарлау фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді Тексеру комиссиясында қаралғаны есепке алынсын;

2) Ақтөбе облысының прокуратурасына «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігі, жасалған операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмей сондай-ақ, «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшы мамандарының қатысуымен зерттеу барысында, жалпы сомасы 287602,4 мың теңгеге келесі жобалар бойынша өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: «Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы Мөңке би көшесінің қиылысынан бастап Достан би, Таушанов, Нұртаев, Шеңбертал көшелері Қарагулин көшесіне дейінгі автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу» жұмысына 206081,9 мың теңге, «Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы Абай көшесінің автомобиль жолын (Байсалбаев көшесінен Ерімбетов көшесіне дейін) ағымдағы жөндеу» жұмыстары бойынша 72453,2 мың теңгеге сметалық құжаттамаларға артық материалдар кіргізіліп, осы сомаларға жұмыстары орындалмаған сондай-ақ, «Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі мекенжайында орналасқан БЖСМ стадионын күрделі жөндеу» жұмысы 3593,3 мың теңгеге жұмыстары орындалмауына байланысты тапсырыс беруші «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің  материалдары жолдансын.

 

3.4. Қосымша: жиынтық тізілім ____ бетте.

         Тексеру комиссиясының мүшесі                                Г.Г.Турмагамбетова

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау бөлімінің басшысы                                       Г.С.Изтлеуова

 

Сапаны бақылау бөлімінің басшысы                        Б.К.Тулеубаева

 

Құқықтық жұмыстар бөлімінің

басшысының м.а.                                                           Н.С.Изимов

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау бөлімінің бас маман-

мемлеке

ттік аудиторы (топ жетекші)                                       С.Т.Қалжанов

Аудиторлық қорытынды 30.10.2020
Дата публикации
05 ноября 2020