Ақтөбе облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы
С.Еңсегенұлына
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: бюджет қаражатының пайдаланылуына,сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдаланудың тиімділігіне, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының және жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасының 3-бағытын іске асыруға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: жергілікті бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттардың пайдаланылуын, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалануының, оның ішінде денсаулық сақтау объектілерімен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуының талдауы, бөлінген қаражаттардың және мемлекет активтерінің пайдалануының, олардың бухгалтерлік есепке алынуының дұрыстығы, мемлекеттік аудит объектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігі, олардың іске және жүзеге асырылуының тиімділігін анықтау.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (әрі қарай – Мекеме)
1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудиторы Г.С.Изтлеуова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1269), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас мамандары - бас мемлекеттік аудиторлары Бекбусон Ж.У. (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1629) және И.В.Югай (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1412).
1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы шілдені қоса алғанға дейін (қажет болған жағдайда басқа да кезеңдерді қамту).
2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 27.03.2020 жылғы №55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамту Жол картасының 2020-2021 жылдарға арналған инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру тәртібі мен шарттарына (бұдан әрі мәтін бойынша – №55-ө өкім) сәйкес, Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен (аш.01.04.2020 ж. №01-1-15/306-и) жалпы сомасы 5359126,2 мың теңгеге 34 инфрақұрылымдық жоба, оның ішінде күрделі жөндеу – 1455995,7 мың теңге сомасына 25 жоба, ағымдағы жөндеу – 165 927,0 мың теңге сомасына 5 жоба, қайта жаңарту – 3 234 463,5 мың теңге сомасына 3 жоба, қайта жоспарлау (перепланировка) – 502 740,0 мың теңге сомасына 1 жоба келісілген.
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасымен жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі жолданған. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жалпы сомасы 5 044 094,2 мың теңгеге 29 инфрақұрылымдық жобаны іріктеп алған, оның ішінде: 261 910,5 мың теңгеге денсаулық сақтау объектілерін салуға 3 жоба, 862 745,9 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 17 жоба, 154 720,8 мың теңгеге денсаулық сақтау объектілерін ағымдағы жөндеуге 5 жоба және 3 764 717,0 мың теңге сомасына объектілерді қайта жаңартуға 4 жоба. Денсаулық сақтау объектілерінде 29 жобаны іске асыру барысында 1261 жұмыс орнын құру, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 631 орын жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы есебінен 213 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қалыптастырылған жобалардың жиынтық тізбесі ВАК қарауына жіберілген.
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасына денсаулық сақтау нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 22 жобаны іске асыруға 1017466,7 мың теңге бөлінген, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар бойынша:
253-033-011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бекітілген қаржыландыру жоспарында шығыстар қарастырылмаған, нақтыланған жоспар 862 745,9 мың теңгені құраған, атап айтқанда мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеуге. 2020 жылдың аудит барысында анықталған кассалық шығыстар 514 805,9 мың теңгені құрады;
253-041-011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» бекітілген қаржыландыру жоспары 154 720,8 мың теңгені құраған, нақтыланған қаржыландыру жоспары 76801,4 мың теңгені құраған. Аудитпен қамтылған кезеңінде кассалық шығыстар жүргізілмеген.
Жобаларды ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілген, 77919,4 мың теңге сомасына Денсаулық сақтау объектілерін ағымдағы жөндеу бойынша 3 жоба алып тасталған (Ақтөбе медициналық орталығындағы балалар стационарының физиотерапиялық бөлімшесінің ағымдағы жөндеуі жұмыстары бойынша 45013,2 мың теңге,; Алға орталық аудандық ауруханасының стационарлық корпусының бірінші қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 12039,8 мың теңге; Алға орталық ауруханасының стационарлық корпусының екінші қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 20866,4 мың теңге). Ведомствоаралық комиссияның отырысында жобаларды ауыстыру бекітілген.
041-011 «Облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберіндегі жобалар республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту Жол картасы бағдарламасының қатысушыларына жұмысқа орналастыру үшін жаңадан құрылған жұмыс орындарына 38 адамды жұмысқа орналастыра отырып, инфрақұрылымдық объектілерін (облыстың денсаулық сақтау объектісінің есеуінде ағымдағы жөндеу) іске асыруға 154720,8 мың теңге бөлінген.
Ақтөбе облысы әкімдігінің "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" іске асыруға көзделген қаражатты қайта бөлудің кейбір мәселелері туралы" 14.07.2020 жылғы №270 қаулысының негізінде осы бағдарлама бойынша шығыстар 76 801,4 мың теңгеге дейін азаю жағына қайта бөлінген. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. 24.07.2020 жылғы №132ө§2 бұйрығымен 253-041-011 бюджеттік бағдарламасы бекітілген, онда Тікелей нәтиже көрсеткіштері өзгертілген: объектілер саны 2 объектіге дейін азайған, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмысқа орналастырылғандар саны 20 адамға дейін.
Жүргізілген талдау денсаулық сақтау нысандарын ағымдағы жөндеу бойынша 2 жобаны іске асыру үшін 76 801,4 мың теңге бөлінгенін көрсетті. Денсаулық сақтау объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 67 973,0 мың теңгеге шарттар жасалған. Өткізілген мемлекеттік сатып алулардан үнеміділігі 8 828,4 мың теңгені құраған.
2020 жылдың 1 тамызына осы бағдарлама бойынша кассалық шығыстар жүргізілмеген. Шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің басталумауына байланысты игерілмеу үлесі 100%- ды құраған.
033-011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту Жол картасы бағдарламасының қатысушыларына жұмысқа орналастыру үшін жаңадан құрылған жұмыс орындарына 216 адамды жұмысқа орналастыра отырып, инфрақұрылымдық объектілерді (облыстың денсаулық сақтау 17 объектісінде күрделі жөндеу) іске асыруға 862 745,9 мың теңге бөлінген.
Жүргізілген талдау денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеулері бойынша 17 жобаны іске асыру үшін 862 745,9 мың теңге бөлінгенін көрсетті. Денсаулық сақтау объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 731 453,6 мың теңгеге шарттар жасалған. Өткізілген мемлекеттік сатып алулардан үнеміділігі 131 292,3 мың теңгені құраған.
2020 жылдың 1 тамызына осы бағдарлама бойынша кассалық шығыстар 514 805,9 мың теңгені құраған. Жобалардың негізгі үлесінің шарттық міндеттемелерін орындау мерзімдері басталмауына байланысты игерілмеу үлесі 40% - ды құраған.
Аудитке ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 253-033-015 "Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасының 418 ерекшелігі бойынша 2019 жылы мемлекеттік кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықтауына 2 314 881,0 мың теңге жоспарланып, кассалық шығындары 2 314 880,3 мың теңгені құраған. 2020 жылдың қаңтар-шілде айыларына жоспарланған сома 1 197 771,0 мың теңге, кассалық шығындары 1 197 771,0 мың теңгені құраған.
033 «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағадарламасының мақсаты: халықтың денсаулығын жақсарту. Жоспарланған түпкілікті нәтиже: материалдық-техникалық жарақтандыруды стандартты нормативке дейін жеткізу болып табылады.
Аталған бағдарлама Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейді.
Тікелей нәтиже: Медициналық және медициналық емес техниканы сатып алу, күрделі жөндеу жобалары үшін ЖСҚ дайындау, объектілерді күрделі жөндеу.
Аудитпен қамтылған кезеңде Денсаулықты сақтау мекемелері, кәсіпорындарымен бұл бағдарлама бойынша сатып алынған медициналық жабдықтар, негізгі құралдар және жобалар бойынша объектілерге жүргізілген күрделі жөндеулер халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің нәтижелі жұмыстарына оңтайлы әсер етеді. Мысалы: сатып алынған медициналық жабдықтар халықтың денсаулығын сақтау мақсаты бойынша пайдаланылады, ауылдық мекендердегі күрделі жөндеуден өткен объектілерге су, кәріз құбырлары өткізілген, ғимараттардың шатырлары ауыстырылған.
Алайда, бұл бағдарлама бойынша жоспарлау және сатып алулар кезеңдерінде қолданыстағы заңнамаларды сақтамай, бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алғандығын белгілеу қажет. Бұл Денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарында бюджеттік, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сақталмайтындығын, сондай-ақ, олар басшылықтарымен қатаң бақылауға алынбайтындығын және талап етпеулерін дәлелдейді.
027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау» бюджеттік бағдарламаның мақсаты: облыс халқының денсаулығын жақсарту, вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуін төмендету және болдырмау. Соңғы нәтиженің көрсеткіші бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау 95% - дан кем емес.
2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен профилактикалық егулер үшін вакциналар санын жоспарлау кезеңнің басындағы қалдықтарды ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ келесі жылдың бірінші тоқсанына арналған вакциналар қорының көлемі көзделеді. Вакциналарды сатып алу Бірыңғай дистрибьютордан жүргізіледі. Есептен шығару Денсаулық сақтау объектілерінің вакциналарды алуға талабы бойынша ай сайын жүргізіледі.
Алайда, аудитпен жүргізілген талдауға сәйкес, облыс бойынша Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау объектілері 2018 жылы А гепатитіне қарсы вакцинациямен тек 44% қамтылғаны, ал 2019 жылы тек 33,7%-ға қамтылған анықталған. Бұл жағдай «А» гепатитіне қарсы вакцинаны сатып алуға қаржыландыру толық көлемде бөлінбейтіндігін, вакцинаны сатып алуға Бірыңғай дистрибьютормен шарттар уақтылы жасалмайтындығын, бұл профилактикалық егулерді жүргізу мерзімдерінің бұзылуына әкеледі және тұтастай алғанда облыстағы эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер ететіндігі анық.
2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Аудитпен қамтылған сома 7 796 116,8 мың теңге.
Аудиторлық іс-шарамен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 48 533,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының 01.07.1999 жылғы №409 Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 654 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына қайшы, «Ойыл аудандық ауруханасы» МКК-нің Жекенді, Көсембай, Берсиев, Саралжын медициналық пунктілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған кезінде «ТенгриСтройИнвест» ЖШС-мен 05.05.2020 жылы №84 мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша жалпы сомасы 560,7 мың теңгеге (нақтысы 560 716 теңге) жұмыстар орындалмаған. Яғни, медициналық пунктілер бойынша жасалынған сметалық құжаттамаларында тот баспайтын болаттан жасалған тумбаларға (тумба из нержавеющей стали) келесі қаражат қарастырылған: Жекенді медициналық пунктында 140,2 мың теңге, Көсембай медициналық пунктында 140,2 мың теңге, Берсиев медициналық пунктында 140,2 мың теңге, Саралжын медициналық пунктында 140,2 мың теңге. Аудит барасында визуалды қараумен, тот баспайтын болаттан жасалған тумбалардың орнында, беті тотбаспайтын болаттан жасалған, ал тумбасы ағаштан екендігі анықталды.
2.1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» №55-ө өкіміне қайшы, Денсаулық сақтау ұйымдарымен 12 жағдайда жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы щеңберінде қарастырылған жобаларды жүзеге асыру кезінде мердігерлермен жасалынған мемлекеттік сатып алу шарттарында жоғары аталған талаптары қарастырылмаған.
2.2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 2 тармағының 1 тармақшасына қайшы, ШЖҚ «Қарғалы аудандық ауруханасы» МКК-мен 22.04.2020 жылы №4221440-1 хабарландыру нөмерімен лот №34774242-КСП1 Әлімбет ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптары белгіленіп мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған.
2.3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 2 тармағының 1 тармақшасына қайшы, ШЖҚ «Қарғалы аудандық ауруханасы» МКК-мен 22.04.2020 жылы №4228112-1 хабарландыру нөмерімен лот №34799666-КСП1 Әлімбет ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптары белгіленіп мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған.
2.4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» №55-ө өкіміне қайшы, Мекемемен көзделген қаражаттың жалпы көлемінің 90%-ы көлемінде отандық өндірушілерден тауарларды сатып алуы тиісті түрде қамтамасыз етпеген.
2.5. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау объектілері 2018 жылы А гепатитіне қарсы вакцинациямен тек 44% (15690/35800*100) қамтылғаны, бұл ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.06.2018 жылғы №361 бұйрығымен бекітілген "Халыққа профилактикалық егулер жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 7-тармағына қайшы болып келеді, өйткені балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық егулермен қамтудың оңтайлы деңгейі № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімде кемінде 95% - ды құрайды.
2.6. Ал 2018 жылға арналған профилактикалық егулердің жылдық жоспарын жасау кезінде облыстың денсаулық сақтау басқармасы 2019 жылдың бірінші тоқсанына арналған вакциналар қорын көздемегені, жоғарыда аталған нормаларды бұзу болып табылады.
2.7. 2019 жылы Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау объектілерімен «А» гепатитіне қарсы вакцинациялауға жататын адамдар тек 33,7%-ға (13465/39913*100) қамтылған, бұл ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.06.2018 жылғы №361 бұйрығымен бекітілген "Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 7-тармағын бұзу болып табылады, өйткені № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімде балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық егумен қамтудың оңтайлы деңгейі кемінде 95% - ды құрайды.
Сонымен қатар, Мекеменің 033 «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында сатып алынған медициналық жабдықтар, негізгі құралдар бойынша аудитке ұсынылған мәліметтермен медициналық жабдықтар, негізгі құралдар бойынша нарықтық құндарымен салыстырма түрде талдау жүзеге асыру мақсатында жиынтық кесте жасалды.
Satu.kz cайтының ақпараттық-коммерциялық сипатта болғандықтан, медициналық жабдықтардың нақты сипаттамалары, медициналық жабдыққа арналған белгілі бір компоненттерге сипаттамалары бойынша толық ақпарат жоқ, бұл медициналық жабдықтардың бағалары нарықтық болып табылатындығын белгілеп өту қажет.
Салыстырма кестесі бойынша, «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКК–да 1 дана өкпені жасанды желдету аппараты (аппарат искусственной вентиляции легких) 22 360,0 мың теңгеге сатып алынған, ал бұл медициналық құралдың нарықтағы құны 27,8 мың теңге – 17 500,0 мың теңге арасында өзгеріп отырған. Нарықтағы максималды құны мен нақты сатып алынған құны арасында айырмашылығы 4 860,0 мың теңгені (17 500,0 м.т.-22 360,0 м.т.= -4860,0 м.т.) құрайды немесе 21,7 пайызға артық.
«Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКК–да 1 дана ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе (система ультразвуковая диагностическая медицинская) 69 500,0 мың теңгеге сатып алынған, ал бұл медициналық құралдың нарықтағы құны 8 000,0 мың теңге - 32 000,0 мың теңге арасында өзгеріп отырған. Нарықтағы максималды құны мен нақты сатып алынған құны арасында айырмашылығы 37 500,0 мың теңгені (32 000,0 м.т.-69 500,0 м.т.= -37 500,0 м.т.) құрайды немесе 53,9 пайызға артық.
«Ембі аудандық ауруханасы» МКК–да 1 дана ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе (система ультразвуковая диагностическая медицинская) 44 300,0 мың теңгеге сатып алынған. Нарықтағы құны 8 000,0 мың теңге - 32 000,0 мың теңге арасында өзгеріп отырған. Нарықтағы максималды құны мен нақты сатып алынған құны арасында айырмашылығы 12 300,0 мың теңгені (32 000,0 м.т.-44 300 м.т.= -12 300,0 м.т.) құрайды немесе 27,7 пайызға артық.
Капнографсыз пациенттің мониторы (монитор пациента без капнографа) («Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКК 3 дана, «Алға аудандық ауруханасы» МКК – 1 дана, «Облыстық клиникалық облыстық аурухана» МКК 2 дана) 1 данасы 3 191,3 мың теңгеге сатып алынған, ал нарықтағы құны 995,0 мың теңге – 1 161,0 мың теңге арасында өзгеріп отырған. Нарықтағы максималды құны мен нақты сатып алынған құны арасында айырмашылығы 2 030,3 мың теңгені (1 161,0 м.т.-3 191,3 м.т.= -2 030,3 м.т.) * 6 = 12 181,8 м.т.) құрайды немесе 63,6 пайызға артық.
«Облыстық клиникалық инфекциялық аурухана» МКК-мен 1 дана, құны 5 400,0 мың теңгеге, дефибрилятор сатып алынған. Нарықтағы құны 174,0 – 1 890,0 мың теңге арасында өзгеріп отырған. Нарықтағы максималды құны мен нақты сатып алынған құны арасында айырмашылығы 3 510,0 мың теңгені (1 890,0 м.т.-5 400,0 м.т.= -3 510,0 м.т.) құрайды немесе 65,0 пайызға артық.
Сонымен қатар, аудитпен 14 облыстар мен қалалардағы Денсаулық сақтау басқармаларына 2020 жылы сатып алынған (сатып алынған жағдайда): «Система диагностическая ультразвуковая стационарная НS60 (экспертного класса от SAMSUNG MEDISON, Южная Корея) РК-МТ-5№017024», Дефибриляторы «DefiMonitor серии XD: XD10 (METRAX GMBN, Германия)» және «Аппарат искусственной вентиляции легких» Нamilton-C1 бойынша құндары, саны, сатып алынған күндері және мердігердің атауы көрсетілген ақпараттар сұралды.
Бұл сұраныс бойынша:
3 облыстардың денсаулық сақтау басқармалары бұндай медициналық құралдар сатып алынбағандығы туралы, 1 басқарма – медициналық құралдар мемлекеттік кәсіпорындармен сатып алынуына байланысты, ақпарат ұсына алмайтындығын хабарлаған, ал, қалған 8 денсаулық сақтау басқармалар хаттарға жауап берген жоқ. (Хаттар жалғанады)
Жоғарыда көрсетілген, басқа облыстардың ұсынылған мәліметтерімен салыстырғанда: «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКК–да 1 данада, 69 500,0 мың теңгеге сатып алынған ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе (система ультразвуковая диагностическая медицинская) SAMSUNG MEDISON, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен 1 данасы 36 580,0 мың теңгеге сатып алынған. Айырмашылығы 32 920,0 мың теңгені (36 580,0 м.т.-69 500,0 м.т.= -32 920,0 м.т.) құрайды немесе 47,3 пайызға артық.
«Ақтөбе медициналық центрі» МКК–да 1 данасы 17 000,0 мың теңге, барлығы 8 дана, жалпы сомасы 136 000,0 мың теңгеге сатып алынған «Аппарат искусственной вентиляции легких» Нamilton-C1, «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен бұл медициналық құралдың 1 данасы 14 700,0 мың теңгеге сатып алынған. 1 дананың айырмашылығы 2 300,0 мың теңгені (14 700,0 м.т.-17 000,0 м.т.= - 2 300,0 м.т.)*8 = -18 400,0 м.т.) құрайды немесе 13,5 пайызға артық.
Аталған салыстырма талдаумен көрсетілген айырмашылықтардың негізінде, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау мекемелерімен, кәсіпорындарымен материалдық-техникалық жарақтандыруға қарастырылған бюджеттік қаражаттарын негізді және тиімді пайдалануы толық көлемінде қамтамасыз етілмейтіндігі анық, үстеме бағамен алынғаны анықталды. №1,2 кесте
Медициналық жабдықтардың құны бірнеше элементтерден тұрады: өзіндік құн, пайда, тауардың сұранысы мен құндылығы, бәсекелестік, тауарды сату тәсілі. Осыған байланысты әр түрлі өндірушілер үшін бір жабдықтың бағасы әр түрлі болады. Сондай-ақ, медициналық жабдықтардың нарықтық бағаларын талдаудың күрделілігі жалпы конфигурацияда жатыр, яғни әр түрлі өндірушілерде бірдей тауарлар жоқ, бұл тауарлардың құнына тікелей әсер етеді.
Медициналық құралдардың жинақтаушылардың техникалық сипаттамасын (технические характеристики комплектующих), параметрлер мен функцияларын, режимдерін, деректердің көрнекі күйлеріне қойылатын талаптар (требования к визуальному отображению данных), шығын материалдардың және тозатын түйіндерді (расходные материалы и изнашиваемые узлы) жағдайларын, клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыратын, медициналық құралдардың бағасын (құнын) талдайтын кәзіргі таңда Республика бойынша сәйкесінше сараптама ұйымының жоқтығына және satu.kz коммерциялық сайтындағы ай сайынғы нарықтық бағалардың өзгертілгендігі жөнінде ақпараттың жойылуына байланысты, 033 «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражаттарына сатып алынған материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша құндарының нарықтағы құндармен салыстырмалы талдауы жасалып бұл сатып алулардың тиімділігін нақты және толық көлемде анықтау болмағандықтан ақпарат негізінде жоғарыда көрсетілген талдау жұмыстары қолда бар мәліметтер негізінде жүргізілді.
2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
IІІ. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: аудит барысында қабылданған шаралар жоқ.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Аудитпен жүргізілген талдау негізінде, Мекеме бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарын орындау барысында Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтамайтынын атап өту қажет: инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде Мекеме негізділік қағидатын сақтамаған, жұмыспен қамту Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру тәртібі мен шарттарын бұзуға жол берілген, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға жол берілген, халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері орын алған.
Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында мекемеде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығы, бюджетті жоспарлау сапасының төмендігі, бюджет шығысының негізділігін қамтамасыз етулері бойынша бақылаудың нәтижесіздігі «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ тарапынан нақты жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді.
Жұмыспен қамту Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру барысында аудитпен анықталған қысқы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар бойынша негізсіз ақы төленгені, 4 (төрт) жоба бойынша негізсіз артық қарастырылған шығыстардың төленгені, Мекеме тарапынан аталған жұмыстардың сапалы, уақытылы орындалуы қадағаланбағанын көрсетеді.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жоспарлау кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша жұмысқа орналастыру жобаларды іске асыру кезеңіне уақытша екенін атап өткен жөн. Тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қарастырылмаған. Ағымдағы жөндеу кезінде жобаларды іске асырудың орташа ұзақтығы 3 айдан, күрделі жөндеу кезінде 3 айдан 5 айға дейін.
Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде қабылданған шаралар мен іс-шаралар жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеу үшін жеткіліксіз және халықтың маусымдық жұмыспен қамтылуын ғана қамтамасыз ететіндігі анық. Яғни, жұмыссыздықтың төмендеуіне Жұмыспен қамтудың жол картасы айтарлықтай әсер етпегенін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, аудит барысында Мекеменің 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында сатып алынған медициналық жабдықтар, негізгі құралдар бойынша аудитке ұсынылған мәліметтермен медициналық жабдықтар, негізгі құралдар бойынша нарықтық құндарымен салыстырма түрде талдау жүзеге асыру мақсатында жасалған кестеге сәйкес, басқа облыстарда сатып алынған кейбір медициналық жабдықтар бойынша салыстырғанда, сатып алынған медициналық жабдықтар бойынша нарықтағы бағадардан жоғары бағалармен сатып алу фактілерінің байқалады. Бұл қарастырылған бюджеттік қаражаттарын негізді және тиімді пайдалануы толық көлемінде қамтамасыз етілмейтіндігі анық.
Тәуекелдер (риски):
Жабдықтардың жетіспеушілігі, кадрлардың тапшылығы, шарттық міндеттемелердің орындалмауы немесе уақтылы орындалмауы медициналық қызметтерді уақтылы көрсетпеуге, медициналық персоналдың жұқтыру ықтималдығына әкеліп соғады.
Денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық жобалары бойынша жөндеу – құрылыс жұмыстарының уақтылы аяқталмауы күзгі – қысқы уақыт кезеңінде КВИ және пневмония науқастарының ықтимал өсуі кезеңінде ауруханалардың толыққанды жұмыс істемеуіне әкеледі.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а.(А.Қ.Дүйсенбаева):
ҰСЫНЫМДАР:
ТАПСЫРМАЛАР:
Қосымшалар____бетте.
Тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш.Урынбаев