Аудиторлық қорытынды 21.08.2020

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы

С.Еңсегенұлына

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Хромтау ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануының және атқарылуының, Хромтау ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуының тиімділігі (оның ішінде: 2017, 2018, 2019 жылдары);

жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақыттылығы, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтарудың, есепке жазудың дұрыстығы:

жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер, кредиттер түрінде бөлінген қаражаттардың және мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «№6 Хромтау гимназиясы» КММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Нұрлы – көш орта мектебі» КММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «№2 Хромтау гимназиясы» КММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы : Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.К.Игисенов (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0387), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор–мемлекеттік аудиторлары: А.Т.Нұрғалымов (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0392), А.Қ.Төлебаев(мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1270), бас маман–мемлекеттік аудиторлары: Д.С.Раушанова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0391), Э.А.Бузекеева (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0390), Р.К.Умбетова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0395), К.Е.Есмаханова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0386), А.А.Құрманбаева (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0393) жетекші маман–мемлекеттік аудитордың ассистенттері: А.А.Оразалин, А.И.Достанов және «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшылары: С.Б.Хаирмерден, Т.Н.Биданова, А.Т.Санаева.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылғы 01 қазаннан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін (қажет болған жағдайда басқа да кезеңдер).

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1.  Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Хромтау ауданы Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан. Оның аумағы 12,9 мың шаршы км. халық саны 42,9 мың адамды құрайды (2019 жылғы 1 қаңтардығы жағдай бойынша),   Ақтөбе облысының төрт ауданымен – Әйтеке би, Алға, Мұғалжар және Қарғалы, сондай-ақ Ресей Федерациясының Орынбор облысының Домбаров ауданымен шектеседі. Әкімшілік орталығы Хромтау қаласы, Халқы 24,5 мың адам. Ауылдық әкімшіліктердің саны – 14 (Абай, Бөгетсай, Дөн, Көк төбе, Аққұдық, Көктау, Қопа, Құдықсай, Қызыл су, Ақжар, Никельтау, Табантал, Тассай, Тасөткел) қалалық әкімшіліктер саны -1 (Хромтау).

Ауданның жер қойнауында мыс, марганец, кобальт, никель, мырыш, хром, көмір, табиғи пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Тассай, Сарсай және Тасөткел ауылдық округтерінің жер қойнауында құрылыс жұмыстары үшін қиыршық тас кендері бар. Сондай-ақ, Абай а/о аумағында марганец қоры, Ақжар және Дон а/о аумағында саз қоры бар.

2017 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 264 533,3 млн.теңгеге орындалды (2016 жылы 220405,8 млн.теңгені құрады), немесе өткен жылмен салыстырғанда  102,7 пайызды құрады.

2017 жылы Дөң тау кен байыту комбинаты, «Восход Ориел» ЖШС, «Ақтөбемыскомпания» және «Коппертекнолоджи»ЖШС, «Хромтау кірпіш зауыты»ЖШС өнім шығаруды ұлғайтып және өнім бағасының өсуі, аудан экономикасының дамуына оң әсерін тигізген.

Ауыл шаруашылығында да оң динамика байқалуда. Өңдірілген жалпы өнім көлемі 15 282,3 млн. теңге (2016 жылы -14 417,2 млн. теңге), бұл 2016 жылмен салыстырғанда 104,2% өсімді құраған.

Есепті мерзімде ауданда мал саны орташа 104,8% өскен. Барлық өнім орташа 102,7% өскен.

Ауыл шаруашылығында мал басының гендік қорын жақсарту және оның өнімділігін арттыру мақсатында малды асылдандыру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күні шаруашылықтарда жалпы саны 10295 асыл тұқымды Абердин-ангус, қазақтың ақ бас сиыры, Симментал тұқымды ірі қара малы өсірілуде. Асыл тұқымды мал басы өткен жылмен салыстырғанда 138,8 % пайызға өсті.

Үкімет тарапынан жалпы соммасы 515,7 млн. теңге субсидия төленген.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар жоспары орындалды.

Ауданда егістік құрылымдарын әртараптандыру бойынша қуаңшылыққа төзімді, соңғы кезеңге басымдылық берілген мал азығы мен майлы дақылдар егісін ұлғайту шаралары тұрақты жүргізілуде.

Биылғы жылы жалпы егіс алқабы 95,0 мың га (111,4%), оның ішінде  43,5 мың га мал азығы дақылдары (115,4%)  және 6,2 мың га майлы дақылдар (167,5%) егілуі күтілуде.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 17 157,4 млн. теңге (2016 жылы 15 753,3 млн. теңге) құрады, өткен жылмен салыстырғанда 104,1 пайызға өсті.

Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы алаңы есепті мерзімде 28 666 шаршы метрді құрады, өткен жылмен салыстырғанда 186,2 пайызға орындалды. (2016 жылы- 15 394 шаршы метр болды).

Аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне 686 адам тіркелген. Жекелеген санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 11,5 млн. теңге бөлінген. (Ақжар, Тассай, Табантал, Сарысай, Көктөбе)

Әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға арналған жобалық құны 783,4 млн. теңгеге Хромтау қаласындағы 22 кварталында 48 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптаманың оң нәтижесі алынған.

Аудан экономикасына 2017 жылы 41 499,7 млн. теңге (2016 жылы-38 599,3 млн. теңге) инвестиция бағытталды, өткен жылмен салыстырғанда 106,1 пайызға орындалған.

Оның ішінде ғимараттар салу және күрделі жөңдеу жұмыстарына 23659,6  млн.теңге (2016 жылы- 21997,2 млн. теңге), машиналар және құрал-жабдықтар сатып алу 13 415,2 млн.теңге (2016 жылы- 10057,9 млн. теңге) салынған.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестицияның қомақты үлесі немесе 85,0 пайызы меншікті қаражат есебінен жұмсалып отыр. Бюджеттік қаражат барлық инвестицияның 8,0% құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3,8 есе артық жұмсалған (2016 жылы – 877,3 млн.теңге, 2017 жылы- 3 326,0 млн.теңге), Соңымен қатар, банктердің кредиттері 236,3 млн.теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 2 435,3 млн.теңге инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, пайдалану бағыты бойынша ауыл шаруашылығындағы салынған инвестициялар 1,9 есе артық немесе 2 493,6 млн. теңгені құраған. (2016 жылы-1 303,1 мың теңге)

Есептік кезеңде бөлшек сауда айналымының көлемі 5 131,7 млн. теңгені (2016 жылы -3 748,1 млн. теңге) құраған, немесе өткен жылмен салыстырғанда 104,6% пайызға орындалған.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына 2555 бірлік, өткен есептік кезеңмен салыстырғанда 103,7 пайызды құрады;

-белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер 2017 жылдың 1 қаңтарына 2315 бірлік немесе 102,6 пайызды құрады;

-шағын және орта кәсіпкерлер шығарған өнімдер 2017 жылдың 1қазанына 18445 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 51,7 пайызға орындалды. Бұған себеп болған «Восход ORIEL»ЖШС орта кәсіпкерлік санатынан ірі кәсіпкерлік санатына ауысуына байланысты.

- 2017 жылдың 1 қазанына 5 040 тұрақты жұмыс орындарын құраған, өткен жылмен салыстырғанда 98,9 пайызға орындалған. Толық орындалмау себебі, 300-ге жуық жұмысшысы бар «Восход ORIEL»ЖШС орта кәсіпкерлік санатынан ірі кәсіпкерлік санатына ауысуына байланысты, 250-ге жуық «Kazakhstan Kind mining investment company»ЖШС (Қазақстан кайнд майнинг инвестмент компани) жабылуына байланысты, 100-ге жуық «Ақтөбе нан өнімдері»ЖШС жабылуына байланысты және т.б.

Бүгінде бизнес инкубатордың жұмысына кедергі болған мәселелер (газ тарту, кәріз жүйесі) аудан әкімдігімен шешіліп, бос орындарды толтыру мақсатында тігін цехын, қанар қап тігу цехын, пластик терезе шығару цехын ашу күтілуде.

Ауданда  есепті жылы 538 жаңа жұмыс орыны ашылып, 704 азамат жұмыспен қамтылған. 365 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, 48 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген, 312 адам кәсіби оқуға жолданып,                83 адам жастар практикасына жіберілген.

2018 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 303 789,1 млн.теңгеге орындалды (2017 жылы 264 533,3 млн.теңгені құрады), немесе нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрады.

Аудан, облыс және республика экономикасының дамуына тау-кен байыту өнеркәсібі елеулі үлес қосуда.

Дон тау - кен байыту комбинаты, "Восход-Oriel" ЖШС, "АМК" ЖШС-нің "Коппертехнолоджи" ЖШС, "Хромтау кірпіш зауыты" ЖШС, "ЮжПромСнаб" ЖШС, "Ақтөбе металлоконструкция зауыты" АҚ-мен бірлесіп өнім шығаруды ұлғайтуы, сондай-ақ шикізатқа бағаның өсуі аудан экономикасына оң әсер етті.

2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 18 007,6 млн.теңгеге орындалды, өткен жылға қарағанда нақты көлем индексы 109,6 пайызды құрады.

Ауданда есепті кезеңде мал басы орта есеппен 105,9 % өсті. Өнім орташа алғанда 110,4 % - ға өсті.

Асыл тұқымды мал саны 126,9% - ға артты, асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны 10-ға артты. Жалпы қуаттылығы 1900 басқа арналған 2 бордақылау алаңы жұмыс істейді.

2018 жылы 70 792,9 млн. теңге инвестиция бағытталады немесе өткен жылмен салыстырғанда 170,6 пайызға орындалды (өткен жылы 41 499,6 млн. тг.

Ауданда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 28 379,2 млн. теңгені құрады (2017 жылы 17 904,8 млн.теңге).өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 158,5 пайызға өсті. Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 36528 шаршы метрді құрады, өткен жылмен салыстырғанда 127,4% құрады (2017 жылы 28 666 шаршы метр болды).

Хромтау қаласының 22 кварталында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін екі 48 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Хромтау қаласының 22 кварталында жалпы сомасы 313,980 млн.теңгеге әкімшілік ғимарат салынды.

Ауданда шағын және орта кәсіппен айналысатындар саны 2017 жылы 2555 бірлік болса, 2018 жылы 2644 бірлік болып 103,5 пайызды құрады.

Белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер 2017 жылы 2 315 бірлік болса, 2018 жылы 2 478 бірлік болып, белсенділігі 107,0 пайызды құрады;

Есепті жылы бөлшек сауданың айналымы 5 842,3 млн.теңгені құрады (жоспар 5 644,9 млн.теңге), 2017 жылға өсім 113,9%.

Есепті кезеңде ауданда жалпы сомасы 483,6 млн.теңгеге 36 кәсіпкерлік нысаны ашылды, 115 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Орындалатын іс-шаралар халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқартуға бағытталған.

2019 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 302 375,0 млн.теңгеге орындалды (2018 жылы 303 789,1 млн.теңгені құрады), немесе нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрады.

Аудан, облыс және республика экономикасының дамуына тау-кен байыту өнеркәсібі елеулі үлес қосуда.

Дон тау - кен байыту комбинаты, "Восход-Oriel" ЖШС, "АМК" ЖШС-нің "Коппертехнолоджи" ЖШС, "Хромтау кірпіш зауыты" ЖШС, "ЮжПромСнаб" ЖШС, "Ақтөбе металлоконструкция зауыты" АҚ-мен бірлесіп өнім шығаруды ұлғайтуы, сондай-ақ шикізатқа бағаның өсуі аудан экономикасына оң әсер етті.

2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 21 837,3 млн.теңгеге орындалды, өткен жылға қарағанда нақты көлем индексы 104,8 пайызды құрады.

2019 жылы 102 685 млн. теңге инвестиция бағытталады немесе өткен жылмен салыстырғанда 135,1 пайызға орындалды (өткен жылы 70 792,8 млн. тг).

Ауданда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 33 830 млн. теңгені құрады (2018 жылы 28 379,2 млн.теңге).өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 113,4 пайызға өсті. Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 42 742 шаршы метрді құрады, өткен жылмен салыстырғанда 117,0% құрады (2018 жылы 36 528 шаршы метр болды).

Ауданда шағын және орта кәсіппен айналысатындар саны 2018 жылы       2 643 бірлік болса, 2019 жылы 2 472 бірлік болып 93,5 пайызды құрады.

Белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер 2018 жылы 2 478 бірлік болса, 2019 жылы 2 353 бірлік болып, белсенділігі 95,0 пайызды құрады.

Есепті жылы бөлшек сауданың айналымы 6 404,0 млн.теңгені құрады, 2018 жылға өсім 103,9%.

Аудитпен қамтылған кезеңдегі Хромтау ауданының бюджетінің орындалуы төмендегідей.

2017 жылға арналған аудан бюджетінде кірістер – 6 420 256,4 мың теңге (соның ішінде салықтық түсімдер 4 409 536,7 мың теңге, салықтық емес түсімдер 17 732,6 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 26 768,2 мың теңге, трансферттердің түсімдері 1 966 218,9 мың теңге) және шығындар 6 259 478,3 мың теңге құраған.

2018 жылға арналған аудан бюджетінде кірістер – 8 872 187,1 мың теңге (соның ішінде салықтық түсімдер 4 860 680,3 мың теңге, салықтық емес түсімдер 54 993,8 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 31 390,5 мың теңге, трансферттердің түсімдері 3 925 122,5 мың теңге) және шығындар 8 417 052,7 мың теңге құраған.

2019 жылға арналған аудан бюджетінде кірістер – 10 303 168,0 мың теңге (соның ішінде салықтық түсімдер 4 926 266,5 мың теңге, салықтық емес түсімдер 16 792,7 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 56 238,2 мың теңге, трансферттердің түсімдері 5 303 870,6 мың теңге) және шығындар 10 602 362,0 мың теңге құраған.

2020 жылға арналған аудан бюджетінде 2020 жылдың 01 шілдедегі жағдайына кірістер – 5 520 170,8 мың теңге (соның ішінде салықтық түсімдер 2 689 238,2 мың теңге, салықтық емес түсімдер 13 154,9 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 17 235,1 мың теңге, трансферттердің түсімдері 2 800 542,6 мың теңге) және шығындар 5 639 960,9 мың теңге құраған.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудит Хромтау ауданына қарасты 15 мемлекеттік мекемелерге жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 27 960 216,7 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 056 520,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 93 143,6 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 105 660,8 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша 1 857 715,7 мың теңге;

4) рәсімдік бұзушылықтар 127 (жүз жиырма жеті) бірлік.

1. Анықталған 93 143,6 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1) Құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың жалпы сомасы 9211,7 мың теңге («Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-1674,1 мың теңге, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ ММ-7497,4 мың теңге, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-40,2 мың теңге);

2) Нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан, қосымша ақысынан және есептелген еңбек демалысынан артық негізсіз 2268,7 мың теңге төленген.  («Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-39,3 мың теңге, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ-10,6 мың теңге, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-245,5 мың теңге, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ-491,0 мың теңге, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-582,9 мың теңге, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-23,3 мың теңге, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-473,6 мың теңг, «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ -177,6 мың теңге, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ -40,5 мың теңг, «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ -93,6 мың теңге, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ -90,8 мың теңге);

3) Мекемелер қызметкерлеріне жалпы сомасы 259,4 мың теңгеге артық, негізсіз іссапар шығындары төленген («Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ-7,2 мың теңге, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-12,0 мың теңге, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ-54,2 мың теңг, «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ -148,6 мың теңг, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ -37,4 мың теңг);

4) Республикалық трансферттер есебінен қалған жалпы сомасы 18666,1 мың теңге қаражатты республикалық бюджетке қайтарудың орнына негізсіз жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға тиісті шығындарға (еңбек ақы) жұмсалған («Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ -15263,0 мың теңг, «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ-1480,1 мың теңг, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ -1923,0 мың теңг);

5) Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының жалпы сомасы 27985,3 мың теңге қамтамасыз ету сомалары 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бойынша сұраныссыз бұрынғы кездерден келе жатырған кредиторлық берешек болып тіркеліп, Мекемелермен оларды жою бойынша ешқандай шаралар қабылданбаған(«Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-5980,4 мың теңге, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-22004,9 мың теңге);

6) Мемлекеттік сатып алу келісім шарттары бойынша жалпы сомасы 13,4 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша  және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгіну бойынша ешқандай шаралар қабылданбаған. («Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ-1,3 мың теңге, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ -12,1 мың теңге);

7) «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бойынша 2018 жылы корпоративтік төлем карточкасы бойынша ағымдағы шоттан ақша қаражатын пайдалану туралы есеп беретін тұлға корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып 500,0 мың теңге көлемінде жүргізілген төлемдердің растауы болып табылатын құжаттарды қоса бере отырып аванстық есебі тапсырылмаған.

8) «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-мен аудитпен қамтылған кезең аралығында шарттың талаптарын бұзған тұрғын үй қорынан үйлердi 29 жалдаушының жалпы қарызы 776,6 мың теңгеге осы күнге дейін үйлерді жалдау құны мен өсім пұлдары бюджетке өндірілмеген және тиісті шаралары қабылданбаған.

9) «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ-мен жер учаскелерін сату бойынша ай сайынғы негізгі сомасымен және тұрақсыздық айыппұлдарымен қоса жалпы сомасы 2286,8 мың теңгеге өндіру жұмыстары толық жүргізілмеген.

10) «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне төленетін әлеуметтік көмек 2 науқас бойынша бір айға артық 50,5 мың теңгеге негізсіз төленген.

11) «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Бокс клубын» ашу үшін алынып, қазіргі таңда жұмыс жасамайтын бір жоба бойынша берілген 505,0 мың теңге мемлекеттік грант қаражатын бюджетке қайтару туралы шаралар қабылданбаған.

12)  «Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»  РММ-мен уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтеріне тиісті түрде камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан 2018-2019 жылдар үшін 10 салық төлеушіден  746,9 мың теңге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем есептеліп, өндірілмеген және  бірыңғай жер салығы бойынша камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан 2017-2019 жылдар үшін 31 салық төлеушіден   500,0 мың теңге салық бюджетке есептеліп, өндірілмеген.

13) Жалпы сомасы 21475,7 мың теңгеге негізгі құралдар есепке алынбаған («Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ-10434,4 мың теңге, «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-2653,8 мың теңге, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-5074,5 мың теңге, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-3195,0 мың теңге, «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ-118,0 мың теңге);

14) «Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ-мен бухгалтерлік есебінде 2322 «Тұрғын ғимараттар» қосалқы шоты бойынша тіркелген Хромтау қаласы, Ахтанов көшесі, 98 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің тозу нормасы 2 %  есепттелудің орнына 7 % есептелініп, 7897,5 мың теңгеге тозу нормасы артық есептелінген.

2. Анықталған 105 660,8 мың теңге бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша:

1) Кредиторлық берешектері бола тұрып қызметкерлерге жалпы сомасы 9048,0 мың теңге сыйақы төленіп бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған («Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-7933,0 мың теңге, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ -1115,0 мың теңг);

2) «Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ-мен жалпы сомасы 4835,5 мың теңгеге негізгі құралдар алынып, осы кезге дейін пайдаланылмай,тиімді пайдалану принципы сақталмаған және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген

3) «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-мен 2019 жылы  түпкілікті қарыз алушы  «Хромтау Тазалық» ЖШС-мен 76 500,0 мың теңге кредит жергілікті бюджетке толық өтелмеген, осыған байланысты жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджетке аудандық бюджет есебінен өтеліп, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей  бюджет жүйесінің тиімділік қағидаты сақталмаған.

4)  «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы 22 квартал ықшам ауданында «Хромтау» қосалқы станциясын кеңейту мен электрмен жабдықтау желілерін салу» жұмыс жобасы түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеуіне байланысты, оның ЖСҚ-сын әзірлеуге жұмсалған 10640,0 мың теңге бюджет қаражаттары «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-мен тиімсіз шығындалған.

5) «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен 2020 жылы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуға тиесілі Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жалпы сомасы 4591,4 мың теңгеге аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған.

6) «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ-мен «Желдорформация» ЖШС-мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жасалған келісім шарқа сәйкес мердігер тауарды өзі тегін жеткізілетіндігі қаралғанға қарамастан Мекеме қызметкерлері тауарды алуға өздері барып, олардың іссапарына жұмсалған 45,9 мың теңге тиімсіз шығындалған.

3. Анықталған 1 857 715,7 мың теңге бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша:

1) Жоспарланған жалпы сомасы 928402,7 мың теңгеге іс-шаралар орындалмай, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған («Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-45526,0 мың теңге, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-770088,9 мың теңге, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-57897,8 мың теңге, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-54890,0 мың теңге);

2) «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-мен «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы 22 квартал ықшам ауданында «Хромтау» қосалқы станциясын кеңейту мен электрмен жабдықтау желілерін салу» жұмыс жобасы бойынша бастапқы кезде республикалық және облыстық трансферттер есебінен жалпы сомасы 929 313,0 мың теңге жоспарланып,  кейінірек ҚР Энергетика министрлігімен жоба республикалық бюджет арқылы қаржыландырылуға жатпайды деп, республикалық трансфертерінің бөлінілуі тоқтатылуына  байланысты тиімсіз жоспарланған.

4. 127 (жүз жиырма жеті) рәсімдік бұзушылықтар бірлік бойынша:

1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері мен жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемі қамтылған бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген. (Аудитпен қамтылған барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері).

2) Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы дұрыс қолданылмай бюджет қаражаттары шығындалған, оның ішінде:

- «Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ-мен 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» күрделі шығыстарға арналған бюджеттік бағдарламасы қолданылудың орнына, 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы арқылы, жалпы сомасы 2258,6 мың теңгеге материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған шығындар (негізгі құралдар, материалдық емес активтер алынған) жүргізілген және 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасын қолданудың орнына,003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»бюджеттік бағдарламасы қолданылып жалпы сомасы 2017 жылы 53,2 мың теңгеге, 2018 жылы 95,9 мың теңгеге, 2019 жылы 1595,4 мың теңгеге, 2020 жылғы қаңтар-маусым айлар аралығында 86,5 мың теңгеге ағымдағы шығындарға жататын қорлар сатып алынған;

- «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен жергілікті бюджеттен 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы арқылы «Қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруға жалпы сомасы 13621,0 мың теңге (оның ішінде 2017 жылы 10550,4 мың теңге, 2018 жылы 3070,6 мың теңге) шығысталған;

- «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-мен 015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» күрделі шығыстарға арналған бюджеттік бағдарламасы қолданылудың орнына, 001 «Құрылыс, облыс қалаларының, аудандарының және елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағын оңтайла және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы қолданылып, жалпы сомасы 2017 жылы 498,0 мың теңгеге, 2018 жылы 81,5 мың теңгеге, 2019 жылы 597,9 мың теңгеге материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған шығындар (негізгі құралдар, материалдық емес активтер алынған) жүргізілген, 004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 29776,2 мың теңгеге тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға бағытталған шығындар жүргізілген және 005 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» даму бюджеттік бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 58453,9 мың теңгеге күрделі шығыстарға арналған шығындар жүргізілген;

- «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен жұмыс берушінің әлеуметтік жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге берілген 34183,9 мың теңге субсидия қаражатын 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігімен шығысталған. Алайда, мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды және жеке тұлғаларға және шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар 311 «Жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар» ерекшелігімен шығысталуы тиіс.

- «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ-мен 003, 004 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы арқылы Мекеменің күрделі шығыстары барлығы 2877,5 мың теңгеге жүргізілген.

3) Мекемелермен бухгалтерлік есепте ғимараттар мен ғимараттар орналасқан жер учаскілері бірыңғай бүтін болып есепке алынған («Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ, «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ, «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ);

4)  Веб-порталдағы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларында 1 бұйрықпен әр айда бірнеше рет өзгерістер мен  толықтырулар енгізілгені және бір айда бірнеше рет бұйрықтар шығарылып өзгерістер мен толықтырулар енгізілген («Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ);

5) Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізілген кезінде, веб-порталға кешіктіріліп орналастырылған («Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ );

6) Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген («Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ,  «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ, «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ );

7) Веб-порталда бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған немесе 10 жұмыс күнінен кешіктіріліп орналастырылған. ((«Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ);

8) Есепші қызметін атқарған екінші қол қою құқығы болған қызметкерлер жұмыстан босатылған кезде Мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жұмыстары жүргізілмеген («Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ);

9) Құрылыстар бойынша жұмыс жобалары жобалық-сметалық кұжаттамаға сәйкес келмей орындалған (Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ);

10) Құрылыстар бойынша жұмыс жобалары жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған және келісім хаттамасымен «енгізілген» орындалған жұмыстар, кабылдау актілерінде көрсетілмеген (Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ);

11) Рұқсат етілмейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемдер жүргізілген (Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ );

12) Қызметтік іссапарларға жіберу туралы ішкі тәртібі бекітілмеген, іссапарға жіберуге негіз болған басшының бұйрықтары тиісті түрде шығарылмаған (Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

«Хромтау ауданы әкімінің аппараты»ММ:

13) Өзінің балансында тіркелмеген ғимаратқа жалпы сомасы 11612,4 мың теңге «негізділік» принципы сақталмай бюджет қаражаттары шығындалған;

14) Балансында тіркелген бастапқы құны 240,8 мың теңге құрайтын гараж 2321«Тұрғын емес үй ғимараттары» қосалқы шотының орнына 2330 «Құрылыстар»  қосалқы шотына есепке алынған;

15) Мекемеге тиесілі қызметтік автокөліктерден артық 2 бірлік автокөлік ұсталған;

16) Жұмыстар, қызметтерді сатып алу кезінде, техникалық ерекшеліктерінде орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы ақпараты, функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетілмей жалпы сомасы 13896,4 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылған.

17) 2020 жылытөтенше жағдай кезінде блок посттағы жұмысшыларды тамақтандыру жәнестационарда орналастырылған пациенттерді тамақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу барысында, жасалған келісім шартта және жалғанған техникалық ерекшеліктерінде көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы ақпараты, функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетілмей жалпы сомасы 5871,2 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылған.

«Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ:

18) Бюджетке артық (қате) төленген сомасын қайтаруға  немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырылмаған. Нәтижесінде облыс бюджетіне түсуге тиісті  468,4  мың теңге түсім аудан бюджетінің кірісіне есепке  алынған.

19) Бюджетке артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырылмаған. Нәтижесінде басқа аудан бюджетіне тиісті  132,2 мың теңге  түсім аудан бюджетінің кірісіне  есепке  алынған.

20) Түпкілікті қарыз алушы  «Хромтау Тазалық» ЖШС-мен кредиттік шарт негізінде міндеттемелер орындалмаған. Мекемемен кредиттің өтелуін қамтамасыз ететін шаралар, сыйақы өндіру, өсімпұл есептеу жүргізілмеген.

21) Хромтау аудандық мәслихатының шешімдеріне сәйкес, 1 тоқсанында бір неше рет бюджетті нақтыланған;

22) Аудан бюджетін қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кейбір шығындарға бюджеттік өтінімдер тапсырылмай, негізділік принципі сақталмай, бюджет жобасына енгізілуі қажет көлемдердің негізділігі айқындалмай, аудан бюджеті бекітілген.

23) Аудан бюджетіне нақты түскен кейбір түсімдер, реалистік қағидаты сақталмай, бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеген.

24) Сатып алу құқығынсыз қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берлген кезінде, сенімгерлік басқару шартымен міндеттелген, қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу цехының құрылысына кемінде 20,0 млн теңге инвестиция салу талабының орындалуы 2019 жылы қамтамасыз етілмеген.

«Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ:

25) 2017-2019, 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерінде 149,159 ерекшеліктері бойынша бір тауардың құнын негіздейтін құжаттарды және жоспарланған шығыстарды негіздеу үшін ағымдағы қаржы жылына арналған қызметтер көрсету туралы шарттардың көшірмелері, тауарларды сатып алу бойынша прайс-парақтары ұсынылмай жасалынған;

26) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жасалынған келісім-шарттарда, қосымша келісімдерінде, өнім берушімен тапсырыс берушіге ұсынылған орындалған жұмыс актілерінде тәрбиеленушілер саны және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған;

27) Әлеуметтік көмек алушы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы анықтамасы ұсынылмасада Мекемемен әлеуметтік қызмет көрсетілген;

28) Мекемеде 12 әлеуметтік қызметкердің біліктілігін арттыру курстарынан өту мезімі 5 жылдан асып кеткен, өздерінің кәсіби шеберліктерін тұрақты, уақытылы жетілдірмеген және осы қызметкерлерге аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 45 779,5 мың теңге еңбек ақы төленген;

«Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ:

29) Бюджеттік өтінімінде 010 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары», 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» және 040 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша және 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік өтінімінде 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері жөніндегі есептеулері қамтылмаған.

30) Мекемеде төлем карточкаларын қолдана отырып кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлға анықталмаған;

31) Тиісті нысан бойынша корпоративтік төлем карточкасын тіркеу журналы жүргізілмеген және мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкілетті тұлғаға қол қойып берілмеген;

32) Бюджетті атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күні iшiнде мәдени-демалыс ұйымына бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзбеген;

33) Мекемеге «Хромтау аудандық мәдениет үйі» МКҚК-мен кірістер жоспарлары және шығыстар жоспарлары бекітілген есептері тапсырылмаған;

34) Мекемеге «Хромтау аудандық мәдениет үйі» МКҚК-мен бюджеттiк субсидиялар алу үшiнай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей алдағы айдың залалдарын жабу есептерi тапсырылмаған;

«Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ:

35) Мекеме Хромтау ауданы Абай ауылдық округінде Абай лиманды суару жүйесіне күрделі жөндеу  жүргізу кезінде, өзінің Ережесінде қаралған миссиясына, негізгі міндеттеріне, функцияларына жатпайтын жұмыстармен айналасқан;

«Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ:

36) Мекеме әр түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды түгендеуді жүргізбеген;

37) Түгендеу комиссиясы құжаттар бойынша талап қою мерзімі өткен кредиторлық берешектің сомаларын тексеруді жүзеге асырмаған;

38) Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде есеп айырысуларды түгендеу актісінің, сондай-ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде 931,9 мың теңге сомасында қалыптасқан белгісіз кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдамаған;

39) «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі аппараты» ММ-нің балансында тұрған электржүйесін 38 304,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын өз балансына қабылдап алған.

«Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ:

40) Мекемемен «Туран» ЖК-нің арасында келісім шарт жасаланып, келісім-шарт бойынша міндеттемелерін тиісінші орындамаған үшін, жосықсыз қатысушы деп тану талап туралы арызбен сотқа жүгінбеген;

41) Материалдық жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалмаған;

«Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ:

42) Жалпы 1364970,3 мың теңгеге бюджеттік өтінімдері жасақталмаған және бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына ұсынылмаған;

43) Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік білімі жоқ мұғалімдер жұмысқа қабылданып, нәтижесінде жалпы сомасы 13479,1 мың теңгеге еңбекақы төленген;

44) Педагогикалық жұмыс өтілдері 3 жылға жетпейтін Көктау орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және Ақжар орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жұмысқа қабылданып, олардың еңбек ақыларына  жалпы сомасы 2956,7 мың теңге жұмсалған;

45) Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары тану және нострификациялау рәсімінен өтпеген тұлға «№4 Хромтау орта мектебі» КММ-не  бастауыш мұғалімі болып қабылданған;

46)  «Өрт-Су» ЖШС-мен «Көгілдір отын қазандығы горелкасымен , қондырылуымен бірге» қызметіне жалпы сомасы 2352,0 мың теңгеге жасаған 22.07.2019 жылғы №293 шарты мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы көзделген талабынан 17 жұмыс күніне Қазнашылық органына кешіктірліп тіркелген;

«Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ:

47) 001 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасының 136, 404, 414  ерекшіліктері бойынша 2018-2020, 2019-2021 жылдарға жоспарланған жалпы сомасы 2585,0 мың теңгеге есептемелері жасалмаған және уәкілетті органға ұсынылмаған;

48) Әр айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 100%-ы мөлшерінде аванс беріліп отырған;

49) Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілмеген;

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ:

50) Мекемемен жалпы сомасы 107,6 мың теңгеге жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізбеген;

«Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ:

51) Еңбек ақы бойынша ай сайынғы есеп айырысу ведомостісі бекітілген нысанға сәйкес емес, қызметкерге берілген аванстың сомасы және ай басындағы қалдық көрсетілмейді;

52) Тиісті бейіні бойынша арнайы спорттық кәсіптік білімі жоқ тұлғалар жаттықтырушы ретінде жұмысқа қабылданып,  спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асырып, нәтижесінде оларға  1 399,3 мың теңге еңбекақы төленген;

«№6 Хромтау гимназиясы» КММ:

53) Бюджеттік өтінімдерде жалпы сомасы 101762,5 мың теңгеге есептемелері әзірленбеген;

54) Мекемеде пайда болған 2019 жыл аяғына «Бас журналы» кітабы, салыстыру актілері, мемориалдық ордерлеріндегі 527,6 мың теңге дебиторлық және 2732,8 мың теңге кредиторлық берешектері тапсырылған жылдық қаржылық есебінде (атап айтқанда – бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерiстер туралы есеп және түсiндiрме жазба) көрсетілмеген немесе жылдық есебі бұрмалаушылықпен жасалынған;

«Нұрлы – көш орта мектебі»КММ:

55) Бюджеттік өтінімдерде 003, 004 «Жалпы білім беру»  бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2877,5 мың теңгеге шығыстар есептемелері әзірленбеген;

56) Мекеме қызметкерлерінің артық сағат бойынша сабақ жүргізуіне байланысты, оның апталық жүктемесі күнделікті жұмыс уақытының нормасынан асырып жалпы сомасы 1055,2 мың теңге еңбекақы бұзушылықпен төленген;

57) Мекеме балансына тіркелген ыдыс жуғыш машинкасы пайдаланылмай тұрганы анықталды, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципы сақталмаған;

58) 2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары уақытылы бекітілмеген;

«№2 Хромтау гимназиясы»КММ:

59) Бюджеттік өтінімдерде 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік  бағдарламасының 159, 414 ерекшеліктері бойынша жалпы сомасы 12182,0 мың теңгеге шығыстар есептемелері әзірленбеген;

60) Мекеме қызметкерлерімен артық сағаттар бойынша сабақ жүргізуіне байланысты, олардың апталық жүктемесі күнделікті жұмыс уақытының нормасынан асырып жалпы сомасы 116,6 мың теңге еңбекақы бұзушылықпен төленген.

2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау: 2017-2021, 2018-2022 жылдарына арналған аумақты дамыту бағдарламалары (бұдан әрі- Даму бағдарламасы) және  іске асыру туралы есептері мемлекеттік аудит барысында  ұсынылмауына байланысты аудитпен қамтылған жоқ.

«Хромтау аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-мен 2017-2021, 2018-2022 жылдарына арналған Даму бағдарламасының іске асыру туралы ақпараты веб-порталға орналастырылмаған.

Ауданның Даму бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыруға 3 даму бағыты белгіленген:

-       Экономика

-       Әлеуметтік сала

-       Инфрақұрылым.

Даму бағдарламасында 12 мақсаттар қаралған, ондағы:

- 1-мақсат: Әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде өңірдің тұрақты дамуы;

- 2-мақсат: Өңдеу өнеркәсібінің өнім шығару көлемін арттыру ;

- 3-мақсат: Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, капитал салу үшін жағдай жасау;

- 4-мақсат: Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге дамыту;

- 5-мақсат: Кәсіпкерлікті және сауданы дамыту үшін жағдай жасау;

- 6-мақсат: Білім берудің сапасын, қолжетімділігін жақсарту және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру;

- 7-мақсат: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту;

- 8-мақсат: Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;

- 9-мақсат: Халықтың дене белсенділігін қалыптастыру және арттыру;

- 10-мақсат: Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- 11-мақсат: Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту;

- 12-мақсат: Құрылыс саласының тиімді дамуына жәрдемдесу және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Даму бағдарламасында қаралған нысаналы индикаторларының орындалуы төмендегідей:

1-мақсатта жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны:өнеркәсіп өндірісінің индексі, өндеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі, 2016 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар,халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың  үлесі, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі, ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара және ұсақ мал басының үлесі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару өсу қарқыны, жобаларды іске асыруда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген кредит берумен қамтамасыз ету, бөлшек сауданың нақты  көлем индексі, көтерме сауданың нақты  көлем индексі, жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымды мектептер саны, балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, аналардың өлім-жітімін азаюы, нәрестелердің өлім-жітімінің азаюы, жұмыссыздық деңгейі, тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру, атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі, халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі, 10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлесі, ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу,құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі,пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы.

2-мақсатта көрсетілген 2 нысаналы индикаторының «Өнеркәсіп өндіріс өнімнің нақты көлем индексі» 0,8 пайызға және көлемі 1 414,1 мың теңге бойынша ауытқуы сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналу мен таратылу өнеркәсіптік өнімнің төмендеуіне орай.

3-мақсатта көрсетілген 4 нысаналы индикаторының «2016 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар» 9,9 пайызға айырмасы құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялар көлемінің азаю қарқынының нәтижесінде.

5-мақсатта көрсетілген 11 нысаналы индикаторының «Бөлшек сауданың нақты  көлем индексі» 1,3 пайызға ауытқуы себебі 2018 жылмен салыстырғанда бөлшек бағамен тауарларды өткізу көлемінің төмендеуіне қатысты. Және 12 нысаналы индикаторының «Көтерме сауданың нақты  көлем индексі» 14,9 пайызға азаю себебі 2018 жылмен салыстырғанда көтерме бағамен сатылатын тауарларына тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуі.

10-мақсатта көрсетілген 22 нысаналы индикаторының «Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлесі»  1 бірлікке айырмасы өткен жылмен салыстырғанда 1 бірлік қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімнің тіркелу себебінен.

2.5. Қоғамның қанағаттануын бағалау нәтижелері: Аудит барысында қоғамның қанағаттануын бағалау мақсатында «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ бойынша қанағаттанушылығы тұрғысынан әлеуметтік көмек қажет ететін 23 (жиырма үш) мүмкіндігі шектеулі балалар және жалғыз басты қарттар арасында сауалнамалар жүргізілді.

Сауалнама нәтижесі бойынша әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне тұрғындардан ескертулер түспеген, әлеуметтік қызметкерлердің көрсететін көмектеріне көңілдерінің толатындықтары және қызмет көрсету сапасының жақсы екендігі көрсетілген.

2.6.  Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.7. Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері: Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері жоқ.

IІІ. Жиынтық бөлік

3.1.  Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Аудит барысында жалпы сомасы 93 143,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың ішіндегі қалпына келтіруге жататын 29 373,2 мың теңгенің толығымен қалпына келтірілді және 63 770,4 мың теңге өтелуге жататын соманың 4 038,9 мың теңгесі өтелді. Аудиторлык ic-шара жургізуден кейін 36 676,9 мың теңге өтелді (өтелмеген қаражат қалдығы 27 093,5 мың теңге).

Атап айтқанда:

Атап айтқанда:

1) «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша артық төленген 39,3 мың теңге еңбек ақы сомасы, 7,2 мың теңге іссапар шығындары, 1,3 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджетке өтелді және түзету тізбегі жасалып Мекеменің балансында тіркелген бастапқы құны 240,8 мың теңге құрайтын Хромтау қаласы, Максим Горький көшесі 9, мекен жайында орналасқан гараж 2330 «Құрылыстар»  қосалқы шотынан 2321  «Тұрғын емес үй ғимараттары» қосалқы шотына кірістелді,тұрғын үйге 7897,5 мың теңгеге артық есептелінген тозу нормасы қалпына келтірілді;

2) «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ бойынша артық төленген 10,6 мың теңге еңбек ақы сомасы бюджетке өтелді және түзету тізбегі жасалып 10434,4 мың теңгеге сатып алынған әртүрлі екпе ағаштары 2620 «Көпжылдық екпелер» қосалқы шотына кірістелді;

3) «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бойынша түзету тізбегі жасалып балансқа қабылданбаған 2 653,8 мың теңгенің негізгі құралдары аудит барысында тиісті қосалқы шотына кірістелді;

4) «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»  ММ бойынша түзету тізбегі жасалып 5074,5 мың теңге құрайтын Хромтау қаласының бас жоспарларына жүргізілген түзетулері 2800 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» шотына кірістелді және негізсіз төленген 245,5 мың теңге сыйлық ақы, негізсіз төленген 12,0 мың теңге іссапар шығындары, қолма-қол ақшаны бақылау шотында сұраныссыз кредиторлық берешек ретінде тіркеліп тұрған 5980,4 мың теңге және  «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының әлеуметтік-осал тұрғындары үшін №22 тұрғын орамдағы 48 пәтерлі 4 қабатты екі тұрғын үйге инженерлік желілер салу»  жобасын жүзеге асыру кезінде 244,0 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар сомасы бюджетке өтелді;

5) «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ бойынша «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көкпекті және Тассай ауылына тартылатын және орамішілік газқұбырын салу»  жобасын жүзеге асыру кезінде 3 759,4 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар сомасы, қолма-қол ақшаны бақылау шотында сұраныссыз кредиторлық берешек ретінде тіркеліп тұрған 22 004,9 мың теңге, 506,9 мың теңге үйлерді жалдау құны мен өсім пұлдар сомасы бюджетке өтелді.

6)  «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ бойынша 1329,3 мың теңге тұрақсыздық айыбы, 491,0 мың теңге еңбек ақыдан артық төлеген  және іссапар шығындары бойынша 54,2 мың теңге бюджетке өтелді;

7) «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бойынша еңбек ақыға артық төленген 582,9 мың теңге, «Хромтау қаласының Абай даңғылы-7 бойындағы №3 орта мектеп»  жобасын жүзеге асыру кезінде «НурСтройОйыл» ЖШС-мен жасалмаған жұмыстары бойынша анықталған 40,2 мың теңге бюджетке өндірілді және түзету тізбегі жасалып 3195,0 мың теңгеге негізгі құралдар тиісті қосалқы шотына кірістелді;

8) «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бойынша артық төленген 23,3 мың теңге еңбек демалыс ақы және 50,5 мың теңге артық төленген әлеуметтік көмек, барлығы 73,8 мың теңге толығымен бюджетке өтелді;

9) «Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ артық төленген 172,9 мың теңге еңбекақы бюджетке өтелді;

10) «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі» КММ бойынша сауықтыру жәрдемақысына артық төленген 42,1 мың теңге бюджетке өндірілді;

11) «№6 Хромтау гимназиясы» КММ бойынша негізсіз артық төленген 40,5 мың теңге еңбекақы мен 37,4 мың теңге іссапар шығындары бюджетке өтелді;

12) «Нұрлы – көш орта мектебі» КММ бойынша еңбек өтілін дұрыс есептемеу салдарынан 2 қызметкерге еңбекақы артық есептеліп, негізсіз төлеген 76,1 мың теңге, жарамдылық мерзімі өткен сертификат бойынша артық төленген 17,5 мың теңге қосымша ақы бюджетке өтелді және 196,0 мың теңгеге негізгі құралдар жалпы сомасы мекеме балансына кірістелді;

13) «№2 Хромтау гимназиясы» КММ бойынша еңбек өтілін дұрыс есептемеу салдарынан 1 қызметкерге еңбекақы артық есептеліп, негізсіз төлеген 54,8 мың теңге, артық төленген 36,0 мың теңге іс-сапар шығындары бюджетке өтелді;

14) «Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ бойынша аудит барысында  салық төлеушілермен 920.00 және 851.00 нысанды салық есептілігі тапсырылып, бюджетке 816,7 мың теңге өндірілді, оның ішінде: бірыңғай жер салығы 250,3 мың теңге, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 566,4 мың теңге;

Уәкілетті органға әкімшілік іс жүргізуді қарау және қозғау үшін 25 факті бойынша аудит материалдары жіберілді.

3.2.  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Азаматтық кодекстерінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Білім туралы» Заңдарының және басқа да заңнамалардың талаптарының жүйелік бұзылуының салдарынан активтерді, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануының және жоспарлануының төмендігін атап өту қажет.

Жүргізілген аудит бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында мекемелерде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығын және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ тарапынан бюджетті жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігін және тиімділігін қамтамасыз етілуінің, активтерді тиімді пайдалану бойынша бақылаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

Мемлекеттік мекемелерде жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар: бюджеттік өтінімдердің жасалмауы және толық тапсырылмауы, бюджеттік бағдарламалардың әзірленбеуі, дұрыс есептелмеу салдарынан негізсіз іс-сапар шығындарын төлеуі, негізсіз артық еңбекақы төленуі, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзу, бухгалтерлік есептің дұрыс жургізілмеуі, негізгі құралдар мен материалдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарына кірістелмеуі, аумақтық даму бағдарламасында қарастырылған индикаторларға қол жеткізілмеген, орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу, және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді, салықтарды өндіруді қамтамасыз етпеуі болып келеді.

Құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстарға ақы төленгені, жергілікті атқарушы органдары тарапынан аталған жұмыстардың сапалы, уақытылы орындалуы қадағаланбағанын көрсетеді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

1. Тексеру комиссиясының отырысында Хромтау ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудитінің нәтижелерін қарау.

2 «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не:

1) Сатып алу құқығынсыз қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берлген кезінде, сенімгерлік басқару шартымен міндеттелген талаптарының орындалуы бойынша шаралар қабылдау;

2) Хромтау ауданы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаларды әзірленуін қадағалау;

3) Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктін республикалық бюджет есебінен қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізу;

4) Бұзушылықтарға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;

5) Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған өтелуге жататын жалпы сомасы 27 093,5 мың теңгені толық көлемде өтелуін бақылауға алу;

6) Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 01 желтоқсанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

3. Аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелерге:

1) Аудиторлық есепте көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қамтамасыз ету;

2) Бұзушылықтарға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;

3) Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған өтелуге жататын жалпы сомасы 27 093,5   мың теңгені толық көлемде өтелуі қамтамасыз етілсін;

4) Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 01 желтоқсанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

4. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:

1) «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ,  «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Хромтау жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ, «№6 Хромтау гимназиясы» КММ, «Нұрлы – көш орта мектебі»КММ, «№2 Хромтау гимназиясы»КММ  материалдары мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп заңнамасын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданғандығы есепке алынсын;

2) Ақтөбе облысының прокуратурасына ағымдағы шоттан ақша қаражатын пайдалану туралы есеп беретін тұлға корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып 500,0 мың теңге көлемінде жүргізілген төлемдердің растауы болып табылатын құжаттарды тапсырылмау бойынша «Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің материалдары, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының №22 кварталындағы әлеуметтік осал топтарға арналған екі 4 қабатты 48 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілерінің құрылысы» жұмыс жобасын жүзеге асыру кезінде «Ақтау М LTD» ЖШС-мен 2018 жылғы 26 қарашадағы  №110 шарты бойынша 1 430,1 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар бойынша «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»ММ-нің  материалдары және «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Жазық ауылына жеткізуші және кент ішіндегі газ газқұбырын салу»  жобасын жүзеге асыру кезінде «ЛАЙГЭ» ЖШС-мен 2017 жылдың 15 желтоқсанындағы №100 шарты бойынша 3 738,0 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар бойынша «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-нің материалдары  жолдансын.

3.4. Қосымша: жиынтық тізілім 45 бетте.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                 Қ.К.Игисенов

Аудиторлық қорытынды 21.08.2020
Дата публикации
21 августа 2020