Аудиторское заключение 29.05.2020

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарымен бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шарасы, оның ішінде материалдық-техникалық жарақтандырылуы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығы; мемлекеттік аудит объектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігі, олардың іске және жүзеге асырылуының тиімділігі; мелекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы мен дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің мәні: 003 «Жалпы білім беру», 009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету», 019 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттарды табыс ету», 026 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу», 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»  бюджеттік бағдарламалары және мемлекеттік активтер.

1.4. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «№3 Орта мектебі» КММ, «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№68 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№19 орта мектебі» КММ, «№61 Жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «№56 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, «№14 орта мектеп» КММ, «№31 қазақ орта мектебі» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№15 орта мектебі» КММ, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№12 орта мектеп» КММ, «№50 орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «Қызылжар орта мектебі» ҚММ, «№26 орта мектебі» КММ, «Сазды орта мектебі» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ, «№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ.

1.5. Мемлекеттік аудит тобының құрамы :

- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспекторлары – мемлекеттік аудиторлары: А.Қ.Төлебаев (мемлекеттік аудитордың сертификат №1270) (топ жетекшісі), А.Т.Нұрғалымов (мемлекеттік аудитордың сертификат №0392);

- мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы Г.С.Изтлеуова (мемлекеттік аудитордың сертификат №1269);

- мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас мамандары -  мемлекеттік аудиторлары: Э.А.Бузекеева (мемлекеттік аудитордың сертификат №0390), Р.К.Умбетова (мемлекеттік аудитордың сертификат №0395), К.Е.Есмаханова (мемлекеттік аудитор сертификат №0386), С.Т.Қалжанов (мемлекеттік аудитордың сертификат №0397), И.В.Югай (мемлекеттік аудитордың сертификат №1412), А.А.Құрманбаева (мемлекеттік аудитордың сертификат №0393), Б.Т.Аймишева (мемлекеттік аудитордың сертификат №0385) және Ж.У.Бекбусон (мемлекеттік аудитордың сертификат №1629) жүргізді.

1.6. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін (жекелеген объектілердің аудитпен қамтылған кезеңі алдыңғы тексеру нәтижесі бойынша аудит бағдарламасында белгіленген).

 

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Білім беру мекемелерінің (мектептердің) басты негізгі қызметінің мәні - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, білім беру саласындағы ғылыми және тәжірибелік жетістіктер негізінде мектепке дейінгі жастағы баланың тәрбиеленуін, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыты – балаларды мектепте оқуға дайындау, салауатты, дамыған, еркін тұлғаны қалыптастыру, қабілеттерін ашу, оқуға, жүйелі оқуға тарту.

Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтының (aktobe.gov.kz) соңғы 14.05.2019 жылғы өзгерісі деректері бойынша осы өңірде жалпы 414 жалпы білім беретін мектепте 144120 оқушы білім алып жатқандығы көрсетілген. Соның ішіндегі 83 білім беру мекемесі немесе 20% пайызы Ақтөбе қаласының білім бөліміне қарасты, соның ішінде 2019-2020 оқу жылында 82144 оқушы білім алып жатыр.

Осымен аудититорлық іс-шаралар тізілімінде барлығы 40 аудит объектісі жоспарланған, дегенмен аудит барысында 34 объектісі қамтылды, оның ішінде 32 орта білім және 2 мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде аудит іс-шаралары жүргізілді. Ал, қалған 6 аудит объектісі бойынша әрбір себептеріне сәйкес аудит іс-шаралары жүргізілген жоқ. Атап айтқанда 1 мектепте («№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ) тоқтатылған, оның себебі ҚР-сы Конституциясының 44-бабының 16 тармақшасына, ҚР-ның «Төтенше жағдай туралы» Заңының 4,5,6 баптарына және ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығысы негізінде 16.03. - 11.05.2020 жылға аралығындағы мерзіміне төтенше жағдайы болғандықтан және 5 мектептің («№20 жалпы орта білім беру мектеп-лицей» КММ, «Ақтөбе қаласының №25 жалпы  білім беретін орта мектебі»  КММ, «№27 орта мектеп-лицейі» КММ, «№51 гимназия» КММ және «Пригород орта мектебі» КММ) меншігінің құқықтық формасы «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі» (ЕРСОП) жүйесінде шағын кісіпкерлік субъектісі болып тіркелген, ал ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 «ҚР тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығымен шағын бизнес ұйымдарына тексеруге шектеу қойылған.

Әрі қарай, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің (бюджеттік бағдарлама әкімшісі – әрі қарай ББӘ) ұсынған деректеріне сәйкес өзіне қарасты мектептерінің соңғы 3 жылының талдауы бойынша 2017 – 2019 жылдар аралығында мектептерден саны 7 немесе 9,2% пайызға (2019 жылы 2017 жылға қарағанда) және мектептерде білім алушы балалар саны 13040 балаға немесе 21,9% пайызға (2019 жылы 2017 жылға қарағанда) көбейген. Ал, жыл сайынғы мәліметін алатын болсақ 2017 жылы 76 мектепте – 69104 бала, 2018 жылы 81 мектепте – 75296 бала және 2019 жылы 83 мектепте – 82144 бала.

Осымен, аталған аудит іс-шарасымен білім мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуының, мкеменің ғимаратының авариялық және қазіргі таңдағы 3 ауысымды мектептер жөніндегі жағдайылары бойынша талдау жүргізілген болатын.

Сонымен ұсынған деректері бойынша Ақтөбе қаласына қарасты мектептер арасында соңғы 3 жылын алатын болсақ 3 ауысымды мектептер саны 6 мектепке азайған. Авариялық мектептері жоқ. Оған қоса, 2017 – 2019 жылдар аралығында мектептерді материалдық-техникалық жабдықтауына және мекемелердін жағдайларын жақсарту мақсатында жалпы 1061560,6 мың теңге қаражаты бөлінген, оның ішінде техникалық жабдықтауына 529195,6 мың теңге және 532365,0 мың теңге күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген. Дегенмен, жаңа заманауй жабдықтармен мектептердін барлығы жабдықталмаған, мысалы робототехника кабинеті 83 мектептін 17 мектебі ғана жабдықталған және химия, биология, физика кабинеттері жаңартылмаған. Ал, мұның барлығы балаларды оқытуға сапалы білімін беру бойынша жүргізілген аудит, бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында бюджеттік жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігі және тиімділігінің қамтамасыз етулерінің және қаражаттарды тиімді пайдалану бойынша бақылаудың, осы қалалық білім бөлімі тарапынан жеткіліксіз назарды көрсетеді. Яғни, білім бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыруында бюджеттік қаражаттарды басқаруының, жоспарлауының, пайдалануының тимділігіне тікелей әсер етеді.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат шығындарының көлемін жоспарлау және шығындарының негізділігіне, есептілікті жасау мен ұсынудың дұрыстығына, мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығына, мектептердегі материалдық-техникалық жарықтандырылуына, еңбекақыны есептеу және төлеу дұрыстығына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 29262135,1 мың теңгені құрады. Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 933782,8 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 866956,3 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша жалпы сомасы 66826,5 мың теңге, оның ішінде тиімсіз жоспарлау сомасы 22572,3 мың теңге және тиімсіз пайдалану сомасы 44254,2 мың теңге;

3) рәсімдік бұзушылықтар саны 187 (жүз сесксен жеті) бірлік.

1. Анықталған 866956,3 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1.1. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 44 бабының 3, 8 тармақтарына, 97 бабының 6 тармағына қайшы, Мекемелерде 2018-2019 жылдардын аяғында республикалық трансферттер есебінен қалған қаражаттарын республикалық бюджетке қайтарудың орнына, негізсіз жергілікті бюджетінің шығындарына аударылып жіберілген. Сонымен аудит барысында анықталған негізсіз аударылған қаражатының жалпы сомасы 377197,3 мың теңгені құраған (оның ішінде «№68 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ - 6839,0 мың теңге, «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ - 6019,9 мың теңге, «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» КММ – 22171,0 мың теңге, «№14 орта мектеп» КММ - 25284,1 мың теңге, «№31 қазақ орта мектебі» КММ - 227,1 мың теңге, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ - 30563,2 мың теңге, «№12 орта мектеп» КММ - 14933,2 мың теңге, «№50 орта мектебі» КММ - 7539,7 мың теңге, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ  - 23013,0 мың теңге, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ – 3348,0 мың теңге, «№13 орта мектебі» КММ - 5670,1 мың теңге, «№35 орта мектебі» КММ - 30626,7 мың теңге, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ - 5693,7 мың теңге, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ – 17746,3 мың теңге, «№30 қазақ орта мектебі» КММ – 26565,4 мың теңге, «Қызылжар орта мектебі» ҚММ - 1537,6 мың теңге, «№26 орта мектебі» КММ – 35055,1 мың теңге, «Сазды орта мектебі» КММ - 2396,8 мың теңге, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ - 20738,3 мың теңге, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ - 30985,4 мың теңге, «Елек орта мектебі» КММ - 2088,1 мың теңге, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ - 9870,4 мың теңге, «№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ - 32609,1 мың теңге, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ - 7051,5 мың теңге, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ - 8624,6 мың теңге).

1.2. ҚР-ның 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 103-бабының 1 тармағына және 114 бабының 1 тармағына және ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 жылғы №908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының қосымшасының 2 тарауының 7 тармағының талаптарына қайшы, аудитпен қамтылған кезеңінде «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-нің есепшісі Н.Е.Сағитжанмен өзінің лауазымдық міндетін тиісінше орындамау салдарынан жалпы 23085,5 мың теңгеге негізсіз қаражаттары аударылған, оның ішінде штат кестесінде қарастырылмаған адамдарға жалпы сомасы 11282,3 мың теңге, мекемедегі қызметкерлеріне нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті  еңбек ақыларынан артық 10483,4 мың теңге және есептелген демалыс ақысынан артық 1319,8 мың теңге.

1.3. ҚР-ның 15.05.2007 жылғы №251 Еңбек кодексінің (күші жойылған) 91 бабының 1 тармағына, 126 бабының 1 тармағына, 134 бабының 1 тармағына, 136 бабының 1 тармағына, 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағына, 106 бабының 1 тармағына, 113 бабының 1 тармағына, 114 бабының 1 тармағына, ҚР-сы Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1394 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» (күші жойылған) қаулысымен бекітілген орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесінің 6,7 тармақтарына және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 жылғы №908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 6,7 тармақтарына қайшы, нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан және еңбек демалысына шыққан кезінде, демалыс ақысының күндерін дұрыс есептемеген салдарынан артық жалпы 8444,1 мың теңге қаражаты аударылған (оның ішінде: «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ – 14,5 мың теңге, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – 46,1 мың теңге «№22 орта мектебі» КММ - 2959,2 мың теңге, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ - 3086,4 мың теңге, «№30 қазақ орта мектебі» КММ – 592,7 мың теңге, «Қызылжар орта мектебі» ҚММ – 6,1 мың теңге, «№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ – 73,2 мың теңге, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ - 129,4 мың теңге, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ - 1536,5 мың теңге).

1.4. ҚР-ның 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 139 бабының 10 тармағына, ҚР-сы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 2 тармағының 2 тармақшасынағ 3 тармағына және осы қаулымен бекітілген 2 қосымшасына және Білім және ғылым министрінің 14.06.2010 жылғы №302 «Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы» бұйрығымен бекітілген ереженің 2 бөлімінің талаптарына қайшы, Мекемелердін қызметкерлеріне еңбек өтілін дұрыс есептемеу, кезекті ақылы еңбек демалысының өтемақы төлемі негізгі жүктемесіне сай емес салдарынан, аудитпен қамтылған кезеңде қаражаты артық есептеліп жалпы 394,3 мың теңге төлеген (оның ішінде: «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі – 81,3 мың теңге, «№56 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ – 18,0 мың теңге, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – 106,0 мың теңге, «№50 орта мектебі» КММ – 37,2 мың теңге, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ – 37,6 мың теңге, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ – 81,0 мың теңге, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ – 33,2 мың теңге).

1.5. ҚР-сы Білім және ғылым министрінің м.а. 07.08.2013 жылғы №323 «Білім және  ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» және 27.01.2016 жылғы №83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығының 90 таромағына қайшы,  Мекемелер қызметкерлеріне біліктілік санатын бекіту туралы куәлігінің мерзімі тоқтатылған.болса да, біліктілігі санаты сақталып жалпы 170,6 мың теңге қаражаты төленген (оның ішінде  «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ – 47,1 мың теңге, «№19 орта мектебі» КММ – 110,1 мың теңге, «№50 орта мектебі» КММ – 13,4 мың теңге).

1.6. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 97 бабының 6 тармағына, ҚР-сы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4 қосымшасының 5 тармағына, ҚР-сы Білім және ғылым министрінің м.а. 04.01.2013 жылғы №1 «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығымен (күші жойылған) бекітілген Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҒЫ-ның 25 тармағына қайшы, «Елек орта мектебі» КММ-мен 2018 жылдың тамыз айында 2 қызметкерге жалпы сомасы 25,7 мың теңге негізсіз біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы төленген.

1.7. ҚР-сы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 1,2 қосымшаларына және ҚР-сы Білім және ғылым министрінің 29.03.2016 жылғы №123 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығына қайшы, «Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің тарификациялық тізімдері бойынша санаттары дұрыс қойылмай еңбекақылары жалпы 196,4 мың теңгеге артық төленген.

1.8. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағына, ҚР-сы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулыларының 4-қосымшасы, Білім және ғылым министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы №95 «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 30 тармағына қайшы, мекемелер тарапынан төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын, негізділігін сақтамай, сертификат бағдарламаның тиісті деңгейі берілгендігін растайды және берілген күннен бастап 5 жыл бойы жарамды делінген талаптары сақталмай, мерзімі аяқталған қызметкерлерге жалпы 378,1 мың теңге негізсіз қосымша ақысы төленген («№26 орта мектебі» КММ – 151,0 мың теңге, «№9 орта мектеп - гимназия» КММ – 227,1 мың теңге).

1.9. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағына,  ҚР-сы Үкіметінің 14.10.2011 жылғы №1172 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 36, 46, 51 тармақтарына (күші жойылған) және Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 48, 53 тармақтарына қайшы, мекемелерде кассасында жоқ екендігі анықталды, яғни бұл сомасына  қайда, қандай мақсаттарға шығындалғаны туралы ешқандай құжат аудиторлық іс-шара жүргізу барысында ұсынылған жоқ. Сонымен анықталған бұзушылықтын жалпы сомасы 183,1 мың теңге (оның ішінде: «№ 22 орта мектебі КММ – 106,1 мың теңге, «Қызылжар орта мектебі»  КММ – 77,0 мың теңге).

1.10. ҚР-ның 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 133-бабының 2 тармағына қайшы, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-нің есепшісі Н.Е.Сағитжанмен өзіне 2019 жылдың қараша айында еңбекке уақытша қабілетсіздік парағынсыз 30,6 мың теңге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақысы негізсіз төленген.

1.11. ҚР-сы Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасына қайшы, Мекемелердін қызметкерлерінде тәртіптік жазалары бола тұра жалпы сомасы 75,6 мың теңге сыйақылар негізсіз төленген (оның ішінде: «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» КММ 24,0 мың теңге, «№22 орта мектебі» КММ – 8,0 мың теңге, «Қызылжар орта мектебі»  КММ – 43,6 мың теңге).

1.12. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығымен бекітілген қағиданың 154 тармағының 2 тармақшасына, 156 тармағына қайшы, Мекемелермен ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да тұрған қаражаттары тиісті бюджетке қайтару жөніндегі жұмыстары атқарылмай, бухгалтерлік операциялар жасалынбаған. Анықталған бұзушылықтар сомасы 165,4 мың теңгені құраған. («№3 орта мектебі» КММ – 26,0 мың теңге, «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ – 119,4 мың теңге, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ – 20,0 мың теңге)

1.13. ҚР-сы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» және 11.05.2018 жылғы №256  «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулыларының талаптарына қайшы, Мекемелер қызметкерлеріне жалпы 171,3 мың теңгеге негізсіз және артық іссапар шығындары төленген (оның ішінде: «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ – 15,0 мың теңге, «№68 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – 15,0 мың теңге, «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – 15,0 мың теңге, «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» КММ – 11,0 мың теңге, «№61 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ - 15,0 мың теңге, «№8 орта мектеп» КММ – 16,9 мың теңге, «№63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ – 11,3 мың теңге, «№10 «Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ – 72,1 мың теңге).

1.14. ҚР-ның 01.07.1999 жылғы Азаматты кодексінің 654 бабы 1 тармағына және 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына қайшы, тапсырыс беруші жобалық сметалық құжаттарында қайтарылатын сомасы мердігерлерден өндірмеген. Анықталған бұзушылықтардын жалпы сомасы 123,1 мың теңге (оның ішінде: «№19 орта мектебі» КММ – 34,6 мың теңге, «Сазды орта мектебі» КММ – 88,5 мың теңге).

1.15. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп  жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрыңының 271 тармағына және 07.09.2010 жылғы №444 «Есеп саясатын бекітутуралы» бұйрығының 37 тармаңына және халқаралық қаржылық есептлік стандатарынын (ҚС ҚЕХС (МСФО ОС) №16 стандартынын талаптарына қайшы, мекемелермен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тек тек ҚМЖ-н ғана сомасына ұлғайтылған. Ал, қалған шығындары (атап айтқанда ЖСҚ-на, техникалық, авторлық қадағалауына, сараптамасына) ғимарат сомасына кірстеліп, құны өсірілмеген. Анықталған бұзушылықтар сомасы 2695,1 мың теңге (оның ішінде: «№12 орта мектебі» КММ - 1560,8 мың теңге, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ - 898,9 мың теңге, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ – 235,4 мың теңге).

1.16. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағына, 7-бабының 4-тармағына, ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының 2 бөлімінің 18 тармағына, 9 бөлімінің 249, 250 тармақтарына және Қаржы министрінің 22.08.2011 жылғы №423 «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 58 тармағына қайшы, демеушілікпен, сатып алынған негізгі құралдары Мекемелер балансына кірістелмеген. Анықталған бұзушылықтардын жалпы сомасы 9095,4 мың теңге (оның ішінде: «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – 804,7 мың теңге, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ – 200,0 мың теңге, «№13 орта мектебі» КММ – 800,0 мың теңге, «Сазды орта мектебі» КММ – 5845,8 мың теңге, «№24 лингвистикалық мектеп гимназия» КММ – 184,0 мың теңге, «№63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ – 1260,9 мың теңге).

1.17. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығының 282 тармағына, 2010 жылғы 07 қыркүйектегі №444 «Есеп саясатын бекітутуралы» бұйрығының талабына және халқаралық қаржылық есептілік стандатарынын (ҚС ҚЕХС (МСФО ОС) №16 стандартынын талаптарына қайшы, Мекемелердің жаңадан құрылған ғимарат сомасынан бухгалтерлік және мемлекеттік мүлік меншігіне алу кезінде технологиялық негізгі құрылғылары азайтылмаған. Анықталған бұзушылықтар сомасы 288515,4 мың теңге (оның ішінде: «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ - 107332,7 мың теңге, «№63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ - 181182,7 мың теңге).

1.18. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 243, 271, 272 тармақтарына, ҚР-сы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының 16,17 тармақтарына қайшы, Мекемелерде күрделі жөндеуге жүргізілген шығындарын бухгалтерлік есебінде жұмыс біткеннен кейін тиісті қосалқы шотында негізгі құралдардың баланстық құнын өсірмей, тікелей шығынға жіберген және негізгі құралдары тиісті шоттарына кірістелмеген Анықталған бұзушылықтар сомасы 154407,7 мың теңге («№13 орта мектебі» КММ – 28472,8 мың теңге, «№35 орта мектебі» КММ – 38437,4 мың теңге, «№53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – 12400,0 мың теңге, «№9 орта мектеп - гимназия» КММ - 15138,8 мың теңге, «№24 лингвистикалық мектеп гимназия» КММ – 24752,0 мың теңге, «Елек орта мектебі» КММ - 22336,8 мың теңге, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ – 12824,0 мың теңге, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ – 45,8 мың теңге).

1.19. ҚР-сы Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» (күші жойылған),  31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы», Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1394 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» (күші жойылған) қаулыларымен бекітілген орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесінің 6,7 тармақтарына және ҚР-сы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 6,7 тармақтарына қайшы, Мекемелер қызметкерлерлеріне аудитпен қамтылған кезінде еңбек ақыны есептеу тізімдемесімен мен еңбек ақыға аударылған төлем тапсырмасының тізімін салыстырғанда, жалпы аталған жылдарында кем төленген. Кем төленген сомасы 1601,7 мың теңгені құраған (оның ішінде: «№ 22 орта мектебі» КММ – 350,3 мың теңге, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ – 929,7 мың теңге, «№30 қазақ орта мектебі» КММ – 321,7 мың теңге).

2. Анықталған 66826,5 мың теңге бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау, пайдалану бұзушылықтары бойынша:

2.1. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-ІV Бюджеттік Кодексінің 4 бабының 12 тармағына қайшы, Мекеменің штаттық кестесін тексерген кезінде аудитпен қамтылған кездерінде артық штаттық бірліктері ұсталынған. Бұл штаттық бірліктері артық болмаған жағайында, бұл мәселесіне жұмсалған қаражаты басқа да мәселелеріне жұмсалатындығы мәлім, сондықтан ол ұаражаты тиімсіз жұмсалған болып есептеледі. Тиімсіз жұмсалған қаражатының жалпы сомасы 605,1 мың теңге (оның ішінде «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ - 541,3 мың теңге, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ – 63,8 мың теңге).

2.2. ҚР-ның 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына қайшы, Мекемелердің балансында тұрған негізгі құралдары мемлекеттік мүлкі қоғам игілігі үшін тиімді принциптері сақталмай падаланылмай тұрғандығы анықталған. Пайдаланусыз тұрған мемлекеттір активтердің жалпы сомасы 18878,4 мың теңге («№19 орта мектебі» КММ - 6749,8 мың теңге, «№12 орта мектебі» КММ - 3609,4 мың теңге, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ - 1180,3 мың теңге, «№26 орта мектебі" КММ - 6400,3 мың теңге, «Елек орта мектебі» КММ – 300,,0 мың теңге, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ - 638,6 мың теңге).

2.3. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV  Бюджет Кодексінің 4 тармағының 12 тармағына қайшы, Мекемелермен 2020 жылдың 01 қаңтарына (2019 жылғы есебі) мекемелерде жалпы 22572,3 мың теңгеге дебиторлық берешегі қалыптасқан. Дегенмен, аудит барысында аудитпен қамтылған кездерінде дебиторлық берешегі ескерілмей, жоспары бекітілген. Сондықтан, жоғарыдағы аталған қаражаты тиімділік принципі сақталмай жоспарланған қаражаты болып есептеледі («№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ - 18743,3 мың теңге, «№63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ – 3829,0 мың теңге).

2.4. ҚР-ның Бюджеттік Кодексінің 4 бабының 1,9,12 тармақшаларына, 53 бабының 3 тармағына және Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығының 1 тармағының 2 тармақшасына (2-қосымша Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы) қайшы, «№8 орта мектеп» КММ-мен негізділік принципі мен бірыңғайлық, тиімділік қағидаттары сақталмай жергілікті бюджет есебінен 5607,0 мың теңге республикалық бюджетінен қаржыландырылатын Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерін қаржыландырылған.

2.5. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV  Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 тармақшасы, ҚР-сы Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 178 тармағына қайшы, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару керектігі жөніндегі талаптары орындалмай, мекеменің коммуналдық шығындарына артық қаражат жоспарланып, аудитпен қамтылған кезеңде қаралған қаражат толығымен игерілмей жалпы сомасы 10256,6 мың теңгеге алдын-ала төлем жасалынып, бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған. («Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ - 997,4 мың теңге, «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ - 9259,2 мың теңге)

2.6. ҚР-ның 15.05.2007 жылғы №251 Еңбек кодексінің (күші жойылған) 31 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 32 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, ҚР 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының 51 бабының 1 тармағына, Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 жылғы №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 4 бөлімінің  талаптарына және Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қыз-меткерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 2 тармағымен бекітілген 19 қосымшаның 10 тармағына қайшы, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-мен 2015-2019 жылдар аралығында «Дефектолог», «Логопед» мамандандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімін дәлелдейтін құжаттары жоқ қызметкерлер логопед мұғалімі қызметімен айналысып, еңбекақыға жалпы сомасы 7839,0 мың теңге бюджет қаражаттары тиімсіз жұмсалған. Оған қоса, 2015 жылы Мекеменің меңгерушісі мен шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары қосымша 0,5 штат бірліктерімен логопед және қоймашы қызметтерін атқарып, еңбекақыға 309,3 мың теңге бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған.

2.7. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына, 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 6 бабына қайшы, «№30 қазақ орта мектебі» КММ «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» ЖШС-мен, келісім шарт жасалынып, 758,8 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

3. Рәсімдік бұзушылықтары бойынша 187 (жүз сексен жеті бірлік):

3.1. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV  Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағы 38 тармақшасы және ҚР-сы Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 178 тармағына қайшы, аудиттелген кезеңде мекемелер бюджет қаражаттарының аз көлемін пайдаланып, қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі екендігі жөніндегі талаптары орындалмай, қаралған қаражаттар толығымен игерілмей, 2015 – 2019 жылдарының жыл аяғында коммуналдық қызметтеріне алдын-ала төлемдер жасалынған. («№3 Орта мектебі» КММ, «№68 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№61 Жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «№14 орта мектеп» КММ, «№31 қазақ орта мектебі» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№50 орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «№26 орта мектебі» КММ, «Сазды орта мектебі» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ)

3.2. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағына және ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 243, 247 тармақтарына қайшы, Мекемелердің балансына берілген кезінде жер учаскелерінің құны бөлек көрсетіліп, кірістелмеген және мекеме балансына кірістелген кейбір негізгі құралдары бір инвентарлық нөмерімен кірістелген. («№14 орта мектеп» КММ, «№31 қазақ орта мектебі» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№12 орта мектеп» КММ, «№50 орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «Қызылжар орта мектебі» ҚММ, «№26 орта мектебі» КММ, «Сазды орта мектебі» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.3. ҚР-сы Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2017 жылғы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 2 қосымшасы талаптарына қайшы, Мекемелерде балалар саны ғимараттын құатылығына сәйкес емес. («№68 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№15 орта мектебі» КММ, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№12 орта мектеп» КММ, «№50 орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ)

3.4. ҚР-нің Қаржы Министрлігінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығының 14 тармағына қайшы, аудитпен қамтылған кезінде бухгалтерлік есептілікті жүргізетін тұлғалар ауысқанда нормативке сай құжаттарға қабылдау-тапсыру актісі жасалмаған. («№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№12 орта мектеп» КММ, «№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.5. ҚР-ның 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының 5 бабы 21 тармағына және ҚР-сы Білім және ғылым министрінің 10.01.2008 жылғы №8 «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» бұйрығының 3 тармағына қайшы, Мекемелерде мұғалімі шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары тану және нострификациялау рәсімінен өтпеген. («№56 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, «№15 орта мектебі» КММ, «№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ)

3.6. ҚР-ның 21.07.2007 жылғы №303-ІІІ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 40 бабының 2 тармағына (күші жойылған) және 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағына қайшы,  келісім-шарттардын мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы көзделген 5 жұмыс күнен кешіктірліп Қазнашылық органынан тіркелген. («№15 орта мектебі» КММ, «№50 орта мектебі» КММ, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.7. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 41 бабының 2 тармағына қайшы, Мекемелердің тәсілімен жүргізілген барлық сатып алуларының веб-порталдандағы есебінде жоғарыдағы таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары жазылмаған. аралығындағы тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден жасалған келісім шарттар бойынша веб-порталда бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған. («№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ)

3.8. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 175 тармағына қайшы, Мекемелермен еңбек ақы бойынша аудитпен қамтылға кезінде жергілікті бюджет есебінен дебиторлық берешектердің қалыптасуына жол берілген өзінің балансына қабылдау кезінде әділ бағасы танылмай, нөлдік бағамен қабылданған. («№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ)

3.9. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы 5 бабының 4 тармағына қайшы, Мекемелермен 2019 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарына сатып алулардың жалпы құнымен мемлекеттік сатып алу жоспары жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген. («№35 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.10. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 5 бабының 4 тармағына қайшы, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған және бюджет нақтыланған (түзетілген) кезде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда аудитпен қамтылған кезіндегі аралығында веб-порталдағы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларында 1 бұйрықпен әр айда бірнеше рет өзгерістер мен  толықтырулар енгізілгені және бір айда бірнеше рет бұйрықтар шығарылып өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. («№68 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «№19 орта мектебі» КММ, «№61 Жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «№14 орта мектеп» КММ, «№31 қазақ орта мектебі» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «Елек орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.11. ҚР-ның 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына және ҚР ҚН 1.04-26-2011 1 тарауына, 3.2.1, 7.01. тармақтарына, 3,4 қосымшаларына қайшы, Мекемелермен ғимаратының жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізілілген. («№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ)

3.12. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 38 бабына және ҚР-сы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығының 1,2 қосымшаларына қайшы, Мекемемен мектеп ғимаратын жөндеу бойынша  жүргізілген шығындары, күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілуінің орынына ағымдағы шығыстарға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілген. («№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№53 Жалпы  білім  беретін  орта мектебі» КММ, «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ)

3.13. ҚР-сы Үкіметінің 20.07.2009 жылғы №1102 «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» қаулысының (күші жойылған) 9 тармағына қайшы, Мекемелермен көрсетілген қосымша ақылы білім беру қызметтері үшін төленген қаражаттары тек қана кассалық ордерлерімен қабылданған. («№19 орта мектебі» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ)

3.14. ҚР-ның 15.05.2007 жылғы №251 Еңбек кодексінің (күші жойлған) 31 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 32 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» заңының  51 бабы 1 тармағына және ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 жылғы №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 4 бөлімінің  талаптарына қайшы, тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік білімі жоқ мұғалім жұмысқа қабылданып, нәтижесінде еңбекақылары тиімсіз төленген. («№31 қазақ орта мектебі» КММ)

3.15. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 5 бабы 3, 6 тармағына қайшы, Мекемелерде бекітілген жылдық жоспарлары және өзгерістері кешіктіріліп, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырған. («№13 орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.16. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының 191 тармағына қайшы, «№19 орта мектебі» КММ-мен қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу тәртібі тиісті түрде сақталмаған.

3.17. ҚР-сы 04.12.2008 жылғы №95- IV Бюджеттік кодексінің 67 бабының 12 тармағына және ҚР-ның Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 31,36,43,44 тармақтарына қайшы, Мекемелерде шығыстар есептемелері әзірленбеген. аудитпен қамстылған кезінде негізгі құралдарды сатып алу бойынша прайс-парақтары ұсынылмаған. («№22 орта мектебі» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ)

3.18. ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 74 тармағына қайшы, ақылы қызметтен түскен ата-аналар төлемдерінің жинау операциялары директордың бастауыш-кластар жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Тоқсанбаеваның Каспий Голд карточкасы арқылы, «№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ басшысының жазбаша өкімісіз, онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасамай орындалған.

3.19. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңнын 4 бабының және 15 бабының 1,2 тармақшаларына, Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының 2 тармағының 15, 20, 22 тармақшаларына қайшы, мекеменің балансын тексерген кезде, Мекемелерде аудитпен қамтылған кездеріндегі жылдар аяғына пайда болған дебиторлық жіне кредиторлық берешектері кқрсетілмеген. Яғни баланс есебі дұрыс тапсырылмағандығы, немесе бұрмалаушылықпен көрсетілген. («№63 Жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.20 ҚР-нің 28.02.2007 жылғы №234-III «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңының 7-бабының 5 тармағына, Қаржы Министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 5, 19, 21, 28, 22 тармақтарына қайшы, Мекемелерде аудитпен қамтылған кездерінде бухгалтерлік есебіндегі операциялар мен оқиғалар жүргізілуге тиісті мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарымен жүргізілудің орнына, үлгілік жоспары негізінде жүргізілген, «Басты-журнал» кітабы жүргізілмеген және ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен (Нысандар  альбомының 321-нысаны бойынша) толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалмаған. («№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.21. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңының 6-бабының 3-тармағына, 7-бабының 4-тармағына, ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының 2 бөлімінің 18 тармағына, 9 бөлімінің 249, 250 тармақтарына және ҚР-сы Қаржы министрінің 22.08.2011 жылғы №423 «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 58 тармағына қайшы, демеушілікпен, сатып алынған негізгі құралдары «№26 орта мектебі» КММ балансына кірістелмеген.

3.22. ҚР-ның Қаржы Министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 198, 243, 337 тармақтарына және Қаржы Министрінің 15.06.2010 жылғы №281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының 10, 16, 20 тармақтарына қайшы, Мекемелердін қорлар, негізгі құралдар және бағдарламалық өнімдер Мекеме балансының тиісті шоттарына кірістелмеген. («Сазды орта мектебі» КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ)

3.23. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234-III «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңының 6-бабының 3 тармағына және 7-бабының 7 тармағына, Қаржы Министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 18 тармағына қайшы, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-нің есепшісі Н.Е.Сағитжанмен 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың қараша айы аралығында, банктiк бастапқы құжаттарға (аумақтық қазынашылық бөлімшесімен ұсынылған 5-15 «Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі» нысаны) түзетулер енгiзуге жол берiлген, жалған құжаттар жасалған, соның салдарынан бухгалтерлiк есепте операциялардың нәтижелері тиісіті түрде көрсетілмей жүргізілген.

3.24. ҚР-ның Қаржы Министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің қайшы, 2017-2019 жылдар аралығында «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ есепшісі Н.Е.Сағитжанмен өзінің лауазымдық міндетін тиісінше атқармаған, атап айтқанда есепке алынатын құжаттар тексеріліп, операцияларды жасау күні бойынша жүйеленбеген және мемориалды ордерлермен – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен толық және тиісті түрде ресімделмеген.

3.25. ҚР-сы 04.12.2008 жылғы №95- IV Бюджеттік кодексінің 67 бабының 12 тармағына және ҚР-ның Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 31, 36, 43, 44 тармақтарына қайшы, Мекемелерде шығыстар есептемелері әзірленбеген. аудитпен қамстылған кезінде негізгі құралдарды сатып алу бойынша прайс-парақтары ұсынылмаған. («№22 орта мектебі» КММ, «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ)

3.26. ҚР-ның 23.11.2015 жылғы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 68 бабының 3 тармағына қайшы, 2015-2019 жылдар аралығында тексеру барысында «№9 орта мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі С.В Мушенок 1,5 ставкадан,  артық ставка, қосымша сағаттар бойынша сабақ жүргізген. Сондықтан олардың апталық жүктемесі күнделікті жұмыс уақытының нормасынан асырып барлығы 5 жылға 3972,0 мың теңге еңбекақы төленген.

3.27. ҚР-сы Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 жылғы №70 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығының, жалпы орта білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары кестесіне қайшы, лингафон кабинеті, мультимедиялық лингафон кабинеттері жоқ, лабораториялық кабинеттері жабдықталмаған, арнайы оқу кабинеттері ескірген және толық көлемде жабдықталмаған. («№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «№26 орта мектебі» КММ, «Сазды орта мектебі» КММ)

3.28. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234-III «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңының 4,6 және 15 баптарына, ҚР-сы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 4 тармағына, ҚР-сы Қаржы министрінің 08.07.2010 жылғы №325 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (күші жойылған) 7 қосымшасымен бекітілген қаржылық есептілік нысандары мен оны жасау және ұсыну қағидаларының 3 тармағына қайшы Мекемелерде аудитпен қамтылған кездеріндегі жылдар соңында дебиторлық және кредиторлық берешектері баланстарында  көрсетілмей, қаржылық есептілік бұрмалаушылықпен жасалып, тапсырылған. («№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «Қызылжар орта мектебі» КММ, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ)

3.29. ҚР-ның 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» заңының 39 бабының 3 тармағына қайшы «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің білім беру құқығын негіздейтін лицензиясы болмаса да, аудиттелген кезеңде оқу жылдарында мектепті аяқтаған түлектер негізсіз қорытынды аттестаттаудан өткізіліп, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келмеуіне қарамастан аттестат беріліп келген.

3.30. ҚР-ның 21.07.2007 жылғы №303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (күші жойылған) 5 бабы 1,3,4 тармақтарына қайшы, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ-мен 2015 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары жасалынбаған және goszakup.gov.kz сайтына орналастырылмаған

3.31. ҚР-нің 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 12 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына, 5 тармағына, ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы №694 «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 23 тармағына қайшы, «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ-мен одан әрі «Монтаж Строй 2019» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға жүгіну туралы жұмыстар жүргізілмеген.

3.32. ҚР-сы Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 13 тармағына қайшы, мекемелерде дебиторлық және кредиторлық берешектер бола тұра қызметкерлеріне сыйақы берілген. («№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «Қызылжар орта мектебі» ҚММ)

3.33. ҚР-ның 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңнын 4 бабының және 07.09.2010 жылғы №444 «Есеп саясатын бекіт туралы» бұйрығының 16-тарауының 74 тармақшасына қайшы, 2015, 2016, 2017, 2018 жылдардың есепті кезеңіне пайдаланылмаған демалыс резерві есептелінбеген, бухгалтер есебінде жүргізілмеген және мекеме балансында көрсетілмеген.         («№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ)

3.34. ҚР-нің Қаржы Министрлігінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығының 6 тармағына қайшы, «№10 «Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Г.И.Карагуловамен жұмыстан шығып кеткен есепшіге  банк құжаттарына қол қоюға рұқсат етілген, яғни әрі қарай бухгалтерлік есептілікті жүргізе беруіне негізсіз жол берілген.          3.35. 2019 жылы 28 тамыздағы №12 «Шатырды, төбе жабындыларын жөндеу /орнату бойынша жұмыстар және осымен байланысты жұмыстар» бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім шарттың 9.3. тармағына қайшы, «№10 «Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-мен веб-портал арқылы мердігерге шартта қаралған талаптарды, міндеттемелерді тиесілі деңгейде орындамағаны үшін келісім шартты бұзу туралы хабарлама жіберіп, бір жақты тәртіппен келісім шартты бұзу жұмыстары атқарылмаған.

3.36. ҚР-ның 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 68 бабының 3 тармағын бұза отырып, мекемеде еңбек нормативі педагог қызметкерлер Еңбек жүктемесінің ұлғаюы педагог қызметкерлер кадрларының жетіспеуі салдарынан болады. («№26 орта мектебі» КММ, «Сазды орта мектебі» КММ)

3.37. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармақшасы, 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағы, 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының 40 бабының 2-1 тармағына қайшы бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару көзделген сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану керектігі жөніндегі талаптары орындалмай, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиясы алынбау себебінен жалпы сомасы 500000,0 мың теңгені құрайтын мекеме ғимаратына жұмсалған бюджет қаражаттары тиімсіз шығындалған болып есептеледі. («№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау:

1. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9,12 тармағының талаптары сақталмай, тиімділік және негізділік қағидаттары сақталмай мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер ретінде 2018-2019 жыларында аудитпен қамтылған мекемелерінде жалпы сомасы 22572,3 мың теңгеге артық, тиімсіз жоспарланған.

2. ҚР-ның 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің талаптары сақталмай аудитпен қамтылған кез аралығында бюджеттік бағдарлама әкімшілері жалпы сомасы 44254,2 мың теңгеге бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған.

2.5. Қоғамның қанағаттануын бағалау нәтижелері:

Аудит барысында, мектептердін қанағаттануын бағалау мақсатында ата-анадардан, мұғалімдерден және жоғары сынып оқушыларынан сауалнамалар жүргізілді. Нәтижесінде сауалнамада қойылған сауалдары бойынша көбінесе материалдық-техникалық жағдайын жақсартуды, мектептер ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуін, жағадан робототехника және технологияға арналған кабинеттері, жаңадан мектеп салынса деген ұсыныстар берілген болатын. Ал, мектептін мұғалімдеріне олардын біліктілігіне ата-аналар мен оқұшылар қанағаттанарлықтарын білдірді және мектептін жалпы қызметіне көңілдері толатындықтарын білдірді.

2.6.  Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.7. Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері: Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері жоқ.

 

IІІ. Жиынтық бөлік

3.1.  Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Аудит барысында, анықталған жалпы сомасы 866956,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың ішіндегі қалпына келтіруге жататын 456315,2 мың теңге және өтелуге жататын сомасы 410641,1 мың теңге, оның ішінде 454457,7 мың теңгесі аудит барысында қалпына келтірілген сомасы және 17140,9 мың теңгесі өтелді. Атап айтқанда:

1. «№3 орта мектебі» КММ-сі бойынша Мекемемен ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да тұрған 26,0 мың теңгені тиісті бюджетке қайтару жөніндегі жұмыстары атқарылмай, бухгалтерлік операциялар жасалынбаған. Аудит барысында аталған 26,0 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

2. «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ-сі бойынша Мекемемен ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да тұрған 119,4 мың теңгені тиісті бюджетке қайтару жөніндегі жұмыстары атқарылмай, бухгалтерлік операциялар жасалынбаған және 2015 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында педагог қызметкердің біліктілік санатын беру немесе растау туралы куәлігімен берілген санатты дұрыс қолданбау салдарынан 1 жағдайда жалпы сомасы 47,1 мың теңгеге қосымша еңбекақысы негізсіз төленген, оған қоса 2016-2019 жылдары 2 жағдайда сомасы 15,0 мың теңге негізсіз іссапар шығындары төленген. Аудит барасында артық және негісіз төленген жалпы 181,5 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

3. «№68 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі бойынша аудит барысында 2018 жылы 1 жағдайда сомасы 15,0 мың теңге негізсіз іссапар шығыны төленген және толығымен тиісті бюджетіне өндірілген;

4. «№62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі бойынша Мекеме тарапынан төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын, негізділігін сақтамай, сертификат бағдарламаның тиісті деңгейі берілгендігін растайды және берілген күннен бастап 5 жыл бойы жарамды делінген талаптары сақталмай, мекемеде 2 қызметкердің жоғарыда аталған сертификат мерзімдері аяқталғанымен 2019 жылдың тамыз айында жалпы сомасы 81,3 мың теңге негізсіз қосымша ақы төленген, оған қоса 2018 жылы 1 жағдайда сомасы 15,0 мың теңге негізсіз іссапар шығыны төленген және аудит барысында аталған қаражаттары толығымен тиісті бюджетіне өндіріліді;

5. «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» КММ бойынша аудит барысында 2017 жылы 1 жағдайда сомасы 11,0 мың теңге негізсіз іссапар шығыны төленген, 2015 жылдың желтоқсан айында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне тәртіптік жазалары бола тұра жалпы сомасы 24,0 мың теңге көлемінде сыйақылар негізсіз төленгендігі анықталған. Аудит барасында, аталған қаражаттары  бюджетке өндірілді;

6. «№19 орта мектебі» КММ бойынша Мектеп мұғаліміне 01.04.2015-29.08.2016ж. аралығында еңбекақысына негізсіз біліктілік санаты үшін жалпы сомасы 110,1 мың теңге қосымша ақы төленген және тапсырыс беруші жобалық сметалық құжаттарында қайтарылатын 34,6 мың теңге сомасы мердігерлерден өндірмеген. Аудит барысында аталған қаражаттары тиісті бюджетке өндірілді;

7. «№64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бойынша Мекеменің жаңадан құрылған ғимарат сомасынан бухгалтерлік және мемлекеттік мүлік меншігіне алу кезінде 107332,7 мың теңгеге технологиялық негізгі құрылғылары азайтылған. Демалыс ақысының күндерін дұрыс есептемеген салдарынан жалпы 46,1 мың теңгеге артық төленген және демалысына шыққан кезінде сауықтыру ақысы 106,0 мың теңгеге артық төленген қаражаттары тиісті бюджетіне өндірілді. Оған қоса, 2017 жылы 804,7 мың теңгеге өтеусіз берілген негізгі құралдар Мекеме балансына кірістелді;

8. «№12 орта мектебі» КММ бойынша Мекеменің ғимарат құны 1560,8 мың теңгеге өсірілді;

9. «№50 орта мектебі» КММ бойынша 2015 жылдың 01 шілдесіндегі мектеп директорының №168 бұйрығы негізінде өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкеріне 14.07.2015ж. №465 төлем шотымен 14 күнге жұмыс жасамаған күніне артық 26,1 мың теңгесі,  2017 жылы шілде айында мекеме қызметкеріне кезекті ақылы еңбек демалысының өтемақы төлемі негізгі жүктемесіне сай емес, есептеген кезінд е лауазымдық айлығынан 3 сағатқа 11,1 мың теңгесі және 2019 жылдың қараша айында мекеме қызметкеріне біліктілік санатын бекіту туралы куәлігінің мерзімі тоқтатылған болса да 13,4 мың теңгесі тиісті бюджетіне толығымен өндірілді;

10. «Ақтөбе қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ бойынша аудит барысында Мекемемен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ЖСҚ-на және оның сараптамасына жұмсалған 898,9 мың теңгеге өсірген, 2018 жылы 200,0 мың теңге сатып алынған мемлекеттік ел таңбасы Мекеме балансынының негізгі құралдар есебіне кірістелді және 2019 жылы мектептің күзетшілеріне мерекелер күндерінде жұмыс жасаған үшін екі есе көлемінде еңбекақы төленгенген кезінде орташа жалақысын дұрыс есептемеу салдарынан жалпы 14,5 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

11. «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ бойынша Мекеме қызметкері  есепшіне еңбек өтілін дұрыс есептемеу салдарынан, аудитпен қамтылған кезеңде 37,6 мың теңге еңбекақы артық есептеліп төлеген қаражаты аудит кезінде тиісті бюджетке өндірілді;

12. «№13 орта мектебі» КММ бойынша Мекеме 2016, 2018, 2019 жылдары күрделі жөндеуге жүргізілген жалпы сомасы 28472,8 мың теңгеге ғимараттын құны ұлғайтылған және түгендеу барысында  киімге арналған шкаф 17 дана, құжатқа арналған шкаф 4 дана, стеллаж 2 дана, біріктірілген шкаф 2 дана, бұрыш тумбасы 7 дана, шкаф 15 дана, полка 1 дана, бұрыш тумбасы 1 дана, жалпы сомасы (620965+179000 теңге) 800,0 мың теңге болатын негізгі құралдардың тиісінше мекеме есебіне кірістелген;

13. «№53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бойынша Мекемемен  2019 жылы мектеп ғимаратының  (терезелерін ауыстыру) жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына, ағымдағы жөндеу ретінде жүргізіліп, мектеп ғимаратының баланстық құны жалпы сомасы 12400,0 мың теңгеге өсірілген;

14. «№35 орта мектебі» КММ бойынша аудит барысында Мекемемен 2016 жылы мектеп ғимаратының терезелерін ауыстыру және мектеп қоршауын ауыстыру, жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына, ағымдағы жөндеу ретінде жүргізілуіне байланысты, бухгалтерлік есебінде ғимараттың баланстық құны 38437,4 мың теңгеге тиісті қосалқы шотында негізгі құралдардың баланстық құнын өсірілген;

15. «№ 22 орта мектебі КММ бойынша Мекеме қызметкеріне тәртіптік жаза бола тұра, 8,0 мың теңге сыйақысы және Мекеменің 2017 жылғы жалпы 106,1 мың теңге мекеменің кассасында жоқ екендігі анықталған сомалары тиісті бюджетіне өндірілді;

16. «№23 орта мектеп-лицейі» КММ бойынша нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан артық 2015-2019 жылдары жалпы 3086,4 мың теңгесі бюджетке өндірілді, Мекемемен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 235,4 мың теңгеге ғимарат құны өсірілген. Оған қоса, Мекеме қызметкерлерге кем төленген еңбекақысының аудит барысында 889,5 мың теңгесі тиісті қызметкерлер шоттарына аударылды;

17.  «№30 қазақ орта мектебі» КММ бойынша нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан артық 2015-2019 жылдары жалпы 547,4 мың теңгесінің, аудит барысында 224,1 мың теңгесі және артық төленген жалпы 45,3 мың теңгесі бюджетке өндірілді;

18. «Қызылжар орта мектебі»  КММ бойынша Мекеменің 2015 жылғы жалпы 77,0 мың теңге және 2017 жыл аяғына 3,7 мың теңге мекеменің кассасында жоқ қаражаты және артық төленген жалпы сомасы 49,7 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

19. «№26 орта мектебі» КММ бойынша Мекеменің 5 педагог қызметкерлеріне сертификаттың 5 жылдық қолданылу мерзімі өткеннен кейін біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы төлеу негізсіз төленген 151,0 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

20.  «Сазды орта мектебі» КММ бойынша түгендеу барысында 2900,4 мың теңге сомаға 17 дана жиынтықтағы Компьютерлердің және 1800,0 мың теңге сомаға 4 жиынтық интерактивтік жабдықтардың артығы қаржылық есептілігіне кірістелді және тапсырыс беруші жобалық сметалық құжаттарында қайтарылатын жалпы 88,5 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

21.  «Елек орта мектебі» КММ бойынша Мекеме 2016 жылы күрделі жөндеуге жүргізілген жалпы сомасы 22336,9 мың теңгеге ғимарат құны өсірілген және Мекемемен 2018 жылдың тамыз айында 2 қызметкерге жалпы сомасы 25,7 мың теңге негізсіз біліктілік деңгейі үшін қосымша ақысы тиісті бюджетіне өндірілді;

22.  «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ бойынша Мекеме 2016 жылы күрделі жөндеуге жүргізілген жалпы сомасы 12824,0 мың теңгеге ғимарат құны өсірілді;

23.  «№9 орта мектеп-гимназия» КММ бойынша Мекеме 2016 жылы күрделі жөндеуге жүргізілген жалпы сомасы 15138,8 мың теңгеге ғимарат құны өсірілді және Мекеменің 5 педагог қызметкерлеріне сертификаттың 5 жылдық қолданылу мерзімі өткеннен кейін біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы төлеу негізсіз төленген 227,1 мың теңгесі тиісті бюджетіне өндірілді;

24.  «№24 лингвистикалық мектеп-гимназия» КММ бойынша Мекеме 2016 жылы күрделі жөндеуге жүргізілген жалпы сомасы 24752,0 мың теңгеге ғимарат құны өсірілді және демеушік көмекпен берілген жалпы сомасы 184,0 мың теңге құрайтын негізгі құралы есепке алынған;

25. «№63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ бойынша Мекеменің жаңадан құрылған ғимарат сомасынан бухгалтерлік және мемлекеттік мүлік меншігіне алу кезінде 181182,7 мың теңгеге технологиялық негізгі құрылғылары азайтылды. 2017 жылы 1260,9 мың теңге өтеусіз берілген негізгі құралдары Мекеме балансына кірістелді;

26. «№11 «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша»  КММ бойынша 2016 жылы сомасы 45,8 мың теңге құрайтын көшеттер Мекеме балансына кірістелді және Мекеменің қызметкерлеріне жалпы сомасы 162,6 мың теңге артық төленген қаражаты тиісті бюджетіне өндірілді;

27. «№10 «Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ бойынша 2017 жылғы мамыр айынан бастап 2019 жылғы қазан айы аралығында мекеменің есепшісі Н.Е.Сағитжанмен өзінің лауазымдық міндетін тиісінше орындамау салдарынан негізсіз жалпы 23085,4 мың теңге қаражатының аудит барсында 12136,0 мың теңгесі бюджетке өндірілді.

3.2.  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит барысында, барлық аудитпен қамтылған мемлекеттік мекемелерінде анықталған бұзушылықтары, біріншіден қолданыстағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық нормативтік құқықтық актілерінің, атап айтқанда Бюджет, Еңбек, Азаматтық кодекстерінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Білім туралы» Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жүйелік түрде қолдануы мен пайдалануы өте төмен жағдайында екендігін көрсетеді.

Мемлекеттік мекемелерде жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар бюджет қаражат шығындарының көлемін жоспарлауы тисіті түрде жүргізмеу және есептелмеу салдарынан негізсіз іссапар шығындарын төлеуіне, артық еңбекақы төленуіне, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзуына, бухгалтерлік есептің дұрыс жургізілмеуіне, негізгі құралдар мен материалдар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарына кірістелмеуіне әкеп соқтарған.

Мемлекеттік мекемелерінде есепке жауапты тұлғалардын тұрақтамауын қысқарту және құрылымдық бөлімшелерді құзыретті мамандармен жасақтау бойынша жүйелі жұмыстары жүргізілмеуде.

Соған қоса, қызметкерлер ауысқан кезде мекеменің негізгі құралдарды, активтерді және бастапқы құжаттарды тиісті түрде қабылдап алуға қабылдау-беру жөніндегі заңнамалық актілердің нормасы сақталмау салдарынан аудит барысында мекемелермен жалпы 32694,6 мың теңгеге қызметкерлерге негісіз артық еңбекақысы төленген, оның ішіндегі 23085,4 мың теңгесі «№10 «Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-нің Н.Е.Сағитжанмен өзінің лауазымдық міндетін тиісінше орындамау салдарынан штат кестесінде қарастырылмаған адамдарға және мекемедегі кейібір қызметкерлеріне нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті  еңбек ақыларынан артық негізсіз қаражаттары аударылған.

Жоғарыдағы аталған «№10 «Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-гі артық негсіз төленген қаражаты Ақтөбе қаласының білім бөлімімен бекітілген тарификациялық тізім және штаттық кестедегі бір жылдық еңбекақы қорынан Мекемеге еңбекақыға бөлінген қаражат артық бекітіліп бөлінген, атап айтқанда 2017 жылғы еңбекақы қоры 34460,4 мың теңге (АЕҚ 2871,7 м.т.*12 ай, кассалық шығын 38816,0 мың теңге, айырмашылығы 4355,6 мың теңге, 2018 жылғы еңбекақы қоры 34612,8 мың теңге (АЕҚ 2884,4 м.т.*12 ай), кассалық шығын 44313,3 мың теңге, айырмашылығы 9700,5 мың теңге және 2019 жылғы еңбекақы қоры 46012,6 мың теңге (АЕҚ 3834,4 м.т.* 12 ай), кассалық шығынның жалпы сомасы 53620,0 мың теңге, айырмашылығы 7607,4 мың теңге. Сонымен, артық бөлінген қаражатының жалпы сомасы 21663,5 мың теңгені құраған.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласына қарасты білім мекемелерінде аудит іс-шаралар жүргізген кезінде 2018-2019 жылдар аяғында республикалық трансферттер есебінен қалған қаражаттарын республикалық бюджетке қайтарудың орнына, 25 мекемеде негізсіз жалпы 377197,3 мың теңгесі жергілікті бюджетінің шығындарына аударылып жіберілген. Ол, ББӘ-нің және жергілікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының (бұл ретте «Ақтөбе қаласының экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы бөлімі» ММ) бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында мекемелерде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығы, бюджетті жоспарлау сапасының төмендігі, бюджет шығысының негізділігі бойынша бақылаудың нәтижесіздігінің нақты жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Ақтөбе қаласының білім беру бөліміне қарасты аудитпен қамтылмаған мекемелеріндегі 2019 жылдар аяғында республикалық трансферттер есебінен қалған қаражаттары жергілікті бюджет шығындарына жұмсалғаны туралы ұсынған мәліметі бойынша 18 мекеме жалпы 214922,7 мың теңгені құраған. Сонымен негісіз республикалық трансферттердің жұмсалған қаражаттарының жалпы сомасы 592120,0 мың теңгені құраған.

Аудит барысында, Ақтөбе қаласында аудитпен қамтылған кезіндегі мектептерінде білім алып жатқан балдар саны мектептердің жобалық қуатылығына сәйкес келмейді, барлық мектептерінде балалар саны артып отырғандығы байқалады. Ал, бұл мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай келмейді және балалардың білімдеріне қатты әсерін тигізеді. Сондықтан, қала әкімдігі және білім бөлімі аталмыш мәселесіне көп көңіл бөліп, артық мектептердегі оқушыларды босатып басқа кем мектептерге ауыстыру жұмыстарын жүргізу және автобуспен тасмалдау мәселесін шешу керек.

Әрі қарай, Ақтөбе қаласы бойынша қазіргі таңда 8 үш ауысымды мектептер белгінеген, олар №12, 23, 53, 56, 60, 63, 64, 68 орта мектептері. ҚР-да аталған мәселесі ең маңызды болып есептеледі, себебі мұндай жүктеме мұғалімдерге да, балаларға да зиян келтіреді. Мысалы, алатын болсақ дене шынықтыру сабағы бірден екі сынып үшін өтеді. Оқушылар спорт залын екіге бөліп өткізеді, ал ол тек бір мысал. Оған қоса, үш ауысымды мектептерде балаларды оқыту мүмкін емес. Мектеп оқушылары тіпті жергілікті асхана мен кітапханаға сыймайды. Ал мектепке кірерде гардеробқа кезек тұрады. Осынын бәрі баланын біліміне үлкен әсерін әкеп соқтыратындығы мәлім. Бұл мәселесінін ең маңызды проблемасы ол оқу орындарынын аздығы және бала туу мен ішкі көші-қонының жоғарылауына байланысты болып отыр. Жыл сайын қалада оқушылар саны артып келеді. Сондықтан, бұл мәселесіне жергілікті атқарушы органдарына көп көңіл аударылуы керек және оны шешуі жаңа мектептер құрылысы мен жеке кәсіпкерлерлерді осыған тарту болып табылады.

Онымен қоса, осы аудит іс-шарасының негізінің бірі болып білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы – ол дегеніміз біріншіден толыққанды педагогикалық процестің қажетті шарты, екіншіден баланың рухани әлеміне әсер ету құралдары, олардың көзқарастарын және жақсы әдеттерін қалыптастыру құралдары болып табылады. Мектептердің оқу сабақтарының тиімділігін арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы пәндік кабинеттермен жабдықталуы болып есептеледі, бірақ бұл жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде. Қаланың білім беру бөлімдерінің бұқаралық білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың дене бітіміне қол жеткізуі және оқуы үшін тиісті материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша инертті қатынаста екендігі байқалады. Сонымен, аудит барысында тексерулер жүргізілген мекемелер бойынша аудитпен қамтылған 32 мектептін 8 жаңадан ашылған мектептері, олардын материалдық-техникалық базасы жаңа. Ал, қалған мектептердін барлығында материалдық-техникалық жабдықтары ескереген, жаңартуға қажет етеді.

Сонымен, аудитпен қамтылған 32 мектептін жабдықтарына талдау жасалған кезінде төмендегі жағдайы анықталған болатын, атап айтқанда:

- №14, 11, 12 39, 50, 13, 35, 53, 19, 22, 23, 3, 33, 62, Елек, Қызылжар, Қарғалы орта мектептерінде материалдық базасы заманауи құрал-жабдықтармен ІТ-кабинеті, Робототехника және лингафондық кабинеттермен мүлдем жабдықталмаған.

- Мультимедиялық кабинеттерімен барлық мектептері жабдықталған, бірақ барлық жабдықтары ескі, 2008, 2009 жылы сатып алынған, ол жабдықтардын ішіндегі жиынтығындағы бірге келген компьютерлері істен шыққан, сондықтан кейбір мектептерде олардын орынына 2018 – 2019 жылғы ББӘ-мен өтеусіз берілген компьютерлері қосылғандығы анықталды;

- физика кабинеттері аудитпен қамтылған мектептердін және білім бөлімімен ұсынған деректеріне сәйкес 2007 – 2008 жылғы сатып алынған;

- Химия, биология кабинеттері соңғы сатып алынып жабдықталған кезі 2014 жылы, бірақ оларда қазіргі таңда көбісі ішіндегі жабдықтары тозығы жеткен және олар оқу бағдарламасына сәйкес келмейді, мысалы алатын болсақ 26 орта мектебінде осы кабинеттерінде тек плакат, макеттерінен басқа жабдықтары өте төмен жағдайында, себебі бұл мектепте химия кабинеті 2011 жылғы сатып алынған, ал физика кабинеті 2007 жылғы, сондықтан бұл тек бір мысалы ал қалған ескі мектептірнде осындай жағдайлары орын алғандығы мәлім;

Онымен қатар, талапқа сай болу керек кейбір кабинеттері (атап айтқанда математика, информатика, тарих, география, лингафон, музыка, мультимедиялық, сызу және бейнелеу өнері, технология, дене шынықтыру, алғашқы әскери) ескі мектептердін барлығында толығымен жабдықталмаған, мысалы алатын болсақ 39 мектепте қыздарға арналған технология кабинетінде тек 5 тігін машинасымен жабдықталғант, ал талап бойынша онда 13-тен төмен болмауы тиіс, 50 мектепте тек 1 тігін машинасы бар.

- бейнекамералар жабдықтары жөнінде айтар болсақ қазіргі таңда аудитпен қамтылған мекемелері толық талапқа сәйкес жабдықталмаған, мысалы Елек орта мектебінде талапқа сай 24 болуы керек, ал онда 8 данасы қондырылған, қамтылуы 33,3%, Қарғалы орта мектебінде 30 болудын орынына тек 14 данасы қондырылған, қамтылуы 46,7%, 23 мектепте талапқа сәйкес 42 данасы болудын орынына тек 9 данасы, қондырылған, қамтылуы 20 пайзды құрап отыр, 30 мектебі бойынша 26 болудын орынына тек 9 камерасы қондырлған, қамтылуы 50 пайзды құраған және осындай жағдайы барлық мектептрінде орын алып отыр. Сондықтан осы мәселесіне балдардын қауіпсіздігі сақтау үшін Ақтөбе қаласының білім бөліміне қатан түрде назар аударылуы тиіс;

-  оқушы парталары Ақтөбе қаласына қарасты мектептердін барлығында 70 пайзға ескерген және толық емес, жаңартуды қажет етеді.

Әрі қарай, интерактивті тақталары бойынша аудитпен ұамтылғңан мектептерде мысалы Елек орта мектебінде талапқа сәйкес 15 болу керек, ал онда тек 8 данасы бар жабдықталу пайызы 53,3%, Арын ат. мектебінде - 28,6%, (42 болуы тиіс, ал онда 12 дана), №8 орта мектебінде 50% (26 болуы тиіс, онла 13 дана), №14 мектебінде 44% (25 болуы тиіс онда 11 дана), №31 орта мектбінде (20 болуы тиіс, ал онда 10 дана), №11 орта мектебінде 64% (15 болуы тиіс, онда тек 7 дана), №12 мектепте 57,1% (14 болуы тиіс, онда 8 дана), №39 орта мектебінде 46,4% (28 болуы тиіс, ал онда 13 дана), 50 мектепте 25% (28 болуы тиіс, ал онда 7 дана), №64 мектепте 67% (24 болуы тиіс, ал онда 16 дана), №13 мектепте 52% (25 болуы тиіс, ал онда 13 дана), №53 мектепте 41% (29 болуы тиіс, ал онда 12 дана), №61 мектепте 58% (22 болуы тиіс, ал онда 13 дана), №9 мектепте 47,7% (43 болуы тиіс, ал онда 21 дана), №24 мектепте 80%, №3 мектепте 36,1% (36 болуы тиіс, ал онда 13 дана), №21 мектепте 44% (50 болуы тиіс , ал онда 22 дана), №33 мектепте 38% (28 болуы тиіс, ал онда 11 дана), №62 мектепте 52% (40 болуы тиіс, ал онда 22 дана), №68 мектепте 84% (20 болуы тиіс, ал онда 16 дана).

Сондықтан, алдағы уақытында жаңадан ашылынып салынған мектептерге емес ескі мектептердің материалдық – техникалық жабдықтарын сатып алуға көп көңіл аударылуы тиіс.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Аталған мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекет активтерінің пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

3.3.1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысы (С.С.Сүлейменов):

1. Қалалық білім беру жүйесіндегі мемлекеттік мекемелеріне бөлінген қаражаттарының тиісті түрде жұмсалуы қатан түрде бақылауға алынсын;

2. Білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің еңбекақысын дұрыс есептелініп төленуін, тарификациялық штаттық кестесіндегі бірліктерді заңмаға сәйкес бекітуін және штаттық кестесіне сәйкес еңбекасына қаражатын бөлуін қатаң түрде қадағалауға алынсын;

3. Жергілікті бюджет есебінен республикалық Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерін қаржыландыру практикасы тоқтатылсын;

4. Ақтөбе қаласына қарасты мектептердің сыймдылығын, үш ауысымды мектептерін болдырмау және оларды алдағы уақытта жою жөнінде шаралары қабылданып, осы мәселесі қатан түрде бақылауға алынсын;

5. Ақтөбе қаласына қарасты білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына, оларды жаңартуға және заманауи жабдықтармен жабдықтауы бойынша іс-шаралары қабылдансын;

6. Мекемелердің негізгі құралдарды тиімді пайдалануы бойынша шаралар жүргізілсін;

7. Аудит барысында, 2018-2019 жылдардын аяғында республикалық трансферттер есебінен қалған қаражаттарын республикалық бюджетке қайтарудың орнына, негізсіз жергілікті бюджетінің шығындарына аударылған 377197,3 мың теңгесін және аудитпен қамтылмаған мекемелер бойынша ұсынылған мәліметіне сәйкес аталған мәселесі бойынша 214922,7 мың теңге аударылған, сонымен негізсіз аударылған жалпы 592120,0 мың теңгесін тиісті бюджетіне өндіруді қамтамасыз етеуі қадағалансын;

8. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын аудит барысында өтелмеген 16303,0  мың теңгені толық көлемде бюджетке өтеуін және 1857,6 мың теңгені қалпына келтіру бойынша шаралары қабылдансын;

9. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 01 желтоқсанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

3.3.2. Аудитпен қамтылған Ақтөбе қаласының білім беру мекемелеріне:

1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзуға жол бергені үшін тиісті қызметкерлердің жауапкершіліктерін қарастыру;

2. Негізгі құралдарды есептен шығару және есепке алу кезінде тиісті деңгейде жүргізілуін, негізгі құралдарды тиімді пайдалануын, ақылы қызмет бойынша қолма қол ақшалай есеп айырысуын және еңбекақысы төлемдерімен уақытылы, дұрыс есептелініп төленуін қатаң түрде қадағалау;

3. Мекемелердің орналасқан жер учсакесіне бағалау жасалынып, бухгалтерлік есептерінде оның құнынын бөлек есеп шотына көрсетілуін қамтамасыз ету;

4. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру практикасын тоқтату жөнінде жұмыстарын жүргізу;

5. Аудит барысында, 2018-2019 жылдардын аяғында республикалық трансферттер есебінен қалған қаражаттарын республикалық бюджетке қайтарудың орнына, негізсіз жергілікті бюджетінің шығындарына аударылған 377197,3 мың теңгесін (оның ішінде 2018 жылы 19747,9 мың теңге және 2019 жылы 357449,4 мың теңге) тиісті бюджетіне өндіруі бойынша іс-шаралар жүргізу;

6. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын аудит барысында өтелмеген 16303,0  мың теңгені толық көлемде бюджетке өтеуін және 1857,6 мың теңгені қалпына келтіру бойынша шараларын қабылдау;

7. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 01 қазанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.

3.3.3. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:

1. «№13 орта мектебі» КММ, «№22 орта мектебі» КММ, «№23 орта мектеп-лицейі» КММ, «№24 Лингвистикалық мектеп - гимназия» КММ, «№30 қазақ орта мектебі» КММ, «№35 орта мектебі» КММ, «№ 62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ,  «Қызылжар орта мектебі» ҚММ, «Елек орта мектебі» КММ, «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ, «№11 Ақбота» көруі мен сөзщдері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнауылы (коррекциялық) ұйымы» КММ-гі мемлекеттік сатып алу заңнамасын және бухгалтерлік есепті жасау бойынша бұзу фактілері жөнінде заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданғандығы есепке алынсын.

2. Ақтөбе облысының прокуратурасына «№10 Алма» Сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы» КММ-де негізсіз төленген еңбекақысын бойынша анықталған фактілері жөнінде материалдары жолданғандығы есепке алынсын.

3.4. Қосымша: 38 бетте (жиынтық тізілімдері).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                                    С.Ш.Урынбаев

Аудиторское заключение 29.05.2020
Дата публикации
29 мая 2020