АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеуге және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге бөлінген бюджеттік қаражаттардың және мемлекеттік активтерінің қаражатының пайдалануының дұрыстығына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеуге және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету бойынша бюджет қаражатын және мемлекеттік активтердің пайдалануының дұрыстығы, мемлекеттік аудит объектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігі, олардың іске және жүзеге асырылуын тиімділігі, мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы мен дұрыстығы.
1.3. Мемлекеттік аудиттің мәні: 281-011 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету», 281-064 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу» және 281-067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттарының пайдалануы.
1.4. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, «Қалалық психологиялық–медициналық–педагогикалық консультация» КММ, «Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ және «№2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ.
1.5. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Тексеру комиссиясының мүшесі Г.Г.Тұрмағамбетова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0382), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторлары Е.Т.Жұмағалиев (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0384), Д.С.Раушанова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0391) және осы бөлімінің жетекші маман - мемлекеттік аудитордың ассистенті А.Оразалин.
1.6. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы желтоқсанын қоса алғанға дейін.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:
Психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациясының негізгі бағыттары:
1) диагностика және кеңес беру;
2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға білім беру бағдарламасын белгілеу;
3) психофизикалық бұзылыстары бар балаларды тереңдетіп тексеру, емдеу үшiн, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша үйде оқыту қажеттілігі, медициналық қызметтерді алу мәселелерін шешу мақсатында ұйымдарға жіберу;
4) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды, олардың арнайы білім беру қызметіне қажеттілігін есепке алу және жиынтық есеп құрастыру.
Ақтөбе облысында 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялары (бұдан әрі – ПМПК) бар.
Ақтөбе облысында 0-18 жасындағы бала саны 279074 құрайды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала саны 6344 құрайды.
Ақтөбе облыс бойынша коррекциялық көмек алған балалар Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар тууының бірнеше есе өскен, яғни денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға коррекциялық көмек алу қажеттілігі жыл сайын артуда. Мұны облыстағы аудандарымен салыстырғанда Ақтөбе қаласында тұратын халықтың көп санымен байланысты. Сондай-ақ денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны Мұғалжар ауданында ең жоғары.
Ақтөбе облысындағы 12 ауданыңдағы 124 мыңнан астам балаға Облыстық ПМПК қызмет көрсетеді. Облыстық ПМПК-мен балаларды қабылдау нормалары бұзылған.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (бұдан әрі - ППТК) психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:
1) көру қабілеті бұзылған;
2) есту қабілеті бұзылған;
3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;
4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;
6) зерде бұзылыстары бар;
7) психикалық дамуы тежелген;
8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар; балаларға көрсетеді.
Ақтөбе облысы бойынша 13 кабинет денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетеді.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемасы, бұл тек ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтардың ғана емес, бүкіл қоғамның проблемасы. Сондықтан "ерекше" балалармен жұмыс жасаудың басты мақсаты олардың әлеуметтік бейімделуі болып табылады - бұл есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті ауыр бұзылған және психикалық дамуы тежелген балалар.
Талдау негізінде денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды түзету көмегін қамтамасыз ету кезінде басты болып табылатын проблемалар мыналар:
- оқу үдерісін оқу құралдарымен жеткіліксіз жабдықтауы;
- бағдарламалық әдістемелік материалдардың жетіспеуі, осы жерден денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандардың құзыретті дайын еместігі;
- кейбір кабинеттерде сүйемелдеу мамандарының болмауы (олигофренопедагогтардың, сурдопедагогтардың, дефектологтардың, мұғалім-логопедтердің және т. б.), сондай-ақ осы мамандардың ішінде психологтардың, тифлопедагогтардың жетіспеушілігі.
261-011 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» бағдаламасының мақсаты балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
261-011 бюджеттік бағдарламаланың түпкілікті нәтижесі: тексеруден өткізілген балаларды облыстық мектепке дейінгі, мектепке, арнайы түзететін мекемелерге жодама беру және арнайы түзету білім беру ұйымдарында оңалту және әлеуметтік бейімдеу. Көрсеткіш орындалған.
261-064 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу» бағдарламасының мақсаты: жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.
261-064 бюджеттік бағдарламаланың түпкілікті нәтижесі: Ойыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмысшы алу. Көрсеткіш орындалған.
261-067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасының мақсаты: Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, күрделі жөндеу жүргізу.
261-067 бюджеттік бағдарламаланың түпкілікті нәтижесі: Мекемеге қарасты психологиялық-медициналық-педагогикалық ұйымдарын заманауи құралдармен жабдықтау. Көрсеткіш орындалған.
2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 1 678 191,0 мың теңгені құрады.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 6 860,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1. Қаржылық бұзушылықтар 4 109,7 мың теңге;
2. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану бойынша 2 751,0 мың теңге;
3. Рәсімдік бұзушылықтар 21 бірлік.
1. Анықталған 4 109,7 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:
1.1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары М.А.Мыржықбаевамен бекітілген штаттық кестеде Білім басқармасына бағынысты Ырғыз ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгеруші лауазымына А1-3-1 санаты орнына А1-3 санатымен барлығы 110,1 мың теңге артық жоспарланып, негізсіз төленген.
1.2. «Қалалық психологиялық–медициналық– педагогикалық консультация» КММ-нің ғимарат кіреберісінде орнатылған бастапқы құны 1449,1 мың теңге құрайтын 1 дана мүгедектерге арналған көтергіші (пандус) есепке алынбаған.
1.3. Еңбекақыны есептеу ведомосі мен еңбекақыға аударылған төлем тапсырмасының тізімін салыстырғанда, жалпы сомасы +39,5 мың теңге (нақтысы 39467 теңге) артық және -1,5 мың теңге (1553 теңге) кем еңбекақы аударылған. Яғни, «Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-де жұмыс жасайтын қызметкерлерге нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан және есептелген демалысақысынан артық және кем қаражат аударылған.
1.4. «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-де бір айдан аз уақыт сонымен қатар, сынақ мерзімінен өту кезеңіндегі бас есепші А.С.Нурумоваға 161,3 мың теңге негізсіз сыйақы төленген.
1.5. «№2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-мен 2019 жылдың аяғында жалпы сомасы 748,7 мың теңге республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен үнемделген қаражат жоғары тұрған бюджетке қайтарылмай, негізсіз жергілікті бюджет есебінен пайда болған кредиторлық берешек жабуға шығындалған.
1.6. «№2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нің бастапқы құны 1599,5 мың теңге құрайтын негізгі құралдар (стенд, пандус, канадалық шырша) есепке алынбаған.
2. Анықталған 2 751,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, пайдалану бұзушылықтар бойынша:
2.1. 011 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қосымша 6 штаттық бірлігіне қарастырылған еңбек ақы қорының сомасы 2751,0 мың теңгесі түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
3. Рәсімдік бұзушылықтар бойынша 21 (жиырма төрт) бірлік:
3.1. Білім басқармасына бағынысты психологиялық-медициналық-педагогикалық ұйымдарының 011 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасымен барлығы 23578,1 мың теңгеге күрделі шығыстары (414, 416, 419 ерекшеліктермен) жүргізілген.
3.2. Ақтөбе облысындағы 12 ауданыңдағы шамамен 124 мыңнан астам балаға 1 Облыстық ПМПК қызмет көрсетеді. Сонымен Облыстық ПМПК-ның балалардың саны шамадан тыс болуына байланысты балаларды қабылдау нормалары бұзылған, яғни әр балаға тексеруге қажетті уақыты бөлінбейді
3.3. Негізгі құралдар тиісті шотқа кірістелмей бухгалтерлік баланс бұрмаланып тапсырылған (Қалалық психологиялық–медициналық– педагогикалық консультациясы, «№2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация).
3.4. ПМПК және ППТК меңгерушілері өздеріне тифлопедагог, сурдопедагог, педагог-психолог, дәрігер-педиатр қызметін қоса атқаруға «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің келісімінсіз бұйрықтары шығарылған (Қалалық психологиялық–медициналық– педагогикалық консультация, Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, №2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация).
3.5. Медицина саласының басқа мамандары кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылатыны белгіленген. Алайда, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ 0,5 бірлік дәрігер-педиатр штаты артық ұсталған.
3.6. «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нің басшысы Р.К.Биарстанова 2017-2019 жылдары өзінің шығарған бұйрықтары негізінде іссапарларда болған. Алайда, Мекеме басшысын қызметке тағайындаған Білім басқармасы болғандықтан, Мекеме басшысының іссапарлары бойынша тиісті уәкілетті органмен іссапарға жіберу туралы бұйрықтар шығарылуы тиіс. Алайда, жұмыс берушінің бұйрықтарынсыз Мекеме басшысына аудитпен қамтылған кезеңде іссапар шығындары төленген.
3.7. Мемлекеттік сатып алу веб-порталда Мекеме тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған (Қалалық психологиялық–медициналық–педагогикалық консультация, Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті).
3.8. «Қалалық психологиялық–медициналық–педагогикалық консультация» КММ-сі 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары уақытылы бекітілмеген.
3.9. 2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталына уақытылы орналастырмаған (Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті)
3.10. 2019 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілген (Қалалық психологиялық–медициналық– педагогикалық консультация, Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, №2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация).
3.11. «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нің 2017 жылдың нәтижесі бойынша қаржылық есептілігі, бухгалтерлік балансына сәйкес, жалпы сомасы 44,0 мың теңгеге шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемдер жасалған.
3.12. «№2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-мен 2019 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық қызметтерге кредиторлық берешек бола тұра, қызметкерлерге сыйақы берілген.
2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау:
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына қайшы тиімділік қағидаты сақталмай Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қосымша 6 штаттық бірлігіне қарастырылған еңбек ақы қорының сомасы 2751,0 мың теңгесі түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
2.5. Қоғамның қанағаттануын бағалау нәтижелері: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.6. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.7. Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері: Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері жоқ.
IІІ. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында және Тексеру комиссиясының отырысына дейін қабылданған шаралар:
Аудит барысында, анықталған жалпы сомасы 4 109,7 мың теңге, қаржылық бұзушылықтардың ішіндегі аудит барысында барлығы 249,6 мың теңге өтелді және 3 050,1 мың теңгесі қалпына келтірілді.
61,3 мың теңге негізсіз төленген сыйақы («Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ), Тексеру комиссиясының отырысына дейін өтелді.
Өтелмеген қаражаттың сомасы 748,7 мың теңге құрады. (748,7 мың теңге республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен үнемделген қаражат жоғары тұрған бюджетке қайтаруға жатады («№2 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ)).
Аудит нәтижесі бойынша жіберілген Аудиторлық қорытындының жобасына Тексеру комиссиясының отырысына дейін «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-мен берілген қабылданған шаралар бойынша ақпарат сонымен қатар жауапкерлішілікке тарту туралы ақпараттар есепке алынсын.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Аудит барысында, облыстық білім басқармасы, ПМПК және ППТК анықталған бұзушылықтары, біріншіден қолданыстағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық нормативтік құқықтық актілерінің, атап айтқанда Бюджет, Еңбек кодекстерінің, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы заңдарының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және басқа да заңнамаларының талаптарын жүйелік түрде қолдануы мен пайдалануы төмен жағдайында екендігін көрсетеді.
Облыстық ПМПК-ның аудандағы балаларды балалардың саны шамадан тыс болуына байланысты балаларды қабылдау нормалары бұзылған.
Білім басқармасы оқу процесін оқыту құралдарымен, бағдарламалық әдістемелік материалдармен жеткілікті жабдықталмаған. Сондай-ақ, облыс аудандарында кабинеттердің жұмыс істеуін және қажеттілігіне қарай тиісті мамандарды қамтамасыз ету сияқты салаларда мезгіл-мезгіл бақылап мониторинг жүргізілмеген.
Балалар мен олардың отбасыларына көмектесуде шешуші рөл атқаратын практиктерге, тәрбиешілерге және басқаларға білімдерін арттыру (повышение квалификации). Мұндай кадрлар көбінесе отбасы мемлекет арасындағы байланыс пен өзара әрекеттестіктің алғашқы нүктелері болғандықтан, олардың мүгедек балаларды қоғаушы ретінде әрекет етуі өте маңызды, бұл әртүрлі қажеттіліктері бар балаларды емдеу, оңалту және ықпалдастырудың үзақ мерзімді жоспарларын жасауға көмектеседі. Содай-ақ, консультациялар мүгедектікке байланысты өз проблемалары мен күйзелістерін түсінуге және жеңуге көмектесетін білім беру процесінің бөлігі ретінде отбасыларға берілуі мүмкін.
Қосымша сұратылған штаттық бірліктердің еңбек ақы қорына бөлінген бюджет қаражаты түпкілікті нәтижеге қол жеткізілуі қамтамасыз етілмеген.
Білім басқармасына бағынысты ПМПК және ППТК күрделі шығыстары тиісті бюджет бағдарламасымен шығысталмай, ағымдағы бюджеттік бағдарламасымен жоспарланып, шығысталған.
Мемлекеттік сатып алудың іске асырылуы тиісті деңгейде жүргізілмеген, яғни Мекеме тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған. Сонымен қатар бухгалтерлік есепте активтерді бастапқы тану кезінде қателіктер орын алып, аталған міндеттер бойынша жұмыстар дұрыс орындалмаған.
Мекемеге бағынысты ПМПК және ППТК меңгерушілері штат бірлігін бөлу кезінде өзінің адами ресурсы болып табылатын қызметкерлердің жұмыс көлемін тиісті түрде бөлмеген. Бұл жағдай қызметкерлердің жұмысын тиісті деңгейде орындауын қадағалауды төмендетеді.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
Білім басқармасына бағынысты ПМПК және ППТК ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеуге және халыққа психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге бөлінген бюджеттік қаражаттарының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:
3.3.1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-не (Л.А.Уразбаева):
1. Бюджет қаражаттарды жоспарлау мен пайдалану бойынша ПМПК және ППТК мекемелері бойынша орын алған қаржылық бұзушылықтарға, кемшіліктер мен олқылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында нақты шаралар жоспарын (жауапты тұлғалар көрсетіліп) жасау және ұсыну;
2. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қосымша 6 штаттық бірлігіне қарастырылған еңбек ақы қорының сомасы 2751,0 мың теңгесі түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау;
3. Ақтөбе облысындағы ПМПК және ППТК меңгерушілерінің қосымша атқаратын қызметтерін заңға сәйкес келтіру;
4. Оқу процесін оқу құралдарымен жеткіліксіз жабдықтауды болдырмау және де бағдарламалық методикалық құжаттарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар жоспарын қабылдап, ұсыну;
5. Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған өтелуге жататын 748,7 мың теңгені толық көлемде өтеу бойынша шараларын қабылдау;
ПМПК және ППТК мекемелеріне
1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзуға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау;
2. Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған өтелуге жататын 748,7 мың теңгені толық көлемде өтеу бойынша шараларын қабылдау;
Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы_1 шілдеге дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.
4. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:
1. Бухгалтерлік есеп жүргізуді және мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу фактілері бойынша заңмен шаралар қабылдау үшін материалдары Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолдандығы есепке алынсын.
2. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 13 бабының 4 тамағының 5) тармақшасына сәйкес аудиттің нәтижелері «Ақтөбе облысының мәслихатының аппараты» ММ-не жолдансын.
Қосымша: __ бетте (жиынтық тізілімдері).
Тексеру комиссиясының мүшесі Г.Г.Тұрмағамбетова