АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатының пайдалануының дұрыстығы.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттардың пайдалануының дұрыстығы;
мемлекеттік аудит объектісінің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігі, олардың іске және жүзеге асырылуының тиімділігі.
мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы мен дұрыстығы.
1.3. Мемлекеттік аудиттің мәні: 464-040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасының 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер» және 015 «Жергілікті бюджет есебінен» бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттарының пайдалануы.
1.4. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ және үстеме тексеру жүргізілген объектілер: «Көк Темір» ЖШС, «Комфорт+» ЖК, «Ескам» ЖШС, «Нұрзерек бобекжай/балабақшасы» ЖШС, «Лавира» ЖШС, «Нара + Д» ЖШС, «Бал-Орда» ЖШС, «BEKZAT&Co» ЖШС, «Алуа -2016» ЖШС, «Жасмин1» ЖШС, ««Назерке» балабақшасы «ЖШС» ЖШС, «С.О.К.» ЖШС, «Бест - Тау» ЖШС, «КЕРИМ-АЙ» ЖШС, «Кен и Барби» ЖШС, «ДО Айналайын» ЖШС, «ДО Алакай» ЖШС, «Азия ЮрКомп» ЖШС, «Балақай» мектепке дейінгі білім беру орталығы» ЖШС, «Ақбөбек» оңалту орталығы» ЖШС, «Балабақша «Нұр-Дана ДС+» ЖШС, «Ай-Тугыр» ЖШС, «ДО Детский сад «Еркеназ» ЖШС, «Мирсель» ЖШС, «Хамза» ЖШС, «Асанәлі Г.А.» ЖШС, «АСиНА» ЖШС, «Кепль Сапа Батыс» ЖШС, «Тәтті бала» ЖШС, «Самғау» мектебі» ЖШС, «Аманат-Балақай» ЖШС, «Ахметова А.» ЖК, «Растишка» ЖШС, «Қызғалдақ» ЖШС, «Разида» ЖК, «Аманат» элиталық білім беру мектеп-бақшасы жеке меншік мекемесі, «Детский сад «Райгуль» ЖШС, «ДС Алихан» ЖШС, «Дарын-2012» ЖШС, «Эльзат» ЖШС, «Жеті АЮ» ЖШС, «Құламан» ЖШС, «Shyrailym» ЖШС, «Сарымсакова Д.А» ЖК.
1.5. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Тексеру комиссиясының мүшесі К.К.Игисенов (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0387), жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудиторы Г.К.Сатенова (мемлекеттік аудитор сертификатының №0396), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы Г.С. Изтлеуова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1269), осы бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторлары А.М.Нұғманов (мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы №1411 сертификат), А.Т.Нұрғалымов (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0392), осы бөлімнің бас маман-мемлекеттік аудиторлары Е.Т.Жұмағалиев (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0384), Э.А.Бузекеева (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0390), Ж.У.Бекбусон (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1629), А.А.Құрманбаева (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0393), Р.К.Умбетова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0395), Д.С.Раушанова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0391) және осы бөлімінің жетекші маман - мемлекеттік аудитордың ассистенттері Н.И.Достанов, А.А.Оразалин. (үстеме тексеру жүргізу құқығымен сәйкестік аудиті).
1.6. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы желтоқсанын қоса алғанға дейін.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыты – балаларды мектепте оқуға дайындау, салауатты, дамыған, еркін тұлғаны қалыптастыру, қабілеттерін ашу, оқуға, жүйелі оқуға тарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі №460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақтөбе қаласы бойынша жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген. Аудитпен қамтылған кезең ішінде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің саны 25 бірлікке артып, 97 бірлікті құраған (2017 жылы-72 бірлік, 2018 жылы - 91 бірлік және 2019 жылы – 97 бірлік).
2019 жылы 26112 балаға берілген мемлекеттік тапсырыстың жалпы санынан 47,4% (12388 бала) 97 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылған (2017 жылы - 37,2% (25254 баланың жалпы санынан 9403 бала), 2018 жылы – 44,9% (25772 балалардың жалпы санынан 11568 бала).
Аудиторлық іс-шара аяқталған күнге, Ақтөбе қаласы бойынша балабақшаға кезекте бұрынғы жылдарды ескере отыра 9053 бала тұр, оның ішінде 0 жастан 3 жасқа дейін - 7252 және 3 жастан 6 жасқа дейін - 1801 бала.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 5590 «2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен 19354 теңгеге және Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 1845 «Ақтөбе қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен 22000 теңгеге бекітілген.
Аудитпен, 464 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің аудит бағдарламасымен 040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 8140574 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды, оның ішінде 2017 жылы нақтыланған жоспары 2051661,0 мың теңге, 2018 жылы нақтыланған жоспары 2555082,0 мың теңге және 2019 жылы нақтыланған жоспары 3534643,0 мың теңге.
Аудитпен, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша үстеме тексерумен 44 жеке шаруашылық субъектілерімен кәсіпкерлердің 61 балабақшалары қамтылды.
Сонымен, 2017-2019 жылдары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бойынша жүргізілген аудит, бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында бюджеттік жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігі және тиімділігінің қамтамасыз етулерінің және қаражаттарды тиімді пайдалану бойынша бақылаудың, осы қалалық білім бөлімі тарапынан жеткіліксіз назарды көрсетеді. Яғни, білім бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыруында бюджеттік қаражаттарды басқаруының, жоспарлауының, пайдалануының тимділігіне тікелей әсер етеді.
2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат шығындарының көлемін жоспарлау, бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламалардың жасалуы, мекетепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша көрсетілген қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің заңнамаларға сәйкестігі, өнім берушілердің келісім-шарт міндеттемелерін орындалуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 8 140 574,0 мың теңгені құрады.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 208 650,8 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1. Қаржылық бұзушылықтар 111 044,6 мың теңге;
2. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану бойынша 97 606,2 мың теңге;
3. Рәсімдік бұзушылықтар 24 бірлік.
1. Анықталған 111044,6 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:
1.1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 97 бабы 6 тармағына қайшы, 2019 жылы қалалық білім бөлімімен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға қосымша жасалған бюджеттік өтінімі, жалпы сомасы 41803,6 мың теңге артық, негізсіз мектепке дейінгі ұйымдарға аударылған.
1.2. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 97 бабының 6 тармағына қайшы, 2019 жылы 040-015 бюджеттік бағдарламасы арқылы бөлінген жергілікті бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға шығындардың 70% мөлшерінде өтеу арқылы жасалынған жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 72 мектепке дейінгі ұйымдарымен келісім шарттары мен әлеуметтік көмек алушылардың тізіміндегі деректерді тексеру барысында қалалық білім бөлімімен 28 мектепке дейінгі ұйымдарға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалардың нақты санына есептелген сомадан артық, негізсіз жалпы сомасы 3500,9 мың теңге қаражат аударылған.
1.3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 44 бабының 3 тармағына қайшы, Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №5348 қаулысына қайшы, 2019 жылы қалалық білім бөлімімен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға негізделген республикалық бюджеттен трансферттер есебінен «№48 «Шаттық» балабақшасы» МКҚК-на 9400,0 мың теңге білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын жеңілдікпен тамақтандыруға төленіп, нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған.
1.4. Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында үстеме тексерумен 2017, 2018 және 2019 жылғы қаңтар-маусым аралығында 040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бюджеттік бағдарламасымен қаржыландырылған 44 жеке шаруашылық субъектілерімен кәсіпкерлердің 61 балабақшаларына үстеме тексеру қорытындыларымен жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 55802,6 мың теңгеге артық аударылған.
1.5. Үстеме тексерумен 040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен «Мирсел» ЖШС-гі және «Бал-Орда» ЖШС-гі алдында қалыптасқан кредиторлық берешектері дұрыс есептелмей, жалпы сомасы 537,5 мың теңгеге артық қаржыландырылған.
2. Анықталған 97606,2 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, пайдалану бұзушылықтар бойынша:
2.1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9,12 тармағына қайшы, тиімділік және негізділік қағидаттары сақталмай мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер ретінде 2019 жылы 5 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы сомасы 41803,6 мың теңгеге артық, тиімсіз жоспарланып, қаражаттар аударылған.
2.2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына қайшы, бюджет қаражаттарын шығындау кезінде «тиімділік принципі» сақталмай, жеке балабақшаларға жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде жалпы сомасы 55802,6 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланған.
3. Рәсімдік бұзушылықтар бойынша 24 (жиырма төрт) бірлік:
3.1. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 4 бабының 3,6,9,12 тармақшаларына және 32 бабының 2,4 тармақтарына қайшы, қалалық білім бөлімімен 2017-2019, 2018-2020, 2019-2021 жылдарға арналған бекітілген сомасы 7123272,0 мың теңгеге (2017 жылы 1979624,0 мың теңге, 2018 жылы 2289114,0 мың теңге және 2019 жылы 2854534,0 мың теңге) және өзгерістер мен толықтырылған сомасы 1082950,0 мың теңгеге (2017 жылы 136873,0 мың теңге, 2018 жылы 265968,0 мың теңге және 2019 жылы 680109,0 мың теңге) бюджеттік бағдарламалары әзірленбей, негізділік, нәтижелік, реалистік және тиімділік қағидаттары сақталмаған.
3.2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармағына, 67 бабының 12, 12-1 тармақтарына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидаларының 2,3,8 тармақтарына қайшы, қалалық білім бөлімімен 2018-2020 жылдарға арналған қосымша бюджеттік өтінімдері жалпы сомасы 265968,0 мың теңгеге әзірленбеген.
3.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығының 1 тармағының 2 тармақшасына қайшы, қалалық білім бөлімімен 2019 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге жеңілдікпен тамақтандыруды 040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасымен қаржыландырылып, 30366,0 мың теңге жұмсалған.
3.4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 8 тармағына қайшы, қалалық білім бөлімімен 2019 жылғы 16 сәуірдегі №15, 2019 жылғы 31 шілдедегі №17, 2019 жылғы 30 тамыздағы №18 хаттамаларға сәйкес, өткізілген конкурстар, қалалық білім бөлімі интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландырулар орналастырылмаған.
3.5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 10 тармағына қайшы, 2019 жылы конкурстық комиссия мүшелерімен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы шешімдер дұрыс қабылданбай, өткізілген конкурстар бұзушылық жолымен өткізілген.
3.6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 11 тармағына қайшы, 2019 жылғы 16 сәуірдегі №15 әзірленген қорытынды хаттамасына сәйкес, өткізілген конкурс бойынша қалалық білім бөлімімен алдын ала рұқсат беру хаттамасы әзірленбей, бас тартылған жекеменшік ұйымдардың конкурстық өтінімдеріндегі құжаттарды сәйкес келтіру құқығы берілмеген.
3.7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 13 тармағына қайшы, 2019 жылғы 16 сәуірдегі №15, 2019 жылғы 31 шілдедегі №17, 2019 жылғы 30 тамыздағы №18 хаттамалар бойынша қабылданған шешімдер қалалық білім бөлімінің интернет-ресурстарында жарияланбаған.
3.8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 13 тармағына қайшы, қалалық білім бөлімімен 2018 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізілмеген.
3.9. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының 4 тармағына қайшы, қалалық білім бөлімімен 2019 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу кезінде, тапсырылған актілерінде тәрбиеленушілердің нақты контингенті көрсетілмеген.
Сонымен қатар үстеме тексерумен:
3.10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 4-қосымшасына қайшы, балабақша тобындағы балалар саны бекітілген мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толықтырылу санынан артық екені анықталды (атап айтқанда: «Ескам» ЖШС, «BEKZAT&Co» ЖШС, «Алуа -2016» ЖШС, ««Назерке» балабақшасы «ЖШС» ЖШС, «С.О.К. » ЖШС, «ДО Алакай» ЖШС, «Мирсель» ЖШС, «Асанәлі Г.А.» ЖШС, «Самғау» мектебі» ЖШС, «Аманат-Балақай» ЖШС, «Разида» ЖК, «Дарын-2012» ЖШС, «Жеті АЮ» ЖШС).
3.11. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХIII Азаматтық Кодексінің 271, 272 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9 тармағына қайшы, Серіктестіктің «Әсел» балабақшасы 2018 жылғы 15 ақпанда мекен-жайын ауыстырғаннан кейін, өз жұмысын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысысыз бастаған. Нәтижесінде 15.02.18-26.07.2019 жылдар аралығында санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың қорытындысы берілмеген (атап айтқанда: «Мирсель» ЖШС, «Асанәлі Г.А.» ЖШС).
2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау:
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9,12 тармағының талаптары сақталмай, тиімділік және негізділік қағидаттары сақталмай мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер ретінде 2019 жылы 8 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы сомасы 41803,6 мың теңгеге артық, тиімсіз жоспарланып, қаражаттар аударылған.
2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағының талаптары сақталмай, бюджет қаражаттарын шығындау кезінде «тиімділік принципі» сақталмай, жеке балабақшаларға жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде жалпы сомасы 55802,6 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланған.
2.5. Қоғамның қанағаттануын бағалау нәтижелері: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.6. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.
2.7. Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері: Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері жоқ.
IІІ. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Аудит барысында, анықталған жалпы сомасы 208650,8 мың теңге, қаржылық бұзушылықтардың ішіндегі өтелуге жататын сомасы 111044,6 мың теңге, оның ішінде 3603,7 мың теңгесі аудит барысында өтелді. Аудиторлык ic-шара жургізуден кейін 17131,2 мың теңге өтелді.
Өтелмеген қаражаттың сомасы 90309,7 мың теңге құрады.
Өтелеген сомалар келісідей:
1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-сі бойынша 2019 жылы 040-015 бюджеттік бағдарламасы арқылы бөлінген жергілікті бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға шығындардың 70% мөлшерінде өтеу арқылы жасалынған жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 28 мектепке дейінгі ұйымдарға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалардың нақты санына есептелген сомадан артық, негізсіз жалпы сомасы 3500,9 мың теңге қаражатының аудит барысында 3 мелекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жалпы сомасы 473,2 мың теңге және аудиторлык ic-шара жургізуден кейін 1 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымы 947,1 мың теңге тиісті бюджетке өндірілді;
Сонымен қатар, жекеменшік ұйымдарына үстеме тексерумен:
2. Аудит барысында жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша артық төленген жалпы сомасы 3130,5 мың теңге тиісті бюджетке толығымен өндірілді, атап айтқанда:
- «КОМФОРТ+» ЖК – 154,8 мың теңге;
- «Нұрзерек бобекжай/балабақшасы» ЖШС – 14,5 мың теңге;
- «Алуа -2016» ЖШС – 2922,5 мың теңге;
- «ДС Алихан» ЖШС – 38,7 мың теңге.
3. Аудиторлык ic-шара жургізуден кейін жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша артық төленген жалпы сомасы 16184,1 мың теңге тиісті бюджетке өндірілді, атап айтқанда:
- «Көк Темір» ЖШС - 174,2 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Лавира» ЖШС – 870,8 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Нара + Д» ЖШС – 116,1 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «BEKZAT&Co» ЖШС – 19,4 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Жасмин1» ЖШС – 212,8 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- ««Назерке» балабақшасы «ЖШС» ЖШС – 348,3 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Балақай» мектепке дейінгі білім беру орталығы» ЖШС – 4761,1 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Ақбөбек» оңалту орталығы» ЖШС – 2119,3 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «ДО Детский сад «Еркеназ» ЖШС – 116,1 мың теңгесі толығымен өндірілді;;
- «Асанәлі Г.А.» ЖШС – 193,5 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «АСиНА» ЖШС – 902,3 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Самғау» мектебі» ЖШС – 4644,9 мың теңгесінің 774,2 мың теңгесі өндірілді;
- «Аманат-Балақай» ЖШС – 4973,9 мың теңгесінің 2000,0 мың теңгесі өндірілді;
- «Разида» ЖК – 522,5 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Аманат» элиталық білім беру мектеп-бақшасы» ЖММ – 348,4 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Детский сад «Райгуль» ЖШС – 337,4 мың теңгесі толығымен өндірілді;
- «Дарын-2012» ЖШС – 2845,0 мың теңгесінің 2000,0 мың теңгесі өндірілді;
- «Сарымсакова Д.А» ЖК – 367,7 мың теңгесі толығымен өндірілді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Аудит барысында, қалалық білім бөлімінде, шаруашылық субъектілерімен кәсіпкерлерде анықталған бұзушылықтары, біріншіден қолданыстағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық нормативтік құқықтық актілерінің, атап айтқанда Бюджет, Азаматтық кодекстерінің, «Білім туралы» Заңының, Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының және басқа да заңнамаларының талаптарын жүйелік түрде қолдануы мен пайдалануы өте төмен жағдайында екендігін көрсетеді.
Қалалық білім бөлімі басшылығы кадрлардың тұрақтамауын қысқарту және құрылымдық бөлімшелерді құзыретті мамандармен жасақтау бойынша жүйелі жұмыстары жүргізілмеуде.
Соған қоса, қызметкерлер ауысқан кезде қалалық білім бөлімінің бастапқы құжаттарды тиісті түрде қабылдап алуға қабылдау-беру жөніндегі заңнамалық актілердің нормасы сақталмайды.
Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында қалалық білім бөлімінде қолданыстағы заңнамалардың талаптары толық сақталмайтындығы, бюджетті жоспарлау сапасының төмендігі, бюджет шығысының негізділігі және тиімділігінің қамтамасыз етулерінің, қаражаттарды тиімді пайдалану бойынша бақылаудың нәтижесіздігі, уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі тарапынан нақты жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі жеке мекемелерге мемлекеттік тапсырыс арқылы бөлінген қаражатының жұмсалуының бақылауы тиісті түрде жүргізілмегендіктен аталған мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырылуы елеулі бұзушылықтарға әкеліп соқтырған.
Қалалық білім бөлімінде жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар: бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік өтінімдердің жасалмауы және толық тапсырылмауы, дұрыс есептелмеу салдарынан негізсіз шығындарын төлеуі, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарын бұзу болып табылады.
Онымен қатар, аудит барысында жоғарыда аталған жеке балабақшаларында балабақша тобындағы балалар саны бекітілген мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толықтырылу санынан артық екені анықталды. Осылайынша, аталған мәселесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының талаптарына сай келмейді және балалардың тәрбиесімен білімдеріне қатты әсерін тигізеді. Сондықтан, қалалық білім бөлімі аталмыш мәселесіне көп көңіл бөліп, басқа кем мектепке дейінгі ұымдарына ауыстыру жұмыстарын жүргізу қажет етеді.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға қалалық білім бөліміне бөлінген бюджет қаражаттарының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:
3.3.1. Қала әкімі (М.Е.Абдуллин):
1. Бюджет қаражаттарды жоспарлау мен пайдалану бойынша қалалық білім бөлімі жұмысында орын алған кемшіліктер мен олқылықтарға, сондай-ақ қызметінде анықталған елеулі қаржылық бұзушылықтарға назар аудару;
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының талаптарын мүлтіксіз орындалуы бойынша қалалық білім бөлімінің жұмысындағы маңызды кемшіліктер мен олқылықтарға назар аудару;
3. Жүргізілген аудит барысында, қаралатын мәселелерде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер, алдыңғы бақылау органдарының аудиторлық іс-шараларының қорытындылары бойынша да орын алғанын ерекше атап өткен жөн.
4. Ақтөбе қаласы әкімі аппараты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру және осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша қалалық білім бөлімінің қызметіне жеткіліксіз бақылауда тұрғанына назар аударылсын.
5. Қалалық білім бөлімінің жұмысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды толық жою бойынша шаралар қабылдау.
6. Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау.
7. Анықталған қаржылық бұзушылықтар барлығы 90309,7 мың теңгені толық көлемде бюджетке өтеу бойынша шараларын қабылдау.
8. Қалалық білім бөлімі бойынша аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 1 мамырына дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысы (С.С. Сүлейменов):
1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзуға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;
2. Аудиторлық есепте көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қамтамасыз ету;
3. Бұдан әрі жүйелік кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында бюджет қаражаттарын жоспарлау барысында олардың негізділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету;
4. Бюджет кодексінің, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру саласындағы және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету;
5. Білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бөлінген қаражатына мониторинг жүргізіп, тиісті түрде жұмсалуының бақылау;
6. Мектепке дейінгі ұйымдарына бөлінген қаражаттарының тиімді, дұрыс және мақсатты жұмсалуын қатан түрде қадағалау;
7. Ақтөбе қаласы бойынша балабақшалардың сыймдылығын қатан түрде қадағалау;
8. Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған және аудит іс-шарасы аяқталғанға дейін өтелуге жататын 90309,7 мың теңгені толық көлемде өтеу бойынша шараларын қабылдау;
10. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы_1 мамырына дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.
3.3.2. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:
1. Ақтөбе облысының прокуратурасына (Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне – мәлімет үшін) «Бал-Орда» ЖШС-мен, «Азия ЮрКомп» ЖШС-мен, «Балабақша «Нұр-Дана ДС+» ЖШС-мен, «Ай-Тугыр» ЖШС-мен, «Мирсель» ЖШС-мен, «Самғау» мектебі» ЖШС-мен, «Аманат-Балақай» ЖШС-мен, «Дарын-2012» ЖШС-мен, «Құламан» ЖШС-мен, «Shyrailym» ЖШС-мен мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру кезінде жұмыстарын тиісті түрде орындалмағаны бойынша анықталған фактілері негізінде материалдарды жолдау.