2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасы
Әкімшінің атауы: 282 - "Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
Бюджеттік бағдарламаның атауы: 001 015 "Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер".
Жобаның негізгі мақсаты:
ҚР заңнамасында айқындалған функциялар мен өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Тексеру комиссиясы аппаратын ұстау және оның жұмыс істеуі. Осы бюджеттік бағдарлама үшін нысаналы индикаторлар облысты дамыту жоспарында белгіленбеген.
2027 - 2029 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштер:
Тексеру комиссиясы аппаратының қызметін қамтамасыз етуге: 2027 жылға - 418 440 мың теңге, 2028 жылға - 422 755 мың теңге, 2029 жылға - 424 337 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат 39 мемлекеттік қызметші мен 5 штаттан тыс қызметкерді ұстауға бағытталған.