2026 жылғы 14 қазанда «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-де химия және биология пәндері мұғалімдері арасында облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – химия және биология пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәндік білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және облыстық кезеңге лайықты үміткерлерді іріктеу.
Аталған олимпиадаға аудан мектептерінен 21 мұғалім қатысып, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Олимпиаданы информатика пәнінің әдіскері Е. Жанатов пен география пәнінің әдіскері М. Қажиакберова ұйымдастырып, өткізді.
🥇 Химия пәні бағыты бойынша жүлдегерлер:
🥇 І орын – «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргуль;
🥈 ІІ орын – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Сембаева Жанар;
🥉 ІІІ орын – «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Секенова Меруерт.
🌿 Биология пәні бағыты бойынша жүлдегерлер:
🥇 І орын – «Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-нің биология пәні мұғалімі Абдрахманов Қуат;
🥈 ІІ орын – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің биология пәні мұғалімі Ыгиева Куралай;
🥉 ІІІ орын – «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің биология пәні мұғалімі Нургалиева Гүлнұр.
🔬 Химия және биология пәндері бағыты бойынша жүлдегерлер:
🥇 І орын – «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-нің химия және биология пәндерінің мұғалімі Курмангожина Маржан;
🥈 ІІ орын – «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-нің химия және биология пәндерінің мұғалімі Молдабекова Нургуль.
🎉 І орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды!
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және кәсіби жетістіктер тілейміз! Облыстық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!
2026 жылғы 9 қазанда Семей қаласы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8–11-сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауда Ақсуат ауданының намысын қорғаған оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
📚 «Біз неткен ер, неткен ер, Сергелдеңнен өткен ер» – таныстырылым тақырыптарын қорғау бағыты бойынша:
🥈 ІІ орын – Махсут Сезім, «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ оқушысы.
🎤 «Тартынбай сөйлер асылым…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша:
🥇 І орын – Нұрланұлы Бақтияр, «Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ оқушысы.
📖 «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша:
🥇 І орын – Базарова Меруерт, «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ оқушысы.
🌟 Жеңімпаз оқушыларымызды және оларды дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Білім мен өнер жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, алдағы республикалық кезеңде де ауданымыздың абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!
Ақсуат ауданының мерейі үстем болсын! Жеңісті күндеріміз көп болсын! 🎉
Ұстаздар күні мерекесіне орай Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен сіңірген еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Құралай Қожақанқызы аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлының қолынан төсбелгімен марапатталды.
Бұл марапат – көпжылдық адал еңбектің, кәсіби біліктіліктің және білім беру саласының дамуына қосқан үлестің лайықты бағасы.
Құрметті Құралай Қожақанқызы, марапатыңыз құтты болсын!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыстар тілейміз!
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің ардақты ұстазы Оспанова Айгүл Төлегенқызын аудандық білім бөлімінің өкілдері мен мектеп ұжымы зор қуанышпен қарсы алды.
Ұлағатты ұстазды құттықтауға арналған салтанатты іс-шара жүрекжарды лебіздерге, ақ тілектерге және ерекше құрметке толы болды.
Іс-шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы ұстазды мәртебелі марапатымен құттықтап, оның білім беру саласына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбегіне жоғары баға берді.
Мектеп директоры Ербол Қалымбекұлы да әріптесін айтулы жетістігімен құттықтап, ұстаздың өнегелі жолы мен кәсіби шеберлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Әріптестері атынан математика пәнінің мұғалімі Гүлнара Ануарбековна ақжарма тілегін арнаса, ардагер ұстаз, зейнеткер педагог Күляндә Нұрахмановна ізгі лебізін білдіріп, шашу шашты.
Мерекелік іс-шара оқушылардың құттықтауымен және «Ұстазым» әнімен жалғасып, қатысушыларға ерекше қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз еңбегі – ұрпаққа өнеге, ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес.
Оспанова Айгүл Төлегенқызының «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болуы – жеке жетістігі ғана емес, мектеп ұжымының, шәкірттерінің және ауданның білім беру саласының мерейін асқақтатқан зор мәртебе.
Ардақты ұстазымызды жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, әрдайым ел құрметіне ие бола беріңіз!
2026 жылғы 9 қазанда Ұстаздар күні мерекесіне орай аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы ардагер ұстаздардың шаңырақтарына арнайы барып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында саналы ғұмырларын білім беру саласына арнап, ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, ақжарма тілектер айтылды. Білім бөлімінің басшысы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
Ардагер ұстаздар – ұлт болашағын тәрбиелеуге ғұмырларын арнаған, кейінгі буынға өнегелерімен жол көрсеткен қадірлі жандар. Олардың көпжылдық еселі еңбегі мен білім беру саласының дамуына қосқан үлесі әрдайым құрметке лайық.
Ұстазға құрмет – ұрпаққа үлгі. Ұлағатты ұстаздардың өнегелі жолы мен тағылымды еңбегі ешқашан ұмытылмайды!
Білім беру мазмұнын жаңарту, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату мақсатында «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2026» аудандық сайысы өткізілді.
Сайысқа аудан мектептерінен 9 дене шынықтыру пәні мұғалімі қатысып, өздерінің кәсіби білімдерін, педагогикалық шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін және заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдану тәжірибелерін көрсетті.
Қатысушылар сайыс барысында дене шынықтыру пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, сабақ үдерісін ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар кәсіби құзыреттіліктерін, жаңашылдыққа ұмтылыстарын және оқушылардың дене белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді жұмыстарын таныстырды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен педагогтер Ақсуат ауданының білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сайыста І орынды «Өкпеті орта мектебі» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ермекбаев Қуаныш иеленді. Ол сайыстың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Аудандық сайыс педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденістерін жетілдіруіне және дене шынықтыру пәнін оқытудағы озық тәжірибелерді насихаттауға мүмкіндік берді.
«Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-де 9–11-сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты – оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың ғылыми-зерттеушілік, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Конкурс ережеге сәйкес 2 бағыт бойынша 16 секцияда өткізілді.
Байқауға барлығы 79 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша:
І орын – 9 оқушы;
ІІ орын – 14 оқушы;
ІІІ орын – 15 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
2026 жылдың 24 қыркүйегінде «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-де Ақсуат аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, әдістемелік кабинет меңгерушісі Курмангалиева Нургул Акановнаның ұйымдастыруымен кеңейтілген әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.
Кеңеске директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «Тиімді әдістемелік қолдау – білім сапасын арттырудың негізі».
2025–2026 оқу жылында әдістемелік кабинетте атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Н. Курмангалиева – әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2. «Дарынды оқушылармен атқарылған жұмыстар» туралы.
Ж. Тоқтарбаева – бөлім әдіскері.
3. «Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадаларға қатысуы және нәтижелері».
А. Мустафина – бөлім әдіскері.
4. «Ұлттық білім беру деректер қоры базасын сапалы жүргізу: мәліметтердің өзектілігі, дұрыстығы және жауапкершілік».
Е. Жанатов – бөлім әдіскері.
5. «Педагогтарды пилоттық жоба бойынша аттестаттау тәртібі» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы.
М. Кажиакберова – бөлім әдіскері.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.
Әдістемелік кеңесті Н. Курмангалиева қорытындылап, әдістемелік жұмыс – ғылым мен педагогикалық озық тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақты жағдайына сүйене отырып жүргізілетін өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі екенін атап өтті. Оның негізгі мақсаты – әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыру, педагогикалық ұжымның әлеуетін дамыту, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, сондай-ақ әрбір оқушының білім алуына, тәрбиеленуіне және дамуына қажетті деңгейге жетуіне жағдай жасау.
Сонымен қатар, алдағы уақытта өзара бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.
Әдістемелік кеңеске қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар қабылданып, хаттамаға тіркелді. Кеңеске қатысушылар әдістемелік кабинеттің жұмысына оң баға беріп, Нургул Акановнаға және бөлім әдіскерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына шығармашылық табыс тіледі!
2026–2027 оқу жылына арналған мектепалды даярлық және бастауыш сыныптар бойынша қауымдастық тобының отырысы өткізілді
Отырыс барысында оқу жылына қойылған негізгі міндеттер мен алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Күн тәртібінде қауымдастық тобының жылдық жұмыс жоспарын бекіту, аттестаттаудан өтетін педагогтерді анықтау және атқарылатын жұмыстарды қадағалау, жас ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық сыныптары арасында өткізілетін байқаулар, пәндік олимпиадалар, шығармашылық сайыстар және оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары талқыланды.
Отырыста педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жас мамандарға тәлімгерлік қолдау көрсету, озық педагогикалық тәжірибені тарату және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында нақты міндеттер айқындалды.
Алдағы оқу жылында қауымдастық мүшелерімен бірлескен жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, өзара тәжірибе алмасуды күшейту және белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Әдістемелік кеңес отырысы өтті!
Ақсуат ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Курмангалиева Нургул Акановна бөлім әдіскерлерінің қатысуымен кезекті әдістемелік кеңес отырысын өткізді.
Отырыста өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға бөлім әдіскерлері жан-жақты талдау жасады. Қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы уақытта назар аударуды қажет ететін бағыттар айқындалды. Әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқушылардың білім сапасын жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді енгізу, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту басты назарға алынды.
Кеңес қорытындысында бірлескен жұмыстарды үйлестіру, тәжірибе алмасу және инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.
Білім сапасын арттыру жолындағы бірлескен еңбегіміз жемісті болсын!