
Облыстық білім басқармасының маманы Жумагулова Айжан Жумабековна "Бірге оқимыз" облыстық жобасының әдістемелік сағатын ZOOM платформасында ұйымдастырып өткізді. Аталған әдістемелік сағатқа Ақсуат ауданының білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна қатысты. Сонымен бірге аудан балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері қатысып, іс-тәжірибелермен алмасты.