Меню

Страницы

Статья

БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

🏆 БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ базасында математика және информатика пәндерінің мұғалімдері арасында аудандық олимпиада ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

🎯 Олимпиаданың басты мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, сондай-ақ дарынды, ізденімпаз ұстаздарды анықтап, олардың озық тәжірибелерін насихаттау.

💡 Білім бәйгесінде аудан мектептерінің математика және информатика пәндерінің мұғалімдері өзара бақ сынасып, теориялық білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.

📚 Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен төмендегі ұстаздар облыстық кезеңге жолдама алды:

🏅 Математика пәні бойынша:

Ерланова Динара Ерланқызы – «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі.

🏅 Информатика пәні бойынша:

Мұхаметкәрім Қаныш Саятұлы – «Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ мұғалімі.

🌟 Бұл жетістік – ұстаздардың үздіксіз ізденісі мен қажырлы еңбегінің, кәсіби біліктілігі мен білімге деген құштарлығының айқын көрінісі.

👏 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

🚀 Облыстық кезеңге жолдама алған ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Алдағы білім додасында жоғары нәтиже көрсетіп, Ақсуат ауданының абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспіз!

БІЛІМДІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ! 🌟

#@Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат@
Дата публикации
16 октября 2026
Дата обновления
16 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы